Достық дегенді қалай түсінесіңдер? презентация

Сәлемдесу. Үлкенге де "Сіз", Кішіге де "Сіз". Бар адамға құрметпен, Бас иеміз біз.

Слайд 1

Достық


Слайд 2

Сәлемдесу.
Үлкенге де "Сіз", Кішіге де "Сіз". Бар адамға құрметпен, Бас

иеміз біз.

Слайд 3Дос көп еді жүретін сыр ақтарып, Жандарынан тұратын шуақ тамып. Домбырамның үні де

естіледі, Достарымның сырлары сияқтанып. Дос жүрегі қашанда аңсағаным, Соларменен қосылып ән саламын. Ақ пейілді аңсаған достарымды, Қуанышпен күлімдеп қарсы аламын. Көңіл – дария, толқыған асылдарым, Сендер менің жылдарым,ғасырларым. Тіршіліктің тұздығы – достық екен, Достарымнан ештеңе жасырмадым. Шын достықтың оттары жалындайды, Дос қамалдар ешқашан алынбайды. Дос көңілдер есепке бағынбайды, Дос үректер өсекке бағынбайды. Күн шығады дүниені нұрландырып, Достар әні өшпейтін бір мәңгілік. Дос көңілі сияқты шашырайды. Күннің өзі көктегі тұрған күліп.

Кел, ойланайық, пікірлесейік!


Слайд 4 1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Шын

досты қалай білуге болады? 3. «Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер? 4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?

Кел, ойланайық, пікірлесейік!


Слайд 5
ДОС
Көмектеседі
Шыншыл
Жанашыр
Қамқоршы
Ұқыпты
Білімді
Мейірімді
Адал
Қайырымды


Слайд 6Екі дос
Ертеде

ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына: - Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.

Слайд 7Екі дос
Қолбасы ойланып отырып,

оны сынамақ болады да: Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді. Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт. Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын. Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді. Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді. Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

Слайд 8 1. Екі жауынгер қалай дос болыпты? 2.

Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді? 3. Қосбасы оны қалай сынамақ болды? 4. Қолбасының өз әскерлерін алып кетуіне не себеп болды? 5. Бұлар қалай достасты?

Екі дос
(Ел аузынан)


Слайд 9Шын дос –
таусылмас қазына


Слайд 10Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?

Кіммен дос болғың келеді?
Сұрақ
Социометрия



Слайд 11Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру


Слайд 12Жігер деген – Мен
Күш деген – Мен
Махаббат деген – Мен
Кешірім деген

– Мен
Құдірет деген – Мен
Жасөспірімдік деген – Мен
Жастық шақ деген – Мен
Денсаулық деген – Мен
Адалдық деген – Мен
Жарқындылық деген – Мен
Бар ғажайып деген – Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.

Слайд 13

Тыңдағандарыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика