8 Наурыз мерекесі - көктем мерекесі презентация

8-наурыз Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз - әйелдердің экономика, әлеуметтік және саяси теңдік үшін күресін, халықтар, ынтымақтастығын білдіретін күн. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызды жыл сайын өткізу 1910 жылы

Слайд 18 Наурыз мерекесі – көктем мерекесі
Барлығы уақытта бахыт, шаттық, күлкі жүздеріңнен

кетпесін!


Слайд 28-наурыз Халықаралық әйелдер күні

8 наурыз - әйелдердің экономика, әлеуметтік және саяси

теңдік үшін күресін, халықтар, ынтымақтастығын білдіретін күн. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызды жыл сайын өткізу 1910 жылы Копенгагенде, социалист әйелдердің 2-халықаралық конференциясында К.Цеткиннің ұсынысы бойынша қабылданды. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз тұңғыш рет 1911 жылы Германияда, Австрияда, Швецарияда, Данияда, ал 1913 жылы Россияда (Петербургте) өткізілді. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызды мейрамдау дәстүрі 1914 жылдан кейін барлық елдерде нақ осы күні өткізілетін болды. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз әйелдердің теңдік алу және әлеуметтік прогресс үшін күресу ұранымен атап өтіледі. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1965 жылы 8 майдағы Указы бойынша Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мейрам күні болып жарияланды.

Слайд 3 Құттықтаймын,

анашым.
Құшағыңа кіргенде
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіне
Мейірімді куннен де.
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші Наурызбен!
Н.Айтов.

Слайд 4Қайда жүрсем бір жүрді,

Құттықтаймын сіңлімді.

Жыласам бірге жылады,

Күлсем бірге бір күлді.


Слайд 5Құлпырып қызыл-жасылды,
Гүл болып үйге ашылды.
Ұсынамын гүлге гүл
Құттықтап қарындасымды.


Слайд 6
Айтатын көп әңгімем,
Тыңдасаңыз бар енді:
Бұл күні мен алдымен
Құттықтаймын әжемді.

Құттықтаймын гүл беріп,
Өзімнің

туған анамды.
Адамдар қыз, ұл болып,
Аналардан жаралды.

Тақпақ айтып жатқа енді
Құттықтаймын әпкемді.
Ол мен үшін қолдағы
Бір алмасын қақ бөлді.

Слайд 9Өткізбес менсіз бір күнді,

Құттықтаймын құрбымды.

Аялап сақтап сырымды

Адалдық әркез білдірді.


Слайд 12Бақытты бәрі болама?
Сонда да ару құлама!
Біз сендерді сүйеміз
Аруларым жылама!


Слайд 14Әйел біткен қуанып,

Ерлер жүрер гүл алып.

Бұл күнді ерек тойлаймыз

Бәріміз де құп

алып.

Ойыншықты шашпаймын,
Мен жұмыстан қашпаймын!
Шаршасаң, анам демалшы
Жиыстырып тастаймын!


Слайд 18Сегізінші наурыз

Әйелдер күні әлемдік.

Бұл күнді бірге тойлаймыз

Әр бойлық пен әр ендік.


Слайд 19Бізде дәрігер, мұғалім

Әйелдер көп деп ұғамын.

Бәрін де жырмен құттықтап,

Сәлем жолдап шығамын.


Слайд 20Әжеміздің мейрамы,

Анамыздың мейрамы.

Әлемдегі ақ, сары,

Қара қыздың мейрамы.


Слайд 21ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика