Парламентінің жоғарғы палатасы болып табылады. Сенат 47 депутаттан құралады. Сенат депутаттары тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан сайланатын депутаттардан құралады. Сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен жүзеге асырылады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулi мүдделерiнiң бiлдiрiлуiн қамтамасыз ету қажеттiлiгi ескерiлiп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президентi тағайындайды.
Қазақстан Республикасының Парламенті құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан тұрады