Еңбек даулары презентация

Слайд 1САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
«ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ»


Слайд 2Дәріс жоспары:
1. Еңбек дауларының түсінігі және түрлері
2. Жеке еңбек дауларын қарау

тәртібі

3. Ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі


Слайд 3Еңбек даулары ретінде қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы тікелей келіссөздермен реттелмеген,

қолданыстағы заңдарды қолдану, жаңа еңбек жағдайларын белгілеу және еңбек жағдайларын өзгерту жөніндегі мәселелерге қатысты келіспеушіліктер танылады.

Слайд 4Еңбек дауларының түрлері:
1. Жеке еңбек даулары
2. Ұжымдық еңбек даулары


Слайд 5Жеке еңбек даулары келесі түрлерге бөлінеді:
- жалақы мәселесіне қатысты даулар;
- кепілдіктер

мен өтемақы мәселелеріне байланысты даулар;

- жұмыс уақытына байланысты даулар;

- басқа жұмысқа ауысумен байланысты даулар;

- демалыс мәселесіне қатысты даулар;

- еңбекті қорғау мәселесіне байланысты даулар;

- жұмыстан босату мәселесіне байланысты қатысты даулар;

- еңбек тәртібі және тәртіптік жазаларға қатысты даулар;

- қызметкерлердің өздері келтірген зияны үшін материалдың жауаптылығына қатысты даулар;


Слайд 6«Ұжымдық еңбек даулары – бұл жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің бірлестігінің) және

қызметкерлер ұжымының (қызметкерлердің өкілдерінің) арасында ұйымдарда жалақы төлеу мәселесіне, ұжымдық шарттар мен келісімдерді бекітуге және орындауға, сонымен қатар, қолданыстағы заңдардың, ұжымдық шарттардың және келісімдердің ережелерін қолдану мәселелеріне қатысты туындайтын келіспеушіліктер»

Слайд 7Еңбек дауларының себептері:
а) жеке сананың қоғамдық санадан қалып қоюы. Басшылардың бойынан

бұл жалданбалы қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін елемеуінен және т. б. көрініс табады.

ә) құқықтық мәдениеттің жеткіліксіз деңгейі, яғни, басшылықтың да, жалданбалы қызметкерлердің де еңбек туралы заңдарды білмеуі немесе нашар білуі.


Слайд 8Еңбек дауларын қарастыратын органдар. Еңбек дауларын не арнайы органдар, не еңбек

дауларын шешу міндетіне және осы үшін белгілі бір өкілеттіктерге ие соттар қарастырады. Еңбек дауларын қарастыратын органдарға мыналар жатады:

- басшылық немесе кәсіподақ органы (еңбектің жеке жағдайларын белгілеу немесе өзгерту туралы);

- келісім комиссиялары (тараптардың келісімі бойынша);

- еңбек төрелігі

- татуластыру комиссиясы

- сот.


Слайд 9Ұжымдық еңбек дауларын шешудің келесі кезеңдерден тұрады:
1-кезең – талаптар қою;
2-кезең –

дауды тараптардың қарауы;

3-кезең – дауды татуластыру комиссиясының қарауы;

4-кезең – ұжымдық еңбек дауын еңбек төрелігі арқылы шешу;

5-кезең – ұжымдық еңбек дауларын сотта қарау.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика