Жүйе бойынша неврологиялық статусты тексеру тәсілдері презентация

Содержание

ЖОСПАР: Жоғарғы ми қызметінің функциялары. Бассүйек-ми нервтерінің функциялары. Сезімталдық функциялары.

Слайд 1 ПРЕЗЕНТАЦИЯ Жүйе бойынша неврологиялық статусты тексеру тәсілдері
Дайындаған: Сарсенов Н.А
Қабылдаған: Нұрмаханбетов

Р.К



Шымкент, 2016


Слайд 2

ЖОСПАР:
Жоғарғы ми қызметінің функциялары.

Бассүйек-ми нервтерінің функциялары.

Сезімталдық функциялары.

Қозғалыс жүйесі мен мишықтың функциялары.

Вегетативті нерв жүйесі.

Рефлекстер.

Слайд 3Жоғарғы ми қызметінің функцияларын зерттеу тәсілдері.


Слайд 4Жоғарғы ми қызметі функцияларын бағалау.
Негізгі міндет – науқастың есінің жағдайын анықтау.


Есі анық - санасы анық, қоршаған ортаға адекватты реакциясы сақталған, сергек;
Есеңгіреу - ес жоғалтудың ең жеңіл сатысы; науқас енжар, ұйқышыл, сұрақтарға жауап бере алады, бірақ сұрақты бірнеше рет қатты дауыстап және қайталап айту керек;
Сопор - қатты дауыс және тітіркендіргіштерге көзін ашады, бірақ сөйлей алмайды;
Кома - сыртқы тітіркендіргіштерге реакция көрсете алмайтын ес-түссіз жағдай.

Слайд 5Сөйлеуді тексеру.
Дәрігер науқаспен сөйлесу кезінде оған бағытталған сөздерді қалай

түсінеді (сенсорлық) және қалай айтатынына (моторлы) назар аударып, анализ жасайды.
Сөйлеу қабілетінің бұзылуы – афазия;
Моторлы афазия (Брок афазиясы) – төменгі маңдай ирелеңінің артқы бөліктері зақымдалуында, ал
сенсорлы афазия (Вернике афазиясы) – жоғарғы самай ирелеңінің төменгі және ортаңғы бөліктері зақымданғанда дамиды.

Слайд 6Праксисті зерттеу.
Праксис – мақсатты, жоспарлы іс-әрекеттерді орындау қабілеті.
Апраксия – мақсатты іс-әрекеттердің

орындалуының бұзылуы.
Моторлы апраксия – қимылдардың бірізділігінің жоғалуы. Оны анықтау үшін науқасқа “жұдырық-қабырға-алақан” тесті беріледі. Бұл іс-әрекеттер бірізділігін тез-тез бірнеше рет қайталауды өтінеді.
Идеомоторлы апраксия – қарапайым қимылдарды орындай алмау. Оны тексеру үшін науқасқа тілін шығаруын, ысқыруын, стаканға суды қалай құю керектігін, сіріңкені тұтатуын және т.б. көрсетуін сұрайды.

Слайд 7Гнозисті зерттеу.
Агнозия – көру, есту функциялары, сезімталдық сақталғанымен заттар

мен құбылыстарды танып ажырату процесінің бұзылуы. Агнозияның түрлері:
Иіс сезу агнозиясы;
Есту агнозиясы;
Көру агнозиясы;
Кеңістік сезу агнозиясы;
Адамды танымау агнозиясы;
Аутотопоагнозия - өз дене мүшелерін орналасуын анықтай алмау. Бұл синдром көбінесе екі немесе бір ми сыңарының (көбінесе оң) төбе-шүйде аймақтарының зақымдануы кезінде дамиды.

Слайд 812 жұп бассүйек-ми нервтері:
І – иіс сезу нерві (n.olfactorius)
ІІ –

көру нерві (n.opticus)
ІІІ – көз қозғалтқыш нерв (n.oculomotorius)
ІV – шығыршық нерві (n.trochlearis)
V - үшкіл нерв (n.trigemines)
VI - әкеткіш нерв (n.abducens)
VII – бет нерві (n.facialis)
VIII – кіреберіс-ұлу нерві (n.vestibulocochlearis)
IX – тіл-жұтқыншақ нерві (n.glossopharyngeus)
X – кезбе нерв (n.vagus)
XI – қосымша нерв (n.accessorius)
XII – тіласты нерві (n.hupoglossus)

Слайд 9Бассүйек-ми нервтерінің қызметіне байланысты ажыратылуы:
Сезгіш нервтер – І; ІІ; VIII

Қимылдатқыш

нервтер – ІІІ; ІV; VI; XI; XII

Аралас нервтер – V; VII; IX; X.

Слайд 10Иіс сезу нервін тексеру.
Иіс сезу қабілетін тексеру үшін хош

иісті заттар (камфора, ванилин, әтір) пайдаланылады.
Тексеру реттілігі:
Науқас екі көзін жұмады;
Саусағымен мұрнының бір тесігін жауып тұрады;
Дәрігер ұсынған хош иісті затты иіскейді.
Қандай иісті сезгенін немесе сезбегенін дәрігерге айтады.

Гиперосмия – иісті шамадан тыс қатты сезіну;
Гипосмия – иісті нашар сезу;
Аносмия – иісті мүлде сезінбеу;
Дизосмия – иістің бұрмаланып сезілуі;
Иіс галлюцинациялары – жоқ иістерді сезіп тұрғандай болу.


Слайд 11Көру жітілігін тексеру.
Көру жітілігін тексеру үшін Сивцев кестесі қолданылады.

Кесте Ланьдольт дөңгелектері мен әріптік оптотиптерден тұрады. Әрбір қатардағы оптотиптердің өлшемі бірдей, бірақ жоғарғы қатардан төменгі қатарға дейін біртіндеп кішірейеді. Көру жітілігін Снеллен формуласы бойынша есептеп шығарады: Visus=d/D. d-адамның белгілерді көре алатын ең қашық аралық. D-оптотиптердің қалыпты көрінетін ара қашықтығы.

Слайд 12Көру жітілігін тексеруге арналған Сивцев кестесі.


Слайд 13Көру жітілігін тексеру реттілігі:
Кесте еденнен 1,2 м биіктікте, аурудан 5 м

қашықтықта орналасуы керек.
Зерттеу алдымен оң көзге, кейін сол көзге жасалады.
Зерттелмейтін көз күңгірт қалқанмен жауып тұрылады.
Дәрігер кестедегі оптотиптерді жақсы көрінетін көрсеткіш таяқшамен көрсетіп отырады.
Жоғарыдан төмен қарай әр қатардағы әріптер тексерілуші қателескенше көрсетіледі.
Көру жітілігін барлық белгілері қатесіз айтылған қатармен бағалайды.

Слайд 14Түстерді ажыратуды тексеру.
Түстерді ажыратуды Рабкиннің түрлі-түсті кестелерінің көмегімен тексереді.


Тексеру реттілігі:
Зерттеуді тек күндізгі жарықта жүргізеді;
Тексерілуші кестеден 1 м қашықтықта арқасын жарыққа беріп отырады;
Дәрігер тексерілушіге кестелерді кезекпен көрсетіп, көрінген белгілерді атауын өтінеді;
Кестелер 10 секундтан артық көрсетілмейді.

Заттың түсін мүлде ажырата алмау – ахроматопсия;
Екі түсті ажырата алмау – дисхроматопсия;
Қызыл мен жасыл түсті ажырата алмау – дальтонизм.


Слайд 15Көз түбін тексеру.
Көз түбін толық көру үшін офтальмоскоппен тура

офтальмоскопия жасау әдісін қолданады. Бұл әдісті қол электрлі офтальмоскобымен жүргізеді. Оның ұстағыш сабында жарық көзі ретінде кішкене электр шамы орнатылған. Дәрігер офтальмоскоппен бірге науқастың көзіне өте жақындап көздің түбін қарашық арқылы қарайды. Офтальмоскоппен тура қарау әдісінде көз түбінің бейнесі шамамен 13-16 есе ұлғайтылады.

Слайд 16Көз алмасының қозғалуын тексеру.
Тексеру реттілігі:
Дәрігер науқастың басын иегінен ұстап тұрады;
Көзінің алдында

15-20 см қашықтықта оңға, солға, жоғары, төмен және мұрнының ұшына кезекпе – кезек бағыттала ауыстырылып тұрған неврологиялық балғаға қарауын өтінеді.

Тексеру реттілігі:
Дәрігер науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызады;
Екі көзін алақанымен жауып қояды;
Алдымен бір көзді, содан кейін екінші көзін ашып, қарашықтың реакциясын байқайды.
Қалыпты жағдайда қарашыққа түскен жарықтың әсерінен ол тарылады – қарашықтың жарыққа тікелей реакциясы.


Слайд 17Қарашықтың конвергенциялық және аккомодациялық реакциясын тексеру.
Тексеру реттілігі:
Дәрігер науқастың бетінен 50-60 см

қашықтықта ұстап тұрған саусағына қарауын өтінеді;
Дәрігер саусағын мұрынның ұшына таяу әкеледі.
Қалыпты жағдайда көз алмалары көз саңылауының ішіне қарай ауысады (конвергенция) онымен қоса қарашық тарылады (аккомодация).

Слайд 18Үшкіл нерв қызметін тексеру.
Сезімділікті зерттеу тәсілдері:
Үшкіл нервтің бетке шығатын тұстарын (көз

үсті, көз асты, иек асты) басып көру.
Үшкіл нерв тармақтарының беттегі нервтендіретін аймақтарында ауырсыну, жанасу және кинетикалық сезімталдықты анықтау.
Қанттың, ас тұзының көмегімен тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезу мүмкіндігін тексеру.

Қозғалуды зерттеу тәсілдері:
Ауызды ашқанда төменгі жақтың қалай тұрғанына назар аударылады.
Шайнау бұлшықеттерінің жиырылуын зерттеу үшін науқастың жағын алақанымен басып тұрып, шайнауын өтінеді.


Слайд 19Бет құбылысына әсер ететін бұлшық еттердің қызметін тексеру реттілігі:
Маңдай бұлшық етін

тексеру – қабағыңызды көтеріңіз;
Қабақ бұлшық етін тексеру – қабағыңызды түйіңіз;
Көз айналасындағы бұлшық еттерді тексеру – көздеріңізді сығырайтыңыз;
Жақ бұлшық етін тексеру – екі ұртыңызды томпайтыңыз;
Күлкіге қатысты бұлшық еттерді тексеру – тісіңізді ақситыңыз;
Ауыз айналасындағы бұлшық еттерді тексеру – еріндеріңізді алға қарай түтікше етіп керіңіз.

Слайд 20Бет нервінің зақымдануы кезіндегі симптомдар:
Нерв фаллопий арнасында зақымданса, тілдің

дәм сезу қабілеті және есту қабілеті бұзылады:
Дәмді артық сезеді - гипергейзия;
Дәмді нашар сезеді – гипогейзия;
Дәмді мүлде сезбейді – агейзия;
Дәмді шатастырып алады – парагейзия.

Дауыс жаңғырып естіледі – гиперакузис;
Дауыс нашар естіледі – гипакузис;
Дауысты мүлде естімейді – анакузис.

Слайд 21Есту анализаторын тексеру.
Есту қабілетін зерттеудің ең қарапайым әдісі –адамның

сыбырлап сөйлеуді қалай қабылдауын тексеру. Қалыпты жағдайда сыбырды адам 6-7 м қашықтықтан ести алады.

Құлақтың біреуіне дыбыстың бұрын жетуін анықтау. Дыбыс шығарып тұрған С218 камертонының аяғын тексерілушінің шүйдесінің ортасына орнатады да, қай құлағымен камертон дыбысын қаттырақ еститінін сұрайды.
Қалыпты жағдайда бұрын жету болмайды, адам шүйдесіне қойылған камертон дыбысын екі құлағымен бірдей естиді.


Слайд 22Ромберг кейпінде зерттеу.
Науқасқа аяқтарын қосып, қолдарын алға созып көзін

жұмуын өтінеді. Егер оң құлақ лабиринті зақымданса, науқастың денесі сау құлақ жаққа ауытқиды. Бастың тұрған қалпын өзгерту аурудың құлау бағытын да өзгертеді.

Науқас көзін жұмып, қолдарын горизонтальды түрде алға созып тұрады. Кейін ол бір орында тізесін мүмкіндігінше жоғары көтеріп жүреді. Егер науқаста вестибулярлы зақымдану болса, ол өз осінің айналасында айналады.


Слайд 23Тілжұтқыншақ және кезбе нервтерді тексеру тәсілдері.
Дәрігер науқастан аузын кең ашуын өтінеді

де тыныштық жағдайда көмейге, тілшікке, жұмсақ таңдайға назар аударады.
Кейін науқасқа “а-а-а“ деп айтқызып, дауыс шығару кезінде таңдай мен тілшіктің қалай қимылдайтынына назар аударады.
Үшкір етіп оралған, қағаздан жасалған түтікті қолдану арқылы жұтқыншақ рефлексін, жұмсақ таңдай рефлексін тексереді. Бұл кезде жұтқыншақ бұлшық еттері жиырылады, жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі.
Тұзды ерітінділердің көмегімен тіл түбінің оң және сол жағындағы дәм сезіну қабілеті тексеріледі.
Науқаста жұтыну қабілетінің сақталған немесе сақталмағанын байқау керек.

Слайд 24Қосымша нерв қызметін тексеру.
Тексеру реттілігі:
Науқасқа басын оңға және солға бұруын өтінеді

және оны қозғайтын бұлшық еттердің күшін тексереді.
Науқасқа иығын көтертеді, екі жауырынын шамасы жеткенше біріне – бірін жақындатуын, қолын жоғары көтеруін өтінеді де.
Дәрігер науқастың осы қимылдар кезіндегі бұлшық еттердің күшін тексереді.

Слайд 25Тіласты нервінің қызметін тексеру.
Тексеру реттілігі:
Науқасқа тілін көрсетуін өтінеді;
Тілінің қалай жатқанына назар

аударады;
Тілде атрофия, фибрилляциялық жиырылулар, тремор бар-жоқтығын тексереді.

Тіласты нервінің ядросында ауыздың дөңгелек бұлшық етін иннервациялайтын талшықтардың жасушалары орналасқан. Сондықтан тіласты нервінің ядросы зақымданған кезде еріндердің құрғауы, қатпарлануы болады, ысқыру мүмкін болмай қалады.

Слайд 26Тіласты нервінің зақымдану симптомдары:
Глоссоплегия – тіласты нерві ядроларының екі

жақты зақымдануына байланысты тілдің қозғалмай қалуы.
Дизартрия – тіл бұлшық еттері талшықтарының жыбырлап дірілдеуі нәтижесінде сөйлеу қабілетінің қиындауы.
Анартрия – сөйлеу мүмкіндігінің жойылуы.

Слайд 27Клиникалық менингеальды синдромдар.
1) Бастың бір қалыптан екіншісіне ауыстырған кезде, жарықта, қатты

дауыстар естіген кезде күшейе түсетін - жайылмалы бас ауруы;
2) Шүйде аймағындағы және омыртқа бағанасы бойындағы ауырсыну;
3) Кенеттен пайда болатын, тамақ қабылдауға байланыссыз және көп мөлшерлі құсу;
4) Көру, есту және басқа тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық.

Слайд 28Объективті менингеальды синдромдарды тексеру.
1) “Тазы ит” кейпі. Науқас басын

басын артқа тастап арқасымен жатады, аяғы ішіне жиналған, іші тартылған.

2) Шүйде бұлшық еттердің ригидтілігін анықтау. Дәрігер өзінің алақанын науқастың шүйдесіне қойып, басын июге тырысады. Науқаста сіреспелілік болғанда ол басын ие алмайды, өйткені шүйде бұлшық еттері қатаяды, иек пен төстің артында 1-3 саусақ сиятындай кеңістік қалады.


Слайд 29Объективті менингеальды синдромдарды тексеру.
3) Керниг симптомы. Дәрігер науқастың аяғын жамбас-сан

және тізе буындарында тік бұрыш жасап бүгеді. Содан кейін дәрігер тізе буынын жазуға әрекеттенеді. Егер симптом оң болса бүгуші бұлшықеттердің қатаюына байланысты тізе буыны жазылмайды.

Слайд 30Объективті менингеальды синдромдарды тексеру.
4) Брудзинский симптомы.
Жоғарғы – науқастың

басын июге әрекеттеген кезде оның аяғы бүгіледі;
Ортаңғы – қасағаны басқан кезде науқастың аяғы бүгіледі;
Төменгі – Керниг симптомын зерттеген кезде екінші аяғы бүгіледі.

Слайд 31Объективті менингеальды синдромдарды тексеру.
5) Бехтеревтің бетсүйек рефлексі. Бетсүйек доғасын неврологиялық

балғамен соққылаған кезде бас ауыруы, беттің сол жағында ауырсыну сезімдері пайда болады.

6) Лесаждың “ілу” симптомы. Егер баланы қолтығынан алып жоғары көтерсе, ол аяқтарын тізе буынында бүгіп алады да оны қозғалтпай тұра береді.


Слайд 32Сезімталдықтың түрлері:
Беткей;
Терең;
Күрделі.



Жанасу сезімталдығын тексеру кезінде

дәрігер бір шоқ мақтаны науқастың бас, дене, қол, аяқ терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны сезгенін айтып отырады. Дененің сезімталдығы бұзылған тұсында науқас жанасу әсерін сезінбейді.

Жанасуды шектен тыс сезу – гиперестезия;
Жанасуды толық сезінбеу – гипестезия;
Жанасуды сезінбеу – анестезия.

Слайд 33Беткей сезімталдықты тексеру:
Жанасу сезімталдығын тексеру кезінде дәрігер

бір шоқ мақтаны науқастың бас, дене, қол, аяқ терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны сезгенін айтып отырады. Дененің сезімталдығы бұзылған тұсында науқас жанасу әсерін сезінбейді.

Жанасуды шектен тыс сезу – гиперестезия;
Жанасуды толық сезінбеу – гипестезия;
Жанасуды сезінбеу – анестезия.



Слайд 34Беткей сезімталдықты тексеру:
Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен

бастың, дененің, қол-аяқтың терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Егер түйреуішпен түрткен кезде:

Ауырсынудың шамадан тыс сезілуі – гипералгезия;
Ауырсыну сау жағымен салыстырғанда аз ғана сезілсе – гипалгезия;
Ауырсынудың сезілбеуі – аналгезия.

Слайд 35Беткей сезімталдықты тексеру:
Температура сезімталдығын тексеру үшін дәрігер екі пробиркаға

бірдей етіп су құяды. Олардың біреуінде 40°С, екіншісінде 20°С су болады. Осы пробиркалардың түбін науқастың аяқ-қолының симметриялы аймақтарына тигізіп шығады. Науқас қандай температураны сезінгенін айтып отырады.

Ыстық - суықты шектен тыс сезіну – термогиперестезия;
Ыстық – суықты сезінбеу – термоанестезия.


Слайд 36Терең сезімталдықты тексеру:
Бұлшық ет – буын сезімталдығын тексеру үшін

дәрігер науқастың қол – аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағына қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады.




Салмақты сезіну. Дәрігер науқастың екі қолын алдына созғызып, алақанына әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып байқайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 20-25 г дейін айырмашылығы байқалады.

Кинестетикалық сезімталдық. Дәрігер саусағымен науқастың терісін әр тұсынан қатпарлап ұстап, жоғары-төмен, оңға және солға қозғайды. Науқас тері қатпарының қозғалу бағытын ажырата алуы тиіс.


Слайд 37Терең сезімталдықты тексеру:
Діріл сезімталдығы. Дәрігер дірілдеп тұрған камертонның сирағын

адам денесінің біз тәрізді, қылқанды өсінділеріне симметриялық жанастырады да науқастың дірілдің сезілу немесе сезілбеу деңгейін сұрап отырады.
Камертонның дірілін аз сезіну – гипоаллестезия;
Камертонның дірілін сезбеу – апаллестезия.



Екі өлшемді кеңістікті сезіну. Дәрігер көзі жұмулы науқастың терісіне сандарды немесе геометриялық фигураларды салады.
Цифрлар мен фигуралардыы ажырата алмау – графанестезия;
Цифрлар мен фигураларды шатастырып алу немесе қиналып анықтау – графгипестезия.

Стереогностикалық сезім. Тексерілушінің қолына кілт, қарындаш және т.б. заттарды беріп, оның қандай зат екенін сипап сезіп айтуын өтінеді. Бір қолымен берілген затты анықтай алмаса, екінші қолына беріледі.

Заттарды сипап сезу арқылы анықтай алмау – астереогнозия.


Слайд 38Рефлекстердің түрлері.
Рефлекс – орталық нерв жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге

беретін күрделі жауабы.
Шартты рефлекстер;
Шартсыз рефлекстер: беткей, терең, патологиялық.

Слайд 39Беткей рефлекстер.
Теріні, көздің мөлдір қабығын немесе сілемейлі қабықтарды тітіркендіру

арқылы білінеді.
Конъюнктивалдық рефлекс – көздің сілемейлі қабығына мақтаның ұшталған талшықтарымен немесе қағаздың ұшын жанастырған кезде қабақтың жұмылуы.

Көздің мөлдір қабығы рефлексі –көздің мөлдір қабығына мақтаның ұшталған талшықтарымен немесе қағаздың ұшын жанастырған кезде қабақтың жұмылуы.


Слайд 40Беткей рефлекстер.
Жұмсақ таңдай рефлексі – шпателдың ұшын жұмсақ таңдайға жанастырған

кезде таңдайдың және тілшіктің жиырылып жоғары көтерілуі.


Жұтқыншақ рефлексі - шпателдың ұшын жұтқыншаққа жанастырған кезде жөтел немесе құсу әрекеттері сезімінің пайда болуы.


Слайд 41Беткей рефлекстер.
Құрсақ рефлекстері. Құрсақ бұлшықеттерін (үш жұп) іш терісін

қабырға доғасынан төмен үшкір затпен тітіркендіренде пайда болады.

Жоғарғы – қабырға доғасына параллельді; ортаңғы – кіндік деңгейінде;
төменгі – шап қатпарының үстінде.


Слайд 42Терең рефлекстер.
Астыңғы жақ рефлексі – дәрігер науқастың иегіне батырылған

саусағына неврологиялық балғамен соққанда шайнау бұлшық еттерінің жиырылуы.


Білезік – буын рефлексі – кәрі жіліктің шыбығын неврологиялық балғамен соққанда қолдың білезік тұсында бүгілуі.


Слайд 43Терең рефлекстер.
Шынтақ жазылу рефлексі – неврологиялық балғамен үш басты

бұлшық еттің сіңірін соққанда қолдың шынтақтан жазылуы.

Шынтақ бүгілу рефлексі – неврологиялық балғамен екі басты бұлшық еттің сіңірін соққанда қолдың шынтақтан бүгілуі.


Слайд 44Терең рефлекстер.
Тізе рефлексі – тізені тізетобығынан (patella) төмен неврологиялық

балғамен соққанда төрт басты бұлшық еттің жиырылуы және тізені жазу пайда болады.

Ахилл рефлексі - өкше сіңірін неврологиялық балғамен соққанда үш басты бұлшық еттің жиырылуына байланысты табанның жазылуы.


Слайд 45Патологиялық рефлекстер.
Ауыздық автоматизм рефлекстері;
Қол ұшының патологиялық рефлекстері;
Аяқ ұшының жазылу патологиялық рефлекстері;
Аяқ

ұшының бүгілу патологиялық рефлекстері;
Тізе клонусы;
Өкше клонусы;
Қорғаныш рефлекстері.

Патологиялық рефлекстер орталық неврондар зақымданғанда пайда болады.

Слайд 46Ауыздық автоматизм рефлекстері.
Ауыз рефлексі – неврологиялық балғамен төменгі немесе

жоғарғы ерінді жеңіл соққанда ауыздың дөңгелек бұлшық етінің жиырылуы.

Мұрын – ерін рефлексі – неврологиялық балғамен мұрынның ұшын жеңіл соққанда ерін бұлшық еттерінің жиырылуы.

Алақан – иек рефлексі - бас бармақ томпағы тұсын сызып тітіркендіргенде иек бұлшық етінің жиырылуы. Ауыздық автоматизм рефлекстерінің дамуы кортико-нуклеарлық шоғырдың екі жақты зақымдануымен байланысты.


Слайд 47Қол ұшының патологиялық рефлекстері.
Қол ұшын әр жерінен тітіркендірген кезде

оның саусақтарының ақырындап бүгілуі.

Россолимо симптомы;
Жуковский симптомы;
Якобсон-Ласк симптомы.

Слайд 48Россолимо симптомы.
Дәрігер саусақтарының ұшымен науқастың бүгулі тұрған саусақтарының ұшын

әлсіз соққылағанда байқалады.

Жуковский симптомы.

Якобсон-Ласк симптомы.

Науқас алақанының орта тұсын неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.

Біз тәрізді өсіндіні неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.


Слайд 49Аяқ ұшының патологиялық рефлекстері.
1) Экстензорлық немесе жазылу аяқ ұшының патологиялық рефлекстері

– теріні аяқтың әр тұсынан тітіркендіргенде бас бақай жазылуы, басқа бақайлардың бір-бірінен алшақтауы.
Бабинский рефлексі;
Оппенгейм рефлексі;
Гордон рефлексі;
Шеффер рефлексі.

2) Флексорлық немесе бүгілу аяқ ұшының патологиялық рефлекстері – аяқ ұшының ІІ, ІІІ, ІV және V бақайларының бүгілуі.
Россолимо рефлексі;
Бехтерев І рефлексі;
Бехтерев ІІ рефлексі;
Жуковский-Корнилов рефлексі.

Слайд 50Бабинский рефлексін тексеру.
Табан астын үшкір затпен сызғанда пайда болады.
Оппенгейм рефлексін

тексеру.

Гордон рефлексін тексеру.

Бас бармақты жіліншіктің қырын баса жоғарыдан төмен қарай жүргізу арқылы анықталады.

Науқастың балтырын ұстап қысу арқылы көрініс береді.


Слайд 51Шеффер рефлексін тексеру.
Өкше сіңірін қатты шымшып қысу арқылы көрініс

береді.

Россолимо рефлексін тексеру.

Бехтерев І рефлексін тексеру.

ІІ-V бақайлардың ұшын дәрігер саусақтарының ұшымен түрткілеп соғу арқылы көрініс береді.

Аяқ ұшының үстін ІV бақай тұсында неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.


Слайд 52Бехтерев ІІ рефлексін тексеру.
Өкшені немесе бас бармақ томпағын неврологиялық

балғамен соққанда аяқ бақайларының бүгілуі.

Жуковский – Корнилов рефлекстерін тексеру.

Табанның саусақтарға жақын тұстарын неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.


Слайд 53Тізетобық клонусы.
Науқас арқасымен, екі аяғы түзу жатады. Дәрігер бас

және сұқ саусақтарымен тізетобықты жоғарыдан ұстап, төменге басып тұрады. Бұл кезде санның төрт басты бұлшық еті созылады, бұған жауап ретінде бұлшықеттің ырғақты жиырылуы және тізетобықтың төменге және жоғарыға тербелістері пайда болады.

Өкше клонусы.

Дәрігер өкше клонусын бір қолымен науқастың тізесін, екінші қолымен өкшені ұстап сирақ-аяқ басы буынында жылдам бүгу арқылы шақырады. Ырғақты қимылдар біраз уақыт сақталады.


Слайд 54Жұлынның шартсыз рефлекстерінің қалыптыдан ауытқуы:
Рефлекстердің өршуі – гиперрефлексия;
Рефлекстердің төмендеуі – гипорефлексия;
Симметриялы

жақтарда екі жақтан бірыңғай- лықтың сақталмауы - анизорефлексия;
Рефлекстердің жойылуы – арефлексия.


Слайд 55Ашнер – Даньини көз-жүрек рефлексін тексеру.
Көз алмаларын жеңіл

және бірдей басу.
Диагностикалық мақсатта – ВНЖ-нің парасимпатикалық бөлімінің қозғыштығын бағалау үшін; емдік мақсатта – пароксизмальды тахикардия ұстамасын жою үшін қолданылады. Науқас 3-4 рет терең тыныс алғаннан кейін көзін жұмады да дәрігер 3-4 секунд оны басып тұрады. Науқасқа ауырсыну болу мүмкіндігін ескерту қажет.

Пульсті осы сынамадан 1 минут алдын және 1 минут кейін санайды.

Вегетативті нерв жүйесі функцияларын зерттеу тәсілдері


Слайд 56Сынаманың нәтижесін бағалау.
Көз-жүрек рефлексінің қалыпты типі – 1 минут ішінде пульстің

4-10 ретке дейін төмендеуі;

Көз-жүрек рефлексінің ваготоникалық типі – пульстің 10 реттен көп төмендеуі;

Көз-жүрек рефлексінің симпатотоникалық типі – пульстің жиілеуі.

Чермак-Геринг сино-каротидтік рефлексін тексеру.

Ұйқы артериясын басу кезбе нервті тітіркендірудің ең тиімді әдісі. Бұл әдіс науқас арқасымен жатқанда жасалады. Тамыр соғуын анықтап алғаннан кейін дәрігер бас және сұқ саусақтарымен төс-бұғана-емізіктік бұлшық еттің 1/3 тұсын ұйқы артериясының соғуы білінгенше 10-20 секунд жеңіл басып тұрады да, одан кейін тамыр соғуының 1 минуттағы жиілігін санайды.


Слайд 57Жергілікті дермагрофизмді анықтау.
Теріні сызу (штрих) арқылы білінеді. Сау адамда бірнеше

секундтан кейін жіңішке ақ жиекпен қоршалған қызыл жолақ пайда болады. Егер оның орнында ақ жолақ білінсе, онда ол қан тамырларының тонусы күшейгенінің белгісі.

Слайд 58Мишық қызметін тексеру.
Жүрісті тексеру. Науқас бөлме ішінде бір сызық

бойымен көзін ашып, жұмып, алға, артқа жүреді. Мишығы зақымданған науқас екі аяғының арасын ашып, шайқалып жүреді. Мишықтың табаны зақымданса, науқас екі жағына теңселіп жүреді; жарты шары зақымданса, зақымданған жаққа қисая кетеді, қырымен жүре алмайды.

Қозғалыс жүйесі мен мишықтың функцияларын зерттеу тәсілдері.


Слайд 59Саусақ-саусақ сынамасы.
Сырқат қолын созып тұрып саусағымен дәрігердің саусағын немесе

оның қолындағы неврологиялық балғаның басын дәл табуы керек. Бұл сынама науқастың көзі жұмулы және ашық күйінде жүргізіледі. Мишық зақымданғанда науқастың саусағы сыртқа қарай ауытқи береді.

Диадохокинез әдісі.

Науқас екі қолын алға қарай созып, саусақтарымен жылдам темпте супинация және пронация қимылдарын жасайды. Мишық зақымданғанда бұл қимылдар баяу білінеді (адиадохокинез). Мишықтың зақымданған жағында бұл құбылыстар басымырақ болады.
Жоғарыда- супинация қимылдары;
Төменде – пронация қимылдары.


Слайд 60Бұлшық еттердің жиырылу күшін тексеру.
Бұлшық еттердің күші алты баллдық жүйемен бағаланады:
5

– бұлшық ет күші қалыпты жағдайда сақталған;
4 - бұлшық ет күші азайғанымен қимыл көлемі толық;
3 – қимыл көлемі азайған, аяқ-қолын көтере алады;
2 - әрең қимылдайды, аяқ-қолын көтере алмайды;
1 – қимылдар әрең пайда болады;
0 – сал болып қалу.


Слайд 61Бұлшық ет тонусының патологиялық өзгерістері.
Гипертония – бұлшық еттің сіресіп қатаюы;
Гипотония –

бұлшық ет серпімділігінің төмендеуі;
Атония - бұлшық ет серпімділігінің жойылуы.

Слайд 62Назарларыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика