3) адамзат қызметінің әртүрлі салаларында ақпараттық техника мен технологияны қолдану мәселелерімен
шұғылданатын пәнді атайды.
Информатика пәні
“Информатика” сөзі француз тілінде “informatique” осы тілдің “information” (информация) және “automatique” (автоматика) сөздерінен құрылған “информациялық автоматика” деген ұғымды береді.
Бұл сөздің ағылшын тілінде кең тараған түрі “Computer science” “компьютерлік ғылым” деген ұғымды береді.
Информатика – қолдану диапазоны өте кең болып табылатын комплексті ғылыми пән.
Информатиканың басымды бағыттары
а) есептеу жүйелерін және бағдарламалық (программалық) жабдықтамаларды жасау;
б) ақпараттар теориясы – ақпаратты тарату, қабылдау, түрлендіру және сақтаумен байланысты үрдістерді зерттеуші ғылым;
в) математикалық үлгілеу (моделирование), есептеу және қолданбалы математика әдістері және оларды ғылымның әртүрлі салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулерде қолдану;
г) жасанды интеллект әдісі, адамның ой парасаттық қызметінде логикалық және аналитикалық ойлау әдістерін үлгілеу;
д) жүйелік сараптау, әртүрлі күрделі үрдісді шешуді дайындауда және негіздеуде қолданылатын әдістемелерді үлгілеу;
е) биоинформатика – биологиялық жүйелердегі ақпараттық үрдістерді зерттеу;
ж) әлеуметтік информатика – қоғамды информатизациялау үрдістерін зерттеу;
з) машиналық графика, анимация, мультимедия құралдар әдістері;
и) телекоммуникациялық жүйелер мен жергілікті және глобальды компьютерлік желілер;
к) өндірісте, ғылымды, білім беруде, медицинада, саудада, ауыл шаруашылығында және шаруашылық пен қоғамдық қызметтердің басқадай түрлерін қамтитын әртүрлі қолданбалар.
Enter тиегін шерт