Жеке құрам бойынша ереже презентация

Мекеменің басқару қызметі кадрларды іріктеуді және орналастыруды, азаматтарды жұмысқа қабылдауды, басқа жұмысқа ауыстыруды және босатуды да қамтиды.

Слайд 1Жеке құрам бойынша ереже


Слайд 2Мекеменің басқару қызметі кадрларды іріктеуді және орналастыруды, азаматтарды жұмысқа қабылдауды, басқа

жұмысқа ауыстыруды және босатуды да қамтиды.

Слайд 3Кадр құжаттарының маңызы оларда азаматтардың еңбек етуге, білім алуға, зейнетақымен қамсыздануға

және басқаларына құқықтарын іске асыруға қажетті мәліметтер белгіленетіндігінен көрінеді. Ал бухгалтерлік есеп үшін кадр құжаттары бастапқы есептік құжат болып табылады. Осы құжаттар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі. Сөйтіп, жеке құрам бойынша бұйрықтардың негізінде бухгалтер жалақы, үстемақы, сыйлықақы, іссапар шығыстарын және с.с.-ды есептеп төлейді.

Слайд 4Бұйрық


Слайд 5Өкілеттік құжаттарға мекеменің қызметтік іс-әрекеттеріне және қызметкерлеріне байланысты жазылатын бұйрықтар мен

нұсқаулар жатады. Мұндай құжаттарға мекеме, ұйым, бірлестік жетекшісі қол қояды. Бұйрықтарда ұйымның, өндірістік-шаруашылық және маңызды бағыттағы мәселелері жазылады. Сондықтан оларды безендіруде, сақтауда нақтылы талаптар қойылады.

Слайд 6Бұйрықтар жобасын дайындауда реквизиттер құрамы толык болуы тиіс және безендірілуі мен

оған қол қойылуы белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.
Бұйрыққа қол қойылған соң ол тіркеуге алынады, Түп нұсқасы немесе оның көшірмесі я үзіндісі бұйрықта орындаушыларға беріледі және оларға бақылау жасалады.

Слайд 7Бұйрықты безендірудің ең негізгі бөлігі – оның мәтіні. Бұйрық мәтіні өкілеттік

бөлімдерден құралып, "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзбен беріледі де жеке жолға жазылады.
Орындалуы міндетті бұл өкілеттік құжат мәтіні нақты, түсінікті, қысқа жазылады. Онда іс-әрекеттің орындалу мерзімі, орындаушының аты-жөні көрсетіледі. Бұйрықта түсініксіз сөз орамдары мен сөйлемдер болмауы керек.

Слайд 8
Жұмыс жүргізу ыңғайлы болу үшін мекемеде бұйрықты екі топқа бөледі:
1)

мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты;
2) жеке құрамға байланысты.

Слайд 9Мекеменің ішкі іс қағазына жататын қызметтік құжаттың бұл түрін сипаттай отырып,

мынадай бұйрықтарды атап көрсетуге болады:
- жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар;
- күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар;
- арнайы бұйрықтар;
- төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар;
- басқа да бұйрық түрлері.

Слайд 10
Арнайы бұйрықтар көбіне қаржы-экономикалық мәселелерге байланысты беріледі. Мысалы, жыл немесе квартал

қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау, мадақтау, көтермелеу, т.б. Мұндай бұйрықтар 2 дана етіп, басылып, 1 дана марапатталған адамға тапсырылады.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика