Слайд 1Тері эпителийі эволюциялық динамикасының кейбір заңдылықтары
ОРЫНДАҒАН: БТ-16-05
.
1.АЛТЫНБАЙ НАЗЫМ
2. САДУАҚАСОВА ҒАЗИЗА
3. САЯТҚЫЗЫ НАЗИРА
4. СЕЙДУЛЛАЕВА НАЗЕРКЕ
ТЕКСЕРГЕН: МАНКИБАЕВА С.А.
Слайд 2
Эпителийлер қызметіне қарай:
Тері
Қорғаныш
Шектік
Безді
Целомдық болып бөлінеді.
Слайд 3Бір қабатты тері эпителийі
Көп қабатты тері эпителийі
Тері эпителийі эктодермадан дамиды. Оның құрылысы түрлі. Бұл эпителийдегі клеткалар қабаттан тыс жерде тіршілік ете алмайды. Омыртқалыларда тері эпителийі көп қабатты, ал омыртқасыздарда бір қабатты болып келеді. Омыртқалыларда эпителий клеткалары мықты қабаттар, ал омыртқасыздарда протоплазма клетканың үстіне орналасқан кутикула түзеді. Осы қасиеттерінің аркасында жануарлардың денесі сыртқы ортаның әсерінен қорғанады.
Слайд 4Көп кабатты жазық эпителий адам мен сүт қоректілердің тері жамылғысында әрі
қалыңдау, әрі жете маманданған болады. Тері нағыз тері деп аталынатын дәнекер тканінен және эпидермис деп аталынатын эпителий тканінен тұрады.
Слайд 5Эпидермис (epidermis) - терi үстiн түк жауып жатқан жұқа қабаты, түксiз
бөлiгi қалың болады.
І. Эпидермис қабаты
Түк
Мүйізді қабат
Өсуші қабат
Слайд 6Қазіргі терминология бойынша эпидермисте жасушалардың 4 түрін ажыратады:
1. Кератиноцит
2. Меланоцит
3.
Эпидермалық макрофагтар (Лангерганс жасушалары)
4. Меркель (түйсiк) жасушалары
Слайд 7Эпидермистiң қалың бөлiгiнде (күйiстiлердің мұрын қаңсары, шошқа тұмсығы, майөкше) 5 негiзгi
қабат:
Негiздiк
Қылтанақты
Түйiршiктi
Жылтырауық
Мүйiздi қабаттары қалыптасады.
Слайд 8Негiздiк қабат (stratum basale) - эпидермис пен дерма арасындағы жарғақта орналасады.
Негiзгi жарғақтың қалыңдығы жай микроскопта 30-35 нм, бiркелкi, электронды микроскоп ол екi қабаттан тұратынын: ақшылы - эпидермис жасушаларының негiзгi бетiне жанасып, iрi молекулалы белок - ламинин, ал қоңыры (тығыз электронды) - дермаға жанасып, өте көп IV типтi коллаген сақтайтынын көрсеттi.
Қылтанақты қабат (stratum spinosum) негiзгi кератиноциттердiң бөлiнiп, соңғы жiктелу жолына түскен жасушаларынан тұрады. Пiшiнi көпқырлы болады, қырларында қысқа тiкендер құралады. Тiкендер жасушалардың арасындағы кеңiстiктi кеңейтедi, ол ұлпа сұйығының айналымын, қоректi заттардың жасушаға түсуiн жеңiлдетедi. Бұл жасушалар 5-7 қатар түзедi, цитоплазмасы негiзгi бояғыштарды нашар қабылдайды, iрi ядросы домалақ немесе сопақша тәрiздi болады, ядрошығы жақсы байқалады.
Негiздiк және қылтанақты қабаттар, бөлiнуге қабілеттi жасушалардан тұратындықтан, оларды бөлмей, өсу қабаты деп атайды.
Слайд 9Өсу аймағы қатар, терен орналаскан, биік празмалы клеткалардан тұрады. Бұл клетканың
көбі бұрыс формалы тармақтары аркылы астынғы қатарларда орналаскан клеткалардың арасына кіреді. Оларды шип тәрізді клетка деп атайды. Түйіршікті кабаттағы клеткаларға жақындаған сайын шип тәрізді клеткалар жазықтала түседі. Базальды кабаттың биік призмалы клеткаларынын ядролары жұмыртқа тәрізді, ал терең қабаттарда орналасқан шип тәрізді клеткалардың ядролары дөңгелек тәрізді болатын болса, эпидермистің үстінгі жағына жақындаған сайын ядролар қайтадан жұмыртка тәрізді түрге келеді, көлденеңінен орналасады. Митозды жолмен өрбу қасиеті тек базальды клеткаларда болады. Эпителий клеткалары бір-бірінен тар саңылау тәрізді болып көрінетін клетка аралығы арқылы бөлініп тұрады. Қоректік заттар клетка аралыктары арқылы дәнекер тканінен эпителий клеткасына апарылады.
Терінің мүйізделген көп қабатты эпителийі (эпидермис).
1 – өсінді қабат; 2 – түйіршікті қабат; 3- жылтыр қабат; 4 – мүйізді қабат; 5 – базалді мембрана; 6 - дәнекер ұлпа.
Слайд 10Түйіршікті аймақ жазықталған 3—4 қатарлы клеткалардан тұрады. Олардың протоплазмасында кератогиалин деп
аталынатып ұсақ түйіршіктер пайда болады. Протоплазмада ұсақ түйіршіктер пайда болған соң, оның үстіңгі қабаттары клеткаларды мүйізді өлі клеткаларға айналдырады. Түйіршікті клеткалар үстіңғі кабаттардағы 2—4 катар клеткалардан тұратын жылтырауык клеткаларға айналып, жылтырауық кабатын түзеді.
Слайд 11Жылтырауык клеткалардың шекаралығы айкын көрінбейді. Олардың ядролары нашар боялады. Қлеткалар кератогиалин
түйіршіктерінің өтуі нәтижесінде түзілетін жаркырауық зат элейдинмен толтырылып отырады.
Терінің мүйізделген көп қабатты эпителийі (эпидермис).
1 – өсінді қабат;
2 – түйіршікті қабат;
3- жылтыр қабат;
4 – мүйізді қабат;
5 – базалді мембрана;
6 - дәнекер ұлпа.
Слайд 12Эпидермистің үстіңгі аймағы мүйізді өлі клеткалардан тұрады. Мүйізді қабаттың түзілу жолы
әлі толық анықталған жоқ. Ең үстіңгі қабаты қабыршақтанып, біртіндеп ұсақ қабықтар күйінде түсіп отырады. Мұны кейбір ғалымдар —плазманың мүйіздену процесінде пайда болады деп есептейді. Ол процесс дұрыс өтсе, түйіршікті қабаттағы тонофибрилдер жойылып кетеді. Қабыршактар түсе бастайды. Мұндай құбылыс кейбір жұқпалы аурулардың белгісі.
Слайд 13Жас мысықтың жағындағы эпителиалды жиектің кесіндісі.
1 – тонофибрилдер
Слайд 14Қабыршақтар бездердің майлы секретімен қосылып, терінің үстінде корғаныштық манызы бар жуан
қабат түзеді. Ол кабат серпімді келеді, жылуды нашар өткізеді, сөйтіп организмді өте ыстықтап кетуінен сактайды. Май қышқылдарының әсерінен мүйізді кабаттың реакциясы кышқыл болады. Сондықтан организмді қоршаған ортадағы сансыз көп микробтар теріге түскенде өрбуге жағдайсыз ортада, болып, жойылып кетіп отырады. Клетканың мүйізденуі сыртқы орта жағдайына тәуелді, организм таза ауада болып витаминді азық қабылдаса, бұл процесс жақсы өтеді. Егер азықта «А» витамині кем болса, өсу аймағының клеткалары өрбігенмен, олардың мүйізденуі тоқталады.
Осының салдарынан теріні корғайтын мүйізді қабат түзілмейді.
4
Бір қабатты жазык эпителий — омьіртқасыздар клеткасының сырткы бөлімінде тығыз кутикула түзіп сырткы ортаның қолайсыз әсерінен қорғаушы кьізметін аткарады. Кутикула, әсіресе, бұынаяқтыларда күшті дамыған, өйткені ол тіректік қызмет те атқарады. Мысалы, насекомдардың хитин тәрізді сауыты эпителийден пайда болған қаңқа. Оның түзілуінде де эпителий клеткалары тіршілік қасиеттерін сақтайды. Олар бұзылған тері жамылғысын қалпына келтіріп немесе түлеуден кейін жаңа сауыт түзеді. Кутикула клеткалық қүрылысынан айрылып жануардын, денесін жауып тұратын түзіліс болса да, эпителий клеткаларымен байланысын жоймайды.
1
Мүйізді қоңыз личинкасының сауытының бір қабатты эпителийінің тік кесіндісі.
1.— хитин; 2 — эпителий; 3 — дәнекер ткані; 4 — қан клеткалары.
2
3
Слайд 16Кутикуланы түзе алатын эпителийдің тұтастығы өте айқын білінеді. Мұндай жағдайда зпителий
тұтас қабат түрінде ғана қызмет аткарады. Егер бұл тұтастығынан
сәл айрылса, ол қорғаушы орган ретіндегі маңызын жояды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.
З.Қ. Тоқаев. Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған Гистология зертханалық сабақтарының оқулық-әдістемелік құралы. Семей, 2002.
А.А. Заварзин. Основы сравнительной гистологии. Л., ЛГУ, 1985.
О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.
Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.