Дәріс 7. Жылжымалы құрамды техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу презентация

Тартымды жылжымалы құрам үшін (электровоздар, тепловоздар) жоспарлы-алдын алу техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің келесі түрлері бекітілді:   - күрделі жөндеу және ТОУ-8(КЖ-1);   - техникалық қызмет көрсету ТҚК-8(ТЖ-3), ТҚК-7(ТЖ-2);  

Слайд 1Дәріс 7. Жылжымалы құрамды техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу
Мазмұны:

Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жүйесі. Локомотив бригадасының құрамы.


Слайд 2Тартымды жылжымалы құрам үшін (электровоздар, тепловоздар) жоспарлы-алдын алу техникалық қызмет көрсету

мен жөндеудің келесі түрлері бекітілді:

  - күрделі жөндеу және ТОУ-8(КЖ-1);   - техникалық қызмет көрсету ТҚК-8(ТЖ-3), ТҚК-7(ТЖ-2);
  - Техникалық қызмет көрсету ТҚК-6(ТЖ-1), ТҚК-3;    - Локомотив жабдықтарын, электр машиналарын жөндеу, ТЖҚ доңғалақтар жұбын жөндеу және қалыптастыру.


Слайд 3ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 1-ТҚК
Тепловоздар мен электровоздарға 1-ТҚК техникалық қызмет көрсетуді

локомотив бригадасы негізгі және айналым деполарының жолдарында, стансалық жолдарда локомотив бригадасының ауысу пунктерінде қабылдап-тапсыруда, аралық стансада тоқтағанда, жол жүрісінде, локомотив резервке, жұмысты күтуге қойылғанда және жұмысқа шығуда, локомотивті жабдықтауда орындайды.

Слайд 4

Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуде локомотивтің орташа желелік тұруы


Слайд 5
ТАРТЫМ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМНЫҢ ЖӨНДЕУ АРАЛЫҚ ЖҮРІСТЕРІНІҢ НОРМАТИВТЕРІ


Слайд 6Тартым жылжымалы құрамын пайдалануда локомотивтер бригадасы 1-ТҚК атқарады, 2-ТҚК, 3-ТҚК, 4-ТҚК

техникалық қызмет көрсетулерді локомотив депосында слесарлардан тұратын бригадалар орындайды.
Қазақстанның темір жолдарында электровоздарды, тепловоздарды, электр және дизель пойыздарды жөндейтін және оларға жоспарлы техникалық қызмет көрсету жүйесі жұмыс істейді және ол келесі жөндеу циклдарынан тұрады:


Слайд 74-ТҚК техникалық қызмет көрсету- құрсау (бандаж) прокатын алу мақсатында локомотивтің астынан

қос доңғалақ құрсауын жонуға арналған;
6-ТҚК, 7-ТҚК, 8-ТҚК техникалық қызмет көрсетулер - локомотивтерді және мотор-вагонды жылжымалы құрамның жұмыс қабілетін және негізгі пайдалану сипатын тексеру, бөлшектерді және агрегаттарды жөндеу, ауыстыру, реттеу және сынау жолымен қалпына келтіруге арналған, ал 8-ШТҚК (жартылай модернизацияланған) – локомотивтің пайдалану сипаттамасын, агрегаттар мен бөлшектердің толық ресурсын және олардың жөнделуін қалпына келтіруге және локомотивті модернизациялауға арналған;


Слайд 87-ТҚК техникалық қызмет көрсетуде орындалатын бөлшектердің тізімі
1. Дизель
2. Көмекші жабдықтар
3. Экипаж

бөлігі


Слайд 9Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жүйесін, жөндеуаралық жүрісінің

нормаларын және жөндеуге қою тәртібін Министрлік белгілейді.
Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі техникалық нұсқаулар мен типтік технологиялық процестерді "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның тиісті салалық департаменттері, дирекциялары және акционерлік қоғамдары бекітеді.


Слайд 10 Төмендегі ақаулардың біреуі болатын локомотивтер мен жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуге тиым

салынады:

белгі беру құралының жарамсыздығы;
пневматикалық, электрлі пневматикалық, қол тежегіші мен компрессорларының жарамсыздығы;
тартым электрлі қозғалтқыштарының біреуінің ақауы немесе өшуі, қозғалыс жетегінің ақауы;
дизель тоңазытқыштарының желдеткіштерінің және татым электрлі қозғалтқыштарының, түзеткіш қондырғыларының жарамсыздығы;
автостоптың, автоматты локомотивтен белгі беру құралының, машинисттің мұқияттылығын тексеру құрылғысының ақауы;
жылдамдық көрсеткшінің және тіркеу құрылғысының ақауы;
пойыздық және маневрлік радиобайланыс құрылғыларының, ал моторвагонды жылжымалы құрамда «жолаушы-машинист» радиобайланысының ақауы;


Слайд 11автотіркегіш құрылғыларының ақауы;
құмды беру жүйесінің ақауы;
прожекторлардың, буферлі шамдардың, жарықтандыру, бақылау

және өлшеу аспаптарының жарамсыздығы;
хомутта, рессорлық іліністе немесе рессордың түбірлі бетінде сызаттың болуы, рессорлық қабаттардың сынуы;
букса корпусында сызаттар;
буксалық немесе моторлы-өстік мойынтіректердің ақауы;
бөлшектердің жолға құлауын болдырмау үшін қарасытырлған сақтандыру құрылғысының болмауы немесе жарамсыздығы;
тартымды тісті берілістің ең болмаса бір тісінің сызаттануы немесе сынуы;
майдың ағуын тудыратын тісті беріліс кожухының ақауы;
жоғары волтты камераның сақтандыру оқшаулағышының жарамсыздығы;
токқабылдағыштың ақаулануы;
өрт сөндіру құралдарының ақауы;
қысқа тұйықталу, шамадан тыс жүктелу және кернеуленуіен қорғау құрылғыларының ақаулануы, дизельдің апатты тоқтауы;
дизельде соққының, шудың пайда болуы;
қоректену аспабының, сақтандыру клапанының, сукөрсеткіш аспабының жарамсыздығы және паровоздың қазандығының өрт қорабының бақылау тығынының ақауы;
электрлі жабдықтың сақтандыру кожухының болмауы.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика