Жер ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі презентация

Жоспары: Жер – ауыл шаруашылығының басты өндірістік құралы Ауыл шаруашылығы жерлерінің құрамы мен құрылымы 3. Жер кадастры және ауыл шаруашылығы жерлерін экономикалық бағалау

Слайд 1ЖЕР РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ


Слайд 2Жоспары:
Жер – ауыл шаруашылығының басты өндірістік құралы
Ауыл шаруашылығы жерлерінің құрамы

мен құрылымы
3. Жер кадастры және ауыл шаруашылығы жерлерін экономикалық бағалау



Слайд 3Жер - ауыл шаруашылығының ең басты өндіріс құрал-жабдығы. Жер-ресурстық потенциалдың маңызды

түрлерінің бірі болып табылады. Жер халық шаруашылығының барлык саласында пайдаланылады, алайда оның ролі барлық жерде бірдей, емес. Мәселен, өнеркәсіпте жер тек кәсіпорындарды орналастыратын орын ретінде ғана, ал ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс қүрал-жабдығы ретінде көрінеді.

Слайд 4Ағылшын экономисті Уильям Петти жердің ролі жайлы келесі нақыл сөзді айтты:

«Еңбек байлықтың әкесі, Жер – оның анасы».

Слайд 5Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді
1. Ауыл

шаруашылығы мақсатындағы жер;
2. Елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;
3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және табиғи- мәдени мақсаттағы жер;
5. Орман қорының жері;
6. Су қорының жер;
7. Босалқы жер.


Слайд 6
1 – Жер табиғат өнімі. Оның ең маңызды ерекшелігі: жердің басқа

өндіріс құрал-жабдығы сияқты адам еңбегінің жемісі болып табылмайтынын да.
2– Жердің екінші ерекшелігі - оның территориялық жағынан шектеулілігінде.
3– Жердің үшінші ерекшелігі - оның өзгермейтіндігінде
4- Төртінші ерекшелігі - топырақ кұнарлылығының әртүрлілігінде.
5–Бесінші ерекшелік -жер, топырақ дұрыс пайдаланылғанда азбайтыны былай тұрсын, қайта өзінің касиетін жақсартады.

Жердің өндіріс құрал-жабдығы ретінде өзіне тән өзгешеліктері немесе бірқатар ерекшеліктері бар


Слайд 7Ауыл шаруашылығы үшін берілген немесе осы мақсатқа арналған жерлер ауыл шаруашылығы

мақсатындағы жерлер деп танылады.



Слайд 8Ауыл шаруашылық алқаптары
Тыңай-тылған жерлер
егістік жерлер
Шабын
дық
Жайы
лым






Слайд 9Егістік жерлерге - ауыл шаруашылық дақылдар егіліп, жүйелі түрде өңделетін және

пайдаланылатын таза жатқан жерлер жатады.

Шабындыққа - пішен шабу үшін жүйелі түрде пайдаланатын, көп жылдық шөптесін өсімдіктер жамылған жерлер жатады. Олар: суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді.

Тыңайтылған жерге - бұрыннан егістікке пайдаланып келген және бір жылдан көбірек, күзден күзге дейін ауыл шаруашылық дақылдарын егу үшін пайдаланылмаған жерлер кіреді.


Слайд 10

Жер кадастры дегеніміз - жерлердің табиғат, шаруашылық және құқықтық жағдайы туралы егжей-тегжейлі мәліметтерінің жинағы. Мемлекеттік жер кадастрының негізгі міндеті айқындалған. Атап айтқанда, онда мемлекеттік жер кадастрының мүдделі кәсіпорындарды, мекемелерді және азаматтарды жерді ұтымды пайдалану мен қорғау, жер кадастрын реттеу, жерге орналастыру, жер үшін төленетін акы мөлшерін негіздеу, шаруашылық кызметті бағалау мақсатындағы жер туралы мәліметтермен камтамасыз етуге арналғаны атап өтілген.

Слайд 11Назарларыңызға
рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика