Жүрек, артериялар және веналар қабырғалар құрылысының адам жасына қарай ерекшеліктері презентация

Содержание

Жоспары: І. Өзектілігі. ІІ. Негізгі бөлім. 2.1. Жүректің жасқа байланысты өзгеруі және жүректің құрылысы. 2.2. Артериялардың жасқа байланысты ерекшеліктері 2.3. Веналардың балалардағы ерекшеліктері. ІІІ.

Слайд 1М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Жүрек, артериялар

және веналар қабырғалар құрылысының адам жасына қарай ерекшеліктері.

Мамандығы: Жалпы медицина
Кафедра: Гистология
Дисциплина: Гистология – 2

Орындаған: Жасинова Т.Ж.
Тобы: 306 “А”
Тексерген: Көмекбай Ж.Е.

Ақтөбе – 2016ж.


Слайд 2Жоспары:
І. Өзектілігі.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Жүректің жасқа байланысты өзгеруі және

жүректің құрылысы.
2.2. Артериялардың жасқа байланысты ерекшеліктері
2.3. Веналардың балалардағы ерекшеліктері.
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.

Слайд 3Өзектілігі
Жүрек, артериялар, веналар қабырғасының жасқа байланысты ерекшелігі өте маңызды. Соның ішінде

балаларда жыныстық жетілу кезінде әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Әр жастың өзіне тән гистологиялық, анатомо-физиологиялық қасиеттері болады.
Жүрек адам организмінің ең маңызды ағзасы. Жүрек-қан тамыр жүйесі - құрамында қоректік және биологиялық белсінді заттар, газдар, метаболизм өнімдері бар қан мен лимфаның ағзада таралуын қамтамасыз етеді

Слайд 4Жүректің балалық шақтың әр түрлі кезеңдеріндегі кеуде қуысында орналасуы.
Жаңа туған балалардың

жүрегі жоғары орналасқан, омыртқа деңгейінде IV және VIII аралығында. Өмірінің 1 – ші жылының соңына қарай жүрек орналасуы көлденеңнен қисық бағытқа ауысады. 2-3 жасқа келгенде жүрек тұрақталып, жүрек ұшы алға, төмен және солға бағытталған. Жүректің оң контуры жоғарғы қуыс венасынан, оң жақ жүрекше және төменгі қуысты венасынан құралған. Оң қарынша оны құрамайды. Жүректің сол контуры негізінен оң жақ қарыншадан.

Слайд 5Эмбрионалды күйде бала жүрегі 3-ші аптадан бастап дамиды. Жүрек соғысы 22-23 күннен

бастап байқалады. 6-шы жұмадан кейін бастап эмбрион жүрегі ырғақты жұмыс істей бастайды. Жиілігі 110/мин. 8-ші аптада ең жоғарғы жиілікті жүрек соғуы байқалады – 175/мин. 9 айдағы жүрек соғу жиілігі – 130 рет. Туғаннан кейін 20 – 30 күн ішінде жүрек массасы оң жақ қарынша есебінен кішірейе бастайды. 6 айдан соң сол жақ қарынша төмен және артқа бұрылады. 2 жасқа дейін балаларда өткізгіш жүйе жиырылғыш талшықтар дифференцировкасы жалғасады. Миокард салмағы артады. 2 жастан бастап жүрек өсуі баяулайды. 2 жастан 6 жасқа дейін магистральдық артериялар қалыптасады, жүректің өткіз-гіш жүйесі мен жүйке аппараты дамиды.

Слайд 6Жасқа байланысты бала жүрегінің соғу жиілігі
1 – ші күні –

140/мин
2-3 күн – 110/мин
1-4 апта– 140/мин
2-3 ай – 127/мин
10 ай – 125/мин
1 жас – 120/мин
2 жас – 115/мин
4 жас – 105/мин
5 жас – 100/мин
7 жас – 85/мин
10 жас — 78/мин
Ересек – 72/мин

Слайд 7Жаңа туған балалардың жүрегінің көлемі ересектермен салыстырғанда үлкен болады. Салмағы 24-25г,

дене салмағының 0,8-0,9 % құрайды, ал ересектерде 0,4-0,5%. Жүректің мөлшерінің үлкеюі алғашқы 2 жылда, 5-9 жаста және жыныстық жетілу кезінде қарқынды түрде өтеді. Жүректің салмағы жаңа туған кезбен салыстырғанда өмірінің бірінші жылының соңына қарай 2есе, 2-3жаста 3есе,6жаста 5есе, ал 15жасқа таман 11-12 есеге ұлғаяды

Слайд 8Балалардың жүрегінің пішіні
Жаңа туған нәрестелердің жүрегінің пішіні шар тәрізді. Бұл жүрекшелердің

толық дамымауымен және жүрекшелердің үлкен болуымен байланыты. Жүрекшелердің құлақшалары үлкен және жүректің негізін жауып тұрады. Ұшы дөңгелектенген. Магистральды тамырлар да қарыншаларға қарағанда мөлшері жағынан үлкен болады. 6жастан кейін жүрек пішіні ересектерге тән сопақша (алмұрт тәрізді) пішінге ұқсай бастайды. 12-14жаста ересектердікі сияқты болады

Слайд 9 Жүректің құрылысы
Миокард.
Жаңа туған нәрестенің миокардында дәнекер тіні,

соның ішінде эластикалық талшық нашар дамыған. Ет талшықтары жіңішке, бір-біріне жақын орналасқан және аз шектелген, ядролары көп. Ет талшықтарының бойлық фибриллярлығы нашар көрінеді. Қан тамырлар торы жақсы дамыған (әсіресе, артериялардың).Алғашқы 2 жылдың ішінде миокардтың қарқынды өсуі мен дифференцировкасы жүреді: ет талшықтарының саны мен қалыңдығы үлкейеді, ет жасушаларының ядроларының саны салыстырмалы түрде азаяды, септальды қалқалар пайда болады.
1жастан соң ет талшықтарының көлденең жолақтығы айқындалады, субэндокардиальды қабат түзіледі.
1 жастан 7-8жасқа дейін жүректің соңғы тіндің дифференцировкасы жүре бастайды, ал 10 жасқа келгенде оның гистологиялық құрылымы ересектерге ұқсайды.
.

Слайд 10Эндокард.
Эндокард болбыр құрылымымен, эластикалық элементтердің аз болуымен ерекшеленеді. Жаңа туған нәрестелердің

және барлық жастағы балалардың қарынша-жүрекшелік клапандары эластикалық болып келеді.
Перикард.
Жаңа туған нәрестенің перикарды жүректі тығыз қаптап жатады, төс-перикардты байлам нашар дамығанына байланысты қозғалмалы. Перикардиальды қуыстың көлемі аз. Перикардтың төменгі шекарасы 5қабырғалықтың ортасынан өтеді. Перикардтың төс-қабырғалық беті ұзынан көп мөлшерде тимуспен жабылған. Перикардтың төменгі қабырғасы диафрагманың сіңірлі орталығы және етті бөлігімен тұтасқан. Тек 14 жаста перикардтың көкірек мүшелеріне өзара қатынасы ересектермен бірдей.



Слайд 11Жүрек қуысы.
Жүректің жеке қуыстарының көлемдері туғаннан есейгенге дейін өзгереді. Қуыстың жалпы

көлемі жаңа туған нәрестелерде 20-30 мл, ересектерде 500-750мл.
Жүректің өткізгіш жүйесі.
Алғашқы жарты жылда жүректің өткізгіш миоциттері (Пуркинье талшықтары) диаметрі жағынан тез көбейіп, өсе бастайды. Ерте жастағы балалардың өткізгіш жүйесінің негізгі бөлігі қарыншаЖралық қақпақтың етті бөлігінде (интрамуральды тип), ал жеткіншектерде – мембранозды бөлігінде орналасқан (септальды тип). Жүректің өткізгіш жүйесінің гистологиялық құрылымының дамуы 14-15 жаста аяқталады.


Слайд 12Қан тамырлары
Жаңа туған нәрестелердің қан тамырларының қабырғасы жұқа, және эластикалық

талшықтары нашар дамыған. Артерия тесігі кеңірек вена тесігімен ұқсас. Кейін артерия венаға қарағанда тезірек өседі, және 16жасқа қарай артериядан қарағанда тесігі 2есеге үлкен болады. Туылғаннан кейін мүшеішілік тамырлардың ұзындығы, олардың диаметрі, тамыраралық анастомоздардың саны, тамырлар саны мүше көлеміне байланысты ұзарып, үлкейіп отырады. 8-12 жас аралығында бұл процесс қарқынды жүреді. 12жаста тамырлар құрылымы ересектердікімен бірдей болады.

Слайд 13Артериялар
Артериалды арнаның қабырғалары веноздыға қарағанда туылу кезінде 3қабықша болады(сыртқы, ортаңғы, ішкі).

Перифериялық қарсыласу, АҚ және қан ағысының жылдамдығы сау балаларда алғашқы жылдары ересектерге қарағанда аз болады. Есейе келе артериялардың ұзындығы мен қабырғаларының қалыңдығы,диаметрі, шеңбері ұлғаяды. Осылайша, жоғары көтерілуші аорта көлемі жаңа туған нәрестелерде 23мм²-тан 12жастағы балаларда 107 мм²-қа көбейеді. Оның қабырғасының қалыңдығы 13жасқа дейін қалыңдайды.
Жаңа туған нәрестелерде және балаларда магистральді артериялардың кету орны проксимальдылау орналасады, ал осы тамырлар орналасқан бұрыш ересектерден үлкенірек.
Жаңа туған нәрестелер мен 12жастағы балаларда аорта доғасының қисықтық радиусы ересектерге қарағанда үлкендеу болады.

Слайд 14Веналар.
Өсе келе веналарлың диаметрі үлкейеді және оның ұзындығы ұзарады. Бала туылғаннан

соң дене мен аяқ-қолдың топографиясы өзгереді. Жаңа туған нәрестелерде теріасты венозды өрімдері жақсы дамыған.
Балаларда капилляр кең, пішіні дұрыс емес(қысқа, бүгілген), олардың өткізгіштігі ересектерге қарағанда жоғары, ал абсолютті саны аз.
Магистральды тамырлардың өсу темпі жүрекпен салыстырғанда баяулау. Мысалға, 15жаста жүрек көлемі 7есеге өссе, аортаның шеңбері-3есеге. Жылдармен өқпе артериясы мен аортаның тесігінің көлемінің айырмашылығы біраз кішірейеді.
Дүниеге келгенде аорта ені 16мм, өкпе артериясы 21мм, 10-12 жаста олардың тесігі теңеседі, ересектерде аорта диаметрі үлкен болады.

Слайд 15Қорытынды.
Бала өз өмірінің әр жас кезеңі кезінде морфологиялық, физиологиялық, гистологиялық, психологиялық

жақтан әрқашан өседі және дамып отырады. Сондықтан дамудың кезеңдерін бөліп қараған жөн.
Әр кезеңнің гистологиялық, анатомо-физиологиялық ерекшеліктері бала даму және денсаулығы үшін маңызды болып келеді
Балаларда жүрек қан тамыр жүйесінің үздіксіз өсуі мен функционалды жетілуі жүреді.Әсіресе балаларда 2-6жаста, сонымен қатар жыныстық жетілу кезінде қарқынды дамиды.
Жаңа туған нәрестелердің, балалардың әр органдарының жасқа сай ерекшеліктерін білу, олардың денсаулығын қорғауда өте маңызды орын алады.


Слайд 16Пайдаланылған әдебиеттер
1. Данилов И.А. “Гистологи” Москва 2003
Лекциялар жинағы.
2.Гистология, цитология және эмбриология.

Мушкамбаров, Кузнецов С.Л.
3. Цитология,эмбриология,гистология Ж.О.Аяпова 2007 Алматы


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика