пн презентация

Мәлiметтер қоры – ақпараттар сақталатын қойма. Мәлiметтер қорынан керегiне қарай қажеттi мәлiметтер алу үшiн сақталады. Басқаша айтсақ, мұнда керектi ақпаратты iздеу ұйымдастырылады. Кесте – мәлiметтердi жазба (жол) және өрiс (бағана) түрiнде сақтауға

Слайд 1ТАҚЫРЫБЫ: МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН

БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ







ТЕКСЕРГЕН:ТҰРҒЫНБАЕВА А.А.
ТОП: ПO-15-11
ОРЫНДАҒАН:МАҚСАТОВА А.
АМАНЖОЛ Ж.
2017Ж.

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Слайд 2Мәлiметтер қоры – ақпараттар сақталатын қойма. Мәлiметтер қорынан керегiне қарай қажеттi мәлiметтер

алу үшiн сақталады. Басқаша айтсақ, мұнда керектi ақпаратты iздеу ұйымдастырылады. Кесте – мәлiметтердi жазба (жол) және өрiс (бағана) түрiнде сақтауға арналған обьект болып табылады. Әрбiр кесте нақты бiр сұрақ бойынша мәлiметтердi сақтауға қолданылады. Мәлiметтер қорында екi өлшемдi кестенiң жолдары жазбалар деп, бағандары өрiстер деп аталады. Дәлiрек айтқанда мәлiметтер қорында, кестедегi әрбiр жол жазба болып табылады, ал жазба бiрнеше өрiстерге бөлiнедi.

Слайд 3Мәліметтерді ұзақ мерзімге сақтау және оларды өңдеу (алу, өзгерту, мәліметтер қосу

т.с.с) мәселесі, бірінші компьютерлер ойлап табылғаннан бастап-ақ күн тәртібіне қойылды. Осы мәселені шешу мақсатында 20-ғасырдың 60-жылдарының соңғы жағында МҚБЖ (Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі) деп аталатын арнайы программалар жазыла бастады. МҚБЖ өзінің даму жолында файлдарды басқару жүйесінен бастап, иерархиялық және жүйелік мәліметтер қорын басқару жүйелерін басынан өткерді. Сөйтіп өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында барлық жерде «Релациялық Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі» кең қолданыла бастады.

Слайд 4Мәліметтер қорының мынадай түрлері бар:
2. Иерархиялық


3. Жүйелік



4. Релациялық

5. Объектіге бағытталған

6. Гибридті

1.

Файлдарды басқару жүйесі


Слайд 5 Мәліметтер қорын ұйымдастырудың 2 жағы бар:
-объектілердің машинадан тыс өзара байланыс логикасын

ұйымдастыру
-объектілердің машина ішілік әрі қарай физикалық тарату.

Слайд 6Деректер моделі және түрлері 

1. Иерархиялық модель - мәліметтер арасындағы байланысты реттелген

графтар арқылы сипаттауға болады. Қандайда бір программалау тілінде иерархиялық деректер қоры құрылымын есептеу үшін тармақ мәліметтер типі пайдалынылады.


2. Желілік модель - мәліметтердің элементтерінің еркін графтар түріндегі өзара байланысын білдіреді. Желілік деректер қорының схемасын сипаттауға екі тип пайдалынылады: жазба және байланыс.


3. Реляциялық модель - мәліметтердің реляциялық моделін JBM фирмасының қызметкері Эдгар Код ұсынған және ол қатынас ұғымына негізделеді. Қатынас деп –картеж деп аталатын элементтер жиынын айтады, қатынасты бейнелеудің көрнекті формасы екі өлшемді кесте болып табылады.


Слайд 7
4.Постреляциялық модель - мәліметтердің постреляциялық моделі кестенің жазбаларында сақталған мәліметтердің бөлімбеушілік

шектеуін алып тастайтын кеңейтілген реляциялық моделі болып табылады. Постреляциялық модель көп мәнді, яғни мәндерді ішкі мәліметтерден құралған өрістерден тұрады.


5. Көп өлшемді модель - ол көп жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпаратты жедел өңдеуге мүмкіндік береді. Қордағы мәліметтерді қарастыратын көп өлшемді тәсілі реляциялық деректер қорын пайдаланылады. Көп өлшемді жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпараттық желі өңдеуге мүмкіндік береді.


6. Объектіге бағытталған модель - объектіге бағытталған модель тармақталған түрінде беріледі. Объектіге бағытталған деректер қорының логикалық құрылымы сырттай иерархиялы деректер қорына ұқсас

Слайд 8Көптеген ДҚ кестелік құрылымда болады. Кестелік құрылымда берілгендердің адрестері жол мен

бағананың қиылысуымен анықталады. Кестелерді жобалау кезінде олардың құрылымдарын алдымен қағазда жасаған ыңғайлы. Кестедегі әрбір өріс оның тақырыбына сәйкес болатын жеке мәліметтен тұрады. Әр түрлі кестедегі берілгендерді байланыстыру үшін, әрбір кестедегі әрбір жазбаның өзіндік жеке мәнін бере алатын өріс не өрістер жиынтығы болуы тиіс. Мұндай өріс не өрістер жиынтығын негізгі кілт деп атайды.  

Слайд 9Деректер қорының объектілері: 1. кестелер (таблицы) 2. сұраныстар (запросы) 3. үлгілер

(формы) 4. есептер (отчеты) 5. беттер (страницы) 6. макростар 7. модульдар

Слайд 10Кестелер - мәліметтерді сақтау үшін жасалған, өрістерден (бағаналардан) және жазбалардан (қатарлардан)

тұратын мәліметтер. Кесте(Tables) - мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, мәліметтер жиыны. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи)тұрады. Жазба(Record) - кестенің бір қатары, яғни жолы.  Өріс(Field) - кестедегі бағана немесе тік жол. Енгізу өрісі деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізілетін бір бағанадағы жолды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізіледі. Санауыш - кестедегі жазбалардың реттік нөмерлері орналасатын өріс. 

Слайд 11 Сұраныс(Queries) - жұмыс істеуші адамның керекті мәліметерді бір немесе бірнеше кестеден

белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Таңдап алу жолымен сұраныс беру арқылы кестедегі мәліметтерді жаңартуға, жоюға, көбейтуге немесе бұрынғы кестелер негізінде жаңа (виртуальды) кестелер құруға болады. Access-те сұраныстардың бірнеше түрі бар.

Слайд 12Форма(Forms) - мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, яғни

өзара байланысқан мәліметтерді тұтынушыға ыңғайлы түрде бейнелеуге, қарауға немесе енгізуге арналған тәсілдер. 

Слайд 13 Есептер (Отчеты) - мәліметтерді баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі, яғни қағазға

басып шығаруға арналған тәтижелік құжаттар. Конструктор - мәліметтер базасы обьектінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі.

Слайд 14Макростар(Modules) - Visual Basic for Application (VBA) тіліндегі программалар сақталады және

олар қолданбалы программаларды құру кезінде стандартты емес процедураларды іске асыру үшін жасалады. Access-те тұтынушыға өз есептерін ойдағыдай шағаруға мүмкіндік беретін әртүрлі диалогтық құралдар бар, оларға меню командалары, саймандар тақтасындағы батармалар, суырылып шығатын түсініктемелік сөздер, Конструктор (Design), Шебер(Wizards) программалары жатады.

Слайд 15НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика