тиіс; зиянды заттардың, қарқынды шудың және басқа факторлардың көзі болып табылатын жабдықты және процестерді оқшаулау керек.
Санитарлық нормалармен 1 жұмыс істеушіге кемінде 4,5 м2 аудан және кемінде 15 м3 көлем қарастырылған.
Бірқатар технологиялық процестер үшін бөлмелердің іштен өңделуінің маңызды гигиеналық мәні бар. Маңызды гигиеналық талап болып бөлмелер мен жабдықтың түспен өңделуі (климатты, құрылыс ауданын, ғимараттардың бағдарын ескере отырып) табылады, түспен өңдеуді «Өндірістік бөлмелердің және технологиялық жабдықтың бетін түспен ұтымды өңдеу жөніндегі нұсқауларға» сәйкес жүргізген жөн.
Фонарьсыз жарық беретін шамдар және терезесіз өндірістік ғимараттарды өнеркәсіптік тұрғызуға технологиялық үрдіске, жабдыққа, тиімді вентиляцияны және ұтымды жасанды жарықтандыруды орнатуға қойылатын қатаң гигиеналық талаптардың сақталуы жағдайында, технологиялық қажеттілікке байланысты ғана жол беріледі.
Технологиялық жабдыққа қойылатын гигиеналық талаптар жекелеген өндірістік факторларға санитарлық нормативтермен, сонымен қатар салалық мақсаттағы санитарлық ережелермен анықталады.