Фитолеум жшс өндірісінде ошаған майының өндірісін техникалық қайта жабдықтау презентация

Содержание

Тақырыптың өзектілігі Бүкіл дүниежүзіндегі мемлекеттердің барлығында медициналық тәжірибеде ДӨШ препараттары кеңінен таралған. Бұл синтетикалық дәрілік заттарға тән кері әсерінің болмауымен және жағымды қасиеттерімен түсіндіріледі. ДӨШ-тің көпқырлы әсері фитотерапияны түрлі оперативті

Слайд 1 «ФИТОЛЕУМ» ЖШС ӨНДІРІСІНДЕ ОШАҒАН МАЙЫНЫҢ ӨНДІРІСІН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАУ Уахитова Дидар

Беимбетовна ФӨТ13-002-1

Дипломдық жоба жетекшісі фарм.ғ.к., доцент: Қожанова Қ.Қ
Дипломдық жоба кеңесшісі к.арх.н.: Туякаева А.К


Слайд 2Тақырыптың өзектілігі
Бүкіл дүниежүзіндегі мемлекеттердің барлығында медициналық тәжірибеде ДӨШ препараттары кеңінен таралған.

Бұл синтетикалық дәрілік заттарға тән кері әсерінің болмауымен және жағымды қасиеттерімен түсіндіріледі.
ДӨШ-тің көпқырлы әсері фитотерапияны түрлі оперативті кірісулерден пайда болған әр түрлі патологиялық үрдістер мен асқынуларды емдеудегі кешенді-құрамның айнымас бөлігіне айналдырады. Дәрілік заттарды синтездеудегі химияның жетістіктеріне және антибиотиктермен емдеудегі жетістіктеріне қарамастан, 65% препараттар өсімдіктерден дайындалады. Қазіргі уақытта дәрілік өсімдік шикізатынан алынған түрлі дәрілік қалыптар кең қолданылады (ерітінділер, тұндырма, сығынды, қайнатпа, тұнбалар және т.б). Майлы сығындылар да медицинада кеңінен қолдану тапқан. Заманауи фитотерапияда құрамында липофильді табиғи биологиялық белсенді заттары бар сығындылар ауқымды түрде қолданылады. Ошаған майының құрамында табиғи инулин, протеин, эфир майы, сұйық май (пальмитин, стеарин қышқылдары), иілік заттар, минералды тұздар және дәрумендер бар. Бұл консерванты жоқ, ароматизаторлар мен бояғыштары жоқ емдік әсерге ие фитоактиватор болып саналады. Қоспаларсыз дайындалған рауғаш майы өсімдіктің басқа компоненттерімен бірге тиімді емдік-косметикалық зат болып табылады.



Слайд 3Елбасының биылғы жылғы Жолдауында айтқан тапсырмаларын орындау мақсатында, қазіргі уақытта дәрілік

заттардың бағасын, өнімділігін жоғарылату, нарықтағы бағасын заңнамалық реттеу шаралары жүргізілуде. Үкімет дәрілік заттарды шығаратын отандық өндірушілерді қолдау жұмыстарын жалғастыруда. 2016 жылы фармацевтикалық өнім көлемі 42,4 млрд.теңгені құрады, ол фармацевтикалық нарықтың жалпы көлемінің 8-12% құрайды. Отандық өндірушілеріміз өндіретін дәрілік заттардың жалпы нарығын ескере отырып, олардың өнімділігін жоғарылату және өнімділікті арттыру мақсатында өндірісті қайта жабдықтау қажеттілігі туындайды. Өндіріс орнының GMP стандарттарына сай болуы, өнімді шетел нарығына экспорттау жағынан зор мүмкіндіктер береді. Жоғарыда аталған мәлелердің шешімі ретінде отандық кәсіпорындағы ошаған майының өндірісін техникалық қайта жабдықтау дипломдық жоба тақырыбы ретінде алынды.


Слайд 4Мақсаты: Ошаған майының өндірісін техникалық қайта жабдықтау.
Міндеттері:

1. ҚР фармацевтикалық нарығындағы ошаған майына маркетингтік шолу жасау;
2. Ошаған майы өндірісінің қаптау бөлімін техникалық қайта жабдықтау;
3.Өнімнің техника-экономикалық негіздемесін жасау.
Зерттеу нысаны: Ошаған майы.
Зерттеу заты: Техникалық қайта жабдықтауды өткізу, қаптау бөліміне автоматты қаптау линиясын орнату, технологиялық, аппаратуралық, өндірістік бөлімнің сызбасын құру, материалдық ағымдарды анықтау, материалдық және энергетикалық балансты, техникалық-экономикалық негіздеуді есептеу болып табылады.
Тәжірибелік маңыздылығы. Ошаған майының өндірісінің қаптау бөліміне автоматты қаптау линиясын орнатқан жағдайда өнімділік артады, қол еңбегі автоматтандырылады.


Слайд 5МАРКЕТИНГТІК ШОЛУ
ҚР территориясында тіркелген жалпы дәрілік қалыптың саны 7822, оның ішінде

майлы сығындылар дәрілік қалпында тіркелген дәрілік заттардың құрамы 0,15 %құрайды .




Слайд 6Кесте 3 – Мемлекеттік реестрде тіркелген майлы сығындылардың барлық тізімі.


Слайд 7Фармацевтикалық нарықта пилотропты әсер ететін дәрілік заттар мен косметикалық өнімдер көбіне

шампунь, бальзам, лосьон , маска, майлар, таблетка және ампула түрінде ұсынылған. Әсіресе көп қажет етілетін түрлері шампунь-бальзамдар жалпы өнімнің 30%-ын құрайды, кейінгі орында 15% лосьон мен спрей; 13% майлар; 8% маска мен сарысулар;10% таблеткалар; 2,5% ампула. Диаграммада әр дәрілік қалыптың шекті мөлшері көрсетілген.

Слайд 8Ошаған майын өндіруде 10000 орамаға жасалынған материалдық балансы
 


Слайд 9Энергетикалық баланс Әрбір кезеңде қолданылатын жабдықтың қуаты мен оның қанша уақыт жұмыс

істейтінін есептеп электр энергиясының тұтыну тиімділігін есептеп бақылау қажет

Слайд 10ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ Бір бірлік өнімнің бағасын есептеп шығару үшін шикізаттар ,материалдар және

барлық шығындар бағасы есептелінді

Слайд 11Қаптау линиясының бағасының қаржы құнының есептемесі


Слайд 12Техникалық қайта жабдықтау
Өндірісті техникалық қайта жабдықтау келсідей біріншілік міндетті шешуге мүмкіндік

береді:
Мекемені техникалық жаңарту, өндірістік үрдістерді жетілдіру, жаңа бұйымдарды шығаруды игеру жолдары арқылы мекеменің экономикалық тиімділігін арттыру;
Нарықтағы жаңа жағдайларға бәсекелестік стратегиясын бейімдеу үшін өндірісті басқарудың стратегиялық тиімді әдістерін қолдану;
Мекеменің өндірістік қызметкерлерінің сапасын жоғарылату, ең алдымен басқарушылық;
Мекеменің экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік туғызатын, заманауи ғылыми-техникалық жетістіктерді, инновацияларды, ақпараттық және байланыс технологиялары мен ұйымдастыру-басқарушылық қызметтің жаңалықтары негізінде фирманың жаңа бет-бейнесін қалыптастыру

Слайд 13Кешенді құю линиясының құрамы:
1. Құю моноблогы мен пресстелген тығындармен және винтті

қақпақтармен тығындау.
2. Жапсырмалайтын машина.
3. Тамшылатқыш принтер / ыстық өрнек салу/ термотрансферлі.
Ұсынылып отырған комплектация линиясы өндірістік циклді автоматты түрде орындауға мүмкіндік береді.


Слайд 14Технологиялық сызба


Слайд 15Аппаратуралық сызба


Слайд 16Дәрілік затты құтыларға құюға, тығындауға арналған аппарат


Слайд 17ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жоба бойынша ФитОлеум ЖШС мекемесіндегі ошаған майының қаптау бөліміне техникалық

қайта жабдықтау жасалды. Нәтижесінде қол еңбегі автоматтандыратын, өнімділігі сағатына 3500 құты болатын қаптау линиясы ұсынылды.
ҚР ДЗМР-дегі майлы сығындыларға маркетингтік талдау жасалды.
Технологиялық есептеулер (материалдық баланс,энергетикалық баланс) жасалынды.
Қаптау бөлімін қайта жабдықтау үшін ұсынылған жабдықтың сызбасы, аппаратуралық линия сызбасы, ұсынылып отырған жабдық орналасқан өндіріс орнының сызбасы және соған сәйкес материалдық ағымдар сызылды
Жабдықтың квалификациясы әзірленді, техникалық-экономикалық негіздеме, жабдықтың құнын ақтау уақыты есептелді. Жабдықтың құнын ақтау уақыты техникалық-экономикалық негіздеме бойынша және қаптау бөлімін қайта жабдықтауға кететін қаржыны ескеріп есептелінді. Қорытынды бойынша қаптау бөлімін жабдықтауға кететін қаржы жеті айда ақталынып отыр.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика