Ауыл мектептерінде информатика пәнін оқыту проблемалары презентация

Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екені даусыз. Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиямен қамтамасыз

Слайд 1АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Ин(о)-16-к
Аманжолқызы Ақнұр
Дүйсенғали Бибігүл


Слайд 2 Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын

меңгеруі тиіс. Ал теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екені даусыз. Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиямен қамтамасыз ету жұмыстары біршама іске асырылды. Енді сол ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үшін информатика пәнін оқытуда әдістемелік, ғылыми тұрғыдан жетілдіру жұмыстарының нақты жүйесін қалыптастыру қажеттігі туындады

Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмеген.


Слайд 3 Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту үрдісінде компьютерді

қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Қалыпты білім беру жүйесінде мұғалім-оқушы-оқулық түрінде құрылған үш жақты байланыс бұзылып, мұғалім-оқушы-компьютер-оқулық жүйесі пайда болды. Мұндай жүйеде білім беру, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді



Мұғалім-оқушы-компьютер-оқулық



Слайд 4Қазіргі таңдағы қазақ мектептерінің ең үлкен бір проблемасы. Қазіргі таңда мектептерге

түгел компьютер беріліп, жағдай біршама жақсарғаны шындық. Сонда да қазіргі уақытты көптеген мектептерде компьютер жетіспеушілігі байқалуда. Мысалы, аудан бойынша 3443-дей бала оқыса, ал мектептегі компьютердің саны небары-567, 1 компьютерге 6 оқушыдан келеді. Бұл компьютерлердің өзі ескі, қазіргі талапты қанағаттандыра алмайды. Оның себебі компьютердің жаңа талаптарға сай еместігі, қазіргі шығып жатқан кейбір электрондық оқулықтар мен оқу бағдарламаларымен жұмыс істей алмайтындығында.

Слайд 5 Мұғалімдер күнделікті жұмысында екі негізгі принципті ұстанады:
1.

Информатика пәнін оқытуда мемлекеттік білім стандартына қол жеткізу;
2. Осы мақсатта оқытудың тиімді әдістерін іздестіру. Бұл принциптің маңыздылығы неде?

Бүгінде қолданбалы бағдарламалардың адамзат іс-әрекетінде қолданбайтын жері жоқ. Мысалы: инженерлер инженерлік-графиктік бағдарламамен, дизайнерлер векторлық және растрлық бейнелік редакторлармен, экономисттер мен есепшілер 1С-Бухгалтерлік пакетімен жұмыс жасайды. Бұдан басқа Интернетке ену, электронды поштаны пайдалану өндірісте де, тұрмыста да өсіп келеді. Мұның бәрін мектеп курсында өту мүмкін емес. Сондықтан факультативтік сағаттар санын көбейтуге мүмкіндік болса.


Слайд 6. Сонымен қатар, қазіргі мектептерде оқу үрдісін ақпараттық технологиямен қамтамасыз етуге

ұмтылуда. Жоғарыдағы жағдайлар оқулықтардың дамуының жаңа кезеңі электронды оқулықтардың пайда болуына алып келді

Электронды оқулықты мынадай жағдайларда қолдануға болады
- теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
-сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауда көмектеседі;
-сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік берілген;
- емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдаланады;


Слайд 7 Дейтұрғанмен, шалғайдағы ауыл мектептері үшін бұл оқулықтар тек оқулық күйінде

қалуда. Электронды оқулық пен кәдімгі оқулықтың айырмашылығы көбінесе аздау болып жатады

Өйткені : ауыл мектептерінде Интернет жүйесіне шыға алмай қалған жағдайда, оқушылардың дербес шығармашылық жұмыстарына қажетті материалдарын оқи алатындай жағдайдағы электронды оқулықтар болса дейміз.
Бүгінгі таңдағы ауыл мектептеріне жеткізілген электрондық оқулықтар ашылмай қалады;
Жекелеген негізгі пәндерге арналған оқулықтар болмаса, кейбір пәндер бойынша оқулықтар жоқ


Слайд 8Еліміздің келешегі қазіргі оқушылар қолында екені даусыз. Қазақстан халқының 60%-ы ауылдық

жерде орналасқанын ескерсек, ауылдағы оқу процесіне АКТ-ны жалпы қолданысқа енгізудің қаншалықты маңызы зор екенін байқауға болады. Бірақ ауыл балалары мен мұғалімдері үшін қашықтан оқыту, интернет жүйесі арман ғана. Ауыл мұғалімдер әлі де плакатқа сызылған көрнекі құралдарды пайдаланады. Сол плакатын қолтықтап жүріп, жаңа педагогикалық технологияға қажырлылықпен, біліктілікпен, білімділікпен үн қосуда. Ауыл мектебінің әрқайсысына ең болмағанда бір-бірден мультимедиялық құралдар керек-ақ.

Слайд 9. Бүгінде мектептің мұғалімдеріне АКТ-ды қолданбай жұмыс істеу мүмкін еместігін түсінетін

кез келді. Сондықтан біз ұсынар едік:

Ауыл мектептері жаңа, сапалы компьютерлермен жеткілікті түрде жабдықталса;
Әр мектепте мультимедиалық құралдар жеткілікті болса;
Электронды оқулықтың мазмұны мен құрылымы жақсартылса;
Ауыл мектептері үшін қашықтан оқыту байланысы жақсартылса;
Информатика пәнінен әр сыныпта сағат саны көбейтілсе;
Бағдарлама бойынша сыныптар оқулықпен, әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілсе;
Білім стандартына сай қолданбалы бағдарламалармен жабдықталса. Қазақстанда оқыту ісін ақпараттандыру білім беру сапасын көтереді, оқушылардың әдістемелік өсу деңгейін қамтамасыз етеді.


Слайд 10Қорыта келе айтарымыз, оқу процесінде компьютерді қолдану техникалық жағынан да, психологиялық

жағынан да күрделі мәселе болып саналады. Бүгінде мектептің мұғалімдеріне АКТ-ды қолданбай жұмыс істеу мүмкін еместігін түсінетін кез келді. Орта арнаулы оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындау сапасын арттыруға және оқу-танымдық үрдісті ақпараттандыру арқылы жандандыруға мүмкіндік аламыз. «Қазiргi заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдiк стандартқа сай мүдделi жаңа бiлiм беру өте қажет» деп, Ел Президентi атап көрсеткендей жас ұрпаққа бiлiм беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдiсiнде оңтайландыру мен тиiмдiлiгiн арттырудың маңызы зор.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика