Жүрек қан тамыр ауруларыәлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының біріне айналып отыр презентация

Содержание

Жүрек – қан тамыры ауруларына әкеліп соқтыратын басты себептер қандай ? Басты себеп адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуінен десек, сонымен қатар жағымсыз экологияның да салдары жетерлік. Әсіресе , соңғы жылдары

Слайд 1
Кіріспе:
Жүрек қан тамыр ауруларыәлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының

біріне айналып отыр. Ол көбіне ересек адамдарды не мүгедектікке шалдықтырады немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім – жітімнің 52 пайызы жүрек – қан тамыры аурулары құрайды. Еуропада жыл сайын осы ауру салдарынан шамамен 3 миллион адам қайтыс болса , Ресейде 1 миллион адам , ал Қазақстанда 80 мың кісі осы аурудан көз жұмады.


Слайд 2Жүрек – қан тамыры ауруларына әкеліп соқтыратын басты себептер қандай ?

Басты себеп адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуінен десек, сонымен қатар жағымсыз экологияның да салдары жетерлік. Әсіресе , соңғы жылдары инфаркт пен инсульттен болатын өлім тым жиілеп барады. Оның негізінде , атеросклероздан басқа , адамдардың жүйке жүйесінің шаршауы, олардың дәрменсіздікке ұшырап , депрессияға түсуі жатыр.


Слайд 3
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақыттағы жүрек – қан тамыры ауруларының

эпидемиясы тамақтану құрамының өзгеруіне тікелей байланысты деп отыр. Қоршаған ортаның 80 пайыздан артық жағымсыз факторлары адам ағзасына жеген тамагы арқылы әсер етеді. Артық салмақ және семіздік , жүрек – қан тамыры ауруларының , қант диабеті және басқа да күрделі аурулардың қауіпті факторы болып табылады. Сондықтан адамдардың дұрыс тамақтану мәдениетінің де маңызы зор.

Слайд 4
Жүрек – қан тамыр ауруларын қоздыратын тағы бір себеп – стресс,

торығу, ол адамдарды жасына қарамай , жүрек талмасына ұшыратады. Адамның көңіл – күйдің толқуы, мазасыздануы, біріншіден, адамның миы арқылы беріледі. Жағымсыз эмоциялар вегетативтік жүйені қоздырады, одан барып ағзадағы қан айналымына , ішкі органдарга, эндокриндік бездердің қызметіне әсер етеді. Соның салдарынан ағзадағы гормондардың балансы бұзыларды. Оның әсері жүрек соғысының , ырғағының бұзылуына , қан қысымының көтерілуіне, бұлшық еттердің , қан тамырларының тартылуына апарады. Мидың қан айналымы нашарлайды, мидың клеткаларында оттегі жетіспеушілігі пайда болады. Жүректің , мидың қан тамырларының қысылуы инфаркт, инсульт сияқты ауыр жағдайға алып келуі мүмкін, немесе жүректің ишемиялық ауруы, гипертония , асқазан жарасы сияқты созылмалы ауруларға ұшыратады.

Слайд 5Жүрек аурулары
Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр

жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б. Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді

Слайд 6 Жүрек және қан тамыр неврозы – жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің

бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді.

Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т.б.). Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы – гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады.


Слайд 7Бұған Меньер, Рейно аурулары, Вольфра – Паркинсон – Уайт синдромы, бас сақинасы, стенокардия, жүрек аритмиясы, жүрек тосқауылдары, т.б.

жатады. Бұлардан басқа да Жүрек Аурулары бар. Мысалы, Жүрек демікпесі; қ. Демікпе.

Слайд 8Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары әр түрлі жағдайларға байланысты.
Бұлшықеттерге ауыр күш

түсіретін жұмыстар - жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын қантамырларды қанқатпа бітеліп, оттегі мен қоректік заттарды тасуға кедергі жасайды.
Өте қауіпті жұқпалы ауруды қоздырушылардың бөлетін уы қанмен жүрекке жетіп, жүрек бұлшықеттерін зақымдайды.
Қалқанша без гормонының не аз, не көп бөлінуі ырғақты жиырылуды бұзады.
Жүрек қақпақшалары бактериялармен зақымданғанда жабылмай, жүрек жиырылғанда қанның кері ағуына әсер етеді. Жүрек - қантамырлары аурулары жүйке жүйесіне де байланысты.


Слайд 9Мейірбикелік көмек көрсету алгоритмі:

1)Тіл астына нитроглицеринннің бір таблеткасын салып, 0,25-0,35

г аспирин ішкізу
2)Анальгетиктер салып ауырсынуды толық басу
3)Қатерлі болуы мүмкін ырғақ бұзылысын жою.
4)Жедел жүрек шамасыздығын жою
5)Кардиогенді шоктан шығарып алу
6)Клиникалық өлім болғанда реанимацияны жүргізу
7)Науқасты кардиологиялық бөлімшеге мүмкіндігінше тез жеткізу

Слайд 10Клиникалық өлімнің белгілері:
Есін жоғалтады.
Тыныс алудың тоқтауы.
Көзінің қарашығы ұлғайып, жарықты сезбейді.
Ұйқы артериясында

тамыр соғысы анықталмайды.
Терінің бозарып немесе көгеруі.

Слайд 11Реанимациялық көмектер тек қана клиникалық өлімді диагностикалағанда жүргізіледі.
Жүрек тоқтағаннан соң 5-6

мин өтсе, онда реанимациялық көмекті мына этаптармен жасайды.
І сатысы :
А. тыныс жолының өткізгіштігін қалпына келтіру.Сафар әдісін қолдану арқылы
В. Жасанды қан айналдыру жүрекке тікелей емес массаж.
С. Өкпені жасанды желдендіру.
ІІ саты. Этап Д. Қан айналымын дәрі-дәрмектермен қалпына келтіру, дефибрилляция, электрокардиостимуляция .

Слайд 12 жүрек-өкпе реанимациясының сатылары.
А. 1. Науқасты қатты, жазық жерге шалқасынан жатқызу.
2.

Басын артқа қарай шалқайту.
Төменгі жақты алға шығару.
Ауыз және жұтқыншақты сілекейден тазарту.
Ауа жіберетін түтікшені ауыз қуысына қою
Тыныс жолдарына ауа үрлеу.

Слайд 14Егер дем алмаса жасанды “ауыздан-ауызға” дем беру, өкпені қапшық маскамен желдендіру.
Керек

кезінде трахеяны интубация жасап, трахеядан сорып алу.
Ұйқы артериясында пульс анықталмаса, жүректің сыртқы массажы орындалады, төсті секундына 1 реаниматор болса 2 рет өкпені желдендіріп, төсті 15 рет басады.


Слайд 15С.
Керек кезінде адреналин 1 мг/кг вена ішіне жіберіп, әр 5-10 минут

сайын қайталап тұрады.
Жүрекке дефибрилляцияны 200-360,360 ДЖ- мен жасау керек
Асистолия болса уақытша журекті электростимуляция жасау.
5. ӨЖР-нің әр 3 минутында 1мг адреналин енгізу.
6. Мүмкіндігінше ерте дефибрилляция 200 Дж.
- әсер жоқ-дефибрилляция 300 Дж.
- әсер жоқ-дефибрилляция 360 Дж.
7. Схема бойынша әрекет жасау:
- препарат-жүрекке массаж және ӨЖТ; 30-60с кейін дефибрилляция 360 Дж

Слайд 16- лидокаин 1,5 мг\кг- дефибрилляция 360 Дж.
- эффект болмаса-3 минуттан соң

лидокаинді сол дозада қайталау және
дефибрилляция 360 Дж.
- эффект болмаса амиодарон(кордарон) 300 мг- дефибрилляция 360 Дж.
- эффект болмаса 5 минуттан кейін амиодарон 150 мг-н қайталау-
дефибрилляция 360 Дж.
- алдындағы емге рефрактерлі қарыншалар фибрилляциясында новокаинамид 1000 мг- дефибрилляция 360 Дж.

Слайд 17 Асистолия кезінде:
- жүректің электрлік белсенділігін нақты бағалау мүмкін болмаса-қарыншалар

діріліндегідей әрекеттер жасау (1-7);
- асистолия ЭКГ-рің 2 тіркемесінде анықталса 2-5 әрекетті қайталау;
- эффект болмаса – атропин 1 мг әр 3-5 минут эффект алғанша немесе жалпы доза 0,04 мг\кг;
- эндокардиальді электрокардиостимуляция;
- 240-480 мг эуфиллин әсер беруі мүмкін;

Слайд 18Реанимациялық көмектің әсер етуінің белгілері.
тыныстың пайда болуы
ұйқы артериясы басқанда пульсация

пайда болуы
терісі түсі қалыптасады

Слайд 19Бүгінгі таңда таңда жүрек – қан тамыры ауруыларының алдын – алу

үшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек.
Ең алдымен темекіден толлықтай бас тарту қажет;
Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;
Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту
Тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі моол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз капустасы) тамақтарды пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;
Көкөніс пен жеміс – жидектерді барынша мол пайдалану;
Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе айтарым – дәрігер ауру адамды емдейді , ал, аурудың алдыне алу әрбір адамның міндеті.



Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика