Білімін бағалау өлшемшарттары презентация

Содержание

Бағалауға арналған негізгі құжаттар тізімі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім) Оқу бағдарламасы (пән бойынша) Оқу жоспары (пән бойынша) Жалпы білім беру бағдарламаларын

Слайд 1
     
Қоса беріліп отырған Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары бекітілсін.  Осы бұйрық
2016

жылғы 1 қыркүйектен 1 сыныптар үшін,
2017 жылғы 1 қыркүйектен 2,5,7 сыныптар үшін,
2018 жылғы 1 қыркүйектен 3, 6, 8,10 сыныптар үшін,
2019 жылғы 1 қыркүйектен 4, 9, 11,12 сыныптар үшін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 ақпанда № 13137 болып тіркелді


Слайд 2Бағалауға арналған негізгі құжаттар тізімі:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру

стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім)
Оқу бағдарламасы (пән бойынша)
Оқу жоспары (пән бойынша)
Жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау ережесі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру);
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Жиынтық бағалауға арналған ұсыныстар
Бағалау критерийлері, тапсырмалар үлгілері, дескрипторлар, балл, бөлім бойынша рубрикалар
Бағалау критерийлері, тапсырмалар үлгілері және тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



Слайд 3Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері


Слайд 4 ҚР МЖМБС Білім беру аясында білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар

(күтілетін нәтижелер Б.Блум таксономиясына негізделген)

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны

Ойлау дағдыларының деңгейлері: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау.
Сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым,айтылым,оқылым, жазылым

Балдар
Әр бөлім және тоқсан бойынша

Ойлау дағдыларының деңгейлері
Әр бөлім және тоқсанды аяқтау бойынша

Баға
Оқу жылын аяқтау бойынша


Слайд 5Критериалды бағалаудың құрылымы
Критериалды бағалау
Қалыптастырушы бағалау
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау
Жиынтық

бағалау

Білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалау


Слайд 7Пол Каселиери, 2013


Слайд 8Бағалау жүйелеріндегі айырмашылықтар


Слайд 9Мұғалімнің қызметі :
оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады;
бағалау критерийлеріне сәйкес

тапсырмалар құрастырады,
тапсырмаға дескриптор құрастырады;
оқушыларға тиімді кері байланыс береді;
оқыту мен оқу үдерісіне түзету енгізеді

Қалыптастырушы бағалауда


Слайд 10Оқушы:
Оқу үдерісіне белсене қатысады;
Бағалау критерийлері мен дескрипторларды түсінеді;
Өзін-өзі бағалайды/бірін-бірі бағалайды


Қалыптастырушы бағалауда


Слайд 11
Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн

қату, пікір білдіру.
Кері байланыс – оқу үдерісінің барысы туралы түсінік қалыптастырудың бірден бір құралы.

Кері байланыстың түрлері: ауызша, жазбаша, визуалды (символ, смайл, мимика, жест)

Кері байланыстың маңызы:
Оқу міндеттері мен мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Мұғалімді оқушының жетістіктері мен қиындықтары туралы хабардар етеді.



Слайд 12Бөлім/Ортақ тақырып бойынша
Бөлім бойынша оқу мақсаттарын қамтиды;
Жаратылыстану және тілдік пәндерден бөлімдер

бойынша, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерден ортақ тақырып бойынша ұйымдастырылады ;
15-20 минут уақыт беріледі;
Ойлау деңгейлері мен бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізіледі;
Балл дескрипторларға сәйкес қойылады;
Оқу жетістіктерінің деңгейлері бойынша (төмен, орта, жоғары) кері байланыс беріледі;
Тоқсандық бағаға әсер етеді (50%);

Тоқсан бойынша

Тоқсандағы барлық бөлімдердегі оқу мақсаттарын қамтиды;
Жаратылыстану және тілдік пәндерден бөлімдер бойынша, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерден ортақ тақырып бойынша ұйымдастырылады ;
Сабаққа берілген уақытта орындалады;
Жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес өтеді
Нәтижесі балл қою ережесіне сәйкес қойылады;
Тоқсандық бағаға әсер етеді (50%)



Жиынтық бағалау үдерісі


Слайд 13Қазақ тілі пәнінен бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үлгісі




Слайд 14Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда оқушылардың нәтижелерін тіркеу үлгісі
*Балдар мен бағалардың

есебі автоматты түрде электрондық журналда жүзеге асырылады

Слайд 15Оқушылардың тоқсандық бағасын есептеу үлгісі
2,1+2,4+1,3+7,5 = 13,3 из 20
13,3 ~

66,5%

Оқушының тоқсандық бағасы «4»


Слайд 16Оқушылардың 1-4 тоқсандардағы нәтижесі
Оқушының жылдық бағасы

Төрт тоқсан бойынша балл қосындысы

13,3

+ 16 + 24 + 15 = 68,3 (90)

68,3 ~ 75,9 %

Оқушының жылдық бағасы «4»

Оқушылардың жылдық бағасын есептеу үлгісі


Слайд 17Тоқсандық және жылдық бағаны есептеу


Слайд 18 Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша кері байланыс құралы -

РУБРИКА



Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес оқу жетістігінің деңгейлерін көрсету құралы

Білім/ортақ тақырыптар бойынша ЖБ орындалған жұмыстардың нәтижелері білім алушыға түсінікті болып, одан әрі оқуға ынталандыру қажет. Білімалушылардың оқу жетістігінің жеткен деңгейі туралы ақпарат рубрика түрінде беріледі.
Рубрикада мұғалім әрбір оқушы үшін әрбір критерий бойынша оның қол жеткізген оқу жетістігінің деңгейін белгілеп көрсетеді


Слайд 19Рубрика үлгісі


Слайд 20Оқушылардың оқу жетістіктері нәтижелерін тіркеу


Слайд 21Сынып журналы - мектептің әрбір мұғалімі және сынып жетекшісі жүргізуге міндетті

мемлекеттік құжат болып табылады.

Электронды журнал – оқушылардың оқу жетістіктерін тіркейтін жүйе; жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырып,тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын элетрондық құжат.
Үлгерім табелі – оқушылардың сыныптағы жалпыға міндетті стандартқа сай пәндер бойынша тоқсандық және жылдық (қорытынды) бағалары мен педагогикалық кеңесінің қаулысы жазылатын құжат.


Слайд 22ПОРТФОЛИО

Оқушының портфолиосы – оқушылардың нақты бір кезеңдегі жеке оқу жетістіктерін

белгілеу мен бағалау бойынша жинақтау, тіркеу тәсілі.
Мұғалімнің портфолиосы - пән бойынша оқыту мен бағалаудың практикасын көрсететін материалдарды жинақтау, тіркеу тәсілі.



Слайд 23Оқушы портфолиосы. Ұсынылатын құрылым
Негізгі беті;
Пән бойынша бөлгіштер;
Бөлім, тоқсан

бойынша жиынтық бағалау жұмыстары, мысалы: бағалау критерийлері бар жазба жұмыстары, презентациялар, эссе және т.б.;
Мұғалімнің ұсыныстары, пікірлері, кері байланысы;
Оқушының рефлексиясы.

Слайд 24Қазіргі таңдағы журнал
Образец действующего журнала


Слайд 25





Мазмұнды жаңарту шеңберіндегі журнал


Слайд 26Қазіргі таңдағы күнделік



Слайд 27Мазмұнды жаңарту шеңберіндегі күнделік
Образец дневника обучающегося в рамках обновления содержания


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика