Слайд 2Анықтамалар
Статистикалық көрсеткіш (СК)– бұл сапалық анықталғандық жағдайындағы әлеуметтік – экономикалық
құбылыстар мне процестердің сандық сипаттамасы
Сапалық анықталғандық –зерттелетін құбылыстар мен процестердің көрсеткішпен тікелей байланыстылығын көрсетеді
Статистикалық көрсеткіштер жүйесі (СКЖ) – бұл нақты міндеттерді шешуге бағытталған өзара байланысқан көрсеткіштерінің жиынтығы
Слайд 3Белгіге қарағанда, статистикалық көрсеткіштің айырмашылығы, статистикалық көрсеткіш, көбінесе, есептеу табылады
Келесі статистикалық
көрсеткіштерді ажыратады:
Нақты статистикалық көрсеткіштер (НСК) – бір жерде және бір уақытта зерттелетін құбылыстың (процестің) мөлшерін, шамасынсипаттайды
Көрсеткіш-категория (К-К) –орны мен уақыты көрсетпегенде НСК-тің жалпы ерекше қасиеттерін көрсетеді
Слайд 5ЖК – Бөлек объектіні немесе жиынтық бірлігін сипаттайды
ЖнқК – бірліктер жиынтық
тобын сипаттайды
КөлК – бөлек бірліктер жиынтығының белгі мәндеін қосу жолымен табылады
ЕК – формулалар арқылы есептелінеді жіне статистикалық міндерттерді шешу үшін қолданылады
ҚК – екі абсолюттік көрсеткіштердің бөлінді түрінде берілген көрсеткіш
АК – зерттелетін құбылыстың көлемін (мөлшерін) айқындайтын көрсеткіш
ОК - біртекті бірліктер жиынтығы өзгермелі белгісін қорытындылап көрсетеді
Слайд 6Абсолюттік статистикалық көрсеткіштер (АСК)
Жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін, көлемін өздеріне ғана тән
сандық көрсеткіштер арқылы көрсететін жалпы көрсеткіш. Оған мысал ретінде бір жұмысшының бір ауысымдағы дайындаған тетіктерінің санын, бір жұмысшының айлық табысын, әрбір отбасындағы балалардың санын және т.б. алуға болады.
Бұл бастапқы көрсеткіш; есептеусіз кестелерден алынған сандар
Бұл аталған, өлшем бірлігі арқылы айқындалатын көрсеткіштер
Мысалы, топтағы студенттердің саны, белгілі бір уақыт аралығындағы өндірілген өнімнің көлемі, халық саны, сауда көлемі, халықтың табысы, ЖІӨ және т.б.
Слайд 7ЖАСК – жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін, көлемін өздеріне ғана тән сандық
көрсеткіштер арқылы көрсетеді. (бір жұмысшының бір ауысымдағы дайындаған тетіктерінің санын, бір жұмысшының айлық табысын, әрбір отбасындағы балалардың санын және т.б. )
ЖнқАСК – жеке абсолюттік шамалардың қосындысынан алынады (халық санағы кезінде республика бойынша жалпы халықтың саны алынады)
Слайд 9Жеке абсолюттік шамалар жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін, көлемін өздеріне ғана тән
сандық көрсеткіштер арқылы көрсетеді. Оған мысал ретінде бір жұмысшының бір ауысымдағы дайындаған тетіктерінің санын, бір жұмысшының айлық табысын, әрбір отбасындағы балалардың санын және т.б. алуға болады.
Слайд 10Жалпы, абсолюттік шамалар жеке абсолюттік шамалардың қосындысынан алынады. Мысалы, халық санағы
кезінде республика бойынша жалпы халықтың саны алынады. Ол әрбір адамның жиынтығынан құралады. Жалпы абсолюттік шамалар қоғамымыздағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді көрсететін жиынтық көрсеткіштер және оны күрделі зерттеу жұмыстарында пайдаланады. Олай болса, жалпы абсолюттік шамалар статистикалық қорытындылаушы, жинақтаушы көрсеткіш болып саналады.
Слайд 11Абсолюттік шамалар қоғамдық құбылыстар мен процестердің табиғи негізін бейнелейді. Сол себепті
зерттеліп отырған объектінің (зерзаттың) - әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты көрсетілетін өлшем бірліктері атаулы сандар болып келеді және оны табиғи (натуралдык), еңбек және ақ-шалай өлшем бірліктерін қолдану арқылы есептейді.
Слайд 12Табиғи (натуралдық) өлшем бірлігі сол қарастырылып отырған заттың, нәрсенің өзіне тән
табиғи-физикалық қасиеттеріне байланысты қолданылатын өлшем бірліктері. Оған салмақ, көлем, ұзындық сияқты мөлшерлік өлшем бірліктері жатады. Мысалы, тоқылған мата — метрмен, болат қорыту — тоннамен, даярланған тетіктер — данамен, сауылған сүт — литрмен, жер — гектармен, т.с.с. өлшем бірліктерімен өлшенеді.
Слайд 13Жоғарыда көрсетілген табиғи (натуралдык) өлшем бірліктерінен басқа әрбір өндірілген өнімнің сорты
мен сапасын анықтау үшін сапалық өлшем бірліктер де қолданылады. Оны қолдану кезінде өндірілген өнімнің жоғарғы және төменгі дәрежедегі сапасын ажыратуға толық мүмкіндік туады. Бұл әр түрлі өнім өндіруші кәсіпорындар мен шаруашылықтардың жұмыс сапасын анықтаушы өлшем бірлігі болып саналады және статистикалық есеп беру формаларында өндірілген өнімнің сорты мен сапасы, түріне қарай бөлек көрсетіледі. Осыған байланысты жоғары сортты өнім өндірудің көлемін барынша арттыру әрбір өнім өндірушінің алдына қойған негізгі мақсаты болып табылады.
Слайд 14Кейбір жағдайларда сол қаралып отырған заттардың құрамы мен құрылымына байланысты екі
түрлі табиғи өлшем бірліктері бір өлшемде қатар қолданылады. Мысалы, пайдаланылған электр қуаттары — киловатт-сағатпен, тасылған жүктер — тонна-километрмен өлшенеді.
Слайд 15Табиғи (натуралдық) өлшеммен қоса шартты-табиғи өлшем бірліктері де қолданылады. Оған өзінің
қолданылуы жағынан бірдей, ал сапалық құрамы жағынан әр түрлі өнімдерді, заттарды бір өлшемге келтіру арқылы, жалпы көлемін есептеу үшін пайдаланылады. Оны есептеу кезінде арнайы коэффициенттер жүйесі қолданылады. Мысалы, шаруашылықта қуаттылығы ат күшімен берілген әр түрлі техника бар деп есептейтік. Ал, жалпы ат күші бойынша мөлшерді анықтау үшін, әрбір техниканың сандық көрсеткішін арнайы берілген коэффициентке көбейтеміз. Сонда шаруашылық бойынша, техника қуаттылығының шартты түрдегі ат күшімен есептегендегі жалпы санын анықтауға болады.
Слайд 16Шартты-табиғи өлшем бірліктерін қолдану және
есептеу кезінде орташа көрсеткіштерді пайдалануға
болады.
Мысалы, дүкенге 100 қап ұн әкелінген
және оның бір қабының орташа салмагы 50 кг десек,
онда ұнның жалпы салмағын есептеу үшін орташа
салмақты қаптың санына қөбейтеміз
(50 х 100 = = 5000 кг немесе 5,0 тонна).
Осы тәсілді қолдана отырып, басқа да көрсеткіштерді
есептеуге болады.
Слайд 17Еңбек өлшем бірліктері өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытының
мөлшерін анықтауға арналған. Ол адам-сағат, адам-күн, адам-жыл сияқты өлшем бірліктерін қолдану арқылы өлшенеді, яғни бір адамның бір сағат, күн және жыл ішінде істеген жұмысының нәтижесін көрсетуге болады және оны ақшалай өлшемге айнал-дыруға тура келеді.
Слайд 18Ақшалай өлшем бірліктері өндірілген өнімнің өзіндік құнын, еңбекақы көлемін, таза пайда
мен зиянды, банк несиесімен есептесу және т.б. көрсеткіштерді жинақтау үшін қолданылады. Ақшалай өлшем бірлігіне теңге жатады. Бірақ, біздің республикамыз бойынша кейінгі жылдары шет елдермен экономикалық және сауда-саттық тауар айналымының өркендеуіне, шетелдік инвестицияның енгізілуіне байланысты доллар мен еуро ақшалай өлшем бірлігі ретінде қолданыла бастады. Сонымен бірге, есеп айырысу үшін ақшалай өлшем бірліктері өте қажет болады.
Слайд 19ҚАТЫСТЫ СТАТИСТИКАЛЫҚ ШАМАЛАР(ҚСК)
Қатысты шамалар деп қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың екі нақты
шама қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштерді айтады
ҚСК қорытындылаушы көрсеткіштің негізгі түрінің бірі болып саналады. Себебі оның нәтижесінде абсолюттік шама көрсеткіштеріне талдау, қорытынды жасауға толық мүмкіндік туады.
Бұл екіншілік есептеліп алынатын мәліметтер
Слайд 20Қатысты көрсеткіштер екі санның қатынасы түрінде есептелінеді
Алымын салыстыру (ағындағы) шама деп
атайды
Бөлгішін қатысты салыстырманың негізі немесе базалық шама деп атайды (бұдан бұрынғы шамасы)
ҚСК
Салыстыру шамасы
Қатысты салыстырманың базасы
Слайд 21ҚСК келесі түрде өлшенеді:
коэффициенттер
проценттер
промильдер %о (проценттің оннан бір бөлігі)
продецемильдер %оо (проценттік
жүзден бір бөлігі)
Аталған сандар (км, кг, га …)
Статистикалық зерттеудің міндерттеріне байланысты ҚСК нысаны таңдалады
Слайд 22Салыстыру негізін 1-ге тең деп, екі көрсеткішті бір-бірімен салыстырсақ, онда салыстыру
нәтижесінің өлшем бірлігі коэффициентпен беріледі, яғни оның неше есеге артық немесе кем екені көрсетіледі. Мысалы, 2005-жылғы мәліметтер бойынша республика тұрғындарының 8,6 миллионы қалалық болса, ал 1999-жылғы халық санағы бойынша бұл көрсеткіш 8,4 миллион адам болған. Демек, 2005-жылғы қала халқының саны 1999-жылмен салыстырғанда 1,02 есеге көбейген (8,6 : 8,4 = 1,02).
Слайд 23Егер салыстыру негізін 100-ге тең деп алсақ, онда өлшем бірлігі процентпен
беріледі. Сонда салыстырылатын шаманың базалық шамадан қанша процентке артық немесе кем екені айқын аңғарылады. Бір шама бөлшектің негізгі шамадағы үлесін анықтау үшін, сол берілген шама бөлшегін негізгі шамаға бөлу керек.
Слайд 24Кейде қатысты шаманың есептелген көрсеткіштері ұсақталып, бөлшектеніп кетпеу үшін %о (промиль)
не %оо (продецимиль) өлшем бірліктері де қолданылады. Егер салыстыру негізі 1000-ға тең болса, %о (промильмен), ал 10000-ға тең болса, %оо (продецимильмен) өлшенеді. Бірақ, бұл өлшем бірліктері есептеу кезінде көрсеткіш ретінде халықтың сандық құрамы алынатын болса ғана қолданылады. Мысалы, 2005-жылы республикадағы халықтың саны 15,1 млн. адам, ал жыл ішінде 152,2 мыңы қайтыс болған. Демек, бұл - 1000 адамға шаққанда 10,1 адам өлім-жітімге ұшырады деген сөз. Осы тәсілмен басқа да көрсеткіштерді есептеп шығаруға болады.
Слайд 25Сонымен, статистикалық қатысты шамалар әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді бір-бірімен салыстыру кезінде
олардың өзге-руін, дамуын, құрылымын анықтауға, талдауға мүмкіндік береді және сол берілген сандық көрсеткіштердің қатынасына, мәні мен мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оған жататындар төмендегілер: жоспардың орындалуы, жоспарлық тапсырма, динамикасы, құрылымдық, үйлестіктік, үдемелілік (пәрменділік), салыстырмалылық, дәрежелілік.
Слайд 26Маңызы бойынша ҚСК түрлері:
Жоспарлық тапсырманың қатысты шамасы және Жоспардың орындалуының қатысты
шамасы
Динамиканың қатысты шамасы
Құрылымның қатысты шамасы
Үйлестіктіктің қатысты шамасы
Үдемеліліктің (пәрменділіктің) қатысты шамасы
Салыстырмалылық қатысты шама
Слайд 27Жоспарлық тапсырманың қатысты шамасы/көрсеткіші (ЖТҚК)
жоспар бойынша қоғамдық құбылыстар мен процестердің өткен
уақыттағы нақты орындалғанымен салыстырғанда қаншалық өсетіндігін немесе кемитіндігін бағдарлама арқылы көрсету болып табылады. Оны есептеу үшін көрсеткіштің жоспарланған мәнін өткен уақыттағы нақты орындалған мәніне бөлеміз және мынадай схема немесе формула арқылы есептейміз.
Проценттерде көрсетілген
Слайд 28Үйлестіктіктің қатысты шамасы деп жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің өзара қатынастарын айтады.
Мысалы, дүниеге келген ұлдар мен қыз балалардың санының қатынасы, жұмысшылар мен қызметкерлер санының қатынасы, қала мен ауыл тұрғандары санының қатынасы және т.б. Үйлестіктік қатысты шамаларды есептегенде жалпы жиынтықтың құрамдас бөліктерінің біреуін салыстыру негізі (базалық) ретінде алып, қалған бөліктерінің осыған қатынасын табады. Нәтижесінде, салыстырып отырған бөлік салыстыру негізінен неше есе көп не аз екенін немесе салыстыру негізінің 1, 10, 100, 1000 бірліктеріне салыстырып отырған бөліктің неше бірлігі сәйкес ке- летінін білуге болады. Мысалы, республикамызда 2005-жылдың басында 8615 мың қала тұрғындары және 8460 мың ауыл тұрғындары болды. Яғни әрбір 1000 ауыл тұрғынына 1334 қала тұрғыны ( /8615 : 6460/ * 1000 = 1334) келді және т.с.с.
Слайд 29Үдемеліліктің (пәрменділіктің) қатысты шамасы аттас емес көрсеткіштердің қатынасын сипаттайды. Олар жинақтың
әр түрлі көрсеткіштерінің қатынасын немесе бір-бірімен байланысты екі жиынтық көрсеткіштер қатынасының белгілі бір ортаға таралуын көрсетеді. Мысалы, Қазақстан бойынша 2005-жылы 1000 адамға шыққанда туу коэффициенті - 18,2, өлім-жітім – 10,1, табиғи өсу - 8,1 коэффициент (промиль есебімен) болды. Бұл көрсеткіштер облыстар бойынша әр түрлі коэффициенттермен сипатталуда. Бірақ, барлық облыстар үшін республикалық ортақ көрсеткіш таратылады. Үдемелілік (пәрменділік) қатысты шамаларды есептегенде оның негізі ретінде алынған көрсеткіштердің 1, 100, 1000, 10000 сандарына зерттелетін объектінің (зерзаттың) қандай шамасы келетіні анықталады.
Слайд 30Жоспарлық тапсырманың қатысты шамасы/көрсеткіші (ЖТҚК) есептеу мысалы
Есептеу жылдың қантарында фирманың жалпы
табысы 1500 мың теңге болды, ал ақпанда тауар айналымының жоспары 1800 мың теңге болды. Определить ОППЗ.
Яғни ақпанда фирманың жалпы табысының жоспарын 20% жоспарлық көбейту қарастырылады
Слайд 31Жоспардың орындалуының қатысты шамасы/көрсеткіш (ЖОҚШ)
Жоспардың орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Көрсеткіштің нақты және
жоспарлы деңгейлерінің қатысын көрсетеді
Процентпен көрсетіледі
Слайд 32Жоспардың орындалуының қатысты шамасы/көрсеткіш (ЖОҚШ) есептеу мысалы
Есептеу кезеңнің ақпан айында фирманың
жалпы табысы 2055, 5 мың теңге, жоспары 1800 мың теңге. Ағындағы жылдағы жалпы табыс бойынша фирманың жоспарының орындалуын анықтау керек.
Сонымен жалпы табыс бойынша жоспар 114,2% орындалды, яғни жоспардың артық орындалғаны 14,2% болды.
Слайд 33Динамиканың қатысты шамасы
(ДҚШ) – өсу қарқыны
құбылыстың уақытқа байланысты өзгеру мөлшерін
білдіреді.
Жоспарлауда, талдауда және статистикада қолданылады
ДКК = Ағындағы көрсеткіш / Алдындағы
немесе базистік
көрсеткіш
Коэффициенттер немесе проценттер арқылы көрсетіледі
Слайд 34Динамиканы есептеу үшін салыстырылатын уақыттағы көрсеткіш мәнінің өткен уақыттағы бір мәніне
қатынасы арқылы есептеледі, яғни уақытқа қарай құбылыстар мен процестердің өзгеру қарқыны көрсетіледі. Оны есептеу үшін төменде берілген схеманы немесе формуланы қолданамыз:
Слайд 35Жоғарыда көрсетілген қатысты шамалар бір-бірімен өзара байланысты болады. Сол байланысты көрсету
үшін төменде берілген формулаға зер салайық:
Бұдан динамиканың қатысты шамасы жоспарлық тапсырманың және жоспардың орындалу көрсеткіштерінің көбейтіндісіне тең деген ұғымды аңғарамыз. Демек, бұл байланыстылықтың статистикалық зерттеудегі атқаратын рөлі мен тәжірибелік мәні өте жоғары деп бағалауға болады және бұл үш шаманың екеуі белгілі болса, онда үшіншісін әрқашан да есептеп шығаруға толық болады.
Слайд 36Өсу қарқынын есептеу барысындағы кезеңдер түрлері
1. Базистік өсу қарқындары
Бір тұрақты салыстырмалы
базаға қатысты есептелінеді, яғни бастапқы деңгеймен салыстырылып
Слайд 372. Тізбекті өсу қарқыны
Өзгермелі салыстырмалы базаға қатысты есептелінеді, яғни әр кезеңде
өткен кезеңге қатысты
Өсу қарқынын есептеу барысындағы кезеңдер түрлері
Слайд 38Динамиканың қатысты шамасы
(ДҚШ) – өсу қарқынынын есептеу мысалы
2007-2010 жыл аралығының
ішіндегі сауда кәсіпорынының қызметкерлер саны динамикасының базистік және тізбекті қатысты шамаларын анықтау қажет.
2007-2010 жыл арасындағы кәсіпорын қызметкерлер санының динамикасыдприятия за.
Слайд 39Кәсіпорынының қызметкерлер саны динамикасының базистік және тізбекті қатысты шамалары
Талдаудың нәтижесінде көріп
отырғанымыз: 2007-2010 жылдар арасында кәсіпорынның қызметкерлер саны бірте бірте өсіп отырды
Слайд 40Құрылымның қатысты шамасы жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді, яғни ол
арқылы құрылымның өзгеруін анықтауға болады. Мысалы, республикамыздағы барлық халықтың ішіндегі қала немесе ауыл тұрғандарының үлесі, топтағы үздік студенттердің үлесі, жоғары сортты өнімнің үлесі және т.б. Осыған орай, бұл қатысты шаманы үлестік қатысты шама деп те атайды. Оны есептеу үшін жиынтықтың жеке бөліктерінің мәнін оның жалпы жиынтығына бөлу керек. Мысалы, 2005-жылы Қазақстандағы ха-лықтың саны 15,1 млн. адам, оның ішінде қала тұрғындарының саны – 8,6 млн. адам, ал ауыл тұрғындары – 6,5 млн. адам болды. Яғни қала тұрғындрының үлесі 57 процентке тең, ( /8,6 : 15,1/ * 100), ал ауыл тұрғындарының үлесі 43 процентке тең ( /6,5 : 15,1/ * 100) болды. Бұл екі бөліктің қосындысы 100 процентке тең (57 + 43 = 100).
Слайд 41Құрылымның қатысты шамасы (ҚКК)
жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді
Бір қатар
топтарға бөлінетін күрделі құбылыстарды немесе жалпы топтағы үлесін сипаттау үшін қолданылады
Процентпен көрсетіледі
Слайд 42Құрылымның қатысты шамасы (ҚКК)
Тауар айналымына байланысты дукендер тобының құрылымдық қатысты көрсеткіштерін
есептеу қажет
Слайд 43Талдаудың нәтижесінде көріп отырғанымыз: Дүкендер арасындағы нақты тауар айналымның ең үлкен
үлесі 50 ден жоғары
дүкендер тобына жатады
Слайд 44Салыстырмалылық қатысты шама деп бір уақытта әр түрлі объектілерге немесе әр
түрлі аумақтарға жататын бір тектес, аттас шамалардың қатынасын көрсетуді айтады. Мысалы, 2005-жылдың басында Алматы қаласының тұрғындары 1209,5 мың адам, ал Астана қаласының тұрғындары 529,3 мың адам болды. Яғни, Алматы қаласының халқы астаналықтарға қарағанда 2,3 есе көп:
(1209,5 : 529,3 = 2,3).
Салыстырмалы қатысты шамалардың өлшем бірліктері коэффициентпен немесе процентпен беріледі және салыстырып отырған көрсеткіштердің бір-бірінен қанша есеге көбейгендігін немесе азайғандығын көрнекті 'түрде көрсетеді. Сондықтан да, оны кейбір жағдайларда көрнекті қатысты шамалар деп те атайды.
Слайд 45Салыстырмалылық қатысты шама (СҚК)
бір уақытта әр түрлі объектілерге немесе әр түрлі
аумақтарға жататын бір тектес, аттас шамалардың қатынасын көрсетуді айтады.
Проценттерде немес реттерде беріледі
Слайд 46Салыстырмалылық қатысты шама (СҚК) есептеу мысалы
2002 жылдағы РФ халық саны 145,2
млн. человек, соның ішінде: қалалық – 106,4 млн. адам, ауылдағы – 38,7 млн. адам. Қаладағы және ауылдағы халық санын салыстыру қажет.
СҚК=106,4 : 38,7 = 2,7
2002 жылы Қаладағы халық саны ауылдағы халық санынан 2,7 рет артық