Жұқпалы аурулардың тасылып әкелуінен және таралуынан ел аумағын санитарлық қорғау презентация

Содержание

Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың , микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге  еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды.

Слайд 1 СӨЖ
Тақырыбы: Жұқпалы аурулардың тасылып әкелуінен және таралуынан

ел аумағын санитарлық қорғау.

Орындаған: Мақсұт Н.А.
Факультет: ҚДС-15-001-2
Оқытушы: Қарабатырова Т.Ә.
 

Алматы, 2017ж.


Слайд 2Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың , микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге  еніп, онда өсіп-өну

және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.

Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік

Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар:
Ішек аурулары;
Жоғарғы тыныс жолдары аурулары;
Қан немесе трансмиссивті аурулар ;
Сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.


Слайд 3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсанындағы №2293 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың енуіне және таралуына санитариялық – карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы шекарасы мен аумағын санитариялық қоғауды қамтамасыз ету ережесі.

Слайд 4Халықаралық байланыс жасайтын көлік түрлеріне және Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде

жүргізілетін шаралар
      1. Шет елге жіберілетін халықаралық байланыс жасайтын көліктер мынандай жағдаймен қамтамасыз етіледі:       1) шетелге жіберілетін көліктерді санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан дайындау;       2) осы Ережелерде көрсетілген аурулардың алдын алу және олармен күресу мәселесі бойынша көлік түрлерінің экипаждары (бригадалары) арнайы дайындықтан өткізіледі (дайындықты медициналық ұйымдар жүргізуі керек);     3) көлік түрлерін, порттың нысандары мен аумағын, стансаларды кеміргіштер және буынаяқтылардан қорғау, көрсеткіштер бойынша (әуе, теңіз және өзен кемелерінің рейстерінде, теміржол құрамында) дератизация және дезинсекция шараларын жүргізу.      2. Әуе және теңіз кемелерінің командирлері мен капитандары, автостанция, жолаушы поездарының бастықтары:       1) жолаушылар немесе экипаж мүшелерінің (бригадалардың) арасында жұқпалы ауруларға күдікті дегендері анықталғанда жоғарғы әкімшілікке, сондай-ақ, порттарға, авто және темір жол стансаларына санитарлық-карантиндік (теңіз, өзен, ауа жолдарындағы) пункттеріне, мәлімет беріп, кеміргіштер мен қосқанатты жәндіктердің болуы туралы хабарлауы керек;       2) жол жүру барысында індетті болдырмау үшін алғашқы санитарлық-эпидемиологиялық (алдын алу) шараларын жүргізіп, сонымен бірге ауруы анықталған ауру адамды уақытша оқшаулап және көліктегі адамдардың денсаулығын бақылаулары керек;       3) поездардың бастықтары мен кемелердің капитандары зарарсыздандыру, дезинсекция және дератизация шараларын жүргізіп, өліп қалған, ауланып ұсталған кеміргіштерді жинап, сақтап, жақын маңдағы портқа жеткізулері керек.       3. Жұқпалы ауруларға күдікті дегендердің негізгі симптомдары мынандай болып келеді: тырысқақ (дененің қызуы -37 0 С және одан да жоғары болуы), жөтелу, іштің өтуі, құсу, денеде бөртпенің пайда болуы, лимфалық түйіндердің үлкеюі, сарғаю, қан құйылу және қанның кетуі, сонымен қатар, міндетті түрде эпидемиологиялық көрсеткіштер ескеріледі.

Слайд 5“Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу бойынша санитариялық- эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды

ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №136 бұйрығы. Қазақстан Республикасы әділет министірлігінде 2015 жылғы 10 сәуірде № 10694 тіркелді.

Слайд 6Қазақстан Республикасының карантин қызметi сырттан әкелетiн аса қауiптi (карантиндiк) жұқпалы аурулардың

алдын алуға, олардың таралуына жол бермеуге бағытталған жалпымемлекеттiк шаралар жүйесiн қамтиды.        Бұл шараларға мыналар енедi:       - сыртқы ортаға эпидемиологиялық қадағалау және лабораториялық бақылау жасау;        - аумақты санитарлық қорғау, шекаралық бақылау шараларын қоса;        - адамдар мен жүктер қозғалысына шектеу қою (карантин енгiзу);       - елдi мекендер мен қалалардағы қосымша санитарлық-гигиеналық iс-шаралар;       - халықты сапалы ауыз сумен, азық-түлiкпен қамтамасыз ету, санитарлық-дезинфекциялық iс-шаралар;      -  емдеу-профилактикалық шаралары;      -  медициналық-санитарлық ағарту. 

Слайд 7Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің  лауазымды тұлғаларының мiндеттерi   Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң тұлғалары:        1) мемлекеттiк орталық

және жергілiктi басқару органдарына санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы, санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердi бұзушылықтар туралы ақпарат беруiне;        2) кәсiби уланулар мен науқастанулардың, жұқпалы және паразиттік аурулардың пайда болу себебi мен жағдайын анықтауға және талдау жасауға;        3) жұқпалы және паразиттік аурулардың ошақтарында санитарлық-iндетке қарсы iс-шараларды ұйымдастыруға;        4) халықты иммунитетпен қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;        5) халыққа қоршаған ортаның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы және оның адам денсаулығына әсерi туралы, қолданыстағы санитарлық ережелер туралы ақпарат беруге;        6) медициналық және гигиеналық бiлiмдi, салауатты өмiр салтын қалыптастыруды насихаттауға қатысуға;  7) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша өз қызметiн мемлекеттiк басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасаумен жүзеге асыруға міндетті.      

Слайд 9Вирустық ауруларды арнайы алдын алу үшін вакциналар қолданылады.


Слайд 10Вакцина (лат. vacca — сиыр, vaccіnus — сиырдікі) — микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы ауруларданалдын ала сақтану жәнеолардың иммундық қасиетін арттыру

үшін егілетін препараттар.Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған.1796 жылы ағылшын дәрігері Э.Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды.


Слайд 12Иммунитеттің гуморальдық және клеткалық факторлары әр түрлі вакциналармен іске асады.


Слайд 13 Адьюванттардың әсер ету механизмі.«A'dyuvant (LAT Adjuvans, adjuvantis ықпал көмектеседі.)

- 1)антигенді иммуногенндігін арттыратын зат; Кейбір адъюванттарды вакциналарды өндіруде қолданады. (алюминий гидрат соавт.); 2)агент немесе есірткілік заттарды күшін арттырады.
 
Иммуномодуляторлар — иммундық жүйеге реттеуші әсер ете алатын табиғи немесе синтетикалық заттар. Имундық жүйеге әсер етуі бойынша оларды иммуностимулдеуші және иммуносупрессивті деп бөледі.
Иммуностимулдеушілерге тимус препараттары, интерлейкиндер, интерферондар, интерферондардың индуктоы, биологиялық белсенді пептидтер, кейбір саңырауқұлақтардың полисахаридтері, емдеуші вакциналар жатады. Олардың белсенділігі организмнің клеткалары мен ұлпаларының метаболизміне әсер ету қабілетімен және иммунокомпонентті клеткаларды белсендіре алатынында болса, оның нәтижесінде организмнің инфекционды және инфекционды емес ауруларға қарсы қабілеті артады.
Иммуносупрессорлар қабынуда, аллергияда, трансплантацияда, аутоиммунды ауруларды емдеуде лимфоцидті клеткалардың белсенділігін басу үшін қолданылады

Адьюванттар, иммуномодуляторлар


Слайд 14 Пайдалнылған әдебиеттер тізімі

 

Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. Вернер, Дэвид.
Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет. 
 О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.


Слайд 15НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика