Эпилепсия – нейрондық қозулардың әсерінен қайталана беретін мидың құрыспалы ұстамалы созылмалы ауруы презентация

Эпилепсия – нейрондық қозулардың әсерінен қайталана беретін мидың құрыспалы ұстамалы созылмалы ауруы. Эпилепсияны бұдан 3000 жыл бұрын осы аурумен ауырған Египет перғауыны Эхпатон алғаш рет суреттеген. Қояншық  (эпилепсия) — (грек. epіlambano

Слайд 1Тексерген: Бураханова А.Т.
Орындаған: Өтебекова А.Ғ.
Группа: ПХ-415
Эпилепсия


Слайд 2Эпилепсия – нейрондық қозулардың әсерінен қайталана беретін мидың құрыспалы ұстамалы созылмалы

ауруы. Эпилепсияны бұдан 3000 жыл бұрын осы аурумен ауырған Египет перғауыны Эхпатон алғаш рет суреттеген. Қояншық  (эпилепсия) — (грек. epіlambano – шап беріп ұстаймын, шабуыл жасаймын), қояншық – жиі кездесетін ұстамалы аурулардың бір түрі.



Слайд 3 Эпилепсия туралы алғашқы деректер Гиппократ еңбектерінде “қасиетті ауру” деген

атпен, әр түрлі себептермен туындайтын бас миының ауруы ретінде айтылған. Әбу Әли ибн Сина ұстамалы аурудың клиник. көріністері мен емін толық сипаттап жазған.























ЭПИЛЕПСИЯ - созылмалы  психоневрологиялық ауру.  Қазақ халқында «қояншық» ауруы деп  те аталады. Негізгі сипаты  - кенеттен  және   қайталанып отыратын   талмалы  ұстама. Эпилепсия белгілі бір мерзімде қайталанып, науқас есінен танады, кейде тұнжырап, мінезі өзгеріп, ой-қабілеті төмендейді. Эпилепсия ауруының себебі әлі толық анықталмаған. Көбінесе, сәби құрсақта жатқанда не туылғаннан кейін миында ісік болуынан, ми шайқалғаннан немесе қабынуынан, мидың әр түрлі ауруларынан  т.б. жағдайлардан болады. Кейде бұл ауру тұқым қуалайды. Ауру ұстар алдында адамның басы ауырып, мең-зең болады, қолы дірілдеп, көзі қарауытады, бір жерді шыр айналып жатқандай.


Слайд 4
Аурудың клиникасында мынадай белгілер болады: селқостық, сырылдап дем алу, үдемелі цианоз,

еріксіз огония туралы ойлау, бет пішіннің сүйірленуі, тамырының әлсіз соғуы, жағымсыз иіс байқалады, көз қарашықтары кеңейеді. Таралымды эпилепсиялық ұстамаға естен тану тән. Таралымды құ-рыспалы ұстама кенеттен пайда болып, үлкен эпилепсиялық ұстама түрін-де білінеді. Аурудың бұл түрінде көз алмалары бағытынан тайып, жоғары ығысады. Аяқ-қол бұлшық еттері шектен тыс жиырылу жағдайында болады. Құрыспалы ұстаманың клиникалық кезеңінде ауру тілін тістеп алуы және аузынан қан кетуі де қосарланады. Ұстама 1-2 минут, кейде одан да азға созылып, ұйқыға ауысатын кома түрінде аяқталады.

Слайд 5
Қояншық (эпилепсия) ұстамасындағы көмек   Ұстама кезінде адам ештеңені саналы ұқпайды (түйсінбейді) және

ештеңені сезбейді. Ең алдымен сабыр сақтап, құрысулық қозғалыстарды жеңуге тырыспаңыз. Зардап шегушіні тегіс жерге жатқызып, басының астына әлдебір жұмсақ зат (егер көшеде болса - киім) қойыңыз, көйлегінің түймесін ағытып, қысып тұрған киімін шешіңіз. Егер ұстама өткен тұс қауіпті болса (су, от, үшкір бұрыш), онда науқасты еш жерге қозғамаңыз. Басын бүйіріне бұрыңыз, сол кезде тіл мен түкірік тыныс алуға кедергі келтірмейді. Егер құсу белгісі байқалса, ауру адамның бар денесін абайлап бүйірге бұрыңыз. Қарысқан тістерін күштеп ажыратпаңыз. Құрысу құбылыстары бірнеше минуттен соң өз бетінше тарқайды. Егер мүмкіндік болып жатса, ұйқысын қандыруға ерік беріңіз. Ұстамадан соң сана бұлыңғыр күйде қалады, организм әлсірейді және жапа шегуші не істеу керектігін білмейді. Адам өз қалпына бес минуттен жарты сағатқа дейінгі мерзімде келеді. Егер ұстама бес минуттен астам уақытқа созылса, тыныс алуы нашар қалпына келсе, онда елеулі жарақат болса (көбіне құлаудан) немесе бұл жүкті әйел болса, медициналық көмекті жедел шақыру қажет. Медициналық тұрғыда кг салмаққа 0,2-0,5 мл диапезамды 50 мл жылы суға еріткен микроклизма енгізіледі. Препарат бес минуттен соң-ақ әсер ете бастайды.



Слайд 6Этиологиялық факторлары Эндогенді: генетикалық негізі – көптеген нейронды разрядтардың пайда

болуы үшін тырыспалық дайындық немесе параксизмальді реактивтілік, эпилептикалық ұстамалардың қайталануына әкеледі. Экзогенді: бас миының органикалық зақымдануымен байланысты эпилептикалық белсенділіктің тұрақты ошағы: перинатальді факторлар, бас-ми жарақаттары, нейроинфекция, интоксикация, тамырлар аурулары, жүйке жүйесінің аурулары, Балалардағы эпилепсияның экзогенді факторы Ұрық бас миының дамуының бұзылысы, ол «дефекті ми» миға оттегі жетіспеушілігіне сезімталдығының жоғарлауына және тырыспаның реактивтілігіне әкеледі; Жатыр ішілік инфекция (қызамық, токсоплазмоз, листериоз); Жүктілік кезінде анасының науқастануы, интоксикация (ішімдік қабылдау, ұрықтың R-лық сәулеленуі); Анасы мен баласының қан тобы және қанның резус-факторлының сәйкессіздігі (гемолитикалық аурудың жоқ болуына қарамастан); Жатыр ішілік пиридоксинді жетіспеушілік; Босану жарақаттары; Босану кезіндегі асфиксия; инфекция; Ми-бассүйек травмалары; Поствакциналық асқынулар және т.б.

Слайд 7Балалардағы эпилепсиялық пароксизмдардың жоғары жиілігіне әкелетін жағдайлар: Бас миының жетілмеуі, әсіресе

үлкен жарты шар қыртысы; ГЭБ-тің жоғары өткізгіштігі; Шеткі нерв жүйесінің неуравновешенность; Ми тіндерінің жоғары гидратациясы; Өткізгіштердің миелинизациясының жеткіліксіздігі; Алмасу үрдістерінің тұрақсыздығы; Қозыдың лабильділігі мен генерализациясы; Ми қыртысында және басқаларында тежеуіш үрдістерінің әлсіздігі;



Слайд 8
Емі: Эпилепсияны емдеу кешенді, дербес, үзіліссіз және ұзақ жүргізілуі керек. Белгілі

дәрежеде жалпы және тамақтану тәртібін сақтау керек. Эпилепсиямен ауырған адам шаршамауы керек, ұйқыға жеткілікті уақыт бөлінуі тиіс, жазда күннің ыстығынан сақтанған жөн. Спирттік ішімдіктерді қолдануға мүлдем тыйым салынады. Ащы тұздалған тағамдарды қолдануға болмайды. Алғашқы шаралар асфикацияның алдын алуға (тілді ұстау, ауыз қуысына қасық салу), жүрек қызметін реттейтін дәрілер қолдануға бағытталған. Эпилепсиялық жағдайдан шыққаннан кейін сүт, жеміс-жидектер, көмірсутегілер, тұздар шектеледі.



Слайд 9Мінез-құлық белгісі
Патологиялық жағдай, мылжындау, детализация, пунктуальді, тез ренжиді, мазасыз, жадысының нашарлауы,

қызығушылық ортасы тар, эгоцентризм




Эпилепсия түрлерінің классификациясы
Симтоматикалық – этиологиясы мен патологиялық ошақтың локализациясы анықталған
Криптогенді – этиология анықталмаған, бірақ мидың органикалық зақымдануы анық
Идиопатикалық – этиология және мидың органикалық зақымдалуы туралы мәліметтер анықталмаған


Слайд 10Глоссарий
құрыспалы ұстамалы – судорожно припадочное селқостық – равнодушно, безразличие сырылдап дем алу –

хриплое дыхание үдемелі – ускоряющееся сүйірленуі – искривление әлсіз соғу – слабая пульсация көз қарашықтары – зрачки глаз таралымды – распростроненный жиырылу – сокращаться дербес – индивидуальный жағдайдан шығу – выход из состояния

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика