Слайд 1ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Кестелерді қолдану
Орындаған: Сабырхан А.
Жарқынбек И.
Қабылдаған: Адылбекова Э.
Шымкент, 2018
Слайд 2 Кесте – мәліметтердің үлкен көлемін ұсынудың ең ыңғайлы
әдістерінің бірі. Кестелердің HTML құжаттарға енгізілуі кестелік берілгендерді экранға шығару мақсатында пайда болды. Онда мәтіндік берілгендермен қатар графикалық берілгендерді де орналастыруға болады.
Слайд 3 HTML құжатына кестелер және қосарланған тәгтерi
арқылы орналастырылады. Көбiнесе жабылу тәгiн жазбай ұмытып кетедi, осы қатенiң нәтижесiнде алдын ала көру программасы кестенi шығармайды.
Слайд 4 тәгiнiң параметрлерi:
BORDER – шекараның немесе сызықтың енi;
WIDTH – кестенiң
енi;
BGCOLOR – кесте түсiнiң фоны.
Тәгтердiң арасында келесi элементтер орналасуы мүмкiн.
Слайд 51. - кесте атауы. Кесте атауының орналасатын орнын анықтайтын CAPTION
тәгiнiң бiр ғана ALIGN параметрi бар. Ол екi мәндi қабылдай алады:
ALIGN = top – кестенiң жоғарғы жағында;
ALIGN = bottom – кестенiң төменгi жағында.
2.
Кесте қатары
. Бұл тәгтiң үш параметрi бар:
ALIGN – қатардың iшiнен туралау, оның мәндерi LEFT (сол жағынан), RIGHT (оң жағынан), CENTER (ортасынан);
VALIGN – кесте қатарының iшiн тiгiнен туралау, оның мәндерi TOP (жоғарыдан), BOTTOM (төменнен), MIDDLE (ортасынан);
BGCOLOR – қатардың iшiндегi түстiң фоны.
Слайд 6
3. Кесте бағаны. Кесте бағанының тәгi келесi параметрлердi қабылдайды:
ALIGN – бағанның
iшiнен туралау, оның мәндерi LEFT, RIGHT, CENTER;
VALIGN – кесте бағанының iшiн тiгiнен туралау, оның мәндерi TOP, BOTTOM, MIDDLE;
COLSPAN, ROWSPAN – ұяшықтарды бiрнеше қатарға, бағанға созу;
BGCOLOR – бағанның iшiндегi түстiң фоны.
Слайд 7Қатарға немесе бағанға атау беру үшiн Тақырыбы қосарланған тәгiн пайдалануға болады.
Ол келесi параметрлi атрибуттарды қабылдауы мүмкiн:
ALIGN –туралау;
VALIGN – тiгiнен туралау;
COLSPAN, ROWSPAN – ұяшықтарды бiрнеше қатарға, бағанға созу;
WIDTH – атаудың енi;
BGCOLOR – атаудағы түстiң фоны.
Слайд 8 COLSPAN атрибуты броузерге кестенiң ұяшықтарын бiрнеше бағандарға жылжыту
командасын бередi. Мысалы, екi бағанның ұяшықтарын бiрiктiргiңiз келсе, онда COLSPAN=2 деп жазу керек. ROWSPAN=2 параметрi кестенiң ұяшығын екi қатарға созады.
Слайд 11https://www.youtube.com/watch?v=w3q4cIXD9s8
http://asuasu.kz/sait-betteu-kesteleu