?иял?а ерік беру. (2 шынды?, бір ?тірік) презентация

Содержание

Бейнетаспаға назар аудару

Слайд 1Психологиялық тренинг
Қиялға ерік беру.
(2 шындық, бір өтірік)


Слайд 2Бейнетаспаға назар аудару


Слайд 3Мұқағалидың “Үш бақытым” өлеңін еске түсіру
Топ ұстанымын, ережесін құрып, іліп қою.Топ

басшысын сайлау.

Әр шумағын оқушыларға айтқызу. Негізгі тірек сөзді тауып, топ құру.


Слайд 4Сәуірдің он жетісі


Мұқағали өлеңдеріндегі шыншылдық, тазалық, асқақтық


Слайд 5Сабақтың мақсаты:

1.Мақатаевтың өлеңдерінің негізгі идеясын, тақырыбын ашу. өлеңдерге сипаттама беріп, талдау,
шығармашылыққа

шыңдау.

2) Оқушыларды өлеңді өз беттерімен талдай білуге төселдіру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, сөйлеу, баяндау қабілеттерін арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

3) Адам бойындағы асыл қасиеттерді танып білуге, достыққа адамдар арасындағы қарым-қатынастар принциптерін сақтай білуге, адалдық, сезімталдық, бауырмалдық, қайырымдылық, адамгершілік,тазалыққа, жан сұлулығына тәрбиелеу.

Мақсаты:


Слайд 6 1. Мұқағали туралы не білеміз?

(оқушының мағынаны тануы)

Слайд 7М. Мақатаев 1931 жылы ақпан айының 9 жұлдызында Алматы облысының (қазіргі

) Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағали мектеп қабырғасында оқып жүргенде өлең жаза бастаған. Ол 10-шы сыныпты интернатта бітірген. ҚазМУ-ң филология факультетін бітірген. Университетте оқып жүргенде қызыл отау меңгерушісі, комсомол жетекшісі болды.
-М.Мақатаевтың ең бірінші жазған өлеңі “Қойшы бала Әкітай”. Бұл өлеңде ақынның өз өмірі суреттеледі. Ақынның тірісінде үш аудармасы жарыққа шықты. Оған Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы берілді, сондай-ақ “Ғасыр ақыны” атағы да берілген.
--М.Мақатаев поэзия жанрында ғана емес проза,драма саласында да қалам тартты. Ақынның 8 жыр жинағы жарық көрген. Поэмалары: “Райымбек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қайырлы түн”, “Арман”, “Досыма хат” , “Толғау” т.б.поэмалары бар.
-Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне Қазақстан композиторлары Нұрғиса Тілендиев, Алтынбек Қоразбаев және тағы басқа сазгерлер ән жазған.
-М.Мақатаев 1976 жылы дүниеден өтті, бірақ та ол өзінің артында көп мұра қалдырды, оның атында Алматы қаласында мектеп , көше және мұражай ашылған.

Слайд 82. Ойлап көр де ,ойнап көр


Слайд 9-Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің? 
-Сені іздеумен мәңгілік өтер едім. 
-Отқа

түсіп өртенсем, не етер едің? 
-Күл боп бірге соңыңнан кетер едім. 
-Бұлдырасам сағымдай не етер едің? 
-Жел боп қуып, ақыры жетер едім. 
-Қайғы әкелсем басыңа не етер едің? 
-Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.

Махаббат диалогы


Слайд 10Автограф
1.Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?...
Кектендірген хан

Жәңгір де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.
2.Түсінер ең,
Езбін бе, әлде ермін бе,
Байқар едің,
Артықпын ба, кеммін бе?...
Мен Спартак бола алмадым, не шара,
Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?!
3.Сырым да- осы,
Жырым да- осы,
Алдыңда.
Байқашы бір,
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!


Слайд 11Бақыт деген...
«Мұғалім бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін

мен қайдан білейін.»

1.Бақыт деген- сенің бала күндерің,
Бақытсыз- ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз- ақ ойнағаның күлгенің.
2.Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген- бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол- тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде- кім.
3.Бақыт деген- әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген- дәл қазір,
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
4.Бақыт іздеп, мал бақ мейлің, тас қала,
Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң,
Бақытты боп сорлап жүрсең- масқара!
5.Бақытың- мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім-
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім.


Слайд 13ПОСТЕР ҚОРҒАУ


Слайд 14Бесік басында
1.Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту

былай тұрсын, рұқсат жоқ ,
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге.
2.Ұйықта, ұлым, ұйықта, бөпем, қасыңдамын,
Керек емес, дүния, асылдарың!
Бақыт, байлық - барлығы менің үшін ,
Сенің бір кеп мойныма асылғаның.
3.Аймалайсың жанымды күлкіңменен,
Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.
He дейсің сен бұртиып, айтшы, сәулем,
Қытықтаған жүректі бір тілменен?
4...Қандай ғана анадан туады адам,
Сәбилердің ұйқысын куалаған?!
О, тыныштық! Тыныштық қандай рақат!
Қандай рақат сәбилер жыламаған!
5.Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Кім болсаң ол бол, мейлің, рұқсат жоқ,
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге!

Слайд 15Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!  Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.  Достық деген –

адамның көрігі екен,  Достық деген ақылдың серігі екен. Қыран күлкі-тамаша – бәрі осында,  Отырмын думан-тойдың арасында.  Береке бойдан асып жатқанымен,  Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба? Ұйытқып жатыр көңілде құйын-дауыл,  Неге сен келе алмадың жиынға бұл?!  Жыраққа жалғыз мені жібермеші , Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр! Әне, жұрт өзді-өзімен, сөйлеседі,  Өзімсіп: – Ей! – деседі, – өй! – деседі.  Шіркіндер-ай, даурығып тындар емес!  Есіме ап, тост көтерсем, кейде сені. Сенсіз көңіл қашан да хош тұрған ба?  Сенсіз думан – қызылсыз бос қырман да.  Әсіре ойнап қайтемін, әсіре күліп,  Сенің орның құлазып, бос тұрғанда.

Досым,сағансенемін


Слайд 161.Адамды адам түсінбеу -- бір ақырет,
Ойлы жас, түсініпсің, рақмет!
Рақмет! Жассың

ғой жалыны мол,
Жалыны мол және де қуаты көп.
2.Ойлы жас! Өлең -- менің бар тынысым,
Жақсы сөзім - жаны игі халқым үшін.
Атақ қуып, бақ қуып, даңқ қуып,
Біреулерден жүргем жоқ арту үшін.
3.Оңашада ойларын тыным еткен.
Біздейлердің мыңы кеп, мыңы кеткен.
Ақындар бар амалсыз бұғып өткен,
Ақындар бар ішінен тынып өткен.
Біздейлердің мыңы кеп, мыңы кеткен.
4.Бізді олардың балама біріне де,
Ұлыға да санама, іріге де.
Қалам тартқан қазақтың бәрі де ақын,
Абай, бірақ қайтадан тіріле ме?
5… Ойлы жас! Өлең менің сырласымдай,
Сырлассам да құмарым жүр басылмай.
Айтып өткен ақында арман бар ма,
Жүрегінің түбіне кір жасырмай...

Адамды
адам
түсінбеу-
бір ақырет


Слайд 17Ой қорыту
-Мұқағали Мақатаев кім?
-Қандай шығармаларын білеміз?
-Поэмаларын атап кетсек.


Слайд 18















Бағалау парақшасы


Слайд 19



Үйге тапсырма
Ақын өлеңдерін жаттау.
Поэмалары туралы мәліметтер жинау. “Ақ қайың әні” поэмасымен

танысу.

Слайд 20Мұқағалидің "Ильич”, "Ақ қайың әні”,
"Ару-ана”, "Мавр”, "Аққулар ұйықтағанда”, "Қырандастар, қош

болыңдар”, "Чили-шуағым менің”, "Шекарада”, "Большевиктер”, "Өмірдастан”, "Арман”, "Шолпан”, "Досыма хат”, "Алтай-Атырау”, "Отаным, саған айтам”, "Райымбек! Райымбек!”, "Қашқын”, "Жер үстінен репортаж”, "Моцарт. Жан азасы” атты поэмалары бар. 

Қосымша мәлімет


Слайд 21Рефлексия


Слайд 22Назарларыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика