Жүрек автономдығының механизмі презентация

Содержание

Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер,

Слайд 1ЖҮРЕК АВТОНОМДЫҒЫНЫҢ МЕХАНИЗМІ.


Слайд 2 Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы

ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг.

Слайд 4Жүрек етінің ерекшелігі – оның автоматиялық қасиеті.
Көлбақаның жүрегін денесінен бөліп

алып, физиологиялық ерітіндіге салып қойса, жүрек өзінің табиғи ырғағымен көпке дейін тоқтамай жиырыла береді. Оның өзінен өзі жиырылуы автоматиялық қасиетіне, яғни өз тінінде туатын қозу үрдісіне байланысты.

Слайд 6Жүрек автомизмі - сыртқы тiтіркендiргiшсiз, өзінен шығатын тiтiркеністер әсерiнен ырғақты түрде

жиырыла алатын қасиетін айтады. Оның өзінен өзі жиырылуы автоматиялық қасиетіне, яғни өз тінінде туатын қозу үрдісіне байланысты.

Слайд 8Жылы қанды жануарлар жүрегінде де автоматиялық қасиет болатынын 1895 жылы Лангендорф

итке жасаған тәжірибесінде дәлелдеп берді. Ит денесінен бөлініп алынған жүректің өз (коронарлық) тамырына оттегімен қаныққан жылы қанды әдеттегі қысыммен жіберсе тоқтап қалған жүрек қайтадан жиырыла бастайды.

Слайд 91902 жылы дәрігер А.А.Кулябко (Томск) өкпе ауруынан өлген баланың жүрегін 20

сағат өткен соң денесінен бөліп алып, Лангендорф әдісін қолданды, мұның нәтижесінде тоқтап қалған жүрек қайтадан соға бастады. Сөйтіп адамның жүрек етіне де автоматиялық қасиет тән екені дәлелденді.

Слайд 10А. А КУЛЯБКО


Слайд 11Жүрек автоматиясының пайда болуы жөнінде екі түрлі яғни миогендік және нейрогендік

теория бар. Миогендік теория бойыншаа қозу жүректің ауытқыған (атипті) ет тканьдерінде пайда болады, яғни жүректің автоматиялык қасиеті оның ет тканьдерінің қозуына байланысты. Нейрогендік теория бойынша ол жүрек етіндегі өте қозғыш нейрондардың әрекетінен туады.

Слайд 13Жылы қанды организмде жүрек автоматиясы миогендік теория тұрғысынан дәлелдеуге болатынын көптеген

тәжірибе көрсетеді. Солардың бірі — жоғарыда айтылған Кулябко тәжірибесі: 20 сағат ішінде жүрек етіндегі нейрондар толық бұзылады, ал миоциттер бұзылмайды. Демек, жүрек автоматиясы нейрондарға емес, миокардқа байланысты.

Слайд 15 Автоматизм өткізгіш жүйесімен тығыз байланысты.
Пуркинье талшықтары 
Ашоф-Тавар түйіненде төменірек
Қозу алдымен

Кис-Фляк түйінде пайда болады.


Слайд 17Жетекші Кис-фляк түйіннен Ашофф-Тавар Пуркинье талшықтарына қарай автоматизм төмендейді, бұл заңдылықты

автоматизмнің кему градиенті Гаскелл заңы деп атайды.


Слайд 19КИС-ФЛЯК ТҮЙІНІ
Орналасуы: оң жүрекшенің қабырғасында, жоғарғы қуыс венасы мен оң құлақша

аралығы. Ені -3 мм, ұзындығы- 15 мм және қалыңдығы - 1мм.


Слайд 21Құрылысы: импульсті өндіретін Пейсмейкер жасушалар яғни генеризаторлар, Т-жүйесі импульсті өткізуші, саркоплазмаға

бай, олардың миофибрилдері аз, бірақ өте қозғыш, ет тканінің эмбриондық клеткаларына ұқсас.


Слайд 23АШОФФ-ТАВАР ТҮЙІНІ  
Орналасуы: оң жүрекше мен оң қарынша аралығында жүрекшеаралық пердеге

жақын орналасқан.  
Құрылысы: аз мөлшерде Р-жасушалары, негізгі массасын құрайтын өткізгіш жасушалар, шет жағын бойлай жиырылғыш миоциттер.


Слайд 25ЕКІ ТҮЙІННІҢ БАЙЛАНЫСУЫ
Импульс синоатриальды түйінде түзеліп, қозу ЭКГ-да көрінбейді. 3

жол арқылы СА мен АВ түйіндер байланысады:
Алдыңғы Бахман жолы – бірінші импульс АВ түйініне барып, сол жүрекшеге барады. Сондықтан да импульс 0,2 сек кешігіп барады.


Слайд 27Ортаңғы Венкебах жолы – импульс жүрекшеаралық қалқа арқылы барады.
Артқы Тореля

жолы – импульс жүрекшеаралық қалқаның төменгі жиегімен барады.



Слайд 29 ГИСС ШОҒЫРЫ
 Орналасуы: Атриовентрикулярлы түйіннің төменгі жағында, қарыншааралық пердеге қарай жақындаған

жерде орналасқан.  
Аяқшалары:
Оң
Сол - алдыңғы бұтасы және артқы бұтасы


Слайд 31Оң аяқшасы жіңішке, ұзын, көптеген талшықтардан тұрады. Шексіз бұтақталып оң қарыншаның

емізікті бұлшық етіне барады, ол жерде Пуркинье торының анастамозтарымен байланысады.
Сол аяқшасының алдыңғы бұтасы алдыңғы және бүйір қабырғаларын, артқы бұтасы артқы және төменгі бөлігін қамтамасыз етеді.


Слайд 33Бұл аяқшалар қарыншааралық перденің ішкі бетін көмкерген эндокардтың астымен төмен қарай

түседі де, жүрек ұшындағы қалың етке жетеді. Одан әрі иіліп қарыншалардың сыртқы қабырғасының ішкі бетімен бойлап жоғары қарай көтеріледі, жолда аралық еттерге, оның ішінде емізік тәрізді еттерге бұтақ тәрізденіп жайылады да, жеке Пуркинье талшықтарына айналасымен бітеді. Олар жүректің негізгі миоциттеріне жақындап онымен өзара түйіседі. Сонымен жүректің өткізгіш жүйесі синоатриалды түйіннен басталып, жеке Пуркинье талшықтарымен бітеді.


Слайд 34ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов

А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.
Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет

Слайд 35Назарларығызға рахмет!!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика