Ыр?ыз-Тор?ай мемлекеттік таби?и резерватында?ы ?ызыл Кітап?а енген ??стар презентация

Содержание

«Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысы,Ырғыз ауданының территориясында орналасып,Ырғыз ауданының әкімшілік жерінің 763 549 га.жерін қамтып жатыр.Әкімшілік ғимараты Ырғыз ауданының Ырғыз селосында Жүргенов көшесі №70 үйде орналасқан.

Слайд 1«Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи
резерватындағы» Қызыл Кітапқа енген
құстар


Слайд 2«Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысы,Ырғыз ауданының территориясында орналасып,Ырғыз

ауданының әкімшілік жерінің 763 549 га.жерін қамтып жатыр.Әкімшілік ғимараты Ырғыз ауданының Ырғыз селосында Жүргенов көшесі №70 үйде орналасқан.

Мекеме ҚР Үкіметінің 14 ақпан 2007 жылғы №109 Қаулысымен құрылған, республикалық маңызы бар табиғат қорғау және ғылыми мекеме болып табылады


Слайд 3«Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі №1 және №2 участоктардан тұрады.


№1 участок Атан-Басы жүйесі,Ырғыз ауданының Тәуіп селолық округінің территориясында орналасқан.

№2 участок Алакөл жүйесі, Ырғыз ауданының Нұра селолық округінің территориясында орналасқан.




Слайд 4№1 участок Ырғыз әкімшілік ауданы территориясының Тәуіп селолық округінің солтүстік

бөлігінде Кемпірқос мекенінен (23 квартал) басталып,оңтүстік-шығыс аймағына жалғасып «Шал тамы» (25 квартал), «Балта», «Кіші Балта» әрі қарай жоталы «Нұра» (105,106,109,113,114 кварталдары) «Қыз тамы» мекенімен аяқталады.
Оңтүстіктегі территориясы Қызылорда облысымен шектесе отырып,солтүстікке бұрылып,батыс шекарасына (50 квартал) шектесіп «Жаман-Теңіз» арқылы Жыңғылды өзек және Кеңшағыл бойына жалғасады (43 квартал).
Батыс шекарасы «Ақжарқыннан» (42 квартал) бастау алып (39,41,40 кварталдары бойымен) «Жаркөл» (38 квартал) арқылы «Бақшақтамы» жеріне шектесіп, әрі қарай «Сауда» (37,36,35,34,33,32,31,30 кварталдарын) қамтиды.
Бұрынғы Торғай заказнигі шекаралары мына кварталдарда жатыр. 29,28,27,26,25,24 кварталдары Торғай заказнигінен атаулы (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,18,19 кварталдар) «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесіне берілген.

№1 участок


Слайд 5№2 участок
№2 участок Алакөл жүйесі Ырғыз ауданы әкімшілік территориясы

Нұра селолық округіне қарасты жерлерін қамтиды. №2 участогы Ырғыз ауданының солтүстігінде Қостанай облысымен шектесіп жатыр. «Жыра» елді мекені арқылы шекара шығыс бөлігі «Қарсақ-Басы» елді мекені арқылы батысқа бұрылып, «Қарақоға» елді мекені арқылы 104 км.қашықтыққа созылады.Бұл жерлер (3,4,5,6,7,28) және (27,26,25,24,23,22,21,20 кварталдары) арқылы «Жыра» мекеніне қосылады. №2 участоктың жер көлемі 89 040 га.


Слайд 6Резерваттың негізгі міндеті құстарды
қорғау, сақтау және көбейту
болып табылады


Слайд 8Қызыл Кітапқа енген құстар
1.Ақбауыр бұлдырық
2 .Бұйра бірқазан -
3.Қызғылт бірқазан
4.Қарабай

5.Кіші аққұтан 6.Қоқиқаз 7.Сұңқылдақ аққу 8.Кіші аққу 9.Ақ тырна 10.Ақбас үйрек 11.Ақбас тырна 12.Дуадақ –Дрофа 13.Безгелдек 14.Тарғақ 15.Аққұйрықты тарғақ
16.Кіші шалшықшы


17.Қарабауыр бұлдырық
18.Қылқұйрық бұлдырық
19.Лашын
20.Ителгі
21.құйрықты субүркіт
23.Кезқұйрықты субүркіт
24.Бүркіт
25.Қарақұс
26.Дала қыраны
27.Жыланжегіш қыран
29.Сұр тырна
28.Үкі
29.Қызылжемсаулы қарашақаз
30.тұрымтай
31.Жалбағай
32.Балықшы тұйғын
 



Слайд 9Ақбауыр бұлдырық-Белобрюхий рябок-Pterocles alchata.
Қазақстанның шөлді аймақтарында кездесетін құс.Қарабауырдан кіші 300 г-ға

дейін,ұзын жіңішке құйрықты,тұлымы 10 см-ге дейін болатын бұлдырық.Өзге өкілдерінен ерекшелігі-құрсағы мен қанатының асты ақ.Басқа бұлдырықтар сияқты төсеніші жоқ жердегі шұңқырға 2-3 жұмыртқа салады.Балапандарына 20-30 шақырымнан су тасиды.Жазда екі мәрте балапан шығаруы мүмкін.Ұялайтын жерлеріне наурыздың аяғы мен сәуірдің басында ұшып келеді,қыркүйек-қараша айларында ұшып кетеді.Кәзірде сирек кездесетін құс.

Аққұйрықты субүркіт-Орлан-белохвост-Haliaeetus albicilla .

Су қырандары туысының ең ірі өкілі,ұзындығы 90см,қанат құлашы 2,5м,салмағы 5кг-нан артық,құйрығы толықтай ақ.Суқоймаларына жақын
орналасқан ағаштарда ұялайды,ұяда 2-3 жұмыртқа болады,оларды аналығы 35-40 күн шайқайды.Ұядағы балапандарын екі айдан аса екеуі
асырайды.Негізінен балықпен қоректенеді,кейде үлкен емес сүтқоректілерді аулайды.
Олар наурыз айында ұшып келіп,
қазан-қараша айларында ұшып кетеді.Оңтүстік аудандарында қыстап шығады.


Слайд 10Ақбас тырна-Журавль-красавка-Anthropoides virgo.
Қазақстанда кездесетін құстардың ең ұсағы,салмағы 2-2,5кг,бойы 1м-ге жетеді.Реңі

жағырар сұр тырнаға ұқсас,біршама ақшылдау,ал басы мен


мойынының алдыңғы жағы –қара.Көзінен бастап желкесіне қарай ақ ұзын жіп тәрізді қауырсындары бар.Ұясын ашық тақырға салады,кейде тастар мен өсімдік қалдықтарымен қоршалған.Ұядағы екі жұмыртқаны аналығы мен аталығы кезектесіп шайқайды.Балапандары қанатына қонған соң,маусым айының аяғында дала көлдерінің табандарына үлкен топ болып жиналып,түлейді,одан соң қыстауға ұшып кетеді.

Ақбас үйрек-Савка-Oxyura-leucocephala

1кг-нан кем,біршама ұсақ,өзіндік ерекше реңі мен биологиясы бар үйрек.
Аталықтары басқа үйректерден басының ақ болуымен ерекшеленеді,ал аналықтарында көз үсті мен мойнында ақ жолағы болады.
Аталықтарының тұмсығы ашық көк,аналықтарында сұр-көк.
Суға тек басы мен құйрығы көрінетіндей бата алады,ол үшін ешқандай қосымша қимыл-қозғалыc жасамайды.
Су астымен 40м-ге дейін сүңги алады.Ұясын су үстіне қамысқа салады,жұмыртқалары ылғал төсеніште жатады.


Слайд 11Ақ тырна -Стерх - Grus leucogeranus
Әлемдегі қауіп төнуші құстардың бірі,ірі

тырна.Бойы 1,4м, салмағы 8кг,қанат құлашы 2,4м-ге жетеді.Басқаларынан ерекшелігі –шымқай ақ түсті,басының алдыңғы бөлімінде қызыл учаскелері бар және бірінші дәрежелі қақпа қауырсындары қарЖастары қызғылт түсті.Ұясы –аса үлкен емес шөпті аралда не мүкті төмпешікте орналасқан үйілген шөп.Ұядағы 1-2 сұр-көкшіл түсті қоңыр дақтары бар жұмыртқаны аналығы шайқайды.Бір тәулікте балапандары ұяны тастайды,бірақ ересектерімен бірге болады

Дала қыраны-Степной орел-aquila nipalensis

Ірі, салмағы 2-3кг,қанат құлашы 2м.Реңі қара-сұр,теңбілді.Басқа қырандардан ерекшелігі-қысқа құйрықты.
Ұяны жартас ернеуіне, шоқылдардың бөктеріне, ағаш басына,ал жазықтық жерлерде –жерге салады.
Ұяда 1-3 теңбіл жұмыртқа болады.
Оларды ұябасары 1,5 айдай шайқайды.Балапандары ұяда 60 күндей болады.Негізінен саршұнақтармен және басқа да кеміргіштерьен қоректенеді.
Ұялайтын жерлеріне наурыз-сәуір айларында ұшып келіп,тамыз-қыркүйек айларында ұшып кетеді.
Қазақстанның далалы және шөлейтті аймақтарында кездеседі.


Слайд 12Бұйра бірқазан-Кудрявый пеликан-Pelecanus crispus.
Салмағы 13кг,қанат құлашы 270-320см болатын ірі құс.Реңі
ақшыл,қауырсындары

сұрлау құс .Басындағы қауырсындары
бұйра,ал тұмсығы қызғылт.Қызғылт бірқазаннан ерекшелігі –
қауырсынында қызғылт рең болмайды.Мөлшері біршама үлкен,
қанаттарының астыңғы жағы күңгірт түстен, ашық түске дейін
өзгереді. Ұясында 2-4 жұмыртқа болады, аналығы 1 айдай
шайқайды. Ересектері балапандарын алқым қапшығындағы жартылай қорытылған азықпен, кейін балықпен қоректендіреді.2,5айда жас құстар қанатына қонады.Наурыз айында ұшып келіп, көлдердің мұз басуына қарай ұшып кетеді.

Жыланжегіш қыран-Змееяд-Circaetus gallicus

Салмағы 1-1,5кг, қанат құлашы 1,8м-ге жететін өзіндік ерекшелігі бар жыртқыш ірі құс.Көзі үлкен,ақшыл-сары,құйрығы ұзын,көлденең жолақты.Құрсағы ақшыл,қанатының асты жіңішке көлденең сызықтармен торланған,мойны мен жемсауы қара, ұшуы жеңіл.Ұясын ағашта, жартасқа салады.Ақ түсті ешқандай дақсыз бір жұьыртқаны екеуі кезектесіп шайқайды.Жыландар мен кесірткелерді үлкен биіктікте ұшып жүріп аулайды,кейде ұсақ сүтқоректілер мен құстарды қорек етеді.Сәуір айынан қарашаға дейін кездеседі.


Слайд 13Тарғақ-Кречетка-Chettusia gregaria

Орташа денелі,180-200г-болатын дала шалшықшы құсы,реңі ақшыл,қоңыр-сұр, басының үсті мен

көзі арқылы қара жолвқ өтеді, ал арасындағы қасы аппақ.төсінің артқы бөлімі қара,құрсағы қызғылттау,құйрық асты ақ.Қысқа құрғақ шөпті, тапталмаған даланы ұнатады.4 шұбар жұмыртқаны аналығы жердегі шұңқырға салып,аталығы мен аналығы кезектесіп 3 апта шайқайды.Балапандары 4 аптадан кейін қанатына қонады.Насекомдармен,ауыл шаруашылығы зиянкестерімен қоректенеді.Наурыз айында келіп, қыркүйекте ұшып кетеді.

Ителгі-Балобан-Falco cherrud Gray

Отырықшы немесе жыл құсы, ұялау қаситеі анық көрінетін моногамды.
Басқалардың ұяларына немесе жартас пен шыңдардың құйысына қонады, ағаштарға сирек ұялайды. Ірі сұңқар,салмағы-0,8-1,1 кг,қанат құлашы 180см. Арқа жағы сұр,қанаттары қоңыр-қызыл жиекті, құрсақ жағы ақшыл, жемсауы
мен төсінде және құрсағында қара-қоңыр дақтар болады.Өздері ұя салмайды, қарғатектестер мен жыртқыш құстардың ұяларын пайдаланады.Ұядағы наурыз-сәуір айларында салған 2-4-6 қызғылт жұмыртқаларды 30 күндей аналығы шайқайды,
аталығы оларға қамқор болады.Құстармен,сол сияқты ұсақ сүтқоректілермен, саршұнақтармен қоректенеді.


Слайд 14Кішкене аққұтан-Малая белая цапля-Egretta garzetta
Өзіне ең жақын туысы үлкен аққұтаннан екі

есеге жуық кіші,биіктігі-60-65см.Қардай аппақ, аталығында екі ұзын тарқатылған қауырсынынан кекіл және арқасында шлейф пайда болған.Тұмсығы мен аяғы қара,саусақтары сары.Тайыз сулар мен ну қамыстарды ұнатады.Ұясын ағашқа салады,ұяда 3-5 жасылдау жұмыртқа болады.Әртүрлі насекомдар,бақалар мен балықтарды қорек етеді.Сәуір айынан қазанға дейін кездеседі.

Кіші аққу-Малый лебедь-Cygnus bewiskii

Біршама кіші, ұзындығы 127см,қанат құлашы 2м,салмағы 5-6кг.Мойны қысқа және тұмсығы қара болуымен ерекшеленеді.
Дауысы өте сыңғырлы.Ұясында 2-5 жұмыртқа болады,оларды аналығы шайқайды.
Балапандары ұшып кеткенге дейін бірге болады.
Бұл аққулар су және суүсті өсімдіктерімен қоректенеді.Қазақстанға сәуір айында ұшып келіп,қазан айында ұшып кетеді.


Слайд 15Ұзындығы 80см,қанат құлашы 220см,салмағы 2,5-3,3кг.Аққұйрық субүркітіне қарағанда ұзын,құйрығы жіңішке.Негізгі белгісі құйрығының

ортасында жалпақ ақ жолақ, оның түбі мен шетінде қара түспен шектелген. Ұясын қамыс құламасына және ағашқа салады. Ұяда 1-2 жұмыртқа болады.
Балық, су құстары, орташа денелі сүтқоректілермен қоректенеді. Ақпан айында ұшып келіп, қыркүйек – қазанда ұшып келеді. Қазақстанның оңтүстік бөлігін кейбіреулері қыстайды.

Біршама ірі-50см,қанат құлашы 1м,тырна-құтандар тұқымдасына жататын құс.
Қауырсынының жалпы түрі қызғылт-қоңыр,арқасы мен құйрық үсті және иығы қара,металл сияқты жасыл-күлгін реңді.Тұмсығы төмен қарай иілген.
Ұясын қоға мен қамыс құламаларына немесе ағашқа салады.Ұяда 4-5 жасыл-көгілдір жұмыртқаны ересек құстар 3 апта бойы шайқайды.
Негізінен насекомдармен,инеліктер личинкаларымен қоректенеді.
Сәуір айында ұшып келіп,қыркүйектің ортасы мен қазанның басында ұшып кетеді.


Слайд 16Салмағы 3 кг,қанат құлашы 205см, ірі қыран. Ерекше белгісі –қарақұстың иығында

ақ түсті қауырсындары болады.Мінезі және аулау әдістері бүркітке өте ұқсас. Жемтігі саршұнақ,қоян,аламан, кірпі,кейбір құстар,жыландар.Ағашқа өте үлкен ұяны 2 құс салады және әртүрлі бұтақтармен төсейді.Ұядағы 2-3 теңбіл жұмыртқаны
екі құс кезектесіп 43 күн басады. Ұядағы балапандарды 70 күндей қоректендіреді.Наурыз айында ұшып келіп,қараша айында ұшып кетеді.

Өте әдемі және ерекше құс,ірі болғанымен салмағы 4 кг-дай ғана.Қауырсындарының реңі қызғылт,олар шоғырлар құрып тіршілік етеді.Мұнара тәрізді ұяларының биіктігі 60 см.Конустың ұшындағы кішірек шұңқырға 1-3 ақшыл-сұр жұмыртқа салады,балапаны тұтастай сұр,кейін қызғылт түске боялады.Балапанын ересектері өздерінің жартылай қорытылған қорегімен қоректендіреді.Сәуірден қыркүйек айларына дейін кездеседі.


Слайд 17«Ырғыз-Торғай мемлекеттік
Табиғи резерватындағы»Қызыл Кітапқа
Енген құстардың тіршілік ету
жағдайы


Слайд 18Алакөл участогі
«бірқазан»
Қарабай


Слайд 19ИТАЛАҚАЗ
Шыбшың
тасшымшық


Слайд 20ҚОРЫТЫНДЫ
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар

берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Қазіргі кезде Қазақстанда кездесетін жыртқыш құстардың көбі, олар — Жыланшы қыран, бүркіт, Бақалтақ қыран, Дала қыраны, Қарақұс, Бүркіт, Ақиық субүркіт, Аққұйрық субүркіт, Жұртшы, Ақсұңқар, Ителгі, Лашын Қызыл кітапқа енгізілген.

Слайд 21НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика