А? арал, алтын арал Ма?таралым презентация

Содержание

Оңтүстіктің жүрегі – Мақтарал

Слайд 1Ақ арал, алтын арал Мақтаралым

Ашық тәрбие сағаты


Слайд 2
Оңтүстіктің жүрегі – Мақтарал

Н.Ә.Назарбаев.



Слайд 3Оқушыларға туған өлкеміздің тарихы туралы түсінік бере отырып, өлкеміздің қадір-қасиетін ұқтыру.

Сабақтың

мақсаты:

Слайд 4Оқушыларды туып өскен жеріміздің кешегісіне көз жүгірту арқылы отаншылдық сезімге,Қазақстандық патриотизмге

тәрбиелеу

Сабақтың тәрбиелігі:


Слайд 5Әңгімелеу,сахналық қойылым
Әдісі:


Слайд 6Мақтарал ауданың картасы,Жетісай қаласы туралы слайдтар Интерактивті тақтадан Атакенттегі аудандық мұражайдан

алынған материалдар мен бірге қазіргі таңдағы тарихын тамашалайды.

Көрнекілігі:


Слайд 7Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Мақсатымен міндеті
III Негізгі бөлім
IV Мақтарал ауданы

туралы жылы лебіздер.
V Қорытындылау:
  


Слайд 8Құрметтті оқушылар, туып өскен жеріміз, еліміздің қиыр Оңтүстігіндегі

шежірелі де шұрайлы, елі дархан, жері бай Мақтарал ауданының құрылғанына 85 жыл толғалы отыр. "Елу жылда-ел жаңа" деген дана халқымыз. Сондықтанда өткенді айтпай, бүгінгі еске түспейді. Шындығында да, қай өңір, қай өлкенің болсын арғы-бергі тарихы, шертер сыры көп. "Әркімнің туған жері-Мысыр шаһары "деген екен бұрынғылар. Біздің туып өскен өлкеміз Мақтарал өңірі-қазір Оңтүстік Қазақстан облысына өзіндік нәр беріп отырған өлке.
Ахмет Байтұрсынұлы" Біздің заманымыз-өткен заманның баласы,келер заманның атасы" деген екен. Мағынасы өте терең сөз. Өткенсіз бүгін жоқ екенін, бүгінгі күніміз болашақтың басы екенін меңзеп, бүгінгі болмысымыз өткеннің тікелей нәтижесі, сондықтан ұдайы өткеннің жақсы-жаманын ойлы көз, ояу жүрекпен саралау арқылы болашағыңа өнеге көрсет деп тұрғандай.
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда Мақтарал өңірінің тарихы мен тұрмыс тіршілігімен, оның жетістіктерімен таныстыру. Тарихымызға көз тастап, туып өскен жеріміздің кешегісі мен бүгінгісін салыстыра отырып еліміздің көркейіп жанданып, жайнағанын атап айту. Біздің өлкеміздің географиялық орналасу жағдайы евразия материгінің Азиялық бөлігінде Қазақстанның оңтүстігінде түбек тәрізді Мақтарал ауданы орналасқан. Оның оңтүстігі Өзбекстанмен, батысы Шардара ауданымен, шығыс бөлігі Сарыағаш аудандарымен шекаралас.

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.


Слайд 9Мың өліп мың тірілген қазақ деген ұлттың қаймағы бұзылмаған қалың ортасы

саналатын қасиетті өлке Оңтүстік Қазақстан облысы. Оңтүстік Қазақстанның жүрегі болып саналатын Мақтарал ауданының талай тұңғылықты ішіне бүгіп жатқан қалың қатпарлы кәрі тарих

1 жүргузіші:


Слайд 10 Ақ арал, алтын арал Мақтаралым,
Өзінде туғаныма мақтанамын.

Жамылған ақ мамықты алтын адам,
Өзіңмен болашаққа бір барам
-деп ақын жырлағандай, біздің өлкеміз мақтаның отаны Мақтарал ауданы. Туған еліміздің басқа аудандардан ерекшелігін даралайтын да алдымен осы мақталы кәсіп. Мақта біздің бой тұмарымыз, ерекшелік белгіміз. Мақтарал өңірінің тарихына тоқталу-тарихымызға терең үңіліп, туып өскен жеріміздің кешегісіне көз жүгірту. Ол үшін мен кешегі ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолына яғни “Мырзашөлдің мырза атану ” тарихына тоқталып өтсем.

2 жүргузіші:


Слайд 11
Мырзашөл кеңістігі туралы мынадай аңыз бар.» Көшпенділер философы» Асан қайғы әулие

атамыз Қазақ жерін аралап, жолында кездескен тау-тасын, өзен су шұрайлы жерлерді көріп әр жердің ерекше қасиетін өзінше бағалап өсиетті сөздерін айтқан екен.

1 жүргізуші:


Слайд 12Асан қайғы атамыз Маңғыстауды көргенде.
Тасы алтын, құмы күміс, қойны толған

қазына екен. Бірақ жеті жұрт келіп, жеті жұрт кететін қазынасынан халқы қайыр көрмейтін, байлығы талайға түсетін жер екен депті.
Жел маясымен келе жатып қазақтың сары даласы Сарыарқаға жеткенде: “Уа шіркін, Сарыарқаның тұздығы екен, тек анда- санда обып қоятын жұты бар екен, бірақ артынан тез өсетін жер екен” деген екен.
Одан кейін Ертіс бойына келгенде Асан қайғы бабамыз былай деді: “Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас”
Табиғаты ерекше Алматыны көргенде “Пай-пай, шіркін сарымсағы сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар жүректей сол жерді қимадым” деп Асан қайғы бабамыз сұлу Сыр бойына келеді. “Басы байтақ, аяғы тайпақ коңыс екен”. “Қара тауды жайласам Сырдың бойын қыстасам, қоңыс болуға сонда дұрыс екен” депті. Асан қайғы атамыз Сырдың бойын сүзіп өтіп бір шөлді адырға кез болыпты. Желмаядан жерге түсіп, шапанын жайып жіберіп, бесін намазын ұйып отырып ұзақ оқиды. Кім біледі ақылгөй жырау елді бірлік пен ынтымаққа шақырып, құнды толғауларын сүре дұғалардың арасына қосып жіберіп отырса керек. Шапанын жинап, сайын даланың аңызақ желіне кеудесін тосып халық қамқоры былай депті:

Көрініс: Сахнаға Асан қайғы бабамыз шығады.


Слайд 13 Уа, халқым шөлге көшіп келесің,
Қиындыққа көнесің.

Өсіп, өнесің,
Арықпен су әкеліп.
Тегіспен қырат белесің,
Ағаш бұта егесің,
Несібенді шөптен тересің.
деп, орнынан тұрып, желмаяның өркешіне жармаса бергенде, шоңайна ма, әлде жыңғыл ма, шапанының етек тұсынан тартқылап алақандай жыртыс алып үлгеріпті. Абыз шал қозыкөш жерден көз тастап,
Асан ата:
Ей шөл, саған бақ қонады,
Қойның аққа толады.
Оның аты мақта болады,
Халқың алты ай жерге еңкейеді,
Алты ай ұйқыда болады.
Қойны қонышың қазынаға толады - деп көкжиектен ары асып көрінбей кетіпті.



Слайд 14Иә, Асан қайғы атамыз басқан шөл адыр осы күнгі Мақтарал ауданының

территориясына тұспа-тұс келеді. 1918 жылы мамырда В.И. Ленин Мырзашөлді суландыруға қаржы бөлу таралы декретке қол қойды. Біздің туған өлкеміздің жаңа тарихы, гүлдену дәуірі міне, осыдан басталады.
1 оқушы: 1928 жылы Қазақстанда аса маңызды ауданға бөлу науқаны жүргізілді. Қазақстан Республикасын мемлекеттік жоспарлау комитеті бағалы дақылдар өсіретін аз ғана аудандардың қатарына Иіржарды жатқызды. Ол кезде аудан аумағында 162 ұсақ елді мекен болды, 58-зі Европалық үлгіде, қалғандары қыстаулар.

2 жүргізуші:


Слайд 15Сонымен 1928 жылы 17 қаңтарда орталығы Мырзакент болып Мақтарал ауданы құрылды.

Сөйтіп, ұйқы құшағында жатқан алып дала дүр сілкініп оянды. Қойнына басып жатқан құт-берекесін өз перзенттеріне бере бастады.

2оқушы:


Слайд 16Құлан тартыс құс ұшпас шөл даланы гүлді өлкеге, гүлзар баққа айналдырған

ғажайып еңбектің ерлігін жасаған Еңбек Ерлері бар.
Социалистік Еңбек Ерлері:
Темірбек Дайрашев
Жолбарыс Қалшораев
Шаблан Ділдәбеков
Шүренбай Тұрғанбаев
Әбілаш Нарбаев
Жұмагүл Сәуірбаева
Жолдасбай Ералиев
Әжіхан Есқараев

3 оқушы:


Слайд 17Еңбек ардагерлері:
Лебай Мұсабаев
Зайырбек Ахметов және т.б көптеп саналады. (оқушылар осы кезде,

осы кісілердің портреттерін алып сахнаға шығады)
 
5 оқушы: Мырзашөл ұрпақтары ел басына ауыр күн туғанда кетпен-күректерін қаруға айырбастап, Отанды қорғауға аттанды.Соғыс кезіндегі ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алған аталарымыз :
Абылай Әлімбетов
Жолдыбай Нұрлыбаев
Егоров Михаил
Жуков Петр
Уммаев Мухажир
Нижурин Петр Трофимович
Гусев Василий Васильевич
Воробенко Игорь Пахомович
Төлеген Әбдібеков
Вешетник Иван Семенович
Қазіргі кезде арамызда жүрген біздің мақтанышымыз Тоғанбай Қауынбаев атамыз.

4 оқушы


Слайд 18Мақтаралым сен үшін мақтанамын,
Есімде кеше жүрген

мақта алабың.
Кеше шөл игерілмей жаткан жер ең,
Бүгінгі келбетіңе мақтанамын.
деп бұл өмір мақтануға тұрарлық мырза өңір. Мырзашөлден шығып қазақ жазушылары сияқты үлкен шанырақты ондаған жыл басқарған Қалдарбек Найманбаев ағаны, сазгер Мыңжасар Маңғытаев,Сабырхан Асановты, Еркінбай Әлімқұловты, Срайыл Сапарбаевты исі қазақ мақтаныш етеді. Қазақстан ғылымына үлес қосқан М. Әсілбеков, Жақанша Мырзалиев, Тастан Атақұлов сияқты т.б ағаларымызды мақтаныш етеміз.
Өздерінің сырлы сазды әндерімен баурап алған Бақыт Шадаева, Гауһар Әлімбековалар сияқты апаларымыздың есімі елге белгілі

6 оқушы:


Слайд 19Мен туып өскен Жетісай қаласы-Мақтарал ауданының орталығы. Жетісай- Қазақстан Республикасының кең

байтақ жерінің ең қиыр оңтүстігінде орналасқан әсем де көрікті қала. Жетісай қаласына 1969 жылы 26 маусымда бұрыңғы Кеңес Одағы құрамында Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен ауданға бағынышты қала мәртебесі берілді.

7 оқушы.


Слайд 20Қазір Жетісай қаласында 38,7 мың адам тұрады. Қалада Құрманбек Жандарбеков атындағы

драма театры, «Сырдария» университеті, Жетісай гуманитарлық колледжі, 2 медициналық колледжі, 4 мектеп -гимназия, 5 жалпы орта мектебі бар.

8 оқушы


Слайд 21. Неткен ғажап, күн сүйсінген жер беті,

Жерді қорғау тірі жанның міндеті.
Ақ мақтасы ажар берген жүзіне,
Қандай көркем Жетісайдың келбеті.

9 оқушы


Слайд 22«Аш дала емес кой бұл \»Голодная степь» деген сөзге көңілі толмаған

болса керек\ Мырзашөл ғой, аш шөл емес,мырза, елді тойғызатын шөл ғой»
М.Әуезов.
Шөлді шүлен еткен, жоқты бар еткен, болмысымызды мол еткен, ырыс өлке
М.Әуезов.
Менің Мырзашөлде көргендерім, бұл коммунизмге қарай теңдесі жоқ өрлеу. Бұл өңірде мол көпшілік болуына мен толық сенемін.
Фидель КАСТРО, Куба елінің көсемі
Мырзашөл өңірі өз Отанының не екенін біілетін қазақтың жеріндегі бірден-бір өлке. Жұртқа паш етер осы Оңтүстік өлкесі, соның ішінде – Мақтарал.
Н. Ә. НАЗАРБАЕВ
Мырзашөлдің Қызылқұммен ұштасқан жері Сырдария суымен қоректендіріліп, бай, жайнаған өлкеге айналып келе жатқаны бізді ерекше сезімге бөледі.
Сүлеймен ДЕМИРЕЛЬ

Өлке туралы жылы – лебіздер.


Слайд 23 Біздің Мырзашөл өңірі Мақтарал ауданы терең тарихы мен осындай тұлғаларымен

ерекшеленеді. Өлкенің рухани мұрасын, қадір-қасиетін жас ұрпаққа жеткізу басты парызымыз. Оқушылар өз еліміздің тарихын жете білмесе, қазіргі қоғамның даму заңдылықтарын толық түсіну мүмкін емес.
ӘН. «АТАМЕКЕН» хормен.
 

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика