Қазіргі заманғы денсаулық сақтау, әлемдік тенденция, дамыған елдер презентация

Содержание

Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Қазіргі заманғы денсаулық сақтау «Денсаулық« бағдарламасы Дамыған елдер Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 1ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Орындаған: Амангелді Б.Т
Тобы: 510 «Б» ҚДС
Қабылдаған: Бейсембаева З.И
«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика

академиясы» АҚ
«Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасы

Тақырыбы: Қазіргі заманғы денсаулық сақтау, әлемдік тенденция, дамыған елдер.


Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазіргі заманғы денсаулық сақтау
«Денсаулық« бағдарламасы
Дамыған елдер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Слайд 3Денсаулық сақтау – қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Бірнеше рет қайта құруларды

басынан кешіріп,  алдағы  уақытта да дамытылуы жоспарланып отырған ұлт денсаулығы – еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.

Қазіргі заманғы денсаулық сақтау.


Слайд 4Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін орасан зор қаржы бөлінуде,

жеке меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізілуде, дәрігерлерді оқыту мен олардың қызығушылығын арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасуда, осының бәрі қолданыстағызаңаясындаөзараүйлесімділікпен дамуда.

Слайд 6ҚР   Президенті,    ұлт    көшбасшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Кемелденген мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты

Жолдауында: «Ұлт денсаулығын жақсартуда айтарлықтай табысқа қол жеткіздік. Денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыруда оның ұйымдық жүйесі басқару мен қаржыландыру қайта құрылды», – деді

Слайд 7

«Қазақстан-2050» стратегиясында Елбасы жаңа міндеттер қойды: сапалы және қолжетімді медициналық қызмет;

кең таралған ауруларға диагноз қою мен оны емдеу; сауықтыру медицинасын дамыту; «смарт-медицина» қызметін, ауруды қашықтықтан емдеу мен сауықтыруды, «электронды медицинаны»; 16 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсетуді өмірдің минималды стандартын заңмен бекітуді енгізді.

Слайд 8Осылармен бірге денсаулық сақтау саласында көптеген шешілмеген мәселелер де бар.
Олар:
ауылдарда кәсіби

мамандардың жетіспеуі;
денсаулық сақтау саласында мамандардың нашар дайындалуы;
медицина кызметкерлерінің жалақысының төмендігі, әлеуметтік жағынан аз қорғалғандығы;
аймақтардағы медициналық мекемелердің техникалық жағынан нашар жабдықталуы;
мемлекеттік басқару ұйымдарындағы жемқорлық;
жіберілген дәрігерлік қателіктерге дәрігерлердің жауапкершілігінің төмендігі, олардың кінәсін дәлелдеп, жауапқа тартудың қиындығы.

Слайд 10Дамыған нарықты экономикалық үлгідегі елдерде денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың үш

негізгі үлгісі қалыптасқан .
1.Либеральды-нарықтық (АҚШ)
2. Әлеуметтік — сақтандыру (ГФР, Франция, Австрия, Швейцария, Бельгия, Голландия, Швеция, Жапония, Канада)
3. Бюджеттік (Ұлыбритания, Ирландия, Италия, Испания, Португалия, Греция, Дания)

Слайд 12Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы (ДДСҰ) елдегі денсаулық сақтау жағдайын сипаттайтын жалпылама

көрсеткіштердің 4 санатын анықтады. Олар: - денсаулық сақтау аймағындағы саясатқа қатысты көрсеткіштер; - әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштер; - медициналық-әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету көрсеткіштері; - тұрғындардың денсаулық жай-күйінің көрсеткіштері.

Слайд 13
Қазіргі кезеңдегі денсаулық сақтау ісін дамыту мен жетілдірудегі маңызды бағыт –

ана мен бала денсаулығын қорғау, олардың денсаулығын нығайту үшін оңтайлы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және медициналық-әлеуметтік жағдайлар жасау, отбасын жоспарлау, медициналық-демографиялық проблемаларды шешу.

Слайд 14Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының міндеттері:

Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту
Аурулардың профилактикасын және басқаруды жетілдіру
Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру
Ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру


Слайд 15Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыру жалғастырылуда. Кәсіпкерлік

қызмет үшін жағдайды жақсарту, әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша шаралар қабылданды. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру төрт түрден бір түрге дейін оңтайландырылды. Қазақстанда тұңғыш рет тексерістерге баламалы тетіктер (аудит, НАССР (қатерлерді талдау және сыни бақылау нүктелері), сынамалар алу және камералық бақылау арқылы өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу) енгізілді. 

Слайд 16
Сонымен қатар, қазіргі таңда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органда және жергілікті

атқарушы органдарда (облыстардың, Алматы және Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармалары) қоғамдық денсаулық сақтау саясатын іске асыратын құрылымдық бөлімшелер жоқ, бұл қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі қызметті басқару мен үйлестіруде олқылық тудырады. Бұл олқылық санитариялық-эпидемиологиялық қызметті денсаулық сақтау жүйесі құрылымынан шығарғаннан кейін ерекше көрінді.

Слайд 17Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесінде барлық ведомстволарды ескергенде 68,8 мыңнан астам

дәрігер (2014 жылы – 10 мың тұрғынға шаққанда 39,5, ЭЫДҰ – 42,0) және 160 мыңнан астам орта медициналық қызметкер (2014 жылы – 10 мың тұрғынға шаққанда 91,9) жұмыс істейді.

Слайд 18Дамыған елдер — индустриалды және ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңін басынан өткерген, экономикада, мәдениеттежәне саяси-әлеуметтік құрылымда едәуір жоғары

деңгейге көтерілген елдер.

Слайд 19
Дамыған елдер тізіміне кірген елдер XX ғасырдың аяғы - XXI ғасырдың

басы
Австралия, Австрия, Бельгия, Канада, Кипр, Чехия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Грекия, Гонконг, Исландия, Ирландия, Израиль, Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сингапур, Словакия, Испания, Швеция, Швейцария, Тайвань, Ұлыбритания, АҚШ, Андорра, Бермуд аралдары, Фарер аралдары, Ватикан, Лихтенштейн, Монакожәне Сан-Марино, Литва

Слайд 20Дамыған мемлекеттердің көпшілігі денсаулық сақтау саласында міндетті сақтандыру жүйесін қолданады. Қазақстанға

міндетті медициналылық сақтандыруды енгізу туралы заң жобасы да қызу талқыға түскен еді. Біреулер міндетті медициналық сақтандыру қажет десе, біреулер «Қазақстан әлі дайын емес» деген пікір білдірген. Алайда әлемдік тәжірибеге сүйенсек, міндетті медициналық сақтандырудың жақсы жақтары көп байқалады. Әлем бойынша міндетті медициналық сақтандыруды тиімді пайдаланған мемлкеттердегі жағдайға қысқаша тоқталғанды ұйғардық.

Слайд 21Қазіргі кезде әлем бойынша негізгі үш денсаулық сақтау жүйесі жұмыс жасайтыны

белгілі.
Мемлекеттік басқару басымырақ
медициналық сақтандыру жүйесі басымырақ
ақылы медициналық жүйе басымырақ болады. 

Слайд 22Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі мемлкеттік билік органдарымен қадағаланып, үш түрлі қайнар

көзден қаржыланады:
1.Мемлекет субсидиясы
2.Жұмысберушілердің мақсатты салымдары
3.Жұмысшылардың салымдары

Слайд 23Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы 191 елдің денсаулық сақтау саласын жете зерттеп,

ең үздік деп Францияны атады. Міндетті медициналық сақтандырудың француздық моделі әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі тиімді интеграциямен сипатталады. 

Слайд 24Пайдаланылған әдебиеттер.
Бөлешов, М.Ә. Қоғамдық денсаулық және денсаулықты сақтау:\оқулық М.Ә.Бөлешов. – Алматы

2015
Бөлешов М.Ә. Қоғамдық денсаулық және денсаулықты сақтау:\ оқулық. Алматы эверо 2012
Биғалиева, Р.К Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару:\оқулық Р.К. Биғалиева – Алматы эверо -2014
Сәрсенбаева Г.Ж Қоғамдық денсаулық сақтау: оқу құралы. –Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр» 2013

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика