DS презентация

Содержание

I.Кіріспе II.Негізгі бөлім 1.Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы,міндеттері және негізгі принциптері 2.Халық денсаулығын қорғау 3.Медициналық сақтандыру 4.Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің түрлері III.Қорытынды IV.Пайдаланылған әдебиеттер Жоспар

Слайд 1Тақырыбы:Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұйымдастырушылық –құқықтық негіздері.Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің түрлері мен

принциптері

Қабылдаған:Жанибекова Мерей
Орындаған: Икметова Минура
Тобы:ЖМ-320

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI
TURK-KAZAK UNIVERSITESI


Слайд 2I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы,міндеттері және негізгі принциптері
2.Халық денсаулығын қорғау
3.Медициналық

сақтандыру
4.Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің түрлері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар


Слайд 3Қазақстан Республикасының 2009ж 18 қыркүйектегі №193-IV кодексі 2-бөлім 9-тарау 31бап.


Слайд 4Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің қызмет етуі заңдылық құжаттармен қамтамасыз етілген.

Олардың арасындағы негізгісі – Қазақстан Республикасының Атазаңы (30 тамыз, 1995 ж.) болып табылады. Қазақстан Республикасы Атазаңының 29-бабында:

1. Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулығын қорғауға құқылы.

2. Қазақстан Республикасы азаматтарының заңмен бекітілген медициналық көмектің кепілдік етілген көлемін тегін алуға құқысы бар.

3. Мемлекеттік және жеке-меншік емдеу мекемелерінде, сонымен қатар жеке-меншік медициналық практикамен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу заңмен бекітілген негізде және ретпен жүргізіледі.


Слайд 5Қазақстан Республикасының әрбір азаматына бұл құқықтар туғаннан тиесілі. Бұл құқықтар Қазақстан

Республикасының азаматы болып тұрған барлық ғұмыры барысында күшінде болады. Денсаулық қорғауға құқысы, тек, мемлекет қатысуымен ғана іске асатын әлеуметтік құқықтарға жатады. Мемлекет Қазақстан Республикасының Ата-заңында денсаулықты қорғау құқысын бекіте отырып, олардың іске асуын, республикалық және жергілікті бюджет есебінен медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетумен қоса өз міндетіне алады..

Слайд 6Ұлттық денсаулық сақтаудың негізгі принциптері
1.Тұрғындардың денсаулық сақтау деңгейін ұлттық қауіпсіздікті қорғау

мәртебесіне дейін көтеру
2.Азаматтардың денсаулығын қорғау құқығына мемлекет тарапынан кепілдік беру
3.Қазақстан азаматтарына әлеуметтік қаржылық жағдайларына қарамастан тиісті медициналық көмек көрсету
4.Тұрғындарды санитарлық –эпидемиологиялық көмекпен қамтылуын қамтамасыз ету
5.Азаматтардың денсаулығын сақтау ісі бүкіл өмірі бойы мемлекеттің бақылауында болады
6.Азаматтарға медициналық көмек көрсетуде әлеуметтік теңдікті және әділдікті сақтау

Слайд 7ҚР 2003 жылы 4маусымдағы №430-II «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» заң жарияланды
Осы

заңда:
Денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және азаматтардың денсаулық сақтауға арналған конституциялық құқықтарын іске асырады және олардың сақталу кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында Қ.Р денсаулық сақтау жүйесі қызметінің құқықтық ,ұйымдық ,әлеуметтік негіздерін белгілейді деп көрсетілген.

Слайд 8Халық денсаулығын қорғау-бұл әрбір адамның денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған эконмикалық

құқықтық әлеуметтік,ғылыми –медициналық шаралар жиынтығы.
Медициналық сақтандыру екі түрлі 1.Міндетті медициналық сақтандыру және ерікті медициналық сақтандыру бойынша жүргізіледі.
Медициналық сақтандырудың мақсаты денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық жағдайын нығайту болып табылады.

Слайд 9«Барлық қазақстандықтардың көркеюі, қауіпсіздігі және жағдайын жақсарту» «Қазақстан - 2030» стратегиясы

ұзақмерзімді 4-ші басымдық «Денсаулық, білім және азаматтардың көркеюі» болып табылады. Бұл мақсатты іске асыру стратегиясы келесі компоненттерден тұрады: аурушылдықтың алдын-алу салауатты өмір салтын ынталандыру, есірткіге құмарлық пен есірткі бизнесімен күрес, алкоголь және темекі пайдалануды қысқарту, әйелдер мен балар денсаулығын жақсарту, ана мен бала денсаулығын қорғау, тамақтану сапасын жақсарту, қоршаған орта және экология тазалығы, таза ауыз суын қамтамасыз ету, гигиена және санитария ережелерін сақтау.

Слайд 10Азаматтардың денсаулығын қорғауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасында

олардың сақталуын қамтамасыз етуде бірқатар заңдар қабылданып, кейін олар 2009 жылдың 18 қыркүйегінде қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы ҚР Кодексінің негізін қалады. Медицина сферасын регламенттейтін 11 заңды алмастырған Кодексті қабылдау лейтмотиві болып азаматтардың денсаулығын қорғауға құқықтарын максималды бекітуге жағдай жасау, ұлттық медицина статусын жоғарылатуға, денсаулық сақтау аймағындағы отандық заңдылықтарды халықаралық стандарттарға келтіру табылады.

Слайд 13Медициналық көмекті ұсыну нысандары


Слайд 14Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер,

денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер және мейірбикелер көрсет
Консультациялық-диагностикалық көмек . Консультациялық-диагностикалық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер қолданылатын көмек.еді.

Слайд 15Стационарлық көмек . Стационарлық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын,

білікті, мамандандырылған медициналық көмек
Жедел медициналық көмек . Денсаулыққа келетін елеулі зиянды болдырмау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кезде, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тасымалдау қажет болған кезде медициналық көмек ұсыну нысаны жедел медициналық көмек болып табылады. к ұсыну нысаны.

Слайд 17Санитариялық авиация
Пациенттің орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және (немесе)

тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны санитариялық авиация болып табылады. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әуе көлігімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не науқасты, сондай-ақ кейіннен транспаланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады

Слайд 19Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек .Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек -

әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде апаттар медицинасы қызметінің м
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту . Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту туа біткен және жүре келе пайда болған аурулардан, сондай-ақ қатты, созылмалы аурулар және жарақаттар салдарынан зардап шегетін азаматтарға көрсетіледі.едициналық көмек көрсету нысаны.

Слайд 22Дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) . Дәстүрлі медицина әдістеріне гомеопатия, гирудотерапия,

мануальдық терапия, рефлекс-терапия, фитотерапия және табиғаттан алынатын құралдармен емдеу жатады.

Слайд 23Медициналық көмектің негізгі түрлері:


Слайд 241. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек - аурулардың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ диагностика,

емдеу мен медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек

2.Білікті медициналық көмек . Диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек білікті медициналық көмек болып табылады.


Слайд 26Мамандандырылған медициналық көмек Диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап

ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек мамандандырылған медициналық көмек болып табылады.

Медициналық-әлеуметтік көмек
Тiзбесiн уәкілетті орган айқындайтын әлеуметтiк мәнi бар аурулармен науқастанған
азаматтарға көрсетілетiн медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек
медициналық-әлеуметтiк көмек болып табылады.


Слайд 28Денсаулықты қорғау оған қамқорлық жасау саяси және әлеметтік маңызы бар мемлекеттік

іске айналды.Осыған байланысты медицина саласында ұйымдастыру ,басқару ,тұрғындарға қызмет көрсету және оның қаржыландыру жүйелерін жетілдіру мақсатында реформалар жүргізілді.Бұл қоғамның нарықтық экономикаға өту кезеңінде маңызды орын алды.Осы салада жасалынып жатқан өзгерістер өзінің оң нәтижесін берді.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика