Слайд 1Ақжайық ауданы
Чапаев ауылы
“Бөбек” балабақшасы
Музыка жетекшісі
Нурсаинова
Айжан Талгатовнаның
портфолиосы
Чапаев ауылы
2015 жыл
Музыка жетекшісі
Нурсаинова Айжан Талгатовнаның
портфолиосы
Чапаев ауылы
Слайд 2Мазмұны:
1. Ақпараттық бет
2. Мінездеме
3. Шығармашылық есеп
4. Диплом көшірмесі
5. Өз білімін жетілдіру
6.
Ұйымдастырылған ашық оқу іс – әрекеттері
7. Тәрбиелік шаралар
8. Пікірлер
9. Марапаттаулар
10. Фотоматериалдар
Жалпы мәліметтер.
Аты – жөні: Нурсаинова Айжан Талгатовна
Туған күні, айы, жылы: 19.07.1992 жыл
Туған жері: Ақжайық ауданы Чапаев ауылы
Мамандығы: «Музыкалық білім»
Білімі: жоғары
Жұмыс орны: Ақжайық ауданы Чапаев ауылы «Бөбек» балабақшасы
Қызметі: Саз жетекшісі
Проблемалық тақырыбы: «Музыка сауатын ашу арқылы балалардың эстетикалық талғамын дамыту».
Мекен – жайы: Ақжайық ауданы Чапаев ауылы Мендалиев көшесі 48 үй
Ұялы тел: 8(775) 132 – 41 – 52
Слайд 4 Өмірбаян.
Мен, Нурсаинова Айжан Талгатовна,
1992 жылы
19 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылында дүниеге келдім. Ұлтым - қазақ.
1999 – 2008 жылдар аралығында М. Әуезов атындағы ЖОББМ – де білім алдым.
2008 – 2012 жылдары Орал қаласындағы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде «Музыкалық білім беру» мамандығында білім алдым.
2012 – 2015 жылдар аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Музыкалық білім» мамандығын бітірдім.
Ата-анам бар: Әкем – Мұстаев Талғат Нұрсайынұлы, Ақжайық ауданы Чапаев ауылында Фитосанитарияда басшы. Анам – Мустаева Лариса Кажгалиевна, Ақжайық ауданы Чапаев ауылының ветеринариялық бөлімінде бас есепші қызметін атқарады.
Бүгінгі таңда Ақжайық ауданы Чапаев ауылының «Бөбек» балабақшасында музыка жетекшісі жұмысын атқарып келемін.
Слайд 6Мінездеме
Нурсаинова Айжан Талгатовна «Бөбек» мектепке дейінгі ұйымында саз жетекшісі жұмысын атқарып
келеді. Саз жетекшісі болып осы салада қызмет атқарған уақыт аралығында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу бағытында жете меңгерген мамандардың бірі.
Саз жетекшісінің мақсаты: бүлдіршіндерге музыкалық сауаттылықты меңгерте отырып, жас ерекшеліктеріне сай әндер үйрету.
Әр ұйымдастырылған оқу қызметінде маман балаларға бар қасиетін, яғни адами құндылықтары, қайырымдылық, қарапайымдылық адамға деген сүйіспеншілікті, үлкенге деген ізеттілікті, кішіге деген қамқорлықты ұялата білді.
Айжан Талгатовна әріптестер арасында беделі зор, ұйымдастырушылық қабілеті жақсы, тіл табыса білетін баланың жүрегіне жол тапқыш жан.
Коммуникативті қарым – қатынасты ата – ана арасында да өзін көрсете білді. Өзіне жүктелген тапсырмаларды өз бағытында орындай алады.
Жас маман болашақта ізденімпаз, еңбекқор талабымен шығармашылығын көрсетеді деп сенемін.
Балабақша меңгерушісі: Г. Ж. Кажгалиева
Слайд 8 Оқыту мен тәрбие егіз- деп бекер айтылмаған. Сондықтан біз өскелең ұрпақты
Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, халқымыздың ұлттық музыкасы арқылы олардың бойына өз елінің жетістіктері мен табыстарына, музыкалық мәдениетіне деген үлкен мақтаныш сүйіспеншілік, қызығушылық сезімдерін қалыптастыруымыз керек.
«Музыканы тыңдай және оны түсіне білу – эстетикалық мәдениеттің қарапайым ғана белгісі, бұл болмаса сапалы тәрбие беруді елестету мүмкін де емес» деп жазды ұлы педагог В.А.Сухомлинский.
Бүгінгі педагогтік тәжірибеде оны жүзеге асырудың көптеген әдіс-тәсілдері жинақталған. Солардың бірі-балаға эстетикалық тәрбие беру құралы балабақшадағы музыка сабағы. Сабақ барысында бүлдіршіндер музыкалық іс- әрекеттің барлық түрін ойын түрінде өтеді. Баланың сабақ барысында жалығып кетпеуі музыка жетекшісінің шеберлігіне, тәжірибесіне, біліміне байланысты.
Мен, Нурсаинова Айжан Талгатовна, осы «Бөбек» балабақшасында жұмысымды 2015 жылдан бастадым. Мұндағы шығармашылық тақырыбым: «Музыка сауатын ашу арқылы балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту».
Слайд 9 Осы 2015 жылдың наурыз айында балабақшада 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне
арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілік өтті. Аталған ертеңгілікте жас ерекшеліктеріне байланысты әр топ «Мама мейрамы», «Айналайын мама, туған күніңмен», «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен», «Мерекеңмен анашым» т.б. әндер жаттады.
22-наурыз Жаңа Жыл мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қош келдің Әз-Наурыз» атты ертеңгілікте балалар «Көктем келді», «Наурыз, Наурыз», «Наурыз – көктем», «Дастархан» әндерін орындады.
Балабақшаішілік қыздар арасында «Кішкентай ханшайым» байқауы өтті. Бұл байқауға 3-5 жас аралығындағы қыздар қатысты. Барлық қатысушылар байқаудың турларына жақсы дайындықпен қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Әрбір қатысушыға сыйлықтар беріліп, номинация бойынша марапатталды. «Бөбек ханшайымы» «Ақбота» тобының 5 жастағы бүлдіршіні Мақсотқызы Әсем атанды.
Слайд 10Балабақшаішілік қыздар арасындағы «Кішкентай ханшайым» байқауы
«Кішкентай ханшайым» байқауының жеңімпазы Мақсотқызы Асем
Слайд 11 2015 жылы мамыр айында өткен аудандық «Мерейлі отбасы» байқауына «Мөлдір бұлақ»
тобының тәрбиеленушісі Саркулова Тананың отбасы қатысып, «Өнерлі отбасы» аталымымен марапатталды.
Слайд 12 Сәуір айында «Жас Ұлан жарқылы» атты балабақша алаңында әскери ойындар өткізілді.
Бұл шарада барлық топ әскери киімдерін киіп, «Миналарды тап», «Кедергіден өт», «» деген ойындарды ойнап, қызығушылықпен қатысты.
Слайд 13 1 – мамыр халықаралық бірлік күніне арналған «Тату доспыз бәріміз» атты
ертеңгілік өткізілді. Бұл ертеңгілікте әр топ қазақ, орыс, украин, өзбек, грузин деген ұлттарға бөлініп өз өнерлерін көрсетті. Ұлттық салт – дәстүрлерімен таныстырып, әндерін, билерін орындап, ұлттық ойындарын ойнап, ұлттармен таныстырды.
Слайд 14 7 – мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған «Біз – еліміздің қорғаушыларымыз»
атты мерекелік шара өтті. Бұл мерекелік шараға «Бөбек» балабақшасының ерлер ұжымы және зейнеткерлер қонаққа шақырылды. Аталған шарада тәрбиеші Журинова Сұлушаш «Жеңіс солдаты» монологін оқыды, тәрбиеші көмекшісі Супиева Жания «Землянка» әнін орындап, «Рассказ танкиста» монологін оқыды. «Ақбота» тобының бүлдіршіндері «А я у садочок» әні мен «Вишенька – черешенька» биін орындады. «Бөбек» балабақшасының әйелдер ұжымынан құрылған хор «Соғыс әндерінен поппури» орындап, ерлерді мейрамдарымен құттықтады.
шара
Слайд 15 Жеңіс күнінің 70 – жылдығына орай ұйымдастырылған ҰОС ардагерлерімен кездесу өткізілді.
Балалар ҰОС ардагерлерімен кездесіп, әңгімелерін тыңдап, тақпақтарын айтып берді. «Әрқашан күн сөнбесін» әнін 3 тілде орындап ардагерлерді құттықтады.
Слайд 16 1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Сүйкімді ханшайым»
5 – 6 жас аралығындағы бүлдіршін арулар арасында өткен аудандық байқауға «Ақбота» ортаңғы топ тәрбиеленушісі Мақсот Әсем белсене қатысып, өз өнерін көрсетіп «Саусағынан бал тамған ханшайым» аталымымен марапатталды.
Слайд 17 10 маусым күні балабақша алаңында «Алақай, жаз келді!» атты музыкалық ойын
– сауық өтті. Шараның мақсаты: Балаларға жаз мезгілі туралы түсінік беру. Жаз мезгілін қарсы алуға үйрету. Жаздың табиғатымен таныстырып, табиғатты аялауға үйрету. Балаларды ойын – сауыққа шақыру арқылы музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру. Дидактикалық, қимылды қозғалыстар арқылы әуендердің түрлерін ажырата білуге және жылдамдыққа үйрету. Музыка арқылы балалардың эстетикалық талғамын ояту.
Ойын – сауықтың барысы бойынша балаларға қонаққа қарға мен жаз келді. Жаз мезгілі мен қонаққа келген қарға балалармен бірге «Айна», «Тышқан мен мысық», «Айдаһардың құйрығы», «Өз түсіңді тап», «Күн мен жаңбыр», «Торғайлар мен автомобиль» деген қызықты ойындар ойнап, «Бір оңға, бір солға» атты сергіту сәтіне қатысты. Музыкалық ойын – сауықтырудың соңында балалар флешмоб биледі.
Слайд 18 2016 – 2017 оқу жылының 1-ші жарты жылдығында қараша мен желтоқсан
айларында атаулы мерекелерге байланысты шаралар өтті. Атап айтсам, «Солдат шинелі» тәрбиешілердің қойылымын сахналауда Неміс рөлінде ойнадым.
МДҰ – да барлығы 6 топ болса, соның ішінде 3 топпен жұмыстандым, яғни 2 ортаңғы және 1 аралас ортаңғы топтарға күнтізбелік жоспар бойынша оқу қызметтерін өткіздім.
Слайд 19 Қазақстан Республикасының 25 – жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздікке 25 жыл» атты
мерекелік шараға белсене қатысқан болатынмын
және аталған мейрамға байланысты аудан орталығының басшысы М. А. Зиналиев пен МДҰ меңгерушісі Г. Ж. Кажгалиеваның Мадақтама грамоталарына ие болдым!
Слайд 20 «Төрлет, төрлет, Жаңа жыл!» атты балаларға арналған мерекелік ертеңгілікте «Ақбота» ортаңғы
тобынан Мутиева Нұрсая мен Мирболатқызы Аяулым «Расскажи, Снегурочка, где была» әнін саханалап дуэтпен орындады.
Барлық балалар хормен «Шырша жырын айтамыз», «Жасыл шырша жанында» атты әндерді орындады.
Слайд 21 «Айгөлек» ортаңғы тобынан Кыдирбек Найля, Туксейт Мадина, Салим Айару, Жұматай Айнат,
Алдаберген Назира орысша Частушки орындаса, Асылбек Нұрберген, Аймұрза Нұрасыл, Хабылбекова Даяна, Майлықұл Гүлназ, Сайлау Кәусар, Жалмуканова Зарина «Часики» атты әнге сылдырмақтар мен барабаннан құралған оркестр орындап шықты.
Балалар «Шырша жырын айтамыз», «Жасыл шырша жанында» атты әндерді хормен орындады.
Слайд 22 «Мөлдір бұлақ» ортаңғы тобынан Қайырболатова Айнеля мен Борисова Эвелина «Маленькая
страна» әнін дуэтпен және «Шырша жырын айтамыз», «Жасыл шырша жанында», «Елочка» әндерін хормен орындады.
Сонымен қатар Жаңа жыл мерекесінде «Балапан» 1- кіші тобында Ақшақардың рөлін ойнап, Аяз атамен бірге балаларға мейрам сыйладық.
Слайд 31Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Слайд 34
Нурсаинова Айжан Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжін тәмамдап «Бөбек» балабақшасына келіп
еңбек жолын бастады. Балабақшаға келген жас маман Нурсаинова Айжанға мені тәлімгер ұстаз етіп тағайындады. Жас маманды алдымен ұжыммен таныстырдым.
Жыл басынан жоспар құрылып, жұмыс жасауға мүмкіндіктер қарастырылды. Сонымен қатар жас маман Нурсаинова Айжан Талгатовнаны оқу іс – әрекеттеріне қатыстырып сараптама жасауға үйретіп, қиындық туғызатын мәселелері бойынша өзара пікірлесіп, шешімін таба білуге бағыт – бағдар көрсетіп отырдым.
Балабақша басшыларының берген тапсырмаларын бұлжытпай орындайды. Талапшыл, ізденіс үстінде өзіне деген сенімі мол ұстаз болуға бейімделуде.
Балалармен қарым – қатынас жасау, әріптестерімен сезімтал, тілектесшіл, мінез – құлқының орнықтылығы, мәселелерде идеялық таныту, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуді, кез – келген тапсырманы жанын сала беріліп, яғни есте қалатындай етіп орындауға, педагогикалық барлық қасиеттерді түсіне отырып еңбектенеді.
Жалпы Айжан туралы айтатын болсам айтқанды дұрыс қабылдайды, әдістемелік, шығармашылық шеберлігі арта түскені, үнемі ізденіс үстінде, білмегенін сұрап білуге тырысатыны, үлкендерді сыйлауы, ата – аналар және балалармен қарым – қатынасы өте жақсы деп бағалай аламын.
Өз басын көпшіліктің ортасында дұрыс алып жүру, ұжымда жарқын мінезді, адал, болашағынан көп үміт күттіретін, аға ұстаздардың ізін басушы жаңа заманға сай интернет, компьютер, электронды ақпараттар арқылы жұмыс жасай алатын, өз білімін жетілдіре білетін, шығармашыл ізденісте қажымайтын, ұстаз болуға бейімделіп, жаңа технологиялардың қыр – сырын меңгеріп аша алатындай маманның бірі болады деп бағалаймын.
Пікір беруші тәлімгер ұстазы А. С. Ибрашева
Слайд 42 2017 жылы қаңтар айында өткен XV – Республикалық «Ақ көгершін» балалар
шығармашылығы фестиваль – байқауына «Бөбек» балабақшасының бүлдіршіні Саркулова Тана қатысып 1 – ші дәрежелі дипломмен марапатталды.