Султан слайд презентация

Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбею түсуде.Атом электр станциялары салынып, олар іске қосылып жатыр.Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр.Олардан қаншама

Слайд 1






Бейбіт уақыттағы Радиоактивті ластану


Орыдаған : Сибат Султан
Тексерген :Ибраиммрва

Сания Ерболатқызы


Слайд 2


Слайд 3 Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті

сәулеленумен зақымдануы көбею түсуде.Атом электр станциялары салынып, олар іске қосылып жатыр.Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр.Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. [1]
Табиғатта адамзат баласы, жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі табиғи радиоактивтік сәулеленудің сыртқы және ішкі әсерімен шектелініп тұрады.Радиaция адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отыр, әсіресе радиоактивті сәулені жерден алады, қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда [1].

Кіріспе


Слайд 4

Негізгі бөлім
1. Радиоактивтілік түрлері және радиоактивті ластану



Слайд 5Табиғи радиоактивтілік
Табиғи жолмен пайда болған

радиоактивті элементтерді қоршаған ортаның барлық жерінде кездестіруге болады және миллиардтаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Иондаушы сәулелер жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейінгі кезеңде, тіпті жердің өзі пайда болмай тұрып-ақ пайда болған. Радиоактивті материалдар жер пайда болған кезден бастап, оның құрамында бар. Кез келген адамда белгілі бір мөлшерде радиоактив болады . Адам денесі таканьдерінде табиғи радиоактивтіліктің көзі рубидий-87, калий-40 болып табылады. Қазіргі адам өз уақытының 80% -ін жабық кеңістікте, яғни үйде не кеңседе өткізеді де, радиацияның негізгі дозасын сол жерде қабылдайды. Құрылыстар мен ғимараттар сыртқы сәулеленуден сақтанғанымен, олар салынған құрылыс материалында табиғи радиоактивтілік болады [2].

Қоршаған ортадан келетін радиацияның адамға әсер салыстырмалығы


Слайд 6 Иондаушы сәулелену - бұл элементарлы

бөлшектер мен электромагнитті сәулелердің кванттар ағымы,олардың заттармен өзара араласу әсерінен әр полярлы иондар пайда болады.
Иондаушы сәлелену:
альфа-бөлшектері – ядролық алмасу кезінде бөлінетін гелий атомдарының ядролары;
бета-бөлшектері – үздіксіз энергиялық спектр бөлетін электронды (позитронды) сәулелену;
гамма-сәуле – фотонды (электромагнитті) иондаушы сәулелену;
нейтронды сәулелену – нейтрондар ағымы [7].

Слайд 7Техногенді радиоактивтілік
Техногенді радиоактивтілік-адамныің іс-әрекетінің нәтижесінде пайда

болады. Табиғи радинуклидтердің қайта бөлініп, концентрациялануы пайда болатын саналы шаруашылық іс-әрекет процесінде табиғи радиациялық фонның өзгеруіне әкеліп соғады. Бұған тас көмірдің ,мұнайдың, газдың және тағы басқа жанғыш пайдалы қазбалардың, фосфат тыңайтқыштарының, кен өндірілуі мен өңделуінің де кең әсері бар. Және де адамзаттық авиация сияқты транспорт түрі өз жолаушыларын ғарыштық сәулелердің жоғары әсеріне ұшыратады [7].

Слайд 8Радиоактивті ластану және қазіргі жағдайы
Радиоактивтілік

ластайтын заттарды тарататын негізгі көздер әзірге ядролық жарылыстар болып отыр. Айналадағы радиация қалдықтармен ластау-адамға да, табиғатқа да жасалған зиянкестік. Сондықтан атомдық реакторлар мен атомдық электор станцияларын салуда,уран өндіруде, олардан шығатын радиактивті қалдықтардан сақтануды ескеріп жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн.Аймаққа радиоактивтілік зақымдану, ластану қаупі төнгенде азаматтық қарғаныс мекемесі халықты алдын ала сақтандыру үшін радиациялық қауіп дабылын береді.Ластанған аймақта жүріп тұру ережесі және қорғаныс ғимараттарынын шығаруды азаматтық қорғаныс штабтары мен бастықтары белгілейді [3].

Слайд 92. Радиацияның ағзаға түсу жолдары мен әсері

Адам организмі радиация көзіне емес, радиацияға жауап береді.Радиоактивті заттар болып табылатын радиация көздері ішек жолдары арқылы сумен және тамақпен бірге, өкпе арқылы тыныс алу кезінде, аз мөлшерде тері арқылы,сонымен қатар медициналық радиоизотопты диагностика кезінде адам организміне түсе алады.Бұл жағдайда ішкі сәулелену пайда болады [7].

Слайд 10
Иондық сәулелердің әртүрлі материалдар мен адамға әсері


Слайд 113. Сәулелік ауру және құтқару жұмыстары
Сәулелік ауру-әр

түрлі иондаушы сәулелердің әсерінен пайда болатын қатерлі сырқат. Адам, жануарлар, микроорганизмдер және өсімдіктерге жер қыртысынан бөлінетін гамма-сәулелер және космос сәулелері сырттан, организмде болатын радиоактивті элементтер (K, Ra, Rn, C т.б.) сәулелері іштен әсер етеді. Егер бұл сәулелер тірі организмге артық мөлшерде өтсе клеткалардың, органдардың тіршілігіне қауіпті ауру туғызады. Адамда ортаның әсерінен және ішкі органдарға, әсіресе тыныс алу жолы арқылы теріге, ішек-қарынға радиоактивті заттардың өтуінен пайда болады [2].

Сәулелік ауру


Слайд 12Радиацияға қарсы қоғаныс. Медициналық көмек көрсету

Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру керек, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдырын пайдалану туралы хабардар ету керек, радиоактивті заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет, радиацияның деңгейін анықтаудың мағызы зор, дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек, су мен тамақты радиоактивті ластануға зерттеу жасау керек. “Радиоактивті зақымдану” дабылы берілген жағдайда жеке қорғаныс заттарын,дайындалған азық-түлік пен су қорын алып паналау ғимараттарына тығылу қажет [6].

Слайд 13Жеке қорғаныстың медициналық құралдары 

АИ-2 пластмассалы қорапшасындағы ұялар бойынша бөлінген медициналық құралдар жиыны. Көлемі — 90*100*20 мм, массасы – 100г. Қобдиша ұяларында мынандай құралдар орналасқан:


Слайд 14 АИ-4 медициналық қобдишасы

АИ-2 қобдишасының базасы болып табылды. Оның құрамы мен қолдану принципі АИ-2 қобдишасымен сәйкес болып келеді. Жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы тізбеленген дәрі-дәрмектермен қатар оларды пайдалану және қолдану жөніндегі нұсқаулық бар.Әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы мына құралдармен жабдықталған: радиациядан қорғау құралдары, жалпы терапефтік препараттар (аспирин, седальгин, аммияк, бесалол, валидол, нитроглицирин, папазол, диазол, феназепам), антисептикалық және таңғыш құралдар ( бриллианттық жасыл, калий пермаганат, деринат, левоменол немесе мафенидин ацетат, мақта, бактерицитті жабысқыш, бинт) [10].

Слайд 15Құтқару жұмыстары

көмекке келген күштердің жүрер жолын барлау;
жолдағы немесе апат

орындағы өрттің жайылуына жол бермеу;
апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға баратын жолдар іздеу, баспананың үстін ашу;
құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;
оларды шғыару;
зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;
халықты химиялық және радиацияланған аудандарды, су басқан аудандардан көшіру;
адамдарды олардың киімдерін санитарлық тазалықтан өткізу;
территорияны, құрылыстары, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту [7].

Слайд 16Қорытынды
Радиоактивтілік- адам

өміріндегі маңызды орын алатын үлкен ғылымжаңалығы болып табылады. Ал бұл құбылыстың ғылымдағы маңызы қаншалықты зор болса, оның ағзаға, табиғат пен қоршаған ортаға, жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне келтіретін зияны да бар екнін ұмытпау керек. Радиоактивті ластану бүкіл адамзатты толғандыратын, бүгінгі таңдағы өте өзекті мәселелердің бірі. Ол – жеке аймақтың ғана емес, планетарлық масштабтағы проблема. Сол себепті тұрғындарды қорғау жөніндегі мемлекеттік шаралар ластану дәрежесін есепке ала отырып, бүкіл аумақтарды қамти отырып жүргізілуі қажет.Дұрыс экологиялық сананың экономикалық қажеттіліктердің ықпалына түспеуі адам мен табиғат арасындағы гармониялық, жер шарындағы өркениеттің стратегиялық бағыты болып табылады.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика