Құрылыс жүктерінің және тасымалдау құралдарының түрлері презентация

Содержание

Заманауи құрылыс жүктердің қомақты көлемін үлкен арақашықтыққа тасымалдаумен тығыз байланысты. Мысалы, 1 м3 өндірістік нысанды құрастыру үшін орташа есеппен 0,15 т жүктерді тасымалдау керек; азаматтық құрылыста 1 м3 нысанға 0,4

Слайд 1ҚҰРЫЛЫС ЖҮКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
Құрылыс жүктерінің және тасымалдау құралдарының

түрлері

Слайд 2
Заманауи құрылыс жүктердің қомақты көлемін үлкен арақашықтыққа тасымалдаумен тығыз байланысты. Мысалы,

1 м3 өндірістік нысанды құрастыру үшін орташа есеппен 0,15 т жүктерді тасымалдау керек;
азаматтық құрылыста 1 м3 нысанға 0,4 т тасымалданатын жүк келеді.

Слайд 3Жүк ағыны деп уақыт бірлігіндегі көліктік жолдың белгілі бір бөлігі бойынша

тоннада алынған жүктерді тасымалдаудың қарқындылығын айтамыз.
Тасымалдау арақашықтығында әрбір жүк бойынша жүк ағындарының қосындысы жалпы тонна-километражді құрайды.



Слайд 4
Физикалық сипаттамалар бойынша құрылыс жүктерін келесі топтарға бөлу қабылданған :
төгілме (қиыршық

тас, грунттар);
ұнтақтектес (цемент, гипс);
қамыртектес-иленген (бетонды қоспа, лай);
ұсақ даралы (кірпіш, тығыздайтын тас);
даралы (блоктар, тақталар);

Слайд 5
ауыр салмақты (қомақты массалы элементтер, ауыр құрылғылар);
ұзын өлшемді (темірбетонды және болат

бағаналар, фермалар, құбырлар);
үлкен көлемді (блок-бөлмелер, контейнерлер);
сұйық (бензин, майлар).
Әрбір жүк түріне өзіндік тасымалдау құралдары тән.

Слайд 6
Көлік рельсті және рельссіз, көлденең және тік, сыртқы, ішкі және нысанды

бола алады.

Слайд 7
Жүктерді тасымалдау үшін құрылыста көліктің келесі түрлерін қолданады :
автомобильді – кеңінен

таралған ( тасымалдаудың 85 % дейін);
ауыр жүктерді тасымалдау үшін, әсіресе жол болмаған жағдайда тракторлы;
сыртқы (барлық тасымалдаудың 10 % дейін) және аз жағдайда – ішкі аудандық тасымалдауларға арналған темір жол ;

Слайд 8
ауыр жүкті ұшақтар, тікұшақтар немесе арнайы көліктік дирижабльдер көмегімен жүктерді қол

жетімсіз аудандарға жеткізуге арналған әуе көлігі;
өзендер мен тоғандар бойымен жеткізу немесе баржаларға тіркеу арқылы жүктерді тасымалдауға арналған су көлігі;
құрылыс жүктерді ішкі құрылыс пен нысанды орын ауыстырулар үшін арнайы көлік түрлері (құбыр арналар, арқан жолдар, конвейерлер және т.б.).

Слайд 9
Құрылыс алаңы жағдайында жүктердің тік орын ауыстырулары негізінен монтажды кран мен

жүк көтергіштермен жүзеге асырылады.
Соңғыларды қондыру қажеттілігі құрылыс жүктерін қабатқа терезелік және басқа да саңылаулар арқылы жеткізу керек кездегі әрлеу жұмыстары кезеңінде әсіресе артады.

Слайд 10
Кейбір жағдайларда көліктік үдерістерді технологиялық үдерістермен біріктіруге болады, мысалы автобетонараластырғышта бетон

қоспаны дайындау мен оны тасымалдау үдерістерлері біріктіріледі.
Құрылыс үдерістерін орындау кезінде көліктік-технологиялық құралдарды қолдану – заманауи құрылыс өндірісінің ерекшеліктерінің бірі.

Слайд 11
Құрылыс саласындағы автомобиль көлігі және автожолдар


Слайд 12
Басқа көлік түрлеріне қарағанда автомобиль көлігінің келесідей артықшылықтары бар :
тиеу-түсіру жұмыстарына

салыстырмалы түрде үлкен емес қаржы салу мен қомақты емес шығындардың болуы, жүктерді керекті кезекті сақтай отырып қолдану орындарына жылдам жеткізу мүмкіндігі.

Слайд 13
Әсіресе автомобиль көлігінің артықшылықтары жүктерді 20 км дейін арақашықтыққа тасымалдау кезінде

анық байқалады.
Дәл осы фактімен құрылыс саласындағы автомобильді тасымалдаулар жетекші рөл атқаратыны анықталады.

Слайд 14
Жолдардың келесі түрлері анықталады :
1) жетілдірілген капиталды (цементті- және асфальтобетонды, қара

қиыршықты, жұмыр тасты);
2) жетілдірілген жеңілдетілген (қиыршықты, гравийлі, тұтқыр материалмен нығайтылған негізде қондырылатын грунтты-асфальтті);
3) өтпелі типті (жиналған, грунтты қиыршықты, тұтқыр материалмен нығайтылған грунтты);
4) төмен типті (қиыршықты немесе гравиймен нығайтылған грунтты).

Слайд 15
Кірме жолдар мен ішкі құрылған жолдар нөлдік цикл жұмыстарының алдында, тігінен

жобалау мен инженерлі коммуникацияларды (су құбыоы, жылу құбыры және т.б.) салудан кейін салынуы керек.
Ұсақ салынған желілер: электрикалық және телефон кабельдері және т.б. оған ерекшеленуі мүмкін.

Слайд 16
Ішкі құрылған жолдар сақина сызбасымен немесе шектеулі жағдайларда өтпелі жолмен құрастырылады.


Сақиналмаған және тұйық бөліктерде бекетті (разъездная) және бұрылыс алаңдары қарастырылуы керек. Дәл сондай бекеттер (разъезд) материал мен конструкциялар түсіру орындарында ұйымдастырылуы қажет.

Слайд 17
Ішкі құрылған жолдардың сызбасы :
1 – сақиналық; 2 - өтпелі;

3 - тупикті; 4 – жолды кеңейту; 5 - бұрылыс

Слайд 18
Құрылыста автокөлік тасымалдауларының екі әдісін қолданады – маятникті және әрлі-берлі (челночный).


Слайд 19
Маятник әдісімен тасымалдау кезінде тиеу және түсіру орындарында тіркеме тартқыштармен(тягач) бірге

бос тұрып қалатын бөлшектері ағытылмайтын автомобильдер қолданылады.
Маятник әдісі объект маңайында қоймалардың бар болуы немесе бірдей конструктивті элементтерден тұратын ғимараттардың жаппай құрылысы кезінде оңтайлы бола алады.

Слайд 20
Әрлі-берлі (челночный) әдісінде тіркеме тартқыш (тягач) тиелген тіркемені түсіруге қалдырады және

қайтадан тиелгендер үшін қайтып оралады, яғни тіркеме саны құрылыс индустриясының кәсіпорындары және құрылыс объектілер арасындағы арақашықтыққа байланычты.

Слайд 21
Әрлі-берлі (челночный) әдісі объектке материалдар мен конструкцияларды уақытты үнемдеумен жеткезуге мүмкіндік

береді, себебі тиеу-түсіру кезінде тіркеме тартқыш (тягач) бос тұруы болдырылмайды.
Көлік құралын тіркеп-ағыту маневрлеріне уақытты жұмсау аса үлкен емес өлшемге ие.

Слайд 22
Темір жол көлігі


Слайд 23
Темір жол көлігі ірі өндірістік объектілер және гидротехникалық ғимараттар құрылысында, құрылыс

индустриясының кәсіпорындарында және құм, шиыршық тас және т.б. өңдіруге арналған карьерлерде қолданылады.
Темір жол көлігін жүкті жеткізу арақашықтығы 200 км-ден асатын кезде қолдану экономикалық тиімді.
Жүкті тасымалдау арақашықтығының төмендеуі құрылыс өнімдерінің өзіндік құнының өсуіне әкеледі.

Слайд 24
Темір жолдар жалпы желі және құрылыс, нормальды колеялы - 1524 мм

және тар колеялы - 750 мм болып жіктеледі.

Слайд 25
Темір жолдар төменгі құрылым (жер жамылғысы, көпірлер, құбырлар) және жоғарғы құрылымнан

(балластты қабат, шпалдар, рельстер) тұрады.

Слайд 26
Тракторлы, су және әуе көлігі


Слайд 27
Құрылыстағы көліктік тасымалдау үшін жеке сүйреу құрылғысы ретінде де, трейлерлермен, топырақтасығышпен

және басқа да тіркемемен жиынтық ретінде де шынжырлы да, доңғалақты да тракторлар қолданылады.

Слайд 28
Тас жолдар бойымен тасымалдау кезінде артық жылдамдықты және артық мобильді жол

бетін бұзбайтын доңғалақты тракторлар таңдау басым.
Ауыр жағдайларда және дайындалмаған грунтты жолдар бойымен тасымалдау кезінде грунтпен ілінісуі және жол өтімділігі жоғары шынжырлы табанды трактор қолданған ұтымды.

Слайд 29
Тракторлардың негізгі артықшылығы түрлі машиналар мен механизмдерді тасымалдау үшін қолдануға болады.



Слайд 30
Құрылыс конструкцияларын құрылыс өндірісінің кәсіпорындарынан(темірбетонды өнімдердің зауыттары, ағаш өңдейтін комбинаттар мен

т.б.) құрылыс алаңдарына жеткізу кезінде үш тіркемесі бар доңғалақты тартқыш жұмысының сұлбасы кең қолданыс тапты.

Слайд 31
Су көлігі көліктік, жүк, қызметтік-қосымша және техникалық бола алады.
Оны су

ауданы бойынша үлкен арақашықтыққа жүктерді тасымалдау үшін қолданылады.

Слайд 32
Бұл көлік түрімен минералды-құрылыс жүктері (құм, қиыршық тас) және орман материалдары

әсіресе көп мөлшерде тасымалданады.

Слайд 33
Баржада тас, құм, гравий және басқа да карьерлі материалдармен қоса кей

кезде темірбетонды, ағаш жіне басқа да құрылыс конструкцияларды тасымалданады.
Ірі конструкциялар жиналған түрде понтондарда тасымалдана алады.

Слайд 34
Ауа бойынша тасымалдау қымбат тұрады, осыдан әуе көлігі басқа көлік түрлерімен

бәсекеге түсе алмайды.
Бірақ ол жүктерді басқа көлік түрлері қол жетпейтін жерлерге жеткізу кезінде қолданылады.
Жүк тік ұшақтар, ұшақтар және дирижабльдер қолданады, бұл әсіресе мемлекеттің қиын жететін аймақтарындағы электр желісі, газ және мұнай құбырларының құрылысы кезінде ұтымды.

Слайд 35
Ішкі құрастырылған арнайы көлік


Слайд 36
Ішкі құрастырылған көліктерге ленталы конвейерлер, арқанды жолдар, кабель-крандары және құбыр жолдары

жатады.

Слайд 37
Ленталы конвейерлер топырақ, құм, қиыршық тас, бетон қоспа, кей жағдайда ұсақ

даралы материалдар – кірпіш, тас және т.б. жүктерді тасымалдау үшін қолданады.

Слайд 38
Ленталы транспортерлер ені 300 ... 1300 мм. болатын екі барабанды қамтитын:

бірі мотордан айналатын және лентаны қозғалысқа келтіретін жетекті, екіншісі серіппелі құрылғы немесе асқан жүк арқылы лентаның керілуін тудыратын керілгіш -резеңкеленген немесе болатты шексіз лента ретінде ұсынылған.

Слайд 39
Көліктің арнайы түрлерінің жұмысының сұлбасы:
а - ленталы конвейерлер; б – арқанды

жолдар; в - кабель-крандары; г – құбыр жолдар

Слайд 40
Конвейерлі жүйе көптеген жекелеген бөлшектерден тұра алады және ұзындығы бірнеше километрге

жете алады.
Осылай,құм мен саз өңдеуге арналған роторлы карьерлі экскаватор қажеттілік туындаса қосымша бөлшектермен ұзартылатын 3 км ұзындықтағы конвейермен жабдықталады.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика