Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі презентация

Ізгілік - адамның басты құндылығы Кәсіби  тұрғыдан  қарағанда  ізгілік  дегеніміз- жеке студенттердің өзіндік кәсіби қызмет саласын қоғамдық жауапкершілікпен бағалауға және дамытуға бағытталған азаматтық қасиет деп анықтама

Слайд 1Кісіге екі дүниеде пайдалы (нәрсе)
-Ізгі іс немесе мінезі түзулік.
Екіншісі -

ұят, үшіншісі - әділдік.
Бұл ушеуі арқылы адам шын бақыт табады
Жүсіп Баласағұн


Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі


Слайд 2Ізгілік - адамның басты құндылығы
Кәсіби  тұрғыдан  қарағанда 

ізгілік  дегеніміз- жеке студенттердің өзіндік кәсіби қызмет саласын қоғамдық жауапкершілікпен бағалауға және дамытуға бағытталған азаматтық қасиет деп анықтама берген.

Тарихи тұрғыда ізгілік адамдар арасындағы бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсіністікті, моральдық теңдік пен туысқандық бірлікті орнықтыруға жәрдемдесетін іс-қимылдар мен қоғамдық бастамаларды білдіреді.


Слайд 3АДАМГЕРШІЛІК — РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана

үлгісі (Ыбырай Алтынсарин)

Слайд 4Қазақ халқының отбасындағы ізгілік пен адамгершілік тәрбиесіне баулу жолдары:
Халқымыздың тәлім- тәрбиелік

мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.


Слайд 5 Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін

өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Жаратушының разылығын аңсаған халде бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі дұрыстың дұрысы.
Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Адам баласы дүниеден өткен соң оның амалы тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: Садақа жария, пайдалы ілім, артынан дұға қылатын ізгі ұрпақ»дегенін жеткізеді.

Слайд 6 Достық деген жан-дүниесімен арман мұратымен, іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тұтаса жақындасқан адамдардың берік

одағы. Шынайы дос болу әркімнің қолынан келе бермейді.

Слайд 7Махаббатпен жаратқан адамзатты...

Махаббатсыз дүние бос
Абай


Слайд 9
Мұсылмандар амандасқанда қалыптасқан дәстүр бойынша екі қолдап ер азаматтар жағы сәлемдеседі.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Екі мұсылман кездесіп қол алысатын болса, олардың күналары екеуі айырылысудан бұрын кешіріледі», – деп айтқан.

Слайд 10



Жомарттық     
Жауапкершілік
Ағайын-туысшылдық, жақынның қамын жеу
Елжандылық       
Даналық, алғырлық

            
Намысқойлық              
 Аманатшылдық, әйелге, әпке-қарындасқа деген қамқорлық       
 Еңбекқор
Аз сөзділік, көп істілік, сертінде тұру
 Талаптылық, іске беріктік  
Досқа адалдық, өсек, өтірік, ғайбаттан алыстық  

Слайд 11Қазақ қоғамындағы басты байлық адам болса, ақылды да иманды, парасатты да

тəрбиелі қыздар – ортаймайтын ең құнды қазына. «Қоғамды тəрбиелеймін десең, қызыңды тəрбиеле» деген қағиданың мəні қаншалықты терең болса, мазмұны соншалықты салмақты. «Қыз, əйел, ана» – қасиетті ұғымдар, өйткені өмірдің бастау-бұлағы анадан адамзат тарап, ұрпақ өсіп, ұлт қатары көбейеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді – тілі мен дінін, əдет-ғұрпы мен салт-дəстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін де əйел-ана. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тəрбиелеу ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.

Слайд 12Қазақ халық шығармаларындағы кейіпкерлер бейнесі


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика