?аза?стан Республикасы Білім ж?не ?ылым Министрлігі ?.И.С?тбаев атында?ы ?аза? ?лтты? Техникалы? Зерттеу Университеті презентация

Содержание

Сирек жер элементтері Сирек-жер элементтері – күміс түстес металдар. Празеодим және неодим ғана сарғыш түсті болып келеді. Иттрийлік топ элементтеріне цезийлік топ элементтерінің балқу температуралары жоғары болады. Механикалық құрамы минералдық шикізаттың

Слайд 1 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық

Зерттеу Университеті

Химиялық технология кафедрасы


Сирек жер элементтерінін алудың негізгі шикізат көздері.


Орындаған: Ағыбай Б.
Байланыс: baglan__0101@mail.ru

Алматы 2016


Слайд 2Сирек жер элементтері
Сирек-жер элементтері – күміс түстес металдар. Празеодим және неодим

ғана сарғыш түсті болып келеді. Иттрийлік топ элементтеріне цезийлік топ элементтерінің балқу температуралары жоғары болады. Механикалық құрамы минералдық шикізаттың ондағы мөлшеріне,құрамына байланысты болады. Көбінесе азот, оттек, күкірттің мөлшеріне байланысты. Лантаноидтар жоғары активтілігімен ерекшеленеді. Олар берік оксидтер,фторидтер,нитриттер түзеді. Тұз және азот қышқылдарында жақсы ериді. 200 С жоғары температурада металдар ауада тез тотығады.

Слайд 3Сирек жер элементтері
Соңғы жылдары әлем бойынша сирек жер элементтерін тұтыну өте

қарқынды түрде артқан.қазіргі кезде сирек жер элементтері өндірістің барлық саласында қолданылып келеді. Электроника, металлургия, атомдық энергетика, электротехника, космос және ракеталық техника,арнайы болаттар шығару, машина жасау, құрал-жабдық жасау, химиялық, шыны және керамика өндірісінде қолданылуы арқылы жоғары техникалық өндірістің дамуында ерекше рөл атқарады. Соңғы жылдары ең көп сұранысқа ие металдар олар: неодим және диспросий.


Слайд 4СЖЭ-дің соңғы жылдары қолданылуы


Слайд 5Өндірісте қолданылуы
20 % - магнит өндіру
20% - болат өндіру
20% -катализаторлар
7%-керамика
10%-шыныға қоспа
7%-люминофорлар


10%-жылтырату материалдары
4%- басқа


Слайд 6Магнит және болат өндірісі
Барлық СЖЭ-і оттекті, азотты, күкіртті, фосфорлы қосылыстармен жақсы

әрекеттесетіндіктен металл құймалары мен балқымаларында кездеседі. Құймаларда олар эффективті десульфуризатор ретінде қолданылады. СЖЭ балқыма құрамында 5% дейін бола алады. Неғұрлым көп болса балқыма соғұрлым берік болады деген сөз. Құрамында церийі бар темір құймалары (пирофорналар) кремнийі бар оттықтар дайындауда кеңінен қолданылады. Түсті металургияда СЖЭ металлотермиялық реакцияларда тотықсыздандарғыш ретінде пайдаланады.

Слайд 7Керамика және шыны жасауда қолданылуы
Шыны және керамика өндірісінде СЖЭ-і шыныны бояуда

және қорғаныш шынылар өндіруде қолданылады. (СеО2- сары түске, Nd2О3- қызыл түске, Pd2О3 – жасыл түске және т.б.) Nd – ді күннен келетін ультракүлгін сәулелерден қорғану үшін, Nd + Рr + Се балқытып біріктіру кұрылғыларын өндіру үшін қолданылады.тұрмыстың барлық салаларында қолданылатын айна өндіруде,оптикалық айна және линзалар өндірісінде кино түсіруге арналған құрылғылар өндірісінде кеңінен қолданылады.

Слайд 8Атомдық техникада қолданылуы
Сирек жер элементтерінің оксидтері атомдық қозғалтқыш және ядролық реактор

өндіруде қолданылады. Бұларды өндіруде Европий тиімді болып есептелінеді. Себебі европийдің нейтрондарды жұтатын бес изотопы бар. Құрамында 35 % Dy және 40 % Рb бар жоғарыэффективті құралдарды радиациядан қорғану мақсатында өндіреді.Қазақстанда шығыс аймақтардағы сирек жер элементтерін игеру мақсатында Жапония елімен біріктіріліп құрылған СП «Sareco» компаниясы жұмыс жасайды.

Слайд 9Басқа салаларда қолданылуы
Түрлі-түсті телевидения өндіруде түстерді тарататын люминофорлар ретінде, рентгендік аспаптарда

аз коффициентті диэлектрик ретінде, химиялық және жеңіл өнеркәсіпте аммиак өндірісінде катализатор ретінде,аналитикалық химияда реагенттер өндіріснде, лактар,бояулар өндірісінде кеңінен қолданылады.
Ауыл шаруашылығында сирек жер элементтерінің қосылыстары зиянкестермен күресу жолдарында инсектофунгицид өндіруде қолданылады.

Слайд 10Жер бетінде кездесуі
СЖЭ-ңің жер бетіндегі жалпы қоры біршама.олардың жалпы қоры 0,15-0,16%.

В, Сu, Со, Zn и Ni металдары қорынан едәуір көп.
Металдар фосфор кендерінде,теңіз суларында, өсімдіктерде, тасты көмірлерде тіпті күннің құрамында да кездеседі.

Слайд 11СЖЭ таралуы
Сирек жер элементтерінің ішінде ең кең тарағаны Y және Се.

Ең көбірек тарағандары La, Ce,Nd, көбірек тарағандары Pr, Sm, Gd, Dy, Er және Yb, аз тарағандары Eu, Tb, Ho, Tm және Lu
болып есептелінеді. Қазіргі таңда бұл металдарды өндіру үшін қолданылатын 200 жуық минералдар белгілі. Ln2 О3 оксиді 80 жуық минералдарда кездеседі.
Химиялық жағынан сирек-жер элементтерінің минералы фосфаттардың, фторидтердің,силикаттардың құрамында көп кездеседі.

Слайд 12СЖЭ басты минералдары
СЖЭ өндірудегі ең басты минералдар бастнезит, монацит, лопарит және

ионды-абсорбционды топырақты қабаттар болып есептелінеді. Бірақ бұл минералдар әлемде санаулы қазба орындарында кездеседі. Сондықтан осы минералдары бар кен орындары аса бай болып есептелінеді. Қытай кен орындары бастнезит минералдарының аса бай кен орындары болып есептелінеді. Және де дәл осы кен орындары арқылы Қытай СЖЭ өндіретін алып өндірістік державаға айналып отыр. Моноцидті кен орындары Австралия, Бразилия, Үндістан және Малайзияда көптеп кездеседі.

Слайд 13Өндірістік маңызы бар СЖЭ минералдары
Лопарит
Ксенотим
Апатит
Моноцит
Бастнезит


Слайд 14 Өндірістік маңызы бар минералдар
Бастнезит (Се, La....) СО3F-фторокарбонаттарға жатады.құрамында (%): 40

Се2О3; 36(La,Nd....)2О3; 20 СО, 8 F. Бастнезиттен басқа құрылысы осыған ұқсас 10 жуық минералдар бар.
Монацит (Се, La...Th)РО4 - 68 % жуық Ln, 20 % жуық (La Nd)2О3, 12 % дейін 5Y2О3, 7 % дейін Р2О5,0,1 - 0,3 жуық U болаы. Радиоактивті.
Ксенотим YPO4- теориялық түрде 62,13 % Y2O3 және қалғаны лантаноидтардың қоспасы түрінде болады.
Апатит Са5(РО4)3(F,Cl)- орта есеппен 0,4 - 1,0 % Ln2O3 құрамында болады.
Лопарит (Се, Nd, Са) (ТI, Nb)O3 - 29 - 33% Ln2O3,37 - 40% ТiО2,9 -11% Nb2O5,0,8% Та2О5 түрінде химиялық құрамы болады.

Слайд 15СЖЭ минералдары
Паризит Са (Се, La ...)2 (СО3)3F2, құрамында 53-64,5 % РЗ2О3,

от следов до 8 %Y;
Эвксенит (Y, Се, Са ...) ( Тi, Nb, Ta)2О6, құрамында 18,2-27,7 % (Y, Еr ...)2 О3,), 2-4,3 % (Се, Lа ...)2О3, 16-30 % ТiО2,, 4,3-41,4 %, Nb2О5, 1,3-23 % Та2О5;


Слайд 16Қазақстан СЖЭ-нің минералды қоры бойынша әлемде алдыңғы орындарды алады. Төменгі кестеде

Қазақстан аумағында СЖЭ таралуы көрсетілген.


Слайд 17Қазақстандағы СЖЭ
Қазақстан аумағындағы көңіл аудара кететін кен орны – Шығыс Қазақстан

облысында орналасқан Жоғарғы еспе. Мұнда СЖЭ кендері екі типті түрде кездееді. Бірі- сілтілі түрдегі миниралда граниттер, екіншісі- фениттегі метасоматикалық өзгерістер болатын минералдар. Бірақ та әліде Жоғарғы еспеге геологиялық зерттеу жұмыстарды жүргізуді кажет етеді.

Слайд 18Төменгі кестеде әр түрлі минералдар құрамындағы СЖЭ мөлшері көрсетілген


Слайд 19«Шоқаш» кенорнының шикізаты (рутил-цирконийді және ильменитті концентраттар) бойында сирек-жер элементтерінің мөлшері

ең бай минерал болып саналады. Ондағы СЖЭ-нің мөлшері 0,92-0,98%. Шикізатта сирек жер элементтері фосфаттар және радиоактивті монацит түрінде кездеседі.
«Каратау» фосфаритті концентрат кенорнындарында орналасқан «Минералды тыңайтқыштар заводында» пайда болатын фасфорит кендеріндегі СЖЭ мөлшері 0,2-0,3%-ны құрайды.
Шикізаттық кенорындар комплекстік өндіріс түрінде дамымағаннан соң сирек жер элементтерін өндіруде ең тиімді және қол жетімді шикізат фасфорит болып есептелінеді.


Слайд 20Фосфогипс негізгі шикізат көзі
Қазіргі кезде Қазақстанда перспективті түрдегі шикізат көзі фосфогипс

болып есептелінеді. «Казфосфат» минералды тыңайтқыштар өндіру зауытында жылына 11 млн тоннаға дейін фосфогипс қалдық түрінде шығарылады. Бұл деген СЖЭ өндіруге таптырмас шикізат. Бұл тәсілдің тиімділігі өнеркәсіптік қалдықтарды екіншілік шикізат ретінде қолданылуы.дәл осы қалдықты өңдегенде СЖЭ жоғарғы концентратты шикізаты алынады. Қазақстанда шикізатты қалдықтарды өңдеу әлі де дұрыс жолға қойылмаған, сол мақсатта тек «Казфосфат» ұжымы ғана емес ҚазҰТЗУ және т.б инситуттар ғылыми жұмыстар жүргізу үстінде.

Слайд 21Фосфогипс қалдықтары


Слайд 22Қорытынды
Сирек жер элементтерінің өндірісін қарқынды дамыту- бұл болашаққа жасаған үлкен қадам.

Өндірістің осы саласы арқылы экономиканы нығайтуға болатындығы басқа елдердің тәжірибесі арқалы дәлелденген. Сондықтанда өндірістің бұл саласына үкімет тарапынан қолдау қажет.

Слайд 23Назарларыңызға рахмет!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика