Бітірушілерге 50 жыл презентация

1968 – 2018 Ж АҚЖАР ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ 50 ЖЫЛ

Слайд 1Мектеп бітірушілерге
50 жыл


Слайд 2


Слайд 31968 – 2018 Ж АҚЖАР ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ 50 ЖЫЛ


Слайд 4БИСМИЛӘҺИР – РАХМАНИР - РАХИМ
“Елу жылда – ел жаңа,

жүз жылда - қазан” деген халық мәтелі бүгін сан рет есіме оралды.
Елу жыл ...
Бүгін Түймекент мектебін бітіргенімізге және осы мектептің соғылғанынан кейінгі алғашқы түлектерінің легіндеміз...
Жарты ғасыр уақыт біле білгенге аз уақыт емес. Соғыстан соңғы жылдары дүние есігін ашқан ұрпақтармыз. Менімше, ол кездері жастардың білімге деген құштарлығымен ерекшеленетін. Біздің сүйікті ақынымыз – Қасым Аман жолов, жазушыларымыз – Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин тағы басқалары болды. Қасым ақынның “Мектеп – кеме, білім – теңіз, барар жерге тез жетеміз” деген өлеңін жатқа айтатынбыз. Онда мұғалімдер капидандарға ал, шәкірттері жас теңізшілерге теңелетін еді ғой. Қазіргідей бәрі оңайланған, керекті пернесін басып қалсаң не керегіңді алдыңа тосатын компьютер жоқ заманда біз ілімді мұғалімдердің өткізген сабақтарынан, қала берді кітаптан алдық. Бағымызға сол ұстаздарымыз білімді, өз істерін шебер меңгерген, бала жанын түсіне білетін, қабілетін дәл басып танып, одан әрі дамуына көмектесетіндер болып жолықты.
Менімен бір сыныпта онды бітіргенше бірге оқығандардың қай-қайсы да сол шақтағыдай, уыздай жас күйлерінде көз алдыма елестейді. Ендеше соларды сағынышпен еске алып көрейікші.

Слайд 61 Жаңа айтқанымыздай, ұстаздарымыздың арасында осалы болған жоқ. Жылы жүрегімізбен еске алсақ,

орыс тіліннен Байрамов И.М, химиядан Имамбердиева Г, тарихтан Құдиярбеков К, дене тәрбиесінен Қасымов С, алгебрадан Туғанбаев С.Т, шет тілінен Гельмен В, физикадан Алпысбаев Т, географиядан Рамашова А, қазақ тілінен әрі класс жетекшіміз Баялиева М. Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Башаров Ж.Директоры О.Жарболов еді. Алатаудың әрбір шыңындай шоқтығы биік парасатты жандар еді. Барлығы дерлік дүниеден озды, имандары саламат болсын! Класс жетекшіміз Майкен Баялиевна әпкиіміз – жасы 80-нен асты, немерелерінің ортасында ардақты әже болып,Тараз қаласында тұрып жатыр.

Слайд 64Достарыма
Бойыңа бір жайсыз киім кигендей,
Өзге үйге жүрсең жат боп үйренбей,
Дос үйіне

еркін басып кіресің,
Дос үйінде сайраңдайсың именбей.
Құлын-тайдай шұрқырасып бірге өскен,
Араласпас бала күнгі кім доспен?!
Жылытайын жалын жырмен жүрегін,
Суықтықты, ренішті бір білместен.
Дос дегенің - менің мынау жүрегім,
Дос болмаса табар оның кім емін?
Бұл өмірде достан жақын ешкім жоқ,
Дос дегенің – қиналғанда тірегің.
Жылуымды төгейінші төк десе,
Алыс жерден жетейікші “жет” десе.
Қиындықта табылайық қасынан,
Ештеңені аямастан «дос» десе.
Сәлеммен: Толыбай Шәметұлы
 

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика