Физикалы? шамаларды? эталондары презентация

1) Басқа ұқсас нысандарды, заттарды салыстыру үшін бастапқы үлгі ретінде қабылданатын үлгі, эталон, модель; құзыретті орган қабылдаған, шама өлшемін, терминдерді және олардың анықтамасын, өнімге және өндіріс үдерістеріне қойылатын талаптарды, адамдардың

Слайд 1Физикалық шамалардың эталондары


Слайд 2 1) Басқа ұқсас нысандарды, заттарды салыстыру үшін бастапқы үлгі ретінде

қабылданатын үлгі, эталон, модель; құзыретті орган қабылдаған, шама өлшемін, терминдерді және олардың анықтамасын, өнімге және өндіріс үдерістеріне қойылатын талаптарды, адамдардың қауіпсіздігін, материалдық құндылықтардың сақталуын, т.б. айқындайтын нормативтік-анықтамалық құжат.

2) Массаның бірліктердің халықаралық жүйесіндегі негізгі бірлігі.

3) Өлшемдердің халықаралық қалыпы, метрикалық жүйесінің заманауи нұсқасы.

4) Белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым.

5) Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі.

6) Макроскопикалық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама.

7) Басқа өлшеу құралдарына оның өлшемін беру мақсатында шама бірліктерді сақтау және ұдайы өңдіру үшін арналған жоғары дәлдікті шама.

Сөзжұмбақ


Слайд 3Ұлттың эталонды ел үшін метрология бойынша ұлттық орган өлшемнің бастапқы құралы

ретінде бекітеді. Қазақстанда ұлттық эталондарды ҚР Мемстандарты бекітеді. Халықаралық эталонды өлшемдер мен салмақтардың халықаралық бюросы (ӨСХБ) жасайды және қолдап отырады. ӨСХБ қызметінің маңызды міндеті әр түрлі елдердің ірі метрологиялық лабораторияларының ұлттық эталондарын халықаралық эталондармен салыстыру, сондай-ақ оларды өзара салыстыру болып табылады. СИ жүйесінің негізгі шамалары да, туынды шамалары да салыстырылады. Салыстырудың белгілі бір мерзімдері анықталған. Мысалы, метр және килограмм эталондары әрбір 25 жыл сайын, ал электрлік және жарықтық эталондар - 3 жылда бір рет салыстырылады.

Слайд 4Физикалық шама деп көптеген физикалық объекттер үшін сапалың тұрғыда ортаң болатын және

сандық мәнде ерекшеленетін физикалық объект (құбылыстың, процестің) қасиеттерінің бірі аталады. Осылайша, «қаттылық» қасиеті сапалық тұрғыда болат, ағаш, шыны сияқты материалды сипаттайды, ал қаттылық дәрежесі (сандық мәні) - олардың әрқайсысы үшін әр түрлі шама.

Слайд 5Эталондардың келесі түрлерін ажыратады
алғашқы реттік – бірлікті ең жоғары дәлдікпен

ұдайы өсіруді және сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл теңдессіз күрделі өлшеу кешендері, олар өлшеулер бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негізін құрайды;
арнайы - бірлікті ерекше жағдайларда ұдайы өсіруді қамтамасыз етеді, оларда бірлік өлшемін алғашқы реттік эталоннан талап етілетін дәлдікпен тура беру жүзеге асырылмайды, және осы шарттар үшін алғашқы реттік эталон болып табылады;
мемлекеттік – бұл ел үшін бастапқы ретінде басты метрологиялық органмен ресми бекітілген, алғашқы реттік немесе арнайы эталон. Оларды орталық ғылыми институттар құрайды, сақтайды және қолданады, оларды басқа елдердің мемлекеттік эталондарымен кезең сайын салыстырады;
екінші реттік – сәйкес физикалық шаманың алғашқы реттік эталонымен салыстырумен алынған бірлік өлшемін сақтайды. Екінші реттік эталондар тексеру жұмыстарының қажеттілігі кезінде және мемлекеттік эталонның сақталуын және аз тозуын қамтамасыз ету үшін құрылады

Слайд 61 тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құраныңыздар.
Эталон,өнім,бірлік,шама,сынақ,кесте,жүйе,құрал,құжат,жұмысшы,бірінші,дана(экземпляр),халықаралық,си,дәлдік.
2 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Физикалық шама

неше бөліктен тұрады?
Бірінші эталон деп нені айтамыз?
Жұмысшы эталондар өлшем біріліктерін қай эталоннан қабылдайды?
Қандай негізгі физикалық бірліктерді білесіңдер?
Қазіргі уақытта СИ жүйесінде негізгі шамалар ретінде таңдалған 7 физикалық шамалар?

Слайд 7Мақал-мәтелдер
Білім — ер азығы,Ер — ел азығы. 
Оқу — білім азығы,Білім — ырыс қазығы.
Оқу — білім бұлағы,Білім — өмір

шырағы. 
Білімдіге дүние жарық,Білімсіздің күні қаріп. 
Білім таппай мақтанба,Өнер таппай баптанба.
Көргеннен көрмегенін көп.Білгеннен білмегенің көп. 
Білім алып құрасын,Еңбек етіп сұрасын. 
Білім ауысады,Ырыс жұғысады. 
Біреу білмегеңді, біреу білер,Біреу жылайтынға, біреу күлер. 
Туа білмейді, жүре біледі. 
Білімдіден ақыл шығар.Ақылды қарттан нақыл шығар.  
Ақыл азбайды,Білім тозбайды. Сақтықты соқырдан үйрен,Кішілікті түйеден үйрен.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика