Импульстік сигналдар қалыптастыру мен генераторлары презентация

Импульстік техника – электр импульстері параметрлерін генерациялаудың (қалыптастырудың) теориялық негізін, практикалық әдістері мен техникалық құралдарын жасау, түрлендіру және өлшеу, сондай-ақ, электр тізбектеріндегі импульстік процестерді зерттеумен (негізінен, автоматикада, есептеу техникасында, радиоэлектрониканың түрлі

Слайд 1Импульстік сигналдар қалыптастыру мен генераторлары


Слайд 2Импульстік техника – электр импульстері параметрлерін генерациялаудың (қалыптастырудың) теориялық негізін, практикалық

әдістері мен техникалық құралдарын жасау, түрлендіру және өлшеу, сондай-ақ, электр тізбектеріндегі импульстік процестерді зерттеумен (негізінен, автоматикада, есептеу техникасында, радиоэлектрониканың түрлі облыстарында, электр техникасында, экспериментальдік физикада) айналысатын техниканың саласы.

Слайд 3Импульстік техника әсер ету мерзімі мен түрі әр түрлі (кернеу не

ток түріндегі) электр импульстерін пайдаланады.

Слайд 4Импульстік сигнал үздік-үздік болады да, амплитудасы мен әсер ету мерзімінің ұзақтығына

байланысты ажыратылады. Бұл сигналдардың параметрлері қолданылып отырған приборлардың жұмыс ретіне, қолдану мақсатына сәйкес әр түрлі мөлшерде болады.

Слайд 5Телемеханика, есептеу техникасы салаларындағы импульстік сигналдардың қуаты 1 мкВт болса, радиолокация

саласында сигналдардың қуаты ондаған МВт-қа дейін жетеді, ал ұзақтығы 0,1 – 1 с-тен (автоматикада) 1нс-ке (шапшаң бөлшектер физикасында, есептеу техникасында) дейін.

Слайд 6Орташа қуатты импульстік құрылғы импульс аралығындағы уақытта мол энергия жинақтап үлгеретіндіктен

өте қуатты энергия көзі бола алады.

Слайд 7Импульстік құрылғылар шала өткізгіш приборлар мен электрондық шамдар, газ разрядты приборлар

мен магниттік өзекшелерге негізделген элементтерден жасалады. Бұл элементтер электр импульстерін тудыру, олардың түрін, сипаттамаларын өзгерту, импульстерді белгілі уақытқа тежеп кешіктіру, импульстерді бөліп алу, т.б. жұмыстар атқарады.

Слайд 8Импульстік процесс пен импульстік сигнал радиотехниканың барша салаларында пайдаланылады. Импульстік құрылғылар

радионавигация, радиоастрономия, т.б. салаларда қолданылады.

Слайд 9Қазіргі кезде компьютерлердің жұмысы да импульстік процестерге негізделген. Импульстік техниканың өндірістік

процестерді кешенді автоматтандыру мен механикаландыру ісінде маңызы зор. Импульстік әдістер автоматты басқару және бақылау, заттың сапасын тексеру, электрлік және электрлік емес шамаларды өлшеу, электр желілерінің бүлінген жерін іздеп табу, атом. Физикада элементар бөлшектер мен “таңбаланған атомдарды” санау және тіркеу, физиологиялық процестерді зерттеу, қысқа мерзімді процестерді суретке түсіру, алыстан басқару, т.б. процестерге пайдаланылады.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика