Бала мен жас?спiрiмдегi есірткіге т?уелділік белгілері. Психологиялы? аспект презентация

Есірткіге тәуелді бола бастау 12–19 жастан басталады. Баланың есірткі қолданып жүргенін қандай белгілерге қарап білуге болады? Сыртқы белгілері: - бетінің боздығы; - кеңейген не тарылып кеткен көз қарашығы;

Слайд 1

Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ,
“облыстық наркологиялық орталығы”
МКҚК дәрігер психологы

Бала мен жасөспiрiмдегi есірткіге тәуелділік

белгілері. Психологиялық аспект


Слайд 2


Есірткіге тәуелді бола бастау 12–19 жастан басталады.
Баланың есірткі қолданып жүргенін қандай

белгілерге қарап білуге болады?
Сыртқы белгілері:
- бетінің боздығы;
- кеңейген не тарылып кеткен көз қарашығы;
- қызарған немесе бұлдыр көз, баяу сөз;
- жиі суық тию;
- қимыл үйлесімділігінің жоқтығы.
Негізгі белгілері:
- укол іздері, кесік, көгерген жер;
- оралған қағаздар, фольга;
- кішкентай қасықтар, капсулалар, бөтелкелер, көпіршіктер, белгісіз дәрілер, ұнтақ;
- ақ ұнтақ пен немесе қоңыр түсті ізі бар ұстараның жүздері;
- шприцтар мен инелер.


Слайд 3

Мінез-құлқындағы өзгерістер:
- ол үйден жиі кетіп қалатын болады. Баладан бос уақытында

қайда, кіммен жүргенін сұрай қалса, оның ашу-ызасы келеді;
- ол үйде не мектепте болмағаны, мектептегі істері, достарымен қарым-қатынасы, ақша жұмсау жайлы жиі өтірік айтатын болады;
- қысқа мерзімде онда жаңа достар пайда болады. Олар қонаққа келмейді, бір-ақ минутқа ғана келіп, дауыстарын қатты шығармай бір нәрсе туралы сыбырласып сөйлесіп кетеді;
- құпия телефон хабарландырулары немесе телефон арқылы оғаш әңгімелер орын алады, бала кіммен хабарласқанын жасырады, ал әңгімелерінде түсініксіз жаргон сөздер көптеп кездеседі;
- ұлды (қызды) үй мәселелері қызықтырмайтын болады. Оның қарым-қатынасы өзгеріп, немқұрайлы, парықсыз, сенімсіздікпен қарайтын, тұйық, бөгде болып кетеді;


Слайд 4

- ауа-райымен және жағдаймен санаспай, ұзын жеңі бар киім киетін болады;
-

мінезі өзгерді – ашу, ыза, айғай, ұстамсыз, көңіл-күйінде өзгерістер пайда болады;
- ол бұрынғы қызығушылықтарын ұмытады – кітап оқымайды, теледидар қарамайды, уайымшылдыққа салынып, қысқа ғана жауап береді («иә», «жоқ», «бірқалыпты») және ашулы;
- оның ұйқы тәртібі өзгеріп кетеді – күні бойы ұйықтап, ал түні бойы бөлмесіне әр нәрсеге ұрынып ұйықтай алмай жүреді;
- ол жеңіл мас күйінде, қимыл үйлесімділігі жоқ, отбасы мүшелеріне көрінгісі келмейді, жата қалғысы келеді – осындай қалыпта үйге жиі келетін болады;
- үйде ақша мен киімдер, басқ құнды заттар жоғала бастайды. Бастапқыда ол сирек болғанымен, кейін жиілейді.


Слайд 5

Осы аталған мәселелер баланың психологиялық ауруға душар екенінің белгісі. Ол жасөспірімдік

жасқа байланысты болып келеді.
Жоғарыда аталған мінез-құлық белгілерінің оннан сегізі байқалса, онда бұл баланың, не жасөспірімнің есірткі қолданатыны туралы дабыл болуы мүмкін. Мұндай жағдайда баламен және жасөспіріммен бірінші әңгімеге дайындалу қажет. Әңгіме жинақы алайда қатал болу тиіс. Әңгімеге алдан ала дайындалыңыз. Сізді ойландыруға себеп болған күндерді жазып түртіп алу керек. Ең негізгі талаптарды қойыңыз. Осындай нақтылық баланың жауапсыздығына шек қояды. Баланы қорқытып, жазаламаңыз. Ол сізден қорқып, ішіндегі сырын жасырып қалуы мүмкін.


Слайд 6

Бірінші әңгіме барысында ол еш нәрсені мойындамаса, онда Сіз оған: «Мен

саған сенемін, бірақ менің сенімімді ақтау үшін сенің тесттен өтуің керек. Егер мен қателессем, онда сенен қуана кешірім сұраймын», – деп айтуыңызға болады.
Сараптама облыстық наркологиялық орталығында жасалады.
Баланың алкоголь мен есірткі бұйымдарын пайдалануға бір табан жақын болуы тікелей оның өзіндік бағалауы мен өзіне деген сый-құрметіне байланысты болады. Психологтардың зерттеуіне сәйкес, маскүнемдікке салынған немесе есірткі пайдаланатын жандардың өзіне деген құрметі өте төменгі деңгейді көрсетеді. Өздерін сыйлау бағамы өте жоғары болатын балаларға алкоголь мен есірткі ұсынған кезде, олар  бірден «жоқ» деп айта алады.

Слайд 7

Балада өзін сыйлау білу ұстанымын қалыптастырудың принциптері мынадай:
№1 ұстаным: Кішкентай болса

да, жетістіктері мен табыстары үшін баланы әр кез көтермелеп отыру.  Тіпті болмашы жетістігінің өзін мақтап, атау әрі мұны жиі қайталау. Оның табандылығы мен бірнәрсе істеуге деген құлшынысы алынған нәтижеден де маңызды екенін естен шығармау.
№2 ұстаным: Баланың өз алдына шынайы мақсаттар қоюына және оны таңдай білуіне көмектесу.
№3 ұстаным: Баланың өзін емес, оның әрекетін не дұрыс жасамаған қадамын түзетуге тырысыңыз. Мысалы, «Сен қоршауға шықпауға тиіссің, бұл ақымақтық және жындылар ғана осылай істейді» деп айтқаннан гөрі «Қоршауға шығу қауіпті, сен аяғыңды сындырып аласың ғой» деп ескерткен абзал.


Слайд 8

№4 ұстаным: Балаға үй жұмыстарының бірі үшін шынайы жауапкершілік артып қою.

Үй жұмыстары бойынша тұрақты түрде тапсырма алып отырған бала өзін отбасылық топтың бір бөлігі ретінде сезінеді және өз міндеттерін орындаудың нәтижесіне қол жеткізе отырып, қанағаттану сезіміне бөленеді.
№5 ұстаным: Балаға оны қалай жақсы көретініңізді көрсету,  оған деген махаббатыңызды жария ету. Ыстық ықылас, жылы құшақ және еркелету Сіздің оған деген жақсы қарым-қатынасыңызды сезінуге мүмкіндік береді. Онымен көбірек уақыт өткізуге, барлық нәрсені сонымен бірге жасауға тырысыңыз: сурет салыңыз, театрға барыңыз, үй тапсырмасын бірге орындаңыз, спортпен шұғылданыңыз, оқыған кітаптарды бірге талқылаңыз. Оның мектептегі өмірінен хабардар болыңыз, достарын үйге шақырыңыз.

Слайд 9

Есірткінің дәмін татуға жасалған ұсыныстарға баланы шешімді түрде бас тартуды үйрету

аса маңызды.  Жасөспірім үшін өз ортасында қабылданған талаптар мен ережелерге сай болу аса маңызды. Егер топтағылар есірткімен елітуге үйренген болса, бозбала үшін таңдау тұрады: барлықтары секілді әрeкет істеу немесе ортасынан қуылып бар абырой биігінен айрылу. Соңғысы жасөспірім үшін ең қорқынышты нәрсе болып көрінуі де мүмкін.

Слайд 10

Мұндай кезде баланың теріс пайымдарын өзгертуге мүмкіндік бар:
- есірткі сананы топастандырады,

қимыл үйлестігін бұзады, олар шын мәнінде мәселені шешуге көмектеспейді;
- есірткі баланы немесе жасөспірімді ересек адамға айналдыра алмайды;
- есірткіні пайдалану заң бұзушылық болып есептеледі. Баланың осыны білуі керек;
- есірткіге тәуелді болмаған адамның болашақта достары көп, қоғамда алар орны да сыйлы болады.

Слайд 11

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика