Презентация на тему Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау

Презентация на тему Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау, предмет презентации: Образование. Этот материал содержит 10 слайдов. Красочные слайды и илюстрации помогут Вам заинтересовать свою аудиторию. Для просмотра воспользуйтесь проигрывателем, если материал оказался полезным для Вас - поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте наш сайт презентаций ThePresentation.ru в закладки!

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1
Текст слайда:

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті



Тақырыбы: Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау.



Орындаған: Махаш Айдана
Тобы: 110-25


Слайд 2
Текст слайда:

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары-педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындауындағы жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі.Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бір жылға, жарты жылға жоспарланады. Сынып жетекшісінің жоспары тәрбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға деген комплексті көзқарасты қамтамасыз етеді.Онда тәрбие мазмұнын негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушыларына жан-жарасымды саяси-идеялық, еңбек адамгершілік т.б тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет.Жоспар жасағанда сынып жетекшісінің оқушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн.


Слайд 3
Текст слайда:

І. Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы.
Тәрбие жұмысының жоспары іс-әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін, ол мектеп оқушыларына тәрбие берудегі нысаналықты, оны мектептің ортақ мақсатына бағындыруды қамтамасыз ететіңдей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған болуы керек. Барлық жекелеген тәрбие міндеттері мектептің негізгі мақсатын шешуге оқушыларды жан-жақты дамытуға, оларды өмірге дайындауға жәрдемдесетін болуы керек. Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыз ету керек.


Слайд 4
Текст слайда:

ІІ. Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы.
Тәжірибелі сынып жетекшілері тәрбие жұмысының әртүрлі формалары мен әдістерін қолданады. Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы және қызықты етуге көмектеседі .Жоспарда жалпы шаралармен қатар оқушылардың қызығулары мен білімділіктерін ескере отырып, топтық және-жеке даралық жұмыстарды қарастыру керек.Соңғы жылдары оқулар түрлі лакторийлер, саяси хабарламашылардың семинары сияқты тәрбие формалары кең өріс алуда.


Слайд 5
Текст слайда:

ІІІ. Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету.
Бұл талапта әрбір келесі шаралар өзінен бұрынғылардың жалғасы болып табылады және тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне негізделеді.Жоспар өткен уақыт ішінде істелген істерді және жалпы мектептік жоспарда көрсетілген келешек міндеттерді ескере отырып жасалады. Егер қол жеткен нәтижеге сүйенбесе, істелген жұмыстың нәтижелерін баянды етуі мүмкін емес. Бірінші, екінші, үшінші тоқсанның жоспарында күзгі,қысқы және көктемгі каникул кездерінде жүргізілетін, ал төртінші тоқсанның жартысында еңбек пен демалыс мәселелерін ұйымдастыру кезіндегі жұмыстар көрсетілуі тиіс.Оқу жұмысынан айырмашылығы-оқушыларды тәрбиелеуде үзіліс болмауы керек.


Слайд 6
Текст слайда:

IV. Жоспардың нақтылы болуы.
Жоспар жасағанда орындалмайтын міндетті қоймаған жөн. Белгіленген жұмыстардың көлемі оқушылар коллективінің мүмкіндігіне сай болуы қажет. Барлық жұмыстарды қамтимын деп сынып жетекшісі көп шараларды белгілемегені жөн.Бірнеше ғана нақтылы міндеттерді белгілеп, мұғалімдердің көмегімен оқушылар ұжымы арасында және ата-аналармен әртүрлі жұмыстарды жүргізген жөн.


Слайд 7
Текст слайда:

V. Жұмысты келісіп жоспарлау.
Жоспарды жасмастан бұрын мектептің жоспарымен анысып, оқушылардың ұсыныстары мен тілектерін, сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен келісіп,олардың тілектерін еске алу.
Қандай жағдайда болмасын сынып жетекшісінің жоспары, тәрбие жұмысының негізгі мазмұны мен бағытын, сынып коллективінің даму болашағын бейнелейтін болуы керек.


Слайд 8
Текст слайда:

Сынып жетекшісінің жоспары әдетте төмендегідей бөлімдерден тұрады:
-Сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқуышлар жайында мәліметтер.
-Сынып ұжымы қызметінің негізгі бағытары мен формалары.
-Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс (сынып ұжымын тәрбиелеу ісіне тартудың формаларын көрсетеді, сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық кеңестерінде талқылау үшін мәселелерді белгілейді).
- Ата-аналармен жұмыс.


Слайд 9
Текст слайда:

Сынып жетекшісінің оқушыларына жасайтын тәрбиелік ықпалының күші оның моральдік беделіне байлынысты.Тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек.Шәкірттерді бойына дарытқысы келген моральдік қасиеттерге өзі де ие болуы қажет.
-Педагогикалық шеберлік.
-Педагогикалық әдептілік(оқушының жеке өзін сыйлау, әкімшілікке жол бермеу, оқушыға сергек және қойып қарау).
-Балаларға деген сүйіспеншілік пен құрмет.
-Ұйымдастырушылық қабілет.
-Сынып жетекшісінің мамандығын арттыру(өз бетімен білімін көтеру).
-Тәрбие жұмысында шығармашылық көзқарас.


Слайд 10
Текст слайда:

Назарларыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика