Қазақтың ұлттық ою-өрнектері презентация

Содержание

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Ою-өрнек, орнамент (лат. ornamentum – әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды (үй-іші мүліктері, тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару-жарақ), архитектуралықғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Қазақстан аумағында ою-өрнектің ең қарапайым элементтері Андронов дәуірінен жеткен көне әшекейлерінен байқалады. Мұндай

Слайд 1
Қазақтың ұлттық
ою-өрнектері
6-сыныпқа компьютерлік графиканы пайдалануды үйрету


Слайд 2Қазақтың ұлттық ою-өрнектері.
Ою-өрнек, орнамент (лат. ornamentum – әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды

(үй-іші мүліктері, тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару-жарақ), архитектуралықғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Қазақстан аумағында ою-өрнектің ең қарапайым элементтері Андронов дәуірінен жеткен көне әшекейлерінен байқалады. Мұндай әшекейлер жал, нүкте, ирек тәріздес болып келеді. Ою-өрнек түрлі геометриялық пішіндерден құралып, зерлеу, дәнекерлеу, оймалау, кестелеу, құйма-жапсыру әдістері арқылы жасалады.

Слайд 3
Ұлттық ою-өрнек көбіне өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі

республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл орта ғасырлық архитектуралық ғимараттардағы көкөніс және геометриялық ою-өрнектерден (Бабажы қатын күмбезі. 10-11 ғасырлар Айша бибі кесенесі, 11-12 ғасырлар, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, 13 -14 ғасырлар т.б.) айқын көрінеді. Ою-өрнек дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде (гобелен, текемет, алаша, сырмақ), кестеде (киім-кешек, тұрмыстық заттар), ағаш, мүйіз, сүйек, ғаныш, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіріле түсті.

Слайд 4
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен

алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. 

Слайд 5
Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу

мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді.Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалықжабдықтарды  графикалық редакторлар деп атайды.

Слайд 6
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай

кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Слайд 7  Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді

өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.


Слайд 8
Corel Draw 8-9
Corel Draw пакеті әрқашан өте жақсы әсер қалдырады. Corel

фирмасының топтпмаларында көптеген бағдарламалар бар, оның ішінде Corel Photo – Paint. Барлық бағдарламалардың ішіндегі жаңа пакетте ең жақсы құралдармен жұмыс жасауға болады. Бірақ Web үшін публикация дайындауға Corel Draw Corel Xara-ға орын береді. Corel Draw-да мәтінді бейнелердің көркемдік мүмкіндіктері өте жақсы. «Лупа» құралына теңесетін ешқандай құрал жоқ – ол көптеген арнайы эффекттерді ала алады, сонымен қатар бейненің тек бір бөлігін ғана үлкейтеді және фон түсіне байланысты мәтіннің түсін автоматты түрде өзгерте алады. Егер сізге пиксельді өңдеу керек болса, Corel Draw сізді бірден Corel Photo – Paint-қа қасады.

Векторлақ графикалық бағдарламалар


Слайд 9
Corel Draw арқылы жасалған жұмыстар.


Слайд 24Corel Draw-да мәтінді бейнелердің көркемдік мүмкіндіктері өте жақсы. Corel Draw-да ламбрекеннің

кескінін алу жолын көрсетеміз

Слайд 27Corel Draw –ға нақты жасағың келген суретті енгізу.


Слайд 28Оюды ғана белгілеп, артықтарын өшіріп тастау керек.


Слайд 29Бір бөлігін ғана жасап,симметриялы болғандықтан келесісін қиып орналастырамыз.


Слайд 31А4 форматта қиып алу керек.


Слайд 32Әр А4 форматтағы кескіндерді жеке сурет ретінде сақтау.


Слайд 33
Қолданылған әдебиеттер:
1.Б.Асанова,А.Птицина,Ұ.Әбдіғапбарова
“Ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы”
2.Захарова И.К.Информационные технологии в бразовани-М.Академия,2003


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика