Бұрғылау ерітіндісін тазалауға және дайындауға арналған жабдықтар презентация

Содержание

БҰРҒЫЛАУ ЕРІТІНДІСІН ТАЗАЛАУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР ҚҰРАМЫ Бұрғылау ертіндісін тазалау ұңғыдан алынып шыққан шламның ірі, ұсақ бөлшектерін біртіндеп айыру арқылы жүзеге асады. Бұрғылау ертіндісін шламнан толық айыру үшін циркуляциялық кешенді жабдықтар тобы

Слайд 1ДӘРІС 10. БҰРҒЫЛАУ ЕРІТІНДІСІН ТАЗАЛАУҒА ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР


Слайд 2БҰРҒЫЛАУ ЕРІТІНДІСІН ТАЗАЛАУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР ҚҰРАМЫ
Бұрғылау ертіндісін тазалау ұңғыдан алынып шыққан

шламның ірі, ұсақ бөлшектерін біртіндеп айыру арқылы жүзеге асады. Бұрғылау ертіндісін шламнан толық айыру үшін циркуляциялық кешенді жабдықтар тобы қолданылады. Оған мыналар кіреді:
- виброелек;
- гидроциклон;
- құмайырғыштар;
- дегазаторлар;
- вибротұндырғыштар;
- центрифуга;
Жоғарыдағы кешен төмендегідей нәтиже береді:
- шлам көлемі > 75мкм; виброелек;
- шлам көлемі >40 мкм құмайырғыштар;
>25 мкм – батпақайырғыштар;
>5мкм - центрифугалар.


Слайд 3Тазалау блогы (жалпы көрінісі)


Слайд 4Бұрғылау ерітінділерін дайындау және өңдеу құрылғылары әсер ету принципі бойынша механикалық

және гидравликалық болып бөлінеді.
Механикалыққа:
сазараластырғыштар (МГ2-4, Г2-П-2);
фрезерлі-ағынды диірмендер (ФСМ-3, ФСМ-7) жатады.
Гидравликалықтарға:
– гидроэжекторлы араластырғыштар (БПР);
эжекторлы-гидромоторлы араластыру құрылғылары (УПР-Р-2);
гидравликалық араластырғыштар (ГДМ-1);
гидравликалық диспергаторлар (ДГ-1).
Ұнтақ тәріздес материалдарды (саз, барит және т.б.) қолданудың өсуіне байланысты соңғы жылдары гидравликалық құрылғылар кең тарала бастады. Механикалықтарға қарағанда олардың өнімділігі жоғары, бұрғылау ерітінділерінің сапасын қаматамасыз етеді және материалдардың шығынын үнемдейді.

Слайд 5Механикалық араластырғыштар
Сазараластырғыш қалақшалары сыналы-белбеулі беріліс арқылы электроқозғалтқыштан қозғалысқа келетін екі білік

орналасқан жабық ыдыс болып келеді.
Сазараластырғыштың техникалық сипаттамасы
Өнімділігі, 4 м3/сағ
Бастапқы материал: - саз, 2 – 6 м3/сағ
- сазды ұнтақ, 6 м3/сағ
Фрезерлі-ағынды диірмен (ФАД) келесі негізгі бөлшектерден тұрады: ротор, қабылдаушы бункер, сақтандырушы шарнирлі тақта, диспергацияланатын рифтелген тақта, қармағыш және дайын суспензияны бұру үшін арналған тор.
ФСМ-3 техникалық сипаттамасы:
Түйіршікті саздың өнімділігі, т/ч 10 – 12
Түйіршікті ұнтақтың өнімділігі, т/ч 20 – 25
Ауырлатқыштың өнімділігі (барит), т/ч 30 – 35
Ротор диаметрі, мм 400
Ротордың айналу жиілігі, айн/мин 500
Салмағы, тн 1,4


Слайд 6 БС дайындау жүйесі

Материалдарды реагенттерді
сақтау блогы
• бункерлер
БС дайындау блогы
• дозатор
• езгіш

диспергатор
• араластырғыш

Слайд 7Фрезерлі-ағынды диірмен ФСМ-7 сазды жуу сұйығын және барит араластырған ауырлатылған жуу

сұйығын дайындау үшін керек.

Слайд 9Гидравликалық араластырғыштар
Гидроэжекторлы араластырғыш (ГДМ-1) ағынды аппарат болып табылады, ол келтіретін құбыры

бар бункерден, шлангтен, ағынды аппараттан (суды әкелетін құбыры бар соплодан, диффузоры бар алмастыру камерасынан) тұрады.
Келесі ретте жұмыс істейді: 4 МПа қысыммен БС сұйықтықты соплоға айдайды, одан ағын жоғары жылдамдықпен шығып, алмастыру камерасында қысым төмендеп, бункерден шланг арқылы ұнтақтәріздес материал сорылып сұйықтықпен әкетіледі. Диффузордан өткенде аралсқан ағынның жалдамдығы төмендейді, ал қысым артады, сөйтіп ерітінді циркуляциялы жүйеге түседі. Араласудың бір циклында ерітіндінің тығыздығы 0,3-0,35 г/см3 артады. ГДМ-1 ПӘК-і төмен болғанымен, жұмыста үлкен сенімділікке ие.

Слайд 10Ерітіндіні дайындау блогі (БПР)
Циркуляциялы жүйеге БПР-70 немесе БПР-40 қосады. 70 және

40 – сыйымдылықтардың көлемі (35 х 2) және (20 х 2) м3. Олар өзара силостардың құрылымымен ерекшеленеді. БПР-40 – телескопты, БПР-70 – тұтасметалды.
БПР келесідей жұмыс істейді: жасалатын разрядталуың нәтижесінде сору камерасына бункерден 1 шланг 7 арқылы ұнтақтәріздес материал сорылады, ол ары қарай сұйықтықпен коникалы айырылатын диффузорға әкетіледі. Диффузорды өткеннен кейін ағынның жылдамдығы азаяды, ал қысым өседі. Келте құбыр 10 арқылы алынған ерітінді циркуляциялы жүйенің қабылдаушы сыйымдылығына келіп ағылады. Шығарылатын гидроэжекционды араластырғыш 9 келесі ретпен жұмыс істейді: сұйықтық құбыр 12 арқылы араластырғыштың соплосына 11 айдалады, ол өз кезегінде сазды ұнтақтармен жұмыс жасайтын диаметрі 30 мм және ауырлатқыштармен жұмыс жасайтын диаметрі 20 мм штуцерлермен жабдықталған.

Слайд 11

Ерітіндіні дайындау блогінің
сұлбасы (БПР)

Слайд 12Гидравликалық диспергатор ДГ-1
Бұрғылау ерітіндісінің қатты және сұйық фазаларын ұсақтау үшін гидравликалық

диспергаторлар қолданылады. Ол камерадан, доғатәріздес кіруші құбырдан және ағу келте құбырынан тұрады. Кіру құбырының ұштарында қатты құймалардан саптамалар орнатылған. Ертіндінің қарама қарсы ағындары гидродинамикалық кавитацияны жасап, ультрадыбысты тербелістер қатты және сұйық фазаларды диспергациялайды. Саптамалар металлокерамикалық материалдардан ауыстырылатын болып жасалады. Саптамалардың диаметрін БС берілісіне байланысты таңдайды.
ДГ-1Техникалық сипаттамалары
Жұмыстық қысым, МПа 12 ÷ 15
Бұрғылау ерітіндісінің берілісі, м3/ч 15 ÷ 20
масса, кг 76
∅ саптама 9-дан 16 мм -ге дейін.

Слайд 14Араластырғыштар
Бұрғылау ерітінділерін сақтауға арналған қабылдаушы сыйымдылықтарда араластырғыштар орнатылады. Гидравликалық араластырғыштар гидромонитор

секілді жұмыс істейді. Ертінді сорап арқылы гидравликалық араластырғыштың қабылдаушы келте құбырына 1 келеді. Одан ерітінді құлыпты типті шарикті мойынтіректерде айналатын оқпанға түседі. Қабылдаушы келте құбыр мен оқпан арасында тығыздағыштар орнатылған. Олар ағу мен ерітіндінің мойынтіректерге түсуін болдырмайды. Оқпанның соңында салмалы бұранданың 3 көмегімен жылдамдықты арттыру, әсер ету мен ағынның ұру күшінің алыстығын арттыру үшін саптама 4 орнатылады.
Араластырғыш сыймдылықтың түбінен шамалы арақашықтықта орналасқан. Айналу кезінде бұрғылау ерітіндісін араластыратын және ауырлатқыштардың тұнбалануына қарсы болатын ағындар тудырады.

Слайд 16 Циркуляциялық жүйе, бұрғылау сұйығын құрамындағы талқандалған тау жыныстарынан тазалау

үшін виброелек, гидроциклон, центрифуга механизмдері қолданылады

1, 7- тазаланған жуу сұйығы құйылатын түп; 2 –ағынды қабылдап бөлгіш; 4, 5- елегі бар дірілдеткіш қорап; 3 – дірілбергіш; 6-амортизаторлар.


Слайд 18 Виброелектегі тор көз өлшемдері: 0,16х0,16; 0,2х0,2; 0,25х0,25; 0,4х0,4; 0,9х0,9мм.

Жуу сұйығының тығыздығы мен тазалау дәрежесіне байланысты тор көз таңдалады.

Слайд 19 Жуу сұйығын өте жоғары дәрежеде тазалау конустық гидроциклондардан тұратын

құмсазбөлгіштің көмегімен гидромеханикалық әдіспен жүргізіледі.


Слайд 21Пескоотделитель


Слайд 22 Центрифуга



Слайд 24Жуу сұйығын газдан тазалау
Бұрғылау сұйығының газдануы бұрғылау жұмыстарын дұрыс жүргізуге кедергі

болады.
Жуу сұйығының гидравликалық қуатының азаюынан бұрғылау шапшаңдығы төмендейді, бұл әсіресе жұмсақ тау жыныстарын бұрғылау кезінде байқалады;
Жуу сұйығының тығыздығының төмендеуінен ұңғы қабырғалары құлай бастайды, кеуектер пайда болады;
Ұңғыда жарылыс болу мүмкіншілігі артады және газбен улану қаупі туындайды (мысалға, күкіртті сутегі).

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика