Слайд 1ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет:Философия және саясаттану
Кафедра:Педагогика және білім беру
менеджменті
Мамандық:Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
3-курс/2-топ
Орындаған: Мамбетниязова А.
Жарылқап У.
Қабылдаған: Абдуллаева П.Т.
Тақырыбы: 1. Балалар мен жасөспірімдердің құқық
бұзушылықтың алдын алу және оларды жою жөніндегі
түзету жұмыстарының бағдарламасы.
2.Балалар мен жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқының
алдын алу және оларды жеңу бойынша түзету жұмыстарының
бағдарламасы.
Мектепте қолайлы психологиялық климатты құру мәселесі
бойынша консультациялық қызмет жүйесі.
Үлгерімі төмен балалармен
коррекциялық жұмыс бағдарламасы
3.ПДТ балалармен коррекциялық жұмыс
бағдарламасы
4. Қоғамдағы жеке әлеуетті табысты бейімдеуді
және жаңартуды қамтамасыз ету әдістерінің жүйесі
Алматы, 2017 ж
Слайд 2Балалар мен жасөспірімдердің құқық бұзушылықтың алдын алу және оларды жою жөніндегі
түзету жұмыстарының бағдарламасы.
Слайд 3Мақсаты:
Балалар мен жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу жəне оны болдырмау. Қоғамдық тəртіп
пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту.
Міндеті:
Бас бостандғынан айырылып босатылған балалар мен жасөспірімдерді əлеуметтендіру
Балалар мен жасөспірімдерді құқық бұзушылықтың зияны туралы ақпараттандыру;
Бағдарлама аты « Бақытты балалық шақ»
Слайд 4Бағдарламаның өзектілігі
Қазіргі таңда жасөспірімдер мен балалар арасындағы құқық бұзушылық қоғамда белең
алып келе жатқан мəселелердің бірі. Күннен күнге құқықбұзушылық артып келеді. Қазіргі кезде әлеуметтік-психолог және құқық қорғау органдарының зерттеулері бойынша, жасөспірімдердің мүліктік қылмысқа баруы 7,8 пайызды, ал жеке адамның затын ұрлау 49,4 пайызды, мемлекет және қоғам мүлкін ұрлау 1,7 пайызды, тонау мен шабуыл 11,2 пайызды көрсетіп, қылмыс санының көбеюіне әсер етіп отыр. Осыған байланысты құқықбұзушылықтың алдын алудың да маңызы зор. Құқық бұзушылықтың негізгі туындау себебі:
- Баланың бос уақытының тым көп болуы;
- Жанұядағы тəрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер;
- əлеуметтік-экономикалық факторлардың əсері;
- Балалар мен жасөспірімдердің ересектерге еліктеуі;
Слайд 5Бағдарлама мынандай бағыттарда жүзеге асады
Əлеуметтік педагогикалық диагностика
Ақпараттық-ағартушылық жұмыс
Əлеуметтік профилактикалық жұмыс
Слайд 6Əлеуметтік педагогикалық диагностикалық жұмыс барысында мамандар баланың жай күйін ғана зерттеп
қоймай, сондай-ақ олардың ата-анасымен, достарымен қарым-қатынасының қандай екенін, əлеуметтік психологиялық, физиялогиялық жай күйін анықтайды.
Ақпараттық ағартушылық жұмыс
Отбасындағы жағымсыз ахуал баланың құқық бұзушылығына алып келуі мүмкін. Сондықтан мамандар отбасындағы жағдайды зерттей келе оның зияны жөнінде ата-аналарға жеткілікті түрде мəлімет береді.
Əлеуметтік профилактикалық жұмыс балалар мен жасөспірімдерді түзететін түрлі іс-шараларды сондай-ақ дəрістерді қамтиды.
Слайд 7Жұмыс формасы
профилактикалық мектептерге кеңес беру
дəрістер
диагностика
жеке жəне топтық кеңестер беру
ата-аналар жиналысы
Слайд 8БАҒДАРЛАМА БАРЫСЫНДА ӨТІЛЕТІН ДƏРІСТЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Өз-өзіммен танысу
Мен өзім үшін, мен өзгелер үшін
Ойлан!
Əрекет ет!
Мен жəне заң
Менің сапам
Жауапкершілік
Өмірлік позиция
Менің болашағым
Қорытынды сабақ.
Слайд 9Күтілетін нəтиже
Құқық бұзушылыққа жасөспірімдердің қатысу ықтималдылығын төмендету.
Мінез-құлықтың заңсыз нысандарын дамытуға кедергі
келтіретін жеке ресурстарды нығайту
Жағдайды бағалау дағдыларын қалыптастыру
Жасөспірімдердің өз мінез-құлқы үшін жауапкершілігін алу
Слайд 10Балалар мен жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқының алдын алу және оларды жеңу бойынша
түзету жұмыстарының бағдарламасы.
Слайд 11Мақсаты: Агрессивті балалардың агрессиясын төмендету.
Міндеті:
☆ Агрессивті балаларға түрлі əдістемелерді пайдалану арқылы
агрессивтілігін төмендету немесе мүлдем жою.
☆Агрессивтілік жайлы ата-аналарға ағартушылық білім беру
Слайд 12Бағдарлама мазмұны:
Бағдарламада балалар мен жасөспірімдерге арналған агрессивтілікті төмендететін жаттығу-тренингтер, ойындар қамтылған.
Аптасына 2 рет 25-30 минуттан болады.
Слайд 13Коррекциялық жұмысты үш блокқа бөліп қарастырамыз
♡Педагогикалық ұжыммен жұмыс
♡Ата-аналармен жұмыс
♡ Балалармен жұмыс
Слайд 14Коррекциялық бағдарламаны жүргізу барысында мына ерекшеліктер ескерілуі тиіс.
● Топтағы қатысушылардың агрессивтілік
деңгейі түрліше болуы керек. (жоғары, орташа, төмен)
● Бағдарламаны жүргізу барысында сенім мен қауіпсіздік атмосферасын құруға ерекше назар аударылады.
●Ең негізгі шарт: балалар бір бірінің көздерін көріп тұруға тиіс.
Слайд 15Агрессивті бала мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыру.
Моториканың мықты дағдыларын қалыптастыру
Баладардың іс-əрекетінде
жағымды фон құру.
Баланың өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеттілігі. Мейірімділік механизмдерін дамыту. Конфликтілерді жою мүмкіндіктері.
Бағдарлама келесі тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.
Слайд 16КОРРЕКЦИЯЛЫҚ-ДАМЫТУШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ 3 КЕЗЕҢГЕ БӨЛІП ҚАРАСТЫРАМЫЗ.
Болжамды кезең
Формациялық кезең
Бекіту кезеңі
Слайд 17БОЛЖАМДЫ КЕЗЕҢ
Негізгі мақсаты:
Балалармен эмоциональды-позитивті контакты орнату
Стресті, психологиялық дискомфортты жою
Балаларды топтарға біріктіру
Балалармен
негізгі қарым-қатынасты орнатады
Слайд 18БОЛЖАМДЫҚ КЕЗЕҢДЕ ОРЫНДАЛАТЫН ЖАТТЫҒУЛАР
Сəлемдесу
Келісім
Менің жеке орным
Таңғажайып шарлар
Слайд 19ФОРМАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ
●Агрессялық импульстарды қабылдау əдістерін үйрену
●Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту
Слайд 20ФОРМАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖАТТЫҒУЛАР
Таулар (Д.В.Ильина)
Рахмет
Апельсин
Ашуға хат
Слайд 21БЕКІТУ КЕЗЕҢІ
Негізгі мақсаты:
●Жаңа позитивті нақты өмірге көшу
●Қалыптасқан қарым-қатынасты жалпылау
Слайд 22БЕКІТУ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖАТТЫҒУЛАР
Неготивті портреттер галереясы
Тауға көтерілейік (А.Г. Бреслав)
Жақсы əрекеттердің
капилкасы ( К. Фопеля)
Слайд 23МЕКТЕПТЕ ҚОЛАЙЛЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫ ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІ.
Слайд 24МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ АТҚАРАР ІСТЕРІНІҢ АУҚЫМЫ МОЛ. ОҚУШЫЛАР, МҰҒАЛІМДЕР, АТА-АНАЛАР,
БАСШЫЛАР ДЕП АТАЛАТЫН 4 КАТЕГОРИЯНЫ ҚАМТИ ОТЫРЫП, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ЖАҚСАРТУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ.
Слайд 25МЕКТЕПТЕГІ ҚОЛАЙЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1. Сыныпта балалар көңілді, түрлі іс-шараларға белсенді
араласатын, уақыттарын бірге өткізетін, қарым-қатынасында қолдау мақұлдау көрсетіледі.
2. Сыныпта оның барлық мүшелеріне құрметпен қарау нормалары бар, əлсіздерге көмектеседі.
3. Сыныпта адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік сияқты қасиеттер ерекше бағаланады .
4. Топ арасында өзара түсінушілік бар болады.
Слайд 26ҚОЛАЙСЫЗ ƏЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1. Сыныпта балалар поссивті, бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыра
алмайды, қарым-қатыната қолдау, мақұлдау сезімдері болмайды.
2. Сыныпта оның барлық мүшелеріне құрметпен қарамайды.
3. Топ арасында өзара түсінушілік жоқ.
4. Сəттілік пен сəтсіздіктің іргетасы олар үшін бірдей.
Слайд 27Сыныпты əлеуметтік-психологиялық климатты зерттеу жəне қалыптастыру үшін əртүрлі психологиялық-педагогикалық қабылдаулар мынаған
бағытталған
●сыныптың бейресми құрылымын анықтау, көшбасшы мен оның топтағы рөлін айқындау.
●сыныптың формальді жəне формальді емес структурасы
●педагогтың жеке қасиеттері
●педагогтың кəсіби қасиеттері
Слайд 28Мектеп психологының жұмысы дәстүрлі түрде келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады
Диагностикалық жұмыс психологиялық
портретін жасау; оқуда, қарым – қатынаста кездесетін қиындықтарды жеңу; психикалық өзін – өзі нашар сезінетін оқушыларға көрсетілетін көмектің жолдары мен түрлерін анықтау; оқушылардың оқу және қарым – қатынас жасау ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық көмек көрсетудің тәсілдері мен түрлерін таңдау.
Кеңес беру жұмысы мектептегі психологының кеңес беру жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: оқушыларға кеңес беру, ата-аналарға кеңес беру, педагогтарға кеңес беру.
Психологтың кеңес беру қызметі – психологиялық кеңес беру арқылы оқу, тәрбие және даму мәселелері жөнінде оқушыларға, олардың ата-аналарына, педагог қызметкерлерге және басқа оқу үрдісіне қатысушыларға көмек көрсету
Түзету-дамытушылық жұмыс мектептегі
мұғалімнің және оқушының іс-әрекеттеріне оқу процесі барысында оның соңғы нәтижелерін күтпей-ақ түзету жұмыстарын енгізу қажеттіліктері туындап отырады. Сондықтан мұғалім мен оқушының дара мүмкіндігін дамытудың амалын құрастыру қажет
Слайд 29Психолог ғалым А.М.Гельмонт оқудағы үлгермеушілік себептерді оның категорияларына байланысты бөлуді міндет
етіп қойған. Ол оқу пәндерінің саны мен үлгермеушілік тұрақтылығына байланысты үлгермеушіліктің 3 түрін бөліп көрсеткен.
Слайд 31 Дифференциалдық оқыту дегеніміз -оқушылардың жекеленген-психологиялық ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлу, яғни
әр оқушыны жекеленген қабілетіне қарай топтастыру. Бұндай
оқытудың негізінде
шығармашылық тұлға
ның бойына өмірлік
қажетті құзыреттілік
терді қалыптастыр
уымыз қажет.
Слайд 32Дифференциалдық оқытуда топтарға түрлі
ерекшеліктерге қарай бөледі:
Слайд 33Дифференциалды оқыту бұл сабақтың барлық этаптарында кездеседі:
Слайд 34Оқушы үлгермеушілігінің себептері
жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды тиісінше түсіндіре
алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі:
үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы.
мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмауы.
тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар тәртібі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі. Мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушыларға уақтылы және тиісті шара қолданбауы:
бағалаудағы біржақтылық:
оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастықтың болмауы:
сабақтан жиі қалуы:
оқушының ауырып қалуы
Слайд 35Үлгермейтін оқушылардың қалыпты көзқарасын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жүйесі
Слайд 36Оқушылардың мінез-құлқы туралы мінездеме
Ата-анасының қарым-қатынасы.
Оқу материалдарын игере алмауы.
Жазу мәдениетінің қалыптаспағандығы.
Оқушы дамуының
артта қалуы.
Ерекше тежелуі.
Нерв жүйесінің бостығы.
Психикалық міндетінің өз бетінше жеткіліксіздігі.
Оқуға ынтасының нашарлығының себебі.
Интеллектуалды іс-әрекетінің бұзылуы.
Слайд 38Үлгерімі төмен балалармен
коррекциялық жұмыс бағдарламасы
Мақсаты: Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс
жүргізе отырып, жеке тұрлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік стандартты меңгерту.
Міндеттері:
1.Үлгерімі нашар оқушылармен жеке-бағыттық жұмысын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау.
2.Оқушылардың жеке жетістіктерін анықтау жүйесін жасау.
3.Мұғалімдер білімі мен кәсіби сапасын арттыру.
4.Оқушының жеке даму диагностикасы.
5.Мониторинг арқылы үлгерімі нашар оқушылардың дамуы мен оқуын қадағалау.
Слайд 39Коррекция нысаны: оқу үлгерімі төмен 1-4 сынып оқушылары
Коррекция пәні: Оқушылардың оқу
іс-әрекетінің интеллектуалды, эмоционалды және ерікті компоненттері
Коррекция құралдары:
вербальды-коммуникативті;
құралды-манипулятивті;
бейнелеу-графикалық;
экспрессивті-мимикалық.
Слайд 40Коррекция формасы: топтық
Бағдарламаны ұйымдастыру шарттары: Бағдарлама 5 сабақтан тұрады және аптасына 1
рет жүргізіледі. Бір сабақтың ұзақтығы 30 минут.
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру Сәлемдесу;
Негізгі бөлім Ойын блогы;
Қорытынды Рефлексия.
Слайд 41
Сабақ № 1
Тақырыбы. Бейне және белгі
Слайд 421. Ұйымдастыру бөлімі:
- сәлемдесу;
Ойын "Түрлі-түсті көңіл-күй. ". Сабақтың басында балалар өз
эмоционалды көңіл-күйіне тән түрлі түсті геометриялық фигураны таңдап алады.
2. Негізгі бөлім:
Ойын "Суретшілер ойыны".
Психолог айтқан затты балалар қағазға салынған 20 тордың біреуіне сызады. Сөздер арасындағы үзіліс 3-5 секунд. Балалар жеке-жеке суреттерін қорғайды.
Мақсаты: Коммуникативті дағдыны , есте сақтауды дамыту, заттарды бейнелермен және белгілермен көрсете алуға үйрену
Слайд 43- Ойын "Төртеу". Сөздер айтылғанда: "ЖЕР" – балалар қолдарын төмен түсіреді
. "СУ" – балалар қолдарын алдыға созады. "АУА" – қолдарын жоғары көтереді; "ОТ" –Қолдарын айналдырады
Мақсаты:қимыл-қозғалыс анализаторына байланысты зейінді дамыту.
3. Рефлексия:
- Ойын "Түрлі -түсті көңіл-күй. ". Сабақтың басында балалар өз эмоционалды көңіл-күйіне тән түрлі түсті геометриялық фигураны таңдап алады.
Слайд 44Сабақ № 2
Тақырыбы: Жасырын ақпарат
Слайд 451. Ұйымдастыру бөлімі:
- Сәлемдесу;
- Ойын "Түрлі-түсті көңіл-күй. "
Ойын "Айырмашылық тап". Зейінге
бағытталған ойында, белгілі бір уақыт ішінде балалар 5-10 айырмашылығы бар суреттерден айырмашылық табуы тиіс.
2. Негізгі бөлім:
- Ойын "Сүйеніш белгілер". Жүргізуші қандай да бір жасырылған заттың белгілерін атап отырады, ал балалар сол заттың не екенін табады. Сәйкесінше, балаларға кейіннен осы ойынды бір-бірімен жүргізу ұсынылады.
Мақсаты: Сөздік қорды, ойлау аумағын көбейту.
Слайд 46-Ойын "Мен кім болғым келеді? ". Балаларға арнап мамандықты білдіретін заттар,
әшекейлер дайындалады. Балалар өздерінің армандап жүрген мамандығын айтып, сол мамандығын білдіретін ескерткішті қалталарына салады.
Мақсаты: оқушылардың кәсіби бағдарын анықтау, мотивация беру
3. Рефлексия:
- Ойын "Түрлі-түсті көңіл күй" (сабақтың соңы);
- Жаттығу "Өсу көрсеткіші". Өзін және өз жетістіктерін бағалау . Балаларға 3 бағалау деңгейі беріледі: жоғары - "жұлдызша", орташа - "ту", төмен - "саңырауқұлақ". Бала өз деңгейіне сай затты таңдап, түсіндіреді.
Слайд 47Сабақ № 3
Тақырып: Қарама-қайшылықтар
Слайд 481. Ұйымдастыру бөлімі:
- Сәлемдесу;
Ойын "Көңіл -күй" (пиктограмма арқылы)
2. Негізгі бөлім:
- Ойын
"Тақырыпқа сай сурет". Балалар қарама-қайшы түсініктерді сурет ретінде бейнелейді (жақсы мен жаман, көңілді мен көңілсіз, әдемі мен ұсқынсыз және т.б.)
Мақсаты: жақсы мен жаманды айыра білу, өзінің эмоционалды сезімін жеткізу
- әңгімелесу – балалардың суреттерін талқылау
Слайд 49- Жаттығу "Төртінші- артық". Жүргізуші 4 сөз айтады, соның бірі артық
. Балалар артық затты табулары тиіс
Мақсаты: коммуникативті дағдыны қалыптастыру, заттарды белгілері арқылы жалпылай алу.
3. Рефлексия:
Ойын "Көңіл -күй" (пиктограмма арқылы)
Слайд 50Сабақ № 4
Тақырып: Оқимыз. Ойланамыз. Айтамыз
Слайд 511. Ұйымдастыру:
- Сәлемдесу;
Ойын "Түрлі түсті көңіл-күй"
(сабақтың басында).
2. Негізгі бөлім:
- Жаттығу
"Суреттер сөйлейді". Берілген суреттер бойынша, белгіленген уақытта әңгіме құрастыру шарт. Балалар өз әңгімелерін бағалап, ең жақсы әңгімені тағайындайды.
Мақсаты:Өзін және өзгелерлі бағалай алу, ақпаратты өңдей алу, көпшіліктің алдында сөйлей алу дағдыларын қалыптастыру.
Слайд 52- Ойын "Ең-ең".Балалар өз өмірлерінде жасаған ең жақсы игі ісі туралы
айтады.
Мақсаты: Өзінің ерекше екеніне балаланың сенімділігін қалыптастыру, адекватты өзін-өзі бағалау.
3. Рефлексия:
- Ойын "Түрлі түсті көңіл-күй" (Сабақтың соңында);
- Жаттығу "Өсу көрсеткіші".
Слайд 53Сабақ № 5
Тақырып: Жалпылау. Қорытындылау
Слайд 541. Ұйымдастыру бөлімі:
- Сәлемдесу;
- Ойын "Көңіл -күй" (пиктограмма арқылы)
2. Негізгі бөлім:
-
Ойын "Мен нені білемін,нені білмеймін және нені үйренгім келеді". Балалар 3 тізім жасайды және не жазғандарын біріге талқылайды.
Мақсаты: Өз дағдыларын анализдеу .
: "Біздің досшыл сынып" тақырыбында сурет салу.
3. Рефлексия:
- Ойын "Көңіл -күй" (пиктограмма арқылы)
- жаттығу "Өсу көрсеткіші";
- Сұрақтарды талқылау: "Сабақтарда не ұнады, не ұнамады? "Нені білдіңдер, не пайдалы болды ?", "Сабақтарда не ең қиын болды?".
Слайд 55Үлгермейтін оқушыларға арналған ереже
1.Үлгермейтінге бірден жағдаятты сұрақ қойып, тез жауабын талап
етуге болмайды.
2. Оқушының ойлану мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру
3.Міндетті түрде жауап жазбаша болғаны жақсы
4.Аз уақыт ішінде үлкен материалды меңгеріп алулары мүмкін емес, сондықтан қиын материалды шама шарқынша бөлімдерге бөліп беру керек.
5.Жаңа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берулерін талап етпеу керек, одан да келесі сабаққа қалдыру керек.
6.Оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін мұғалім жұмыс жүйесін ойластыру керек.
7. Мұндай оқушылардың өзіне деген, біліміне, күшіне деген сенімділігін қалыптастыру.
Слайд 56Үлгерімі нашар оқушылардың мықты жақтары да болады:
- үйде олар оқшауланбай жұмыс
жүргізе береді;
- олардың белсенділігі кеш пайда болады, әрі көпке дейін сақталады;
- олар бірізділік жұмысқа бейімделуі байқалады;
- Олар өздері жеке өз жұмысын ұсынуға мүмкіндігі бар, тапсырмаларды орындау қабілеттері бар.
Слайд 57Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін
жұмыс жоспары
Слайд 58ПДТ балалармен коррекциялық жұмыс
бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты: зақымдалған психологиялық механизмдерді түзету және
дамыту, қарапайым толыққанды психикалық функциялар негізінде кешенді процестерді қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
Дамуында кемшіліктері бар балаларды коррекциялау
Оқу-тәрбие процесін ынталандыру
Тәуелсіздік, еркіндік, белсенділікті дамыту
Біржүйелілік, қызығушылықтарды қамту
Танымдық іс-әрекетті белсендіру
Слайд 59 Психикалық дамуы тежелген балалар
Слайд 60 Л.С.Выготский: «Бала бойындағы кемістікті оларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту
мен тәрбиелеу істерін жүйелі жүргізу арқылы әлеуметтік жолмен толықтыруға болады» деп айтқан болатын. Мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетуде. Соның бір көрінісі - жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың ашылуы. Біздің міндетіміз - даму мүмкіндігі шектеулі балаларға, ата-аналарға түзеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Слайд 62Психикалық дамуының тежелуі бар балалардың оқу үлгірімі төмен болады. Бұл балалардың
оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ, анық белгілері 2-3 сыныптарда белгілі болады. Олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктері:
сабақ процесіне жай қосылады;
оқу материалын баяу қабылдайды немесе мүлдем қабылдамайды;
берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды;
оқуы мен жазуы жай;
оқыған мәтінін түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды;
есептер шығарған кезде қателер жібереді;
тез шаршағыш;
сыныптстарымен аз араласады;
өз ойын анық айта алмайды.
Слайд 63Оқушылардың ойлауын төмендегідей тапсырмалар беріп дамытуға болады
«Анаграмманы шеш!» жаттығуы
Сөздегі әріптердің орны ауыстырылады.
Жеңілінен бастауға болады. Арнайы ТДО сыныбы оқушыларына тапсырма жеңілдетіп беріледі. Мысалы, жемістер, көкөністер т.б. тақырыппен беріледі.
«Сөз ойла, тез ойла!» жаттығуы.
Бес дыбыстан құралатын, үшінші әрпі «Л» болатын, Не? Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді ойлауға тапсырма беріледі. Ортасындағы әріптерді өзгерте беруге болады.
Слайд 64Мысалы: АЛМА, СИЫР, ТҮН. (Алма - тәтті, сиыр – сүтті, түн
– қараңғы). Оқушылар жаттыққан соң екі, үш белгісін таптыруға болады.
«Қолдану» жаттығуы.
Мысалы: «Кірпіш тас», «Газет», т.б.
Оқушыларға таныс нәрсе көрсетіледі. Олар бұл нәрсені түрлі тәсілдермен қайда қолдануға болатынын табады.
«Белгісін тап» жаттығуы.
Оқушыларға үш-төрт сөз беріледі. Осы сөздердің бір белгісін табуға тапсырма беріледі.
Слайд 65Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін мынадай тапсырмалар беруге болады.
«Ассоциация құру» әдісі.
Бірінші бағандағы
психологтың нұсқауымен іштей оқиды. Психолог 2-бағандағы сөздерді оқиды. Оқушылар сөздердің арасына ассоциациялық байланыс құра отырып, жұптайды.
Көреді: ағаш, аяқ, терезе, бұлт, көйлек, қасық, кітап т .б.
Естиді: шұлық, аспан, ілгек, тәрелке, гүл, кітапхана шкаф, т .б.
«Үш сөзден сөйлем құра!» жаттығуы
Осы үшеуін қатыстырып, сөйлем құрау тапсырылады. «Аю өзеннен су ішіп жатып, гүлге қонған көбелекке қарады».
Мысалы, «көбелек», «аю», «өзен» деген сөздер беріледі.
Слайд 66Қоғамдағы жеке әлеуетті табысты бейімдеуді және жаңартуды
қамтамасыз ету әдістерінің жүйесі
Баланың келешекте ешқандай психологиялық-физиологиялық мәселесіз оқуына тек оның қоғамдағы әлеуметтену процесі тұрақты болса ғана болжай аламыз.
Кез келген мектептің негізгі міндеті баланың денсаулығына зардап келтірмеу, ал баланың денсаулығы және бейімделуі барлық әлеуметтік қарым-қатынастардың бірігуімен сипатталады.
Слайд 67Түстерді таңдау әдісін Макс Люшер психологияда алғашқы болып ұсынған. Әдістеме саналанбайтын,
тұлғаның терең мәселелерін, реакция типін, қоршаған ортаға бейімделу деңгейін, мінездің өткір жақтарын және клиникалық көрінісін анықтауға арналған.
Бұл әдісті қолдану практика саласындағы психологтарға, әсіресе, дәрігерлік және педагогика мамандықтарына кадрлерді іріктеуде, жанұялық кеңес беруде, дифференциалды психологияда, психологияляқ жекелілік өлшемдегі коррекция мен психотерапияда т.б. жағдайларда қолдану ұсынылады.
Слайд 68Макс Люшер – дәрігер, әлеуметтанушы, Базелдегі Швейцариялық антропологиялық институтының психотерапия кафедрасының
доценті. Оның сегіз түсті тесті – өте қызықты, стимулды материал, оригиналды түрде жасалған әдістеме, сондай – ақ адам психикасының жан - жүрегіне күшті аккорд (аккорд – түрлі деңгейдегі жоғарлылық) бірнеше музыкалды дыбыстардың үйлесімді түрде байланысуы ) ретінде әсер етеді.
Слайд 69 Люшердің түстік тесті. Сегіз түс қатары ұсынылады. Люшер
әдістемесінің негізі екі нұсқадан тұрады: 73 түстік кестенің көмегімен толық зерттеу; 8 түстің ретін қолдану арқылы шағын зерттеу болып табылады. Толық зерттеудегі түстер қатарындағы әдістеме күшті көп талап етеді, тұлға жайындағы алынатын мағлұмат та толық болады. Алайда, алынған нәтиженің дұрыс өңделмеуі, ақпараттың дұрыс игерілмей қалуы нақты, толық емес ақпараттың алынуына әсерін тигізеді.
Әдісті жүргізудегі тексеру кезеңі төмендегідей өткізіледі: зерттелушіге алдындағы кестедегі түсті таңдау және таңдалған түс сол жердегі киімнің түсімен т.б. жағдайлармен сәйкестендіріліп таңдалмауы қажет деген нұсқау психолог тарапынан дұрыс түсіндіріліп өтілуі қажет; Ол сол сәтте қай түсті қаласа, соны таңдап көрсетуі керек; Зерттелушінің алдына қойылатын түстің эталонын қоюда индифферентті фонды қолдану қажет. Бұл әдісті күндіз, жарық жерде өткізуді ұсынады. Түстік кестелер арасындағы қашықтық 2 см –ден кем болмауы қажет. Таңдалған эталон үстелдің үстінен алынады немесе теріс жағына аударылып қойылады. Психолог әрбір таңдалған эталонды нөмірлеп, хаттамаға тіркеп отыруы қажет. Оларды тіркеудегі жазу үрдісі солдан оңға қарай жүзеге асады.
Слайд 70Түстерді орналыстыруда мына нөмірленген рет міндетті түрде сақталуы қажет:
1 – қою-көк
( темно синий )
2 – қою жасыл ( темно зеленый )
3 – қызғылт-сары - қызыл ( оранжево – красный )
4 – сары
5 – күлгін ( фиолетовый )
6 – қоңыр
7 – қара
0 – сұр
Барлық түсті таңдағанға дейін, яғни әрбір түсті таңдағанда « Сіз өзіңізге жаңғымды түсті таңдаңыз! » деп психолог зерттелушіге ұмытпай ескертіп отыруы қажет.
Слайд 71К.Роджерс пен Р.Даймонд әлеуметтік психологиялық бейімделу методикасы
Тест нұсқаулығы:
Сауалнамада адам туралы, оның
өмір салты, тәжірибе, ой, әдеттер, мінез-құлық стилі туралы мәлімдемелер бар. Олар әрдайым біздің жеке өмір салтымызбен байланысты болуы мүмкін.
Сауалнаманың келесі мәлімдемесін оқып болғаннан кейін, оны сіздің әдеттеріңізге, өмір салтыңызға қарай тексеріп, осы мәлімдеменің сізді қандай дәрежеге жатқызылатынын бағалай аласыз. Жауапыңызды формада көрсету үшін 0-ден 6-ға дейін нөмірленген жеті нұсқадан біреуін таңдаңыз . Тест 101 сұрақты қамтиды.
Слайд 72Е. М. Александровскаяның мектебіне әлеуметтік-психологиялық бейімделуді зерттеу әдістемесі
Бұл әдістемеде баланы
мектепке бейімдеу төрт параметр тұрғысынан бағаланады:
оқу ісінің тиімділігі,
мектеп нормаларын меңгеру,
әлеуметтік байланыстардың табысы,
эмоционалдық әл-ауқат.
Алғашқы үш өлшемде екі таразы бар, төртінші критерий бір ауқымда ұсынылған. Әр шкала оқушылардың мінез-құлқының әртүрлі формаларын сипаттайды және ұпайларға (0-ден 5-ке дейін) ұпай жинайды. Мұғалім (немесе психолог) байқау негізінде бірінші сынып оқушыларының мінез-құлқына мониторинг жүргізу схемасын толтырады.
Слайд 73Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуінің психологиялық анализі (Л.M.Ковалева, Н. Тарасенко)
Бұл әдістеме
мектепте оқып келе жатқан бала туралы алғашқы көзқарасты педагогтарда қалыптастыруды көздейді. Әдістеме 46 шарттан тұрады.
Маман балалар туралы алған нәтижелерін жалпылайды және бала туралы нағыз мәліметтер жинақтайды. 46 шарттың 45-і балаланың мектептегі мінез-құлқы, 1-еуі ата-ананың тәрбиеге қатысады.
Слайд 74Пайдаланған әдебиеттер:
1. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском
возрасте. - М.: Просвещение, 1968 - 464 с.
2. Ильин Е.П. Мотивация и мотивы. - СПб.: Питер, 2006 - 512с.
3. Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. Формирование мотивации учения. - М.: Просвещение, 1990 - 192с.
4. Маркова А.К., МатисТ.А., Фридман Л.М. Мотивация учения и ее воспитание у школьников. - М.: Педагогика, 1983 - 63с.
5. Маркова А.К. Формирование мотивации учебной деятельности в школьном возрасте. Пособие для учителей - М.: Педагогика, 1983 - 187с.
6. Матюхина М.В., Михальчик Т.С., Патрина К.П. Психология младшего школьника - М.: Просвещение, 1976. - 208с.
7. Матюхина М.В. Мотивация учения младших школьников. - М.: Педагогика, 1984. - 144с.
8. Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе. - М.: ТЦ "Сфера", 1996. - 240с.