тірегі бола отырып,дененің ылғал режимін реттеуді қамтамасыз етеді.Тыныс алу,зәр шығару,денені механикалық зақымданудан және зиянды заттардың енуінен қорғау қызметтерін де атқарады.Насекомдардың түсінің де әр түрлі болуы осы тері жамылғысына байланысты.Тері қабаттың туындылары болып есептелетін сыртқы қосалқылар(түк,қылшық,қабыршақ)ішкі немесе эндоскелеттік,өсінділер және әр түрлі тері бездері(балауыз шығаратын,лак беретін,иіс шығаратын және т.б.)маңызды роль атқарады.
Тері жамылғысы кутикула,гиподерма және өте жұқа базаль жарғағы деп аталатын үш компоненттен тұрады.
Кутикула тері жамылғысының ең сыртқы бөлігі,екі қабаттан тұрады:сыртқы және ішкі.
Гиподерма цилиндр немесе текше пішіндіэпителия клеткаларының қабатынан тұрады.
Базаль жарғағы гиподерма клеткаларының төсеніші ретінде тері жамылғысы мен дене қуысының арасындағы шекара қызметін атқарады.
Тері жамылғы