Ұлпа қабынуы түрлерінің патологиялық анатомиясы презентация

Жоспар: Кіріспе: Тіс ұлпасының құрылымы Негізгі бөлім: Ұлпа қабынуының патологиялық анатомиясы Жедел ұлпа қабынуы Ошақты Жайылмалы Іріңді Созылмалы ұлпа

Слайд 1СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Ұлпа қабынуы түрлерінің патологиялық анатомиясы.
 
Орындаған: Жақсыбаева М.Ш.
Тексерген: асс. Утеулиева

Г.К.
ТОП: 505-1
Алматы 2012ж.


Слайд 2Жоспар:
Кіріспе:
Тіс ұлпасының құрылымы
Негізгі бөлім:
Ұлпа қабынуының патологиялық анатомиясы

Жедел ұлпа қабынуы
Ошақты
Жайылмалы
Іріңді
Созылмалы ұлпа қабынуы
Фиброзды
Гангренозды
Гипертрофиялық
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер 




Слайд 3Тіс ұлпасы борпылдақ дәнекер тіннен құралған тістің жұмсақ тіні. Көптеген қан

және лимфа тамырлары мен жүйке ұштарына толы.
Клеткалық құрылымдарының ерекшеліктеріне қарай ұлпада 3 клеткалық қабатты ажыратады:шеткейлік (периферический) немесе одонтобластық (одонтобластический), одонтобластарасты (пододонтобластический) немесе аралық (промежуточный), орталық (центральный).
Шеткейлік қабат арнаулы клеткалардың-одонтобластардың 2-4 қабат құра орналасуы нәтижесінде құрылған. Шағын аймақтың өзінде орналасқан клеткалардың құрылымдары әртүрлі, әлі жете дамыған клеткалармен қатар толық жетілген клеткалар да кездеседі.

Тіс ұлпасының құрылымы


Слайд 4Одонтобластар – полярлы құрылымды клеткалар, денеден және екі өсіндіден тұрады (орталық

және шеткейлік).
Шеткейлік өсінділері предентин мен дентинде (дентин өзекшелерінде) кіреуке-дентин шекарасына жете, кейде кіреукеге қабатына өтіп барып аяқталады. Орталық өсінділері (1-2) ұлпада орналасады. Жетілген одонтобластардың пішіні цилиндрге ұқсас, адамның ұлпасы ұлғайған сайын пішіні алмұртқа ұқсай бастайды. Одонтобластар қалыпты дентин қабатын сақтауда және екіншілік дентин құруда үлкен рөл атқарады.
Одонтобластарасты қабаты жұлдызға ұқсас пульпоциттерден тұрады. Олар көптеген өсінділерге бай. Бұл клеткалар бір-бірімен және жоғарғы қабаттағы одонтобластармен десмосомдар арқылы бірігеді. Қажет кезінде одонтобластарға айналады.




Слайд 5Адам өмірінің ұзақтығына байланысты ұлпада функционалдық және морфологиялық өзгерістер байқалады.
Жас ұлғайған

сайын тіс қуысы, көбінесе оның түбір бөлігі тарыла береді, ұлпа клеткаларының, оның ішінде одонтобластардың синтетикалық және энергетикалық функционалдық белсенділігі төмендейді. Клеткалар саны азайып, талшықты құрылымдардың саны көбейеді, фиброздану, торлы атрофиялану және петрификаттану байқалады. Жалпы соматикалық аурулар, пародонт қабынулары және тісжегі кезінде ұлпадағы өзгерістер ерекшелінбейді және төмендегі өзгерістермен сипатталады. Олар – одонтобластар қатарының вакуольдену, ретикулярлы дистрофиялану және петрификаттану.

Ұлпадаға жас ұлғайғанда және әртүрлі патологиялық жағдайдағы өзгерістер


Слайд 6Одонтобластардың вакуолизациялануы. Вакуолизацияланудың алғашқы белгілері митокондрийдің вакуольденуінен басталады, одонтобластар цитоплазмасында вакульдер

пайда болады. Кейінірек цитолиздену ошақтары пайда болып, клеткалардың орнында сұйыққа толған қуыстар қалады.
Ұлпаның ретикулярлы дистрофиялануы. Кейде вакульдену үрдісі одонтобластар қабатының барлық қатарларына және ұлпаның басқа қабатарына тарайды. Бұл кезде ұлпа жиі торды, ұяшықтарды еске түсіреді.
Ұлпаның петрификаттануы. Бұл үрдіс ұлпада минералды тұздардың шөгуімен тығыз байланысты. Мұның алдында ұлпада дистрофиялық өзгерістер орын алады.



Слайд 7 Жедел ұлпа қабынуының дамуы бірнеше сатылардан өтеді. Тісжегі қуысы маңында

ошақты болып басталып, сероздық қабыну үрдісі дамиды. Бұл кезде ұлпада қан тамырларының айқын кеңеюі, серозды ісіну аздаған поли және мононуклеарлы лейкоциттердің жиналуымен байқалады. Ұсақ қан құйылулар мен эритроциттердің диапедезі көрінеді. Жүйке талшықтарының айқын емес дистрофиялық өзгерістері болады. Бұл үрдіс бірнеше сағатқа ғана созылады. Бұдан соң нейтрофильдер көбейіп, жүйке талшықтарының дистрофиялық өзгерістері күшейіп, іріңді ұлпа қабынуы дамиды.

Ұлпа қабынуының
патологиялық анатомиясы


Слайд 8Жедел серозды ұлпа қабынуы


Слайд 9Жедел іріңді ұлпа қабынуы


Слайд 10Созылмалы фиброзды ұлпа қабынуы кезінде ұлпаның барлық бөлігінде дөрекі талшықты

тіннің аса жылдам өсуі және гиалиноз байқалады. Қан және лимфа тамырлары жүйесі айқын өзгеріске ұшыраған. Жасуша құрамы аз, бірақ полиморфты, яғни фибробласттар, макрофагтар көптеп кездеседі және олардың пішіні төрбұрышты болып өзгереді. Сонымен қатар кейбір жасушаларда вакуольді дистрофия жүреді. Жүйке талшықтарының көлемі азйғаны көрінеді.

Слайд 11Созылмалы гипертрофиялық ұлпа қабынуы кезінде гистологиялық зерттеу нәтижесінде грануляциялық тінді көреміз.

Грануляциялық тін түбір өзегінен өсіп шыгады. Грануляциялық тіннің беті өлеттенген тінмен жабылған. Мұнда алып көп ядролы жасушалар мен остеокластар кездеседі. Сонымен қатар сүйек тініне ұқсас остеодентиндер кездеседі. Қалған одонтобласттар вакуольді дистрофияға ұшырайды. Жүйке түйіндері ісінген және четкообразные вздутия болады.

Слайд 12Созылмалы гангренозды ұлпа қабынуы кезінде сауыт ұлпасы маңында некрозға ұшыраған нейтрофильге

толы сызықты көреміз. Оның астында қан тамырларға толы арка тәрізді грануляциялық тін орналасады. Қан тамырлар арасында нейтрофиль, макрофаг, плазмоцит және лейкоциттерге толы инфильтрат бар. Бұдан төмен әртүрлі байланыстырушы тіндер, ең бірінші борпылдақ тін, сонан соң дөрекі талшықты тін орналасады. Жүйке талшықтары ісінген, демиелинезацияға ұшыраған.

Слайд 13
www.google.ru
www.stomfak.ru
Е. В. Боровского ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ




Пайдаланылған әдебиеттер


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика