Жылу тасымалдағыштың түрлері презентация

Жылу тасымалдағыш, жылу тасығыш – жылу алмасу процесін іске асыру үшін қолданылатын, қозғалыста болатын сұйық немесе газ тәрізді орта.

Слайд 1
ОРЫНДАҒАН: БАЛТАБАЙ ІЛИЯС
Жылутасымалдағыштың түрлері
Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу

университеті

Слайд 2Жылу тасымалдағыш, жылу тасығыш – жылу алмасу процесін іске асыру үшін қолданылатын, қозғалыста

болатын сұйық немесе газ тәрізді орта.



Слайд 3Жылу тасымалдағыш – жылу таралу үрдістерін қарастыратын ғылым. Жылу тасымалдаудың негізгі

үш түрі бар: жылу өткізгіштік, конвекция және сәулелену.



Слайд 4
Жылу өткізгіштік – денелер бір біріне немесе дененің бір бөлігінен басқасына

жылу энергиясының тікелей тасымалдануы. Жылу өткізгіштік таза түрдегі монолитті қатты денелердің ішіндегі немесе газ, сұйық қозғалмайтын жұқа қабаттарда жылу тасымалы кезінде байқалады

Слайд 5
Конвекция – зат (көлеммен) бөлшектерінің ауысу есебінен пайда болған жылу энергиясының

тасымалы. Конвекция тек қозғалмалы – сұйықтық немесе газдық ортада айқын орын алады. Конвекция әрқашан да сұйықтың немесе газдың жіңішке қабаттарындағы жылу тасымалымен жүреді.

Слайд 6
Сәулелену – жылу энергияларының электр магниттік толқын түріндегі таралуынан болады. Бұл

үрдіс жылу сәулелері үшін мөлдір орталарда және жылу алмасуға қатысып жатқан денелердің энергиясының ауысуымен жүреді, сәулеленген дененің жылу энергиясының бір бөлігі электр магнитте, ал кері ауысу жұтатын дене бетінде болады.

Слайд 7
Вакуумдағы жылу тасымалы тек сәулеленумен жүреді. Жылу таралу үрдістерінде бір уақытта

екі немесе үш жылу тасымалдағыш түрі қатысады. Жылу тасымалдау үрдісі кеңістіктегі температура, уақыт өзгерісіне байланысты жүреді. Дәл осы уақыттағы температураның мағынасы температура өрісі деп аталады

Слайд 8
Жылу тасымалдағыш ретінде су, су буы, газдар, сұйық металдар, хладондар қолданылады.

Жылу тасымалдағыштар жылу беру процесінде өздерінің агрегаттық күйін өзгертуі (қайнайтын сұйықтықтар, конденсацияланатын бу) немесе өзгертпей сақтауы (қайнамайтын сұйықтықтар, конденсацияланбайтын газдар) мүмкін. Бірінші жағдайда жылу тасымалдағыш температурасы өзгермейді, ал екіншісінде өзгереді (төмендейді немесе жоғарылайды). Ядролық реактордағы жылу тасымалдағыш – ядролар бөліну реакциясы нәтижесінде бөлінетін жылуды активті зонадан шығаратын сұйық немесе газ тәріздес заттар. Жылулық реакторларда кең тараған жылу тасымалдағыш: кәдімгі су мен ауыр су, су буы, газдар (сутек, көміртек диоксиді), органик. сұйықтықтар. Шапшаң реакторларда жылу тасымалдағыш ретінде сұйық металдар мен газдар пайдаланылады

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика