Орындаған: Шапатова Ж.Е.
Тобы: 503 ҚДС
Тексерген: аға оқытушы Каюпова Ш.Қ.
.
Астана 2017жыл
Астана 2017жыл
Заңдылық
Технологиялық
Техникалық және санитарлық-техникалық
Ұйымдастыру
Емдеу-алдын алу
Технологиялық
Технологиялық шаралар барлық сауықтыру шараларының ішіндегі ең тиімдісі болып саналады. Өндіріс технологиясын өзгерте отырып, зиянды факторды толық жоюға немесе оның деңгейін қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге болады. Технологиялық шараларға, мысалы, келесілер жатады: құрғақ бұрғылауды, шаңдануды едәуір төмендететін, ылғалды бұрғылаумен алмастыру; пневмобалғалармен шегелеуді нүктелік дәнекерлеумен алмастыру шу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді; қалдықтарды қайталап қолдануды енгізу; технологиялық үрдістегі қауіпті және зиянды химиялық қосылыстарды қауіптілігі аз қосылыстармен ауыстыру және т.с.с. жатады.
Техникалық және санитарлық-техникалық
Техникалық және санитарлық-техникалық шараларға, өндіріс технологиясын өзгертпей, техникалық құралдардың көмегімен өндірістік ортаның зиянды факторларының әсерін азайтуға мүмкіндік беретін, шараларды жатқызады. Шаралардың бұл тобына өндірістік үрдістерді механикаландыру және автоматтандыру, улы немесе шаңданатын материалдарды өңдейтін жабдықтарды саңылаусыз етіп бекіту (герметизация), дыбыс өткізбейтін қаптамаларды қолдану, шулы бөлмелерде акустикалық экрандар қолдану, тиімді жергілікті және жалпы ауа алмастыратын желдету түрлері және т.с.с. жатады.
Ұйымдастыру
Ұйымдастыру шаралары еңбек үрдісін оңтайлы ұйымдастыруға, жұмысшылардың жұмыс орнын, жұмыс істеу кезіндегі дене қалпын, қозғалыстарын, еңбек және демалу тәртіптерін оңтайландыруға, зиянды факторлармен қатынаста болу уақытының ұзақтығын шектеуге және т.б. бағытталған. Мысалы, рұқсат етілген шегінен аспайтын діріл деңгейінде жұмыс істеу кезінде, жұмысшының дірілмен байланыста болу уақыты жұмыс ауысымы уақытының ⅔ бөлігінен артық болмауы тиіс. Бұған демалу үшін қосымша регламенттелген үзілістерді енгізу, сонымен қатар, өзара алмасып жұмыс істей алатын мамандары бар кешенді бригадалар құру сияқты, ұйымдастыру шараларымен қол жеткізеді. Мұндай бригадаларда әрбір жұмысшы бірнеше мамандықты меңгереді, бұл оған бүкіл жұмыс ауысымы бойына, үнемі қауіпті діріл туғызатын жабдықтармен ғана жұмыс істемей, басқа жұмыс түрлерін де орындауға мүмкіндік береді.
Емдеу-алдын алу
Емдеу-алдын-алу шараларын цех дәрігері және өнеркәсіп жұмысшыларына қызмет көрсететін медицина мекемелерінің басқа да мамандары атқарады. Бұл мекемелерге медициналық-санитарлық бөлімдер, дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық сақтау пункттері сияқты,өнеркәсіп кәсіпорындары жанындағы денсаулық сақтау мекемелерінің арнайы жүйесі және де елді мекеннің аумақтық жүйесінің медициналық мекемелері: емханалар, ауруханалар, диспансерлер — жатады.
Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть