Слайд 1ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Эпидемиология және коммуналдық гигиена кафедрасы
Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы.
м.ғ.к., доцент Шайзадина Ф.М.
Слайд 2Мақсаты:
егу ісінің теориялық және әдістемелік негіздерін меңгеру.
Слайд 3Дәріс жоспары:
1. Жұқпалы аурулардың нақты топтары кезінде алдын алу және эпидемияға
қарсы шаралар жүйесіндегі иммунопрофилактиканың алатын орны.
2. Жоспарлы және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша егулер.
3. Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі.
4. Вакцинация жүргізуге көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жедел иммунизация.
5. Егу ісін ұйымдастыру.
Слайд 4Жыл сайын жер жүзінде туылған 130 млн. балалардың, 12 миллиондайы 1
аптадан бастап 14 жасқа дейін қайтыс болады.
9 миллиондай бала жұқпалы аурулардан қайтыс болады, оның ішінде 3 миллионы қарсы вакциналары бар аурулардан.
Жыл сайын 3 млн. баланы вакцинаның көмегімен аман сау алып қалады.
Слайд 5 Иммунопрофилактика - бұл жасанды иммунитетті қалыптастыру немесе күшейту арқылы тұрғындарда толық
немесе жекеленген әдіспен жұқпалы аурулардан қорғау.
Слайд 6Иммунопрофилактика бөлінеді:
Арнайы- нақты қоздырғышқа қарсы, 2 түрде болады:
- арнайы белсенді профилактика
- иммунитет қалыптасқан үшін вакцина мен анатоксиндерді қолданады.
- арнайы пассивті профилактика - бұл кезде қансарысулары мен иммуноглобулиндер қолданылады.
Арнайы емес- бұл организмнің жалпы резистенттілігін жоғарылату үшін қолданылады.
Слайд 7Иммунитет – вирустардан, бактериялардан, паразиттерден қорғауды, мутациялық өзгерген жеке клеткаларды құртып
жоюды, қатерлі ісікке қарсы қорғануды қамтамасыз етеді.
Иммунитет – организмдің қорғаныс жүйесі, яғни макроорганизмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетілігі.
Слайд 8Иммунитет
туа пайда болған (түрлік, жүре
пайда болған
тұқым қуалаушылық, (онтогенетикалық,
филогенетикалық) жекебастық)
табиғи жасанды
белсенді пассивті белсенді пассивті
(ауырып (анасынан (вакцина, (қансарысу,
шыққанан баласына) анатоксин) иммуноглобулин)
кейін)
Слайд 9 Вакциналар - құрамында қоздырғыштың ангигендері болады. Микроорганизмдерден антигендер қандай тәсілмен
бөлініп алуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді тірі, өлі, химиялық және жасанды вакциналар.
Слайд 10Тірі вакцина- бұл вируленттілігі жойылған немесе әлсіздендірілген, микроорганизмнің көбеюіне белсенді жасанды
иммунитет тудыру қабілеті сақталған, бірақ ауру туғыза алмайтын микроорганизмдердің тірі штамдары. Тірі вакцинаға туберкулез, оба, бруцеллез, сібір түйнемесі, Папатачи қызбаға, сары қызбаға, эпидемиологиялық паротитке, тұмауға, қызамыққа, қу лихорадка ауруларына қарсы тұратын вакциналар жатады.
Слайд 11Өлі вакцина- химиялық немесе физикалық әдістермен микроорганизмнің белсенділігін жою, яғни өлтіру
жолымен алынады, алдын-ала вируленттілігі күшті және иммуногенділігі жоғары штамдар іріктелініп алып, содан кейін қоздырғышы фенолмен өңдеу арқылы дайындалады. Микроорганизмдер инактивацияланғаннан кейін дайындалған препараттар химиялық заттармен тазартылады.
Слайд 12 Вакцина t = +4+8С температурада сақталуы керек. Бұл топқа мына препараттар
кіреді: бөртпе сүзегіне, құтыруға, лептоспирозға, тұмауға, герпеске, тырысқаққа, қу қызбаға, омбылық геморрагиялық қызбаға қарсы препараттар.
Слайд 13Химиялық вакциналар - жұқпалы аурулар қоздырғыштарының клеткаларынан немесе олардың бөлшектерінен арнайы
химиялық өңдеу жолымен алынған және ерітілген антигендерден тұрады. Химиялық вакциналар үлкен дозада және қысқа мерзімде қолданылады. Қазіргі таңда химиялық вакциналар менингит инфекциясына, тұмауға, обаға, іріңді тері ауруларына қолданылады.
Слайд 14Жасанды вакциналар - бұл препараттар жаңа типті. Оларды 2 бағытта қолданылады.
-
табиғи модельді антигендердің синтезін құрайтын антигендердің құрылымы.
- препарат аналогтары жоқ жасанды антигендерді жасау.
Слайд 15 Анатоксиндер – ұлы қасиетінен айырылған, бірақ антигендік және иммундық қасиетін сақтаған
бактериялардың залалсыздандырылған экзотоксиндері.
Анатоксиндерді макроорганизмге бірнеше қайта енгізеді. Дифтерияға, сіреспеге, газды гангренаға, ботулизмге, тырысқаққа, стафилококкты инфекцияларға қарсы анатоксиндер қолданады.
Слайд 16 Пассивті иммунитетті қалыптастыратын препараттар:
қансарысуы;
иммуноглобулиндер.
Слайд 17 Бұл препараттар тез әрі қысқа уақытта инфекциядан қорғануды қалыптастырады. Пайда болған
иммунитет бірнеше күннен 4–6 аптаға дейін сақталады. Қан сарысулары мен иммуноглобулиндер – адам қанынан немесе жануар қанынан бөлініп алады.
Оларды үлкен дозада, тері астына, тері ішілік не болмаса тамыр ішіне енгізеді.
Қан сарысулары көбінесе жануар қанынан дайындалады, оларды гетерологиялық деп айтайды. Гетерологиялық препараттарды Безредко әдісімен аз мөлшерде бөліп-бөліп енгізеді.
Слайд 18 Адам қанынан дайындалса, оларды гомологиялық деп атайды. Барлық дозасын бір
мезгілде енгізеді.
Гомологиялық препараттар қолданғанда иммунитет 6 аптаға созылады, ал гетерологиялық препараттарды қолданғанда иммунитет 1-2 аптаға дейін сақталады.
Слайд 19Гомологиялық иммуноглобулиндер – күйдіргіге, тұмауға, күлге қарсы, менингитті инфекцияға, лептоспирозға, сіреспеге,
стафилакоккты инфекцияға қарсы қолданылады.
Гетерологиялық иммуноглобулиндер – сібір түйнемесінде.
Гетерологиялық қансарысуы - газды гангренаға, ботулизмге, дифтерияға қарсы қолданылады.
Слайд 20Профилактикалық инфекция аурулары үшін қолданылатын қосымша биологиялық заттар: оған бактериофаг, интерферон
жатады.
Бактериофагтар көбінесе алдын алу ретінде және ем үшін дизентерия, іш сүзегі, сальмонеллез т. б. ошақтарда қолданылады.
Бактериофагтар бактериальды жасушаларды тежейді. Тиімділігі 5-7 күн. Оны тамақтың алдында 30 мл 3% сода ерітіндісімен бірге ішеді.
Слайд 21Ішектік бактериофагтар бөлінеді: бактериофаг, іш сүзегі, сальмонеллезді, колипротейнді болып
бөлінеді.
Ашық бактериофагтар: стафилококкты, протейнді, емдеу үшін қолданылады.
Слайд 22 Интерферон профилактикалық және емдеу үшін вирусты ауруларды емдеуге қолданылады.
Төмен моллекулярлы термотұрақты белоктардағы вирустың репликациясын тежейді.
Интерферон вибрионға әсер етпейді, тек қана вирустардың репродукциясын тежейді.
Слайд 23Егу түрлері:
жоспар бойынша;
эпид. көрсеткіштер бойынша.
Слайд 24Жоспар бойынша егулер 2 топқа бөлінеді:
а) толық, барлық тұрғандарды егу (туберкулезге,
полиомиелитке, күлге, көкжөтелге, сіреспеге, қызылшаға, эпид. паротитке, ВГВ-ға қарсы);
б) селективті (таңдамалы) – тұрғындардың жекеленген топтарына егу: кәсібіне байланысты, эндемиялық және табиғи ошақтарда тұратын тұрғындарға, әскери қызметкерлерге (іш сүзегіне, обаға, туляремияға, тырысқаққа, бруцеллезге, лептоспирозға, кене энцефалитіне, Ку қызбаға, күйдіргіге қарсы).
Слайд 25Эпид. көрсеткіші бойынша жүргізіледі:
жұқпалы аурулардың енуі мен таралуына қауіп туса;
эпид. жағдайы
нашар аймақтарға жіберілсе (сары қызба бойынша сәтсіз аймаққа);
жұқпалы аурулар ошақтарында;
құтыру мен сіреспенің жедел профилактикасы үшін.
Слайд 26 Жоспар бойынша егу егу-профилактикалық күнтізбесі арқылы өткізіледі. Әр мемлекеттің өзінің егу-профилактикалық
күнтізбесі қолданылады. Мысалы, Ресейде егу-профилактикалық күнтізбесіне енгізілген препараттар біздің еліміздегідей. АҚШ-та желшешек инфекциясына қарсы егулер бар.
Слайд 27Вакциналарды енгізу тәсілдері:
Вакциналардың көбісін тері астына егеді, ал сорбцияланған препараттар
бұлшық етке егіледі. Вакцинаны жаурынның астына немесе иықтың жоғарғы және орташа бөліктерінің сыртқы жағына егеді.
Жаурын астына, тері іші тәсілімен вакцинаны екеннен кейін реакциялар аз кездеседі.
Вакциналарды бұлшық етке енгізу (санның жоғарғы сыртқы бұлшық етінің квадрантына, жамбастың алдынғы сыртқы жағына).
Слайд 28БЦЖ вакцинасын егу үшін тері ішілік әдіс қолданылады. Вакцинаны иықтың сыртқы
жағына егеді. Препаратты тері ішіне енгізген жерде томпақша пайда болады, оның беті лимон қабыршағының сыртына ұқсайды. Егер препарат енгізген жерде томпақша пайда болмаса, онда препараттың тері ішіне емес, тері астына түскені. Ол дұрыс егілмеген болып саналады, оның суық абсцеске айналуы мүмкін.
Слайд 29Тері үстілік әдіс кейбір тірі вакциналарды (туляремияға, Ку-қызбасына, күйдіргіге, бруцеллез, обаға
қарсы) еккенде және диагностикалық аллергиялық сынамалар жасағанда қолданылады.
Вакциналарды аэрозольді түрде қолдансақ аэрозольді (ингаляционды) иммунизация пайда болады, бірақ вакцинаны мұрынға тамшы арқылы тамызса тыныс алу жолдарына вакциналардың бөлшектері енеді.
Слайд 30Ғылыми зерттеу барысында коньюктивальды әдіс қолданады, бұл кезде антиген тез ара
мұрын қуысына түсіп ауамен өкпеге барады. Мұрын арқылы өлі және химиялық вакциналарды қолданғанда концентрленген вакцинаны қолданады. Мұрын арқылы әдіс көбінесе ревакцинация үшін қолданады. Аэрозольді түрде вакцинация аз уақыт арасында өкпенің жоғарғы тұрақтылығын қалыптастырады, бұл респираторлы инфекциялардың алдын алуда үлкен маңыздылығы бар.
Слайд 31Вакцинаны ауыз арқылы қолданса, әр түрлі инфекцияға қарсы иммунитетті қалыптастыруға болады.
Энтеральды вакциналардың төмен реактогенділігі және аз аллергиялық қасиеті бар.
Слайд 32Вакциналардың кері әсерлері
Вакциналар көп мүшелер мен жүйелердің функциясына кері әсерлер тигізуі
мүмкін. Иммунизациядан кейінгі кері реакциялар 4 типке бөлінеді:
вакцинадан кейінгі пайда болған, кері реакциялар;
вакцинация кезінде жіберілген қателіктерге байланысты болған кері реакциялар;
кездейсоқ сәйкестік кезінде пайда болатын кері реакциялар.
Слайд 33Вакцинадан кейінгі реакциялар - жалпы және жергілікті болып бөлінеді.
Жалпы реакциялар -
бұл температураның көтерілуі. Температураның көтерілуіне байланысты реакциялар бөлінеді: төмен (37-37,50С), орташа (37,6-38,50С), және жоғары (38,50С жоғары).
Егуден кейін жергілікті реакциялар инфильтраттың диаметріне байланысты жіктелінеді: реакция төмен (2,5 см), реакцияның орташа күші (5 см), реакция жоғары (5 см жоғары немесе лимфангоит, лимфаденитпен болуы).
Слайд 34Химиялық вакциналарды еккеннен кейін аллергиялық реакциялар пайда болады. Олар вакциналар еккен
аумақта гиперемия және ісінумен сипатталады, жалпы реакциялар қызбамен, артериальді қысымның төмендеуімен, бөртпелердің пайда болуымен, артралгия және т.б. сипатталады.
Пайда болу мерзіміне байланысты аллергиялық реакциялар бөлінеді: тез арада пайда болуы (1 сағат ішінде), кешігіп пайда болу (24-48 сағаттан кейін) және аралас.
Слайд 35Вакцинадан кейінгі асқынулар:
Вакцинация кезінде тіркелген патологиялық процестер пайда болуы мүмкін:
вакциналардың сапасы
төмендесе немесе вакцинацияның ережесін бұзса;
созылмалы инфекциялардың қайта асқынулары, сырқаттың білінуімен (ревматизмнің, туберкулездің, созылмалы гепатиттің, нефриттің, созылмалы дизентерияның, бронхиальді астманың) қайта асқынулары;
вакцинация қалыптастырған интеркурентті инфекциялардың қосылуы;
организмнің реактивтілігінің ерекшеліктері.
Слайд 36Ең жиі кездесетін вакциналардан кейінгі асқынулардың 3 тобы бар: токсикалық, аллергиялық
реакциялар және нерв жүйесінің бұзылуымен және аллергиялық сипаты бар бұзылуына байланысты. Осы реакциялар кейбір жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
Слайд 37Сорбцияланған вакциналарды қабылдағанда кейбір кезде инфильтраттар, стерильді абсцестер пайда болады, ал
егерде эндогенді немесе экзогенді жолмен аумаққа іріңді флора енсе іріңді абсцестер, флегмона, рожа пайда болуы мүмкін. Туберкулезге қарсы вакцинаны тері ішілік тәсілмен енгізсе, инфильтраттар, суық абсцестер, лимфаадениттер пайда болады.
Слайд 38Аллергиялық асқынуларына жатады: полиморфты дақтар, Квинке ісігі, артралгия, жалпы аллергиялық реакциялар
және анафилактикалық шок. Аллергиялық реакциялар жиі вакциналарды екінші рет енгізсе пайда болады, ал препаратты бірінші рет енгізсе пайда болған реакциялар парааллергиялық білінуімен сипатталады ("жалған аллергия").
Неврологиялық асқынулар орталық нерв жүйесі (энцефалит, менингоэнцефалит және т.б.) және шеткері нерв жүйесі (мононеврит, полиневрит, полирадикулоневрит т.б.) зақымдалса пайда болады.
Слайд 39Клиникалық барысында неврологиялық асқынулардың екі типі анықталған:
1.қысқа қалтырау ұстамалары;
2. энцефалитке ұқсайтын
синдром есінен тану, ұзақ қалтырау, ауыр ағыммен, қалдық көріністерімен, кейбір кезде өліммен аяқталады.
Слайд 40Аллергиялық асқынулардың алдын алу үшін егуге анафилактикалық реакциялары туралы анамнез жинау
керек, гетерологиялық белокқа егуді қабылдау адамның сезімталдығын анықтайды, антигистаминді препараттарды енгізеді және т.б.
Вакцинадан кейінгі кезеңде еңбектің жеңіл режимін сақтау керек, жақсы тамақтану және егуді қабылдаған адамдарды жұқпалы аурулармен қатынасты болдырмау керек.