Адам және жеке адам құқықтары презентация

Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне өмірге белсене қатысуына байланысты болады.

Слайд 1Адам және жеке адам құқықтары.

Сабақ жоспары:

1. Жеке адам психологиясы туралы жалпы

түсінік.
2. Адам психикасы - әлеуметтік ақиқаттылықты бейнелеудің арнайы формасы ретінде.

Слайд 2Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани

байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Жеке адам қоғамдық қатынастардың әрі обьектісі, әрі субьектісі.
Жеке адам психологиясының қалыптасуына, сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясы да әсер етеді.
Жеке адам – қоғамдық-тарихи категория.Оның қоғамдық мәні мен әлеуметтік функциясы жеке адам сипаттамасының ең басты көрсеткіштері болып табылады.
Жеке адам – тек қана қоғамдық ғылымдардың: тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика тағы басқа ғылымдырдың зерттеу обьектісі.
Жеке адам - қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, әлеуметтік қызметі, мәселен, ата – ананың ролі - балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі – мұғалімдер ұжымын басқару және оқушыларды оқыту процесін ұйымдастыру.


Слайд 3Жеке адам теориясын жасауда отандық психологияда тұңғыш рет қатынастар проблемасын күн

тәртібіне қоюшы және қатынастар жүйесінің өмірдің әлеуметтік жағдайларына тәуелділігін нақтылы көрсетіп берген орыс психологы А.Ф.Лазурский еңбектерінің маңызы зор

А.Ф.Лазурский


Слайд 4
2) Адам психикасы- әлеуметтік ақиқаттылықты бейнелеудің арнайы формасы ретінде, әлеуметтік және

құқықтық сезімталдық ұғымдары. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады.Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Адамның қоғамдағы өмірі көптеген қалыптасқан және қалыптаспаған заңдылықтарға бағынышты. Осы құқықтық білімдер мен талап заңдылықтарды игеру, қажетті және мүмкін мінез-құлық өлшемін анықтайды. Біртіндеп әлеуметтік қажетті тәжірибені игеру, өзінің құқығын түсіну мен оны іске асыру тәсілдерін игеруге әкеледі. Әр түрлі әлеуметтік институттар мен әр қилы адамдар арасындағы қарым-қатынастардың күрделігін түсіну – бұл құқықтық әлеуметтену процесі деп аталады.


Слайд 5
Әлеуметтену процесінің құқықтық мәдениетті
(құқық нормасы, құқықтық құндылықтар)
игерудің 3 жолы

бар.

1)заттық тәсіл – адам қандайда іс-әрекет процесінде басқалармен өзара әрекеттесуге сәйкес бейнелік әрекеттердің мінез-құлық үлгісін игереді.

2)дәстүрлі тәсіл – әр түрлі ситуациядағы адамдардың әрекеттерін бақылау арқылы, сәйкес мінез-құлық тәсілдерін игеру.

3)рационалды (орынды, ұтымды) тәсіл – құқықтық мінез-құлықтың стандартары, құқықтық құндылықтар жайлы теледидар, кітап, газет-журнал және басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы игереді.


Слайд 6Құқықтық әлеметтенудің мақсаты – құқықтық мінез-құлықты қамтамасыз ету, ол тұлғаларда құқықтанудың

интегралды білімдерін қалыптастыру. Бұл 3 түрлі компонентті құрайды:

-интеллектуалды (танымдық) -құқықтық білім мен іскерліктің жиынтығы.

-мінез-құлықтық (эмоционалды-еріктік) - құқықтық мінез-құлыққа бағдарлану.

-бағалау (эмоционалды) тұжырымы– құқықтық нормаларға қарым-қатынас


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика