Слайд 1Композиция туралы түсінік және оның қасиеттері
Тобы: ОДЗ-111
Орындаған: Арипжанова Умида
Жетекшісі: Нұрланова Улмира
Слайд 2Композиция туралы түсінік
]Композиция(лат. сотрозійо - құрастыру, шығарма) -
көркемөнеркөркемөнер туындысының құрылымы, оның жанрыкөркемөнер туындысының
құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Пластик. өнерле композиция көркем пішінкөркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Пластик. өнерле композиция көркем пішін (форма) түзілімінің жеке сәттерін біріктіріл түрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ойтүйсігіне сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы орта мен көрермендеркөркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Пластик. өнерле композиция көркем пішін (форма) түзілімінің жеке сәттерін біріктіріл түрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ойтүйсігіне сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы орта мен көрермендер арасындағы қатынасын белгілейді. Көркем шығарм. процесі мен өмірді эстеттану тұрғысында қалыптасқан композиция заңдары өнердің жалпылама заңдылықтарының, нақты өмір құбылыстарындағы өзара байланыстылықтардың белгілі мөлшеріндеғі бейнесі әрі жиынтығы болып табылады. Сәулет өнерінде композиция идеялық-көркемдік принциитердің бірлігіне, құрылыстар мен ғимаратардың функциялық мақсатына, жобалық ерекшеліктеріне, олардың қала құрылысындағы мән-маңызына орай құрылады. Композиция қаланың жалпы келбеті мен құрылымын, архит. үндестігін, жобадағы көлемдік, кеңістік түзілімін айқындайды. Бейнелеу өнеріндегі композиция шығарманың идеялық және сюжеттік-тақырыптық негізін нақтыландыру барысында заттар мен фигураларды кеңістікке орналастыру тәртібін, шығарма көлемін тиянақтау әрі жарық пен көлеңке үнасымын қадағалау арқылы көрінеді. Композиция тектері "орнықты", "айнымалы", "ашық" және "жабық" болып бөлінеді. Композицияның орнықты және жабық тектері Қайта әрлеу дәуіріндегі өнерде басымырақ қолданылды, ал айнымалы және ашық тектері барокко стилінен айқын көрініс тапты
Слайд 3Композицияның түрлері
Композицияны түрлері:
Сюжеттің басталуы (уақиғаның басталуы).
Шығарма ішіндегі уақиғалар байланысы.
Уақиғаның шарықтау шегі.
Уақиғның
аяқталуы (шешімі).
композитордың немесе суретшінің шығарм. еңбегінен туған шығарма (музыка, кескіндеме, мүсін немесе графика);
өнер түрлері жинақталған күрделі көркем туынды (мысалы, әдеби-муз. К.);
музыка шығару теориясының атауы. Композиция муз. оқу орындарында (колледж, консерваторияларда) арнаулы пән ретінде оқытылады. Композицияны оқыту гармония, полифония, муз. шығармаларды талдау, аспаптау сияқты муз.-теориялық пәндерді қоса үйретумен тығыз байланысты.
Слайд 4Костюм композициясы
Композиция (лат. соmpositiо) - элементтердің жазықтықта немесе кеңістікте бірігуі мен
байланысынан құрылған жүйе. Көркемдік пішіннің ең басты элементі ретінде композиция бұйымға бірлік пен тұтастық береді, оның компоненттерін өзара бағыныңқылыққа және тұтастыққа келтіреді. Киім дизайнында композиция пішін құрылымының жалпы заңдылықтарын айқындайды. Композиция мақсаты - конструктивті, функционалды, эстетикалық құндылығы бар утилитарлық аяқталған заттың пішінін жасау. Киім композициясы - киім бөліктерінің бейнелі, көркем-идеялық мағынасын аша отырып, тұтастығын біріктіру. Костюм құрастыру өнерін сәулет өнерімен теңдестіруге болады. Сәулет өнерінде түрлі сәндік элемент-
Слайд 5терге жарты колонна, пилястр, ою-орнекті фриздер жатады. Ал костюмге көркемдеу, фурнитура,
кесте, ою-өрнек, тағы да басқа жатады. Киім композициясының негізін киім бөліктерінің көлемі, арақатыстығы, киімнің жалпы пропорциясы ж:әне силуэті құрайды. Киімде әр пішіннің пропорциялық дене бітіммен арақатынастары маңызды рөл атқарады. Олар пішінге, яғни силуэтке белгілі сипат береді. Мысалы, киімде тік пішіндер сымбаттылық пен жеңілдікті керсетсе, көлденең сызықтар дене бітімді аласа, ауырлау ете түседі. Киім бөліктерін пішінге келтіру процесі құрастыру арқылы іске асырылады. Пішін күрделі болған сайын, құрылымды сызықтар да әрқилы болады. Костюм композициясында басты пішіндер ретінде киім негізін құрайтын нымша, белдемиіе, жеңді және модельді әрлендіріп байытатын пішіндер түрін ерекше атауға болады. Оларға: кестенің декорациялық элемент-тері болып саналатын шілтер, күлте, желбіреуіш, үлбір, сонымен қатар киім бөліктері - жаға, қалта, қаттама, қақпақша, т.б. жатады. Пішіннің бірінші түрі - басты пішін, екіншісі - сәндік-костюмдік деп аталады. Сәндік-костюмдік пішін жеке өзі қызмет ете алмайды. Сонымен, киім компоненттеріне пішін (форма), силуэт, конструктивтік және декоративтік сызықтар, түс, киімнің жеке бөліктері, декор жатады. Композициялық әдістерге пропорция, статика, динамика, симметрия, асимметрия, ырғақ, қара-мақайшылық жатады.
Слайд 6Композицияның қасиеттері
Киім композициясының да өз заңы мен ережелері бар, ол кез
келген костюм түрінде орындалуы тиіс: 1) келісімділік - композиция компоненттері мен композициялық құралдардың киім мақсатына бағынылуы; 2) композицияның барлық бөліктері мен компоненттерінің өзара және адам дене бітімімен өлшем пропорциялылығы; 3) композицияльң орталыныныц болуы; 4) композиция тұтастыгы (қатар бағыну). Киім композициясы мен композициялық құралдарының мақсатқа бағынушылық ережесін келісімділік заңы нақтылайды: - киімнің арналуы мен пішінінің органикалық бірлігі; - материалдың пішінге және киім арналуына сәйкестігі; - материал мен сәндік әрлеу бірлігінің киім арналуы мен пішініне сәйкестігі. Осыдан әрлеу сипаты, оның түрі мен орындау техникасы анықталады. Костюм композициясындағы өлшем шамалылығы келесі факторлардың және киім элементтерінің сандық арақатынасымен анықталады: - киім көлемінің жарасымдылығы (нымша, жеңдер, белдемшелер және тағы да басқа) және дене бітімінің шамаластығы; - материалдың түсі мен фактурасы; - киім бөліктері;
Слайд 7- әрлеулер (тігістер, кестелеу, фурнитура, тағы да басқа). Кез келген костюмнің
бейнелілік шешімі композициялық орталығы арқылы айқындалады. Костюмнің композициялық орталығының нақты айқындалуы негізгі киім қызметіне байланысты. Сәндік костюмдегі композициялық орталық киім пішінінде тұтас еркін орналасуы және нақты бейнелілік шешімге ие болуы мүмкіи. Жұмыс костюміндегі композициялық орталық өзінің орналасуымен және нақты бөлшектері және фурпитурасымен кәсіпорындық киім мақсаттылығын нақтылайды. Кез келген костюмнің композициялық орталыгы болады, тіпті киімнің фоны болғанда, оның доминанты ретінде шаш сәні, макияж қызмет атқаруы мүмкім. Композиция- ның күрделі түрлерінде бірнеше композициялық орталық болуы мүмкін, олар өзара байланысты болпшымен, олардың арасында жетекші орталығы болады [12]. Композиция жоғарыда аталған заңдылықтар мен ере-желер сақталғанда ғана тұтас болуы мүмкін, себебі композиция тұтастығы бүкіл компоненттердің байланысынан құралады. Композиция тұтастығында артық элементтің болуы мүмкін емес. Сонымен, киімнің көркемдік сапасы пішіндегі барлық элементтердің бірлігіне (байланысы), келісімділігіне, пропорционалдығына, композициялық орталығына және тұтастығына байла- нысты болады.
Слайд 8Симметрия және ассимметрия
Симметрия дегеніміз - оң жақ және сол жақ ортадағы
вертикальға қатысты адам дене бітімін екі тең бөлікке бөлетін пішін бөліктерінің теңдігі. Кез келген пішіннің құрылыс негізінде симметрия принципі жатады. Симметрия орта-радиалдық (мысалы, гүл пішінінде, теңіз жұлдызы тәрізді) немесе орта-осьтік (мысалы, көбулек, құстар пішінінде) болуы мүмкін. Симметрияның мынадай түрлері болады: - классикалық (бейне, айналым, кеңістіктегі бұрылыстар, жазықтықтағы бұрылыстар симметриясы); - афиндық (созылым, қысым, жылжу симметриясы); - ұқсастық (К - ұқсастық симметриясы, L- ұқсастық симметриясы); -қисық сызықты (айналым, қысымдау, бүзу, жай бүгіліс симметриясы). Табиғатта абсолюттік симметрияның болмауы себепті костюмде де көбіне симметриядан шегіну болады. Бұл бұйымның арналуына және сипатына, атқаратын қызметіне, кәсіпорындық технология шарттарына, көркем-бейнелілік мақсаттарына, киім жобалауына сәйкес жүзеге асады
Слайд 9«Асимметрия» түсінігі симметрияның осі немесе жазықтың симметриясы жоқ кезіндегі элементтердің орналасуын
білдіреді. Асимметрия динамикаға әр түрлі деңгейдегі пішінді береді, ол ішкі және сыртқы болуы мүмкін Костюмнің адам дене бітіміне (ортақ түрінде симметриялы) тығыз байланыстылығын ескере отырып, оның асимметриялық орналасуының ерекше белсенділігін арттыруға болады.Сондықтан костюмді жобалау кезінде оның атқаратын қызметінің сипатын анықтау қажет. Практикалық қызметі эстетикалың қызметінен басымдау күнделікті еңбек қызметімен байланысты киімді симметрия немесе байқалмайтын асимметрияның негізінде орындаған дұрыс. Керісінше, мерекелік үлгілер асимметрия нәтижесінде тамаша көрінеді. Асимметриялың бастау симметриялық пішінде костюмдік аксессуарларды пайдалану арқылы, функционалдық жөне сәндік элементтердің вертикальдық осьтен жан-жақта орналасуы арқылы дамуы мүмкін. Симметрия бірқалыптылықты, заңдылықты білдірсе, ал асимметрия қимылды, кездейсоқтықты, еркіндікті білдіреді. Силуэттің симметриялық пішініне ассимметриялық қосылса, ерекше пішін пайда болады. Симметриямен асимметрия үндестігі интуицияның, композициялық бүтіндіктің және композициялық тепе-теңдіктің сақталуын қажет етеді
Слайд 10Статика және динамика
Статика - кеңістіктегі тұрақты пішін жағдайы. Тұрақты қалып пішін
бөліктерінің тепе-теңдігімен сипатталады (ереже бойынша, костюм вертикальдық ось симметриясымен тұрақты қалыпта).
Динамика - қозғалыстың, дамудың, өзгерістің белсенді шарты, яғни пішіннің біржақты бағыты болып табылады: - пішін сыртындағы асимметриялық пішін ізденісі; - костюм бөліктерінің пішіннен кеңістікке шығуы; - адам қозғалысының ішкі және сыртқы динамикамен келісімділігі. Костюмдегі статикалық және динамикалық жағдайлар салыстырмалы пропорционалдықта болады. Осы мақсаттың шешімі костюмнің қызметімен байланысты. Статикалық пішін жағдайын негізгі композициялық құрал ретінде күнделікті-іскерлік костюмде пайдаланған тиімді. Динамика доминанты костюмнің барлық композициялық құрылысының айқын көрінісін қамтамасыз ететін, мерекелік және демалыстық киімдерде айқындалады. Костюмнің тұрақты қалыптылық және динамикалық шешімін қабылдау үшін жас ерекшелік факторына аса мән беріледі. Динамикалық композиция темпераментіне, белсенділігіне сәйкес жастар киіміне тән.
Слайд 11Композицияның динамикалығы және тұрақты қалыптылығы әр түрлі тәсілмен жетілдіріледі. Ең тұрақты
қалыптағы силуэтті пішіндер тіктөртбұрыш пен сопақ болып табылады, ал оларды шаршыға немесе шарға жақындата құрғанда, олардың визуалдық жылжымастығы арттырылады. Нағыз динамикалылық деп трапециялық және икс тәрізді силуэттерді айтуға болады. Костюм композициясының статикасы мен динамикасына силуэтті бейнелейтін және ішінен оны мүшелейтін сызықтар «жұмыс істейді». Бұл біздегі әр түрлі сызықтардың сызылуын қабылдау психологиясымен байла нысты. Костюмнің ішкі пішінінің бөлшектелуі силуэттік сызықтар суретімен байланысты.
Слайд 12Костюмді үйлестіру құралдары
Костюмнің тұтастылығы және бөліктерінің үйлесімділігі элементтерінің бірлік әрі
байланыс қасиеттерінің бірнеше шарттары орындалғанда ғана жүзеге асады: бөліктердің өзара үйлесімділігі, өлшемділігінің масштабтылыгы, пропорционалдыгы, ырғақтык байланысы, созылмалылыгы, түстік және фактуралық шешімі. Композициялық қасиеттердің таңдалуы көркемділік. ойға, бейнелілік мазмұнына және костюмнің арналуына байланысты. Олардың қолданылуы бұйымдарға қойылатын функциялық және құрылымдылық талаптарға сай болуы қажет. Киім композициясының негізін киім бөліктерінің жиынтығы, осы көлемдердің арақатынасы, киімнің жалпы шамаластығы оның силуэті құрайды. Пішіннің мәнерлік деңгейі осы негізгі көлемдердің өзара үйлесімділігіне, пішіндеріне және костюмдегі табылған жалпы пропорцияға байланысты.
Слайд 13Композиция қасиеттері арасында суретшілер пропорцияны (шамаластық) бірінші орынға қояды. Пішін элементтерінің
өлшемділік ара қатынасы - ол бүтін композиция құрылымының негізі. Пропорция ұғымы - күрделі бүтіннің ішіндегі құрама бөліктердің байланысы, яғни бір өлшемнен екінші өлшемге қозғалыс деп түсініледі. Масштаб - заттың салыстырмалы шамалық көлемі (матадағы әр масштабты суреттер). Масштабтылық - пішіннің және элементтердің адамға, қоршаған қеңістікке, басқа пішіндерге өлшемдес пропорциялылығы. Костюмдегі масштабтылық - костюм пішінінің және оның элементтерінің адам дене бітіміне өлшемдес шамалылығы. Костюм және оның құрушы элементтерінің масштабтылығы костюм мақсатына, маусымына, тұтынатын ортасына байланысты. Қабылдау масштабтылығы мен пішінді мүшелендірудің өзара байланысы бар. Көз мөлшермен затты өзгерте отырып, біресе арттырып немесе кемітіп, затқа бірде шындылық бірде бірнеше жасанды масштабты беруге болады. Костюмнің, мысалы, жаға, қалта, қайтарма сияқты қажетті бөліктерін жаңғырта отырып, пішіні мен өлшемін өзгертуге болады.
Слайд 14Тұрмыстық костюмде масшабтылық міндетті. Оның жоқтығы гротеске, келбетті күлкілі түрге, театралдық
және цирктік өнерде белсенді пайдаланылатын келемеж суретке әкеледі. Дұрыс табылған костюм массасының адамның дене өлшеміне арақатынасы оның әдемілігін көрсетеді және кемшілігін жасырады. Масштабтылық пішіннің тұрақтылығына және теңдігіне байланысты болады. Костюмді құрушы барлық пішіндер адам дене бітімінің шынайы пропорциясына бағыну керек. Жобалау мәселесін шешу барысында композициялық ізденіс нақты тәсілдерге негізделеді. Мұндай тәсілдерге контраст (қарсыластық), нюанс, тождество (тепе-теңділік) жатады. Қарсыластық - пішіннің, өлшемнің, пластиканың, түстің, фактураның күрт айырмашылығы. Қарсыластық модельде де өте қажет, себебі ол толығымен мәнерлік пішінді құрайды, сипатының әр түрлілігін анықтайды және костюмнің ортақ пішініне динамикалылықты енгізеді. Қарсыластық композицияда өзінің белсенділігімен ерекшеленеді.
Слайд 15Нюанс - ұқсастық элементтері бар сипаттамалардың елеусіз айырмашылықтары. Киім модельдеуде, пропорцияда,
ырғақта, түстер мен реңдердің қатынастарында, конструктивті сызықтарда, бөлшектерде, фактураларда, безендіруде, пластикада және пішіндердің өзара қатысуында да нюанстық қарым-қатынастар жиі кездесіп жатады. Пропорция нюансы байсалды жөне контрасттық қарым-қатынастар арқылы құрылған пішіндерге қарағанда кебірек қолданылатын пішіннің өзіндік негізін құрайды. Композиция толығымен нюанстар негізінде құрылуы мүмкін. Композициялық құралдардың ішіндегі ең биязысы, нәзігі - нюанс киімд әдемі етеді. Костюмнің матасы, түсі мен пішіні толық ойластырылып мінсіз орындалған болса, оны да нюанстау деп атауға болады. Нюанс элементтер арасында қосымша байланыстар туғызып, модельдің үйлесімді шешілуіне ықпал етеді.
Слайд 16Тепе-тецділік - толық үқсастық (теңдік); сызықтың, массаның, пішіннің, көлемнің, пластиканың, түстің,
фактураның қайталануы. Егер негізге алынғаи бір элемент немесе геометриялық көлем дамып ұлғайса және әр түрлі вариацияда қайталанса, костюмдегі тепе-теңдік толық шешілді деп есептеледі. Алайда, кейбір бөлек элементтер көп түрде қайталанған жағдайда, адам зерігіп, оны толық сезініп қабылдамайды, сондықтан да тепе- теңдік қатынастарды қолдануда абай болу керек. Суретші өз шығармашылығының объектісін үйлесімді етіп көрсетуге тырысады және бұл ұмтылыста оған ырғақ заңдылықтары жәрдемші болады.
Слайд 17Ырғақ - кейбір элементтердің (дыбыстар, сөздер, заттар) белгіленген ретпен қайталануы. Ырғақ
табиғаттың әр түрлі құбылыстары мен пішіндеріне, еңбек процестеріне, өнер туындыларына тән жағдай. Жазықтық пен кеңістіктегі пішін элементтерінің және аралықтарының (интервалдарының) қайталанбалылығы ырғақтың сипаттарына жатады.
Пішін элементтерінің және олардың арасындағы аралықтардың көп түрде бірқалыпты алмасып түруы ырғақтық атарларды құрайды. Ырғақтың қатарындағы тығыздық немесе сиректілік элементтердің үлкендігіне және арасындағы аралықтарына тәуелді. Ырғақ түрлері: кему, өсу, шапқылама
Слайд 18Элементтердің, мотивтердің немесе пішіндердің қайталануы екі типке бөлінеді: - қарапайым (статикалың
немесе метрикалық); - күрделі (динамикалық). Статикалың ырғақты қатар (немесе метрикалық ырғақ) - бірдей элементтерден және арасындағы бірдей аралықтардан тұратын қатар. Динамикалық ырғақты қатар - элементтердің (мотивтердің) үлкендігі белгілі бір математикалық заңдылықтарға бағынып өзгеріске ұшыраған жағдайда ырғақтың күрделі көрініс алуы. Динамикалық ырғақты қатар келесі өзгерістерге жол береді: - аралықтар ұзақтығы бірдей бола тұрып элементтердің үлкеюі немесе кемуі; - элементтер үлкендігі бірқалыпты болған жағдайда аралықтар ұзақтығының қысқаруы немесе ұзаруы; - аралықтар ұзақтығының қысқаруы немесе ұзаруы және элементтер үлкендігінің өсуі немесе кемуі.
Слайд 19Элементтерді кезекпен алмастыру кезінде кейбіреуі «акцент» болып көзге ерекше көрінеді,оларды активті
элементтер деп атайды. Акценті жоқ элементтер пассивті болып табылады. Активті және пассивті элементтердің біркелкі алмасып тұруы метр деп аталады. Активті элементтердің біреуінен екіншісіне дейінгі ара қашықтық динамикалық қадамды құрайды Элементтер қозғалысы жылдамдығының үдеуі - темп. Темп жай және баяу, ұлғаймалы және жылдам болып бөлінеді. Ырғақ, метр және темптің маңызы зор, себебі олар пішіннің динамикасы мен бейненің ұйымдастырылуын, әрі сипатын белгілейді. Әр түрлі мақсаттағы бұйымдарды жасауда темптің, ырғақтың, метрдің әр түрлері қолданылады.
Слайд 20Әйелдер киімінің сән үлгілерінің үйлестіру құралдары
Ретсіз орналасқан сурет дұрыс рәсімделген,
қара қоңыр рең оған айқындылық беріп тұр. Көгілдір түстен ақ түске өту - кеуде мен бел тұсын анықтайды. Бұл киімге қарапайым аксессуарлар сәйкес келеді. Осыдан, сән әлемінде қарапайымдылыққа да орын берілетіні байқалады.
Слайд 21Ала түсті көйлек жағымды әсер береді. Иықтағы асимметриялық бөлшек көйлекті тіпті
әсемдеп тұр.
Слайд 22Қауіпті принттер мен оғаш көрінетін түстерді беттен алшақ ұстау, қол мен
иықтың дұрыс рәсімделуіне назар аудару, аралық түстер мен батыл түстерді қиыстыра білу. Бұл үлгіде ерекше назар еденге жетіп тұрған көңілді принттелген белдемшеге аударылады.