Өндірістік ортаның ластануына байланысты жұмыс істейтін халықтың денсаулық жағдайын бағалау әдістері мен критериі презентация

Еңбек жағдайын жеңілдету - өндірістің негізгі тапсырмасы. Еңбекті қорғау сұрағына көңіл бөлу және техника қауіпсіздік ережесін орындаудағы талап етуді арттыру барлық өндіріс бастықтарының күнделікті тапсырмасы болып

Слайд 1С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Еңбек гигиенасы кафедрасы
Тақырыбы:

Өндірістік ортаның ластануына байланысты жұмыс істейтін халықтың денсаулық жағдайын бағалау әдістері мен критериі

Факультет: МПД
Курс: 5
Топ: 503-1
Орындаған:Нұрмахан А
Қабылдаған:
.


Слайд 2 Еңбек жағдайын жеңілдету - өндірістің негізгі

тапсырмасы. Еңбекті қорғау сұрағына көңіл бөлу және техника қауіпсіздік ережесін орындаудағы талап етуді арттыру барлық өндіріс бастықтарының күнделікті тапсырмасы болып табылады.

Слайд 3 Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін еңбек заңы

әкімшілікке өндірістік жарақаттануды ескертетін және санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ететін, жұмысшылар мен қызметкерлерде кәсіптік аурулардың пайда болуына шек қоятын жаңа техника құралдарын енгізуді міндеттейді.

Слайд 4
Жұмыс құрылғылары сол жабдық түріне бекітілген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі керек,

ескерту белгісі болуы қажет және жұмыс орнында жұмысшының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныс құрылғыларымен жабдықталған болуы тиіс. 
Жұмысшылардың апаттан шығатын жолдары мен шығу есіктері кез келген уақытта ашық болуы керек және ашық ауаға немесе қауіпсіз аймаққа жеткізуі қажет. 

Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары: 


Слайд 5
Жұмысшылардың қауіпті өндіріс орындарында жұмыс істеу үшін жеке қорғаныс құралдары болуы

керек, соның ішінде биікте, жерасты жағдайында, ашық кеңістікте, теңіз қайраңы мен ішкі су қоймаларында. 
Жұмыс орны орналасқан жерде жұмыс уақытында температура, жасанды және табиғи жарықтығы, сонымен қатар кеңістіктің желдеуі еңбек қауіпсіздігіне сәйкес келуі тиіс.

Слайд 6 Қазақстан Республикасының заңнамасы барлық өндірістік ұйымдардың қызметкерлерін өз қызметтік міндеттерін

қауіпсіз орындау мақсатында сәйкес дайындық пен білімділігін тексеруден өтуге міндеттейді. Техника қауіпсізідігінің барлық ережелерін және талаптарын білу өндірісте жұмыс істейтін әрбір жұмысшының міндеті болып табылады. Өндірістегі жұмыс істейтіндердің барлығы өндірісте жүргізілетін жеке жұмыстардың барлық түрімен қауіпсіз жұмыс тәсілдерін білуі керек.

Слайд 7 Өндірісте жұмыс істейтіндердің барлығы кую және электр тогымен зақымдану кезіндегі

алғашқы дәрігерлік көмекті көрсете алуы керек. Өндірісте    жұмыс    істейтін   қызметкерлер    өрт сөндіретін    алғашқы құралдардың қайда тұратындығын, оны қалай қолдану керектігін және жедел жәрдем мен өрт сөндіру тобын шақыру ретін білуі керек.


Слайд 8 Аспап пен механизмді қолданудың нұсқауларын білу керек. Аспап немесе  механизмнен

ақау тапқан  жағдайда сол мезетте аспапты электртогымен қамтамасыз ететін рубильникті    өшіру керек.  Аспап пен механизмді қауіпсіз жұмыс күйінде ұстау керек  және оның сенімділігі мен қауіпсіздігіне көз жеткізіп, үнемі тексерістен өткізіп түру керек.

Слайд 9Жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде котлавандар мен траншеяларда зиянды газдардың пайда

болуы жағдайлары да болады. Мұндай жағдайларда жұмысты тез арада тоқтату керек, ал жұмысшыларды зиянды жерлерден ол жер залалсызданғанша және газдың пайда болу себебі анықталғанша алып кету керек. Тек толық қауіпсіз жағдай орнаған соң ғана жұмысты жалғастыруға болады.


Слайд 10Қорғаныс қолғаптарын қолға қауіпті химиялық заттардың, өткір құралдардың және өте жоғары немесе

өте төмен температуралардың әсері тиюі мүмкін кездерде қию керек.
Қорғаныс қолғаптарының түрі жүргізілетін жұмыстарға қатысты қауіпті факторларға байланысты таңдалып алынады. Әр жұмыстың сипатына байланысты қолғап мүмкін болатын химиялық қауіптің түріне және де жұмыс істеу кезіндегі қолдың еркін қозғалысын қамтамасыз етуді ескере отыра жасалады.


Слайд 11 Адам жүретін жолдары, кіру, авариялық шығу, өрт құралдары, көз шаюға

арналған сұйықтық және де сөндіргіштері бар электрощиттер әрқашан да қолдануға дайын тұруы керек және олар тұрған орын басқа бөтен материалдармен көлегейленбеуі керек. Ғимаратта авариялық жағдай орын алған кезде қызметкерлер тез арада шыға алатындай шығу есіктері болуы керек. Бұл шығу есіктері сол жерден басқа қауіпсіз аймаққа өтуге болатындай, көшеге немесе басқа да ашық алаңдарға шығуға мүмкіндік беруі керек.

Слайд 12Алексеев С.В., Усенко В.Р., Гигиена труда. Оқулық. Медицина 1998.
Руководство к практическим

занятиям по гигиене труда. Кириллов В.Ф. М.- Медицина 2008ж.

Пайдаланылған әдебиеттер:


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика