Кадрларды жинақтау және қабылдау презентация

Слайд 1КАДРЛАРДЫ ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ


Слайд 2ЖОСПАР: 1) Кадрларды қабылдау және жинақтау. 2) Жұмысқа қабылдау процесі және оның

сипаттамасы. 3) Ұйымның персоналын жинау процесіне әсер ететін факторлар және олардың классификациясы. 4) Кадрларды дайындау және пайдалануды жоспарлау.

Слайд 3 Кадрларды іріктеу түсінігі. Кадрларды іріктеуге – оның мақсатын, үміткердің

кәсіби және жеке басының сапаларын, іріктеу тәсілдерін анықтау маңызды.

Кадр бөлімінің мақсаты – үміткелердің арасынан талап етілген нәтижеге қабілеті бар жұмыскерді таңдап алу.

Үміткерлердің келесідей жалпы сапалары болуы тиіс:

• жоғары біліктілік;

• жеке бас сапалары;

• білімі;

• кәсіби тәжірибесі;

• алдыңғы жұмысынан алған тәжірибесі;

• айналасындағылармен тіл табыса алуы.


Слайд 4 Персонал күшін жинақтау кәсіпорынға өзгерістерді (зейнеткерлікке шығу, келісімшарт мерзімінің

аяқталуы, өндірістік іс-әрекет бағыттарының өзгеруі және оларда қызмет жасайтын кадрлардың қысқаруы және т.б.) ескере отырып, барлық жұмыс орындарына үміткерлерді дайындаумен байланысты. Жинақтау сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Персоналды басқару процесіндегі бастапқы кезеңі – кадрларды жинақтау және іріктеу. Персоналды басқарудың барлыұ келешектегі іс-әрекеттері ұйымға қандай адамдар жинақталғанына және іріктелгенңне байланысты болады. Қажетті жұмыскерлерді жалдау ұшін төмендегілерді білу қажет: -жұмыс кезінде олар қандай тапсырмаларды орындайды -олардың жеке және қоғамдық сипаттамалары қандай.

Слайд 5 Жұмысқа қабылдау процесі келесі кезеңдерден тұрады:

- Бос орында жұмыс

істеу үшін үміткерлерге қойылатын талаптарды нақтылау;

- Үміткерлерді іріктеп алу;

- Үміткерлерді сұрыптап алу;

- Жұмысқа қабылдау.


Слайд 6
Жұмысқа үміткерлерді іріктеу процесін жеңілдету үшін лауазымдық нұсқаудан басқа

берілген лауазымды жұмысты тиянақты орындау үшін керек болатын талаптардың сипаттамасы көрсетілген іс қағаздары болуға тиісті:

- Мамандық картасы;

- Біліктілік картасы.

Жеке басының сипаттамасын және кәсіптік даму әлеуетін анықтау үшін біліктілік картасын жасайды. Біліктілік дегеніміз адамның жеке басының сипаттамасы, оның белгілі бір функцияны орындау қабілеттілігі, мінез-құлқының және әлеуметтік рөлінің түрі.

Слайд 7 Лауазымдық нұсқау негізінде жасалған мамандық картасы төмендегідей мамандықтың сипаттамасынан

тұрады:

- Жалпы білімі;

- Арнайы білімі;

- Шет тілін білуі;

- Компьютерде жұмыс істей алуы және т.б.

Слайд 8 Үміткердің сапасына қойылатын талаптар. Кәсіби сапалары:

• өз мамандығы бойынша

біліктілігінің жоғары дәрежелігі;

• көп кешенді жұмыстарды орындауға мүмкіншілік беретін басқа кәсіп пен мамандықты жергілікті деңгейде меңгеруі;

• жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік беретіндей жақсы денсаулық және дене шынықтыру дайындығы;

• жинақтылық, ұқыптылық, ұйымшылдық және т.б


Слайд 9««« НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ »»»
ОРЫНДАҒАН: ЖУМАГУЛОВ АСЕТ
ДУЙСЕНБЕКОВ ДАНИЯР
ИСМАЙЛ ДИАС


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика