Нөлдік форма арқылы грамматикалық мағынаның берілуі презентация

Нөлдік форма жайлы мәліметтер алғаш Ф.Ф.Фортунатов еңбектерінен басталады. Ол атау септік формасын ең алғаш рет басқа септік формаларымен бірдей грамматикалық мағына бере алатын, көрсеткіші жоқ нөлдік форма деп таныған.

Слайд 1НӨЛДІК ФОРМА АРҚЫЛЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАНЫҢ БЕРІЛУІ
Қасымова Балжан


Слайд 2
Нөлдік форма жайлы мәліметтер алғаш Ф.Ф.Фортунатов еңбектерінен басталады. Ол атау

септік формасын ең алғаш рет басқа септік формаларымен бірдей грамматикалық мағына бере алатын, көрсеткіші жоқ нөлдік форма деп таныған.
1960 жылдардан бастап нөлдік форма теориясы ғылыми айналымға түсті. Орыс ғалымдары Ю.С.Маслов, П.С.Кузнецов, И.П.Иванова, А.М.Пешковский т.б. ғалымдар нөлдік форма туралы пікірлерін ортаға салып, әртүрлі терминдер ұсынды.
Қазақ тіл білімінде Ш.Х.Сарыбаев, Н.Т.Сауранбаев, Ә.Төлеуов, А.Ысқақов т.б. ғалымдар еңбектерінде септік жалғауларының тасалануы, септік жалғауларының ашық, жасырын қолданылуымен байланысты айтылып келді. Аталған ғалымдардың ой-пікірлері ғылыми мақалаларда, қазақ тілі оқулықтарында жарық көрді. Бұл тілдік құбылысты ғалымдар ертеден-ақ байқаған.

Слайд 3С. ИСАЕВ НӨЛДІК ФОРМАНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫН БЫЛАЙША ТАЛДАЙДЫ:
1. Атау септігінің өз

алдына дербес грамматикалық тұлғасы болмаса да, грамматикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай атау тұлға болады.
Манағы бала үйге ентігіп кіріп келді.(«Қалың мал» С.Көбеев) Мұндағы бала сөзі атау септігінің нөлдік формасы арқылы берілген зат есім.
Ертеңіне құда түскеннен кейін Әбіш Итбайды шақырып кетті. («Қалың мал» С.Көбеев) Бұл сөйлемдегі Әбіш сөзі атау септігінің нөлдік формасы арқылы берілген зат есім.
Қозы екі қомағай ауыздың кергісінде қан - жоса болып, дар - дар айрылды. («Көксерек» М.Әуезов) Мұндағы қозы сөзі атау септігінің нөлдік формасындағы зат есім болып тұр.

Слайд 4
2. Сөйлем ішінде негізгі етістік күйін сақтайтын, қимылды білдіріп тұрған

2-жақ бұйрық рай мағынасындағы етістіктер нөлдік форманы білдіреді.
Тап деген соң, тап қызды!(«Ақбілек» романы, Ж. Аймауытов) дегендегі тап сөзінің мынадай мағыналары бар:
а) қимыл атауын білдіретін лексикалық мағына;
ә) 2-жақ;
б) анайы түрінде келген бұйрықтық мағына;
в) жекеше түр.
Жоғары шық, - деді. («Шұғаның белгісі» Б.Майлин) сөйлеміндегі шық сөзінің мағыналары:
а) қимыл атауын білдіретін лексикалық мағына;
ә) 2-жақ;
б) анайы түрінде келген бұйрықтық мағына;
в) жекеше түр.
Осы соңғы ә, б, в мағыналар ешқандай формасыз келіп, нөлдік тұлға жасап тұр.


Слайд 5
3. Үшінші жақ, жіктік тұлғадағы зат есімдер де

нөлдік форма жасай алады.

Дәл осылай боп, түсінде алдын ала көру – көріпкелдік іс.(«Абай жолы», Екінші кітап, М.Әуезов) дегенде жіктік мағынаны білдіретін арнайы қосымша болмағанымен, сөйлемде көріпкелдік іс екендігін білдіретін үшінші жақтық жекеше түрдегі грамматикалық мағына бар.

Әзімханның туысқаны, жалғыз сүйеніші жетпіс жасқа келген әке – Үсен. («Үш күн» М.Әуезов) сөйлемінде де Үсен әке екендігін білдіретін жекеше түрдегі үшінші жақтық грамматикалық мағына.




Слайд 6
4.Ілік септігінің қосымшасының түсіріліп айтылуы нәтижесінде де нөлдік форма жасалады.

Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. (М.Әуезов «Көксерек») Бұл сөйлемде қасқыр іні дегенде ілік септігінің қосымшасы түсірілген. Яғни қасқырдың іні болуы керек.
Бастары көгеріп, бүрленіп қлған қалың қараған жел лебімен сыбдыр қағып теңселіп, ырғалып қояды. («Көксерек» М.Әуезов) Бұл сөйлемде жел лебімен дегенде ілік септігінің қосымшасы түсірілген. Яғни желдің лебімен болуы керек.
Есіл бойын қыстайтын Атығай деген елде Тұрлықұл деген байдың қырық жыл отасқан Қанша деген бәйбішесі елу бес жасында қайтыс болған. («Қалың мал» С. Көбеев) Бұл сөйлемде Есіл бойын дегенде ілік септігінің қосымшасы түсірілген. Яғни Есілдің бойымен болуы керек.


Слайд 7
5. Тәуелдік жалғауының түсіріліп айтылуы нәтижесінде нөлдік форма туады.

Әжемнің айтуынша, сол жылдан бастап біздің ауыл да, үй де алысқа көшуді доғарып, арада бірер күн ғана түнеп жететін «Қызбел бойын» жайлайтын болған. («Мөлдір махаббат» С.Мұқанов) Тіркес құрамындағы бірінші сөз ілік септігіндегі жіктеу есімдігі болғандықтан, екінші сөз тәуелдік жалғаусыз қолданылады.
Әкем мен шешем біздің ауылға бірер балалы болғаннан кейін қайтқан. («Мөлдір махаббат» С.Мұқанов) Тіркес құрамындағы бірінші сөз ілік септігіндегі жіктеу есімдігі болғандықтан, екінші сөз тәуелдік жалғаусыз қолданылады.
Біздің елде «зорманә аталатын, үлкендігі мысықтай тыщқан болады, өзі көп, терісі қымбат болады. («Мөлдір махаббат» С.Мұқанов) Тіркес құрамындағы бірінші сөз ілік септігіндегі жіктеу есімдігі болғандықтан, екінші сөз тәуелдік жалғаусыз қолданылады

Слайд 8
6. Барыс, шығыс, табыс септіктерінің жалғауларының түсіріліп айтылуы нәтижесінде нөлдік

форма пайда болады.
Жазғытұры майдың айы бітер бітпесте, шала шарпы егін салып, жайлауға асығамыз. («Шұғаның белгісі» Б.Майлин) Егін салып деген тіркесте табыс септігінің ді жалғауы жасырын тұр, яғни егінді салып болуы керек.
Даламыз жүгірген аң, ұшқан құстан арылмасын. (М.Көпейұлы) Бірыңғай мүшенің соңғы бөлігіне шығыс септігі жалғауы жалғанғандықтан алғашқысы жалғау қажет етпейді, яғни түсіріліп айтылған,
Бір күні әкем және тағы біреулер «Орынбор барамыз», - деп салт атпен жүріп кетті.(«Мөлдір махаббат» С.Мұқанов) Бұл жерде де Орынборға барамыз деген тіркестің барыс септігі түсіп айтылған.

Слайд 9НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика